Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 17:58, контрольная работа

Описание

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Содержание

Кіріспе

1 Мемлекет және құқық теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы

1.1 Азаматтық, азамат және мемлекет

1.2 Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы.

Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқытары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2 Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

2.1 Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы

2.2 Адам құқығынынң халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы

декларациясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа состоит из  1 файл

азамат кукык мемле.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

       Жанжалсыз қоғам болмайтынын білеміз, жанжалдың болуы әлеуметтік топтардың меншікке, билікке қатысты мүдделі бойынша жіктелуіне байланысты. Саяси, экономикалық және т.б. басқа да адамдардың мүдделерінің сәйкес келмеуі, әлеуметтік жағдайдың қанағаттандырмауының салдарынан идеалдар, түсініктер өзгеріп, жағымсыз себептер пайда болады. Тұлға өзін қанағаттандырмайтын жағдайдан шығудың жолдарын табуға, оны жақсартудың жолдарын табуға тырысады. Қылмыстың дамуы екі бағыт бойынша жүруі мүмкін: экономикалық және агрессивтік-мәжбүрлеу. Олар бір-бірімен өзара байланысты және бір-бірімен шырмалып жатыр. Экономикалық мінез-құлық материалдық пайданы көздейді. Ол қауіпті жағдаймен, маңайындағылармен қатынастың шиеленісуімен, даулармен, қауіптілікпен қатар жүреді. Осы негізде қылмыстың екінші бағыты — агрессивтік мәжбүрлеу өрши түседі. Оған адам өлтіру, дене жарақаты, бүақылық т.б. жатады.

      Қылмыс  пен құқық бұзушылықтың әлеуметтік табиғатын тану арқылы құқық бұзушының жеке мінез-құлқының механизмін ашуға болады. Ғалымдар кез-келген мінез-құлықтың негізгі механизмін құратын себептік тізбегін құрады: қажеттілік және тұлғаның мүддесі — себебтер — мақсатты таңдау және оған жету құралдары жағдайды бағалау — шешім қабылдау - әрекет. Осы себептік тізбегінің бір немесе бірнеше кезеңдерінде өзгерістердің болуынан құқыққа қайшы мінез-құлық механизмінің құқыққа сай мінез-құлық механизмінен айырмашылығын байқауға болады. Мұндай өзгеріске ұшыраудың құқық бұзушы тұлғаның түрі мен сыртқы орта ерекшелігіне байланысты төрт түрі бар.

      Бірінші түрі: субъектінің қажеттілігі мен  мүддесі бұрмаланады.Бүл құқық пен мораль түрғысынан қарағанда дұрыс емес мінез-қүлықтың міндеті мен қүралын таңдауға әкеледі және құыққа сай емес әрекеттерді жасауға итермелейді.

      Екінші  түрі: әдеттегі қажеттілік пен мүдделер оларды заңдық қанағаттандыру үшін субъектіде бар мүмкіншілікпен дауға түсуін ықтималдығы.

      Бұл агрессивтік мінез-құлық үшін, сонымен  қатар бұзақылық, кейбір мүліктік құқық бұзушылықта себептер тудырады. Сондай-ақ мұндай жағдайларда жәбірленушінің дұрыс емес әрекеті де өз рөлі ойнамайды. Үшінші түрі: субъектінің құндылық бағытының өзгеруі. Субъект өзінің мақсатына жету үшін құқыққа сай құралдардың бар болуына қарамастан құқыққа қайшы жол тандайды. Зерттеулердің көрсетуі бойынша мүндай жолдар қылмыскер-рецидивистерге тән. Сонымен қатар мұндай механизм әр түрлі түрдегі әкімшілік және шаруашылық тәртібтерді бұзу кезінде де әрекет етеді. Мұндай жағдайларда құқықтық және өнегелік нормаларының талаптарын елемеумен байланысты үсақ құқыққа қайшы әрекет саяси және құқықтық мәдениеттің төменгі деңгейіне тән қоғамдық сананың стеоретипін көрсетеді.

      Төртінші  түрі: шешім қабылдау сатысындағы өзгерістер. Бұған әр түрлі себептер бар: жағдайды бағалаудағы жаңылыс, өзін бақылау сферасын бұзу және т.б. жағдайды бүрмалап қабылдау психикалық кемістігі бар тұлғаларға тән. Сондай-ақ жағдайды дүрыс бағаламау, байқаусызда жасалатын қылмыстың негізгі белгісі болып табылады.

      Құқыққа қайшы мінез-құлық механизмінің әр келкі түрлерінің тек жеке ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мағынасы да бар. Олар тек құқық бүзушы түлғаға ғана байланысты емес, сонымен бірге қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне де байланысты. Бұл байланыстарды білу әр түрлі құқық бұзушылықтың жағдайы мен деңгейіндег, құрылымындағы өзгерістерді байқауға мүмкіндік береді және олардың сапалық, сандық белгілерін болжауға көмектеседі.

      Егер  бұрмаланған мүдде мен қажеттіліктегі тұлғалар саны көбейсе, онда қылмыс та өседі. Мұндай жаппай бұрмалаушылықтың болуы өз кезегінде экономикалық өмірдегі құбылыстардың қателігін, тұрғындардың белгілі бір топтарының әлеуметтік жайғаспағанының дәлелі болады.

      Қылмыстың өсуі адамдардың қажеттілігі мен мүмкіндігінің арасындағы қарама-қайшылықтың өсуі кезінде болады. Бүл әсіресе қоғамдағы экономикалық құлдырау, дағдарыс кезеңдерше тән. Құқық бұзудың динамикасы жаппай қоғамдық санада: саяси, құқықтық, өнегелік қолайсыз процестер болған кезде нашарлайды. Егер қалыптасқан құлдылық бағытының жүйесі бұзылса, онда заң мен өнегелік нормаларына құрмет төмендейді, лауазымдық қылмыс өседі, қоғамдық тәртіпті бұзу, саны көбейеді.

      Заңдық  мағынадағы мінез-құлықтың барлық субъектілерінің ішінде құқық бұзушы неғұрлым терең және толық зерттелген. Құқық бұзушы — бұл өзін қоғамға қарсы қоятын тұлға. Тұлғаның жеке ерекшелігі криминологияда, қылмыстық сот ісінде мәнді мағынаға ие болады. Қылмыстың себебін ашуда индивидтің жеке ерекшелігі маңызды роль ойнайды, сондықтан тергеу процессі мен сот кезінде айыпталушы мен сотталушыға толық сипаттама беріледі. Кеңес ғылымында құқық бүзушы түлғаны зерттеу 1918 жылдан басталған. Атақты орыс және Кеңестік заңгер М.Н. Гернет өзінің «1925,1926 және 1927 жылдардағы КСРО сотталғандардың статистикасы» деген еңбегінде келесі жағдайларға талдау жасады: әлеуметтік қүрамы, жынысы, жасы, үлты, сотталған адамның отбасылық түрмысы, олардың тәрбиесі, білімі, түрмыс жағдайы, алкоголизм; қылмыс қалада немесе ауылда жасалады. Сол уақытта қылмыскерге дәрігерлік-психиатрлік зерттеу жүргізіледі. 30 жылдардың басынан 50 жылдардың аяғына дейін қылмыс пен қылмыскердің жеке басы зерттелмеді, өйткені бүл облыстағы көптеген мамандар репрессияға үшырады. 1963 ж. қылмыстың алдын алу шараларын дайындау мен себебін зерттеу бойынша Бүкіл одақтық институт қүрылғаннан кейін криминологиялық зерттеулер дами түсті. ХХғ. 70 жылдарында Кеңестік криминология сол кезеңдегі қылмыскердің қорытынды бейнесін берді. Ол 25-29 жас аралығындағы, аяқталмаған орта білімі бар мамаңдығын толық меңгермеген ер адам. Профессор К.Е. Игошев кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушының жеке басына әлеуметтік- 
психологиялық зерттеу жүргізді. Ол былай деген ұйғарымға келді, 
жастар мен жас өспірімдер жасаған қылмыс салдарының сферасында 
көптеген үлес салмақты саналы емес себептер алады. Олар құқыққа 
қарсы қызметтің қасақаналықсыз, жағдайға байланысты,

ырықсыздықпен жасалатынын дәлелдейді. Бұл өз әрекетін бақылай алмау, ішімдікке әуестік, өмірлік мақсаттың болмауы сияқты тұлғаның жеке басының белгілеріне байланысты.

      Кейбір  зерттеулер мәжбүрленуші қылмыскерлердің  құндылы бағытын талдауға бағытталады. Материалдық игіліктерді алуға бағытталған пайдақорлық, бағыттың әрекетінің мәжбүрлеу мінез-қүлқынан айырмашылығы жетекші сана бойынша екі үлкен тобқа бөлінуінде. Біріншісі «инструементалдық» мінез-қүлық деп аталып, онда мәжбүрлеу басқа мақсатқа жету үшін қызмет етеді. Мысалы, аманат үстау, самолетті басқа ьағытқа өкету, үлттық араздық және т.б. Екінші топ мәжбүрлеуді өзІндік мақсат деп қарастырады. Бүл бүзақылық, балағаттау және т.б. өрекеттер.

     Құқық бұзушылардың өздерін зерттеумен қатар  зерттеушілер заң тыңдаушы азаматтардың құлдылық жүйесі, мүдделеріне салыстырмалы талдау жасау идеясын пайдаланады. Келесі қорытынды жасайды. Қылмыскерді қылмыкер еместерден айыру олардың қасиетіне немесе олардың санына қатысты емес, әр кімнің қайталанбас үлес салмағы мен ерекшелігі, яғни әлі де жүйелік сипаты бар түлға ерекшелігінің жиынтығы жеткіліксіз зерттелген. Құқық бұзушыларға тән ортақ тұлғаның белгісі жоқ.

      Әдебиеттерде  қойылған мақсаттарға байланысты құқық  бұзушының типологизациясы бар. Жедел іздеу, тергеу, соттық, еңбекпен түзету мақсаттарын көздейтін типология бар; криминологиялық аспектіде себеп бойынша қылмыскерлерді көрсету тараған (пайдақорлық, күштеу және т.б.); демографиялық, құқықтық және әлеуметтік-психологиялық белгілер бойынша құрылған типологиялардың тәжірбиелік мағынасы аз емес.

      Құқық қоғамдық қатынасқа сендіру, мәжбүрлеу, жағдай жасау және жауапкершілік  құралдары арқылы әсер етеді. Елдегі құқықтық климатқа басқалармен қатар әсер ететін құқықтық жүйенің элементі ретіндегі жауапкершілік рөліне тоқталайық. Кеңес ғылымында 70 жылдары құқық бұзушылыққа заңдық жауапкершілікке қатысты әлеуметтік-құқықтық зерттеулер жүргізілді. Мысалы, Г.А. Злобин қылмыстық заңның көп түрлі функциясын белгіледі. Ол қылмыстық заң келесі функцияларды орындайды деп санады: әлеуметтік-ескертушілік, құнды-бағыттаушы, заңдық-зерттеуші, әлеуметтік-құқықтық және мемлекеттік биліктің мәртебесін қолдайтын және нығайтатын функция. В.Н. Кудрявцев пен В.П. Казимирчук кім жауапкершіліктің әлеуметтік мәселесін зерттесе, ол келесі үш сұраққа бас назар аударады деп көрсетеді: заңдық жауапкершіліктің тиімділігін түсіну; құқық бұзушы тұлғаның жауапкершілік шарасына әсер ету механизмі; азаматтардың әр түрлі категорияларының жауапкершілікті әлеуметтік және психологиялық қабылдауы.

      Әдетте  түсіндірілетін құқықтық жауапкершіліктің тиімділігі жалпы және арнайы ескертудің әрекетімен қалыптастырады, яғни, оны бүкіл тұрғындарға, құқық бұзушылық жасағандарға қолдануда заң мен тәжірбиенің әсері. Бүл екі аспекті де құқықтық әдебиетте барынша толық зерттелінген. Қылмыс жасаған тұлғаларға қылмыстық-құқықтық әер етудің негізгі көрсеткіші, қайталану процентімен саналады, ал жалпы ескертудің тиімділігі елдегі барлық қылмыстың өсуі мен азаюымен анықталынады.

     А.Р. Ратиков әлеуметтік зерттеулердің  негізінде қылмыстық-құқықтық жауапкершілік тиімді болатын бірқатар шарттарды қүрды. Ол келесі талаптарға жауап беруі керек: жазаның   мағынасы   оның   қолдану кезеңі жақындаға сайын қарқынды болуы;

  • жазалаудың сақтандыру рөлі, оның сөзсіз болатындығын субъект 
    түсінген сайын жоғары болады;
  • қылмыскер    жазалауды    қолдану    нәтижесінде    неғүрлым   көп 
    игіліктен   айырылса,   соғүрлым  жазалаудың  ынталандыру күші жоғарылайды;
  • жазалаудың ескерту себебінің жетістігі мінез-қүлықтың тиім салу формасының    таралуы    және    тұрақтылық    деңгейінің    қарсы байланысында болады;
  • ескерту себебінің жетістігі жазалау санкциясы мен тиім салушы мінез-құлықтың сай келуінен байланысты;
  • жазалаудың  себебтік  әсерінің деңгейі субъектінің  тиім  салушы әрекетті өзі үшін қандай дәрежеде түсінуіне байланысты.

   Бұл ұсыныстар жазалау неғүрлым қатаң  болса соғүрлым тиімділігін көрсетеді. Бірақ жазалауға мұндай көзқарас бір жақты болады.    Соңғы   жылдары   зерттеушілер   жазалаудың    әділеттілік, гумандық,   жасалған   әрекетке   сай   келушілік   сияқты   маңызды жиынтығына баса назар аударуда.

   Заңдық  ұйым дегеніміз — бұл заңдық функцияларды кәсіби орындау үшін арнайы құрылған, яғни заңдық фактілерді қалыптастыру және құқық негізіңдегі ақтаңдақтарды шешетін мемлекеттік мекеме немесе қоғамдық ұйым.

   Заңдық  ұйымдарға сот, прокуратура, полиция, тергеу аппараты, нотариат, адвокатура, әкімшілік мекемелер және тағы басқалар жатады.

   Құқықтық  шешім қабылдамайтын ұйымдар  заңдық ұйымдарға жатпайды. Оларға юстиция, еңбекпен түзету, тәрбиелік мекемелер жатады.

    Заңдық  ұйымдардың белгілеріне келесі факторлар  жатады:

  • қызмет түрі заңдық;
  • кәсіби мамандығы заңгер.

Заңдық  ұйымдар келесі функцияларды атқарады:

  • құқыққа       қайшы       мінез-құлықпен       бұзылған       қоғамдық қатынастарды қалпына келтіру;
  • құқық бұзушыны жазалау және сонымен оның тарапынан жаңа құқыққа қайшы әрекетті ескерту;
  • басқа  қоғам  мүшелеріне  жалпылама   ескерту  жасаудың   әсерін анықтау. 

   Лауазымды тұлға дегеніміз — адамдарды  басқарумен немесе материалдық қүндылықтардың қозғалысымен байланысты мемлекеттің, мемлекеттік органдар немесе қоғамдық үйымдардың атынан құқыққа сай әрекетті жүзеге асыратын ұжым мүшесі.

    Лауазымды тұлғаның әрекетіне төмендегідей сипаттама  беріледі:

  • лауазымды тұлғаның әрекетінің мағынасы оның жеке мүддесінен тыс болады;
  • оның    әрекетінің    салдары    көптеген    тұлғалармен    ұйымдарға қатысты болуы мүмкін;
  • лауазымды    тұлғаның    әрекетінің    салдары    өмірдің    әр    түрлі сферасында көрініс табады.

Лауазымды тұлғаға  тән белгілер:

  • ол өз атынан емес мемлекет атынан әрекет етеді;
  • лауазымды   тұлганың   әрекеті   оның   өкілеттілігі,   қүқығы   мен міндетінің шеңберімен анықталады;
  • лауазымды тұлға — адам, азамат.

Лауазымды   тұлға   мен   азаматтың   құқыққа   сай   мінез-құлқының ұқсастығы:

  • ол нақты әрекет етуші субъектімен жүзеге асырылады;
  • оның субъективтік жағы құқықтық нормалармен анықталады;

- субъективтік жағы саналы жігерлі әрекетті шамалайды. 
Лауазымды   тұлға   мен   азаматтың   құқыққа   сай   мінез-құлқының 
айырмашылығы:

  • лауазымды    түлға   жеке    тұлға   ретінде    емес,    лауазымы   бар абстрактілік түлға ретінде әрекет етеді;
  • лауазымды тұлға жеке емес функционалдық, мемлекеттік және қоғамдық мақсатты көздейді;
  • лауазымды тұлға шешім қабылдауда өзінің еркін емес, ұжымның, топтың, мемлекеттің мүддесін көрсетеді:
  • лауазымды тұлғаның әрекетіне ол өзі ғана емес, сонымен қатар ол көрсететін мекеме, ұйым да жауапты.

Информация о работе Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік