Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)

Сәулет және қала құрылысын слссындағы қызметті құқықтық реттейтін нормативтік акт - 2001 жылы 16 шілдеде қабылданған «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Бұл заң сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді және адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған.

Бұл заңның толығымен бір бөлімі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде мекендейтін және тіршілік ететін крлайлы ортаны қамтамасыз етуге арналған. Бірақ, біз соның ішінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен мүдделеріне қатысты нормаларды саралап алып қарастырамыз.

Азаматтардың елді мекендердегі қолайлы ортаға құқықтарына, біріншіден, мемлекеттік қала құрылысы саясатының өндіргіш күштерді қоныстандыру мен орналастыру бөлігіне, аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылысы талаптарына, экологиялық және санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік нормаларына және аталған жергілікті жердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне сөйкес елді мекеннің аумағы шегінде осы мекенге катысты мекендеу мен тіршілк етуге қолайлы ортаға құқығы; екіншіден, демалу мақсаттарына арналған және тиісті емдік және санитарлық-гигиеналық жағдайлары, оку-ағарту, мәдени-бүқаралық, спорт-сауықтыру және ойын-сауық іс-шараларын қоса алғанда, бос уақытты өткізу жағдайлары, саяжайлық, бағбандық және бақшалық учаскелерді орналастыру мүмкіндігі бар, табиғи-климаттық жағдайлары мен ландшафты мейлінше қолайлы рекреациялық аумақтарды бөлу арқылы демалуға құқығы жатады [100].

Қала құрылысы және сөулет-құрылыс қүжаттамасының құрамына қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі жобалардың бөлімдері енгізіледі. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланған, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалау қүжаттамасының белгіленген тәртіппен бекітілген талаптарын орындау жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын сәулет, қала құрлысы және құрлыс қызметінің барлық субъектілері үшін міндетті.

Аумақтың және объектінің жол берілетін концентрациялар  шегінен тыс зиянды химиялық, биологиялық  заттармен, жол берілетін шекті  деңгейден тыс радиоактивті заттармен  ластану салдарынан аумақта бүрын  туындаған не күтіліп отырған  адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп болған жағдайда, қала құрылысы қүжаттамасында жобаның мұндай көздерді құрту жөніндегі шараларды, ластанған аумақтарды оңалтудың кешенді шараларын жүргізе отырып, оларды тоқтатып қоюды, сондай-ақ азаматтардың қолайсыз аймақта уақытша болуын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің аумақты және объектіні пайдаланудың ерекше режимін енгізу мүмкіндігін көздейтін жобаның арнаулы бөлімдері болуға тиіс.

Жеке және заңды тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі шешімдерді талқылауға қатыса алады.

Қол жеткізілуі заң тәртібімен шектелген немесе мемлекеттік қүпияларға жатқызылған ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өздері мекендейтін және тіршілік ететін ортаның жай-күйі, оның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде белгіленіп отырған болжамды өзгерістері туралы толық, уақытылы және сенімді ақпарат алуға құқығыбар [100].

Жеке және заңды тұлғаларды өздерінің мекендейтін және тіршілік ететін ортасының жай-күйі туралы, сондай-ақ аумаққа құрылыс салу жөніндегі ниеттері туралы хабардар етуді бүқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе қоғамдық талқылау жүргізу, экспозициялар мен көрмелер арқылы жергілікті және орталық атқарушы органдар жүзеге асырады.

Қала құрылысы және сәулет-құрылыс қүжаттамасы бектілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың талқылануға қатысуға, қоғамдық немесе жеке мүдделерді қозғайтын, қабылданатын шешімдерді өзгерту жөніндегі ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Жобаланатын объектілер, мекендеу және тіршілік ету ортасының жай-күйі мен онда жасалмақшы болып отырған, мемлекеттік нормативтерге немесе бекітілген қала құрлысы қүжаттамасына сәйкес келмейтін, сондай-ақ қоғамдық және жеке мүдделерді қозғайтын өзгерістер туралы уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жалған ақпараттар берген жағдайда, жеке және заңды тұлғалар сот органдарына жүгінуге қүқылы.

Егер сөулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі осы аумақта азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің және заңды тұлғалардың мүдделерін қозғаса, онда олардың:

  1. Заңдарды немес мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жүзеге асырылатын объектілерді орналастыру, жобалау, салу немесе пайдалануға беру туралы шешімнің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюға;
  2. Заңдарды немесе мемлекеттік нормативтерді бұза отырып жүзеге асырылатын қызметке әкімшілік немесе сот төртібімен шектеу енгізуге, тоқтата түруға немесе тоқтатуға;
  3. Жергілікті сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет - құрылыс инспекциясы органдарының іс-әрекеттеріне, сондай-ақ жобаларды сараптау қорытындысына сот тәртібімен шағым жасауға;
  4. Субъектілердің немесе лауазымды адамдардың заңдарды немесе мемлекеттік     нормативтерді     бұзуға     жол     беруіне     байланысты азаматтардың денсаулығына және мүлкіне келтірген зиянды өтеу туралы сотқа талап қоюға;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңдарды және мемлекеттік нормативтерді бұзудың өзге де фактілері бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен жүгінуге құқығы бар.

 

 

2.2 Шет елдерінде азаматтар  мен қоғамдық бірлестіктердің  қоршаған ортаны қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі

 

 

Ұлттық деңгейде табиғат  қорғау қызметін жоғары деңгейде жүзеге 
асырылуы планета аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғи 
ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мәселелерінің толық 
шешілгендігін     білдірмейді. Белгілі     бір     мемлекеттің     аумағында

Пайдаланылатын табиғи ресурстардан басқа, бүкіл дүниежүзі  қауымының әсеріне үшырайтын  және пайдаланылатын табиғат объектілері  бар. Бұндай аймақтардағы табиғаттың қолайлы жағдайын сақтауға мүдделі қауым табиғи ресурстарды пайдалану мен корғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Сонымен қатар, өз аймағында  жүзеге асырылатын шаруашылық және басқа  да қызмет процесінде мемлекет көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасының жағдайына зиянды әсер тигізуі мүмкін немесе басқа да жолдармен олардың экологиялық мүдделеріне қол сүғыуы мүмкін. Сондықтан, ұлттық деңгейде табиғат қорғау қызметінің нәтижелілігін көтеру үшін мемлекеттер өздерінің қоршаған орталарын қорғауға байланысты келісілген, бірлескен шаралар қабылдауға мәжбүр болады.

Бұндай негізгі факторлар  қоршаған ортаны қорғау және табиғатты  пайдалануды халықаралық - құқықтық реттеу және бұл аяда ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін анықтайды.

Қазіргі таңда  бүкіл дүние жүзін толғандырып отырған күрделі экологиялық мәселелер. Бұл мәселелер - табиғаттың даму заңдарын ескермей жүзеге асырылған адамдардың қызметінің нәтижесі. Оларды шешу ұлттық деңгейде табиғатты пайдалануға қатысты, сонымен қатар жалпы дүние жүзлік табиғат ресурстарына қатысты да халықаралық экологиялық саясатты және халықаралық деңгейде сенімді ұйымдастырушылық - құқықтық құралдарды дайындаумен байланысты.

Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі таңдағы ең маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан экологиялық мәселелерді шешуге қазіргі кезде көптеген халықаралық ұйымдар қатысуда. Олардың саны жылдан жылға табиғат қорғау мәселесімен айналысатын ұйымдар есебінен біртіндеп көбейіп келе жатыр. Олардың кейбіреуі арнайы қоршаған ортаны қорғау үшін құрылған, ал басқалары - басқа фунциялармен қатар, табиғатты қорғаудың жекелеген функцияларын атқарады.

Құқықтық мәртебесіне  байланысты халықаралық экологиялық ұйымдарды үкіметаралық және үкіметтік емес деп бөлуге болады.

Қоршаған  ортаны қорғауда халықаралық ынтымақтастықты  тереңдету және қалыптастыру процесіне, сонымен қатар халықаралық және ұлттық экологиялық заңдарды шығару процесіне халықаралық үкіметтік емес ұйымдар белсенді әсер етеді.

Халықаралық үкіметтік  емес ұйымдар - бұл адам қызметінің саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, ғылыми-техникалық және басқа да аясында халықаралық ынтымақтастыққа көмек көрсету мақсатында күрылған әртүрлі мемлекеттердің ұлттық қоғамдык ұйымдарының, одақтарының, топтарының және жекелеген тұлғаларының білестігі, бұл ұйым үкіметаралық келісімдер негізінде құрылмайды және коммерциялық пайда табу мақсатын көздемейді [101,б.36].

Қоршаған ортаны қорғау сұрақтарымен айналысатын, сонымен қатар өзінің негізгі қызмет аясындағы сұрақтардан басқа экологиялық мәселелерге көңіл бөлетін 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық үкіметтік  емес ұйымдардың қызметінің негізгі бағыты табиғи ортаны және оның жекелеген элементтерін ұтымды пайдалануға бағытталған ұлттық және халыкаралық деңгейдегі заңды және техникалық нормалар мен шараларды дайындау және тәжірибеге енгізу, халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығын кеңейту, тереңдету және жандандыру болып табылады [102,б.36].

Көптеген Халықаралық  үкіметтік емес ұйымдар жекелеген табиғат объектілерін немесе табиғат ресурстарының түрлерін қорғаумен айналысатын арнайы табиғат қорғау қүзыретіне ие. Мысалы, Қүстарды қорғау бойынша Халықаралық кеңес, Жануарларды қорғау бойынша Бүкіл дүние жүзлік федерация, Суды қорғау бойынша Европа федерациясы, Альпі аудандарын қорғау бойынша Халықаралық федерация.

Ең ірі және беделді  халықаралық үкіметтік емес ұйым 1948 жылы Францияда құрылған Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың халықаралық одағы болып табылады. Бұл одақтың мүшелері табиғат қорғау ісіне үлес қосатын елдердің үкіметі, сонымен қатар, жекелеген мемлекеттік органдар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар және басқа да үжымдар бола алады. Бұл ұйымның негізгі мақсаты - тиісті ұлттық және халықаралық шараларды жүргізу жолымен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғауға көмек көрсету мен қолдау.

Табиғатты және табиғи ресурстарды  қорғайтын халықаралық одақтың  негізгі мақсаттары: халықаралық  және ұлттық деңгейде тиісті заң қүжаттарьш дамыту және өрекет ететін қүжаттарды жетілдіру жолымен қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға ат салысу, үкіметтік және үкіметтік емес мекемелер мен ұйымдарға халықаралық және ұлттық құқықтық актілерді дайындауға көмек көрсету, Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың халыкаралық одағының мүшелеріне ұлттық және халықаралық экологиялық мәселелер бойынша ақпараттар беру және т.б.

Көптеген  шет елдерде қоғамдық экологиялық  бірлестіктердің қызметі үшін құқықтық негіз бар. Әрбір елде қоғамдық экологиялық бірлестіктердің құқықтық жағдайының, қызметінің бағыты мен сипатының ерекшеліктері бар.

Польшадағы қоғамдық бірлестіктердің Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот мәжілістеріне қатысу саласындщағы өкілеттіліктері шектелген. 1985 жылғы Әділет министрлігінің ережесіне сәйкес сотта іс қозғау құқығы барлық қоғамдық бірлестіктерге берілмеген, тек қана осы қүжатта берілген тізімдегі қоғамдық бірлестіктердің құқығы бар. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы тек сегіз қоғамдық бірлестікке бұл өкілеттік берілғен: Табиғатты қорғау лигасы, шумен күресу лигасы, Польша туристік ассоциациясы, Полына балык аулау ассоциациясы, Бас техникалық ұйым, Польша ацшылық ассоциациясы, Польша экологиялық клубы және кәсіподақтар. Табиғатты қорғаумен байланысты істерде бұл қоғамдық бірлестіктер азаматтық сот мәжілісінде азаматтар мен басқа да субъектілердің талаптары мен арыздарын қолдай ғана алды. Сонымен бірге, ҚР Экологиялық кодексі баптарында қоғамдық бірлестіктерің саны шектелмеген және оларға азаматтық, әкімшілік соттарға талап беру құқығы берілген [104,б.466.].

Венгриядағы қоғамдық экологиялық бірлестіктердің қызметінің құқықтық негізі шектеулі болды. Коммунистік режим уақытында бұндай бірлестіктердің қызметін реттейтін заң актілері болмады. 1989 жылға дейін экология саласында тіркелген бірнеше қоғамдық ұйымдар болды, себебі заң актілерімен бір ғана мақсатты жүзеге асыру үшін құрылған ұйымдардың біреуден көп болуына тиым салынды [105,б.576].

Венгрияда қоршаған ортаны қорғаудың негізгі ережелері 1976 жылы ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. Бұл заңға сәйкес азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге қоршаған ортаны қорғауға қатысуға құқық берілді. Бірақ бұл ережелердің бірде біреуі тәжірибиеде қолданыс таппады, себебі оларды жүзеге асыру механизімін құрайтын бірде бір заңға сәйкес акті болмады. Бұл актінің өзі қоршаған ортаны қорғау саласында қоғамдық бірлестіктер қызметі үшін арнайы өкілеттік бермеді [105,б.586]. Сонымен қатар, бұл заңның ережелері екі баппен сызылып тасталды. Онда бұл заң актісі тек бес жылдық жоспарды орындаған және қаржылық қоры болған жағдайда қолданылуы мүмкін , және де қоршаған ортаны қорғау туралы заң әрекет етіп жатқан энергия, пайдалы қазбаларды өндіру , ауыл шаруашылығы туралы заңдарға бағынышты деп көрсетілді [106,б.86].

1988 жылы алдыңғы қоғамдық бірлестіктердің қысымымен Венгрия 
Республикасының парламентімен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң 
қабылданды. Бұл заң қоғамдық бірлестіктердің өкілеттігін біршама кеңейтті.

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу