Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 13:09, дипломная работа

Описание

Диплом жұмысына жасалған тұжырымдық қорытындылар, ұсыныстар мен нұсқаулар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ғылыми тұжырымдау түрғысындағы экологиялық құқық теориясын тереңдетеді және одан әрі дамытады.
Дипломдық жұмыстың қорытындылары оқулықтардың, ғылыми басылымадардың тиісті тарауларын дайындау кезінде, сондай - ақ экологиялық құқық курсын оқыту кезінде қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды құқықтық реттеу.....................................................................................7
Қазақстанда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи
ортаны қорғауға қатысуды реттейтін заңдардың қалыптасу және даму
тарих........................................................................................................................7
1.2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға
қатысуды реттейтін заңдардың қағидалары........................................................14
1.3 Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында
басқаруды жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер қызметінің
рөлі мен маңыздылығы.......................................................................................19
2 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында
құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері..............................................34
2.1 Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен
міндеттерінің түсінігі және түрлері....................................................................34
2.2 Шет елдерінде азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғауға қатысуды құқықтық қамтамасыз етудің салыстырмалы анализі........................................................................................................................59
Қорытынды........................................................................................................................73
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................................78

Работа состоит из  1 файл

Абзиев Есбол.doc

— 603.00 Кб (Скачать документ)

Қоғамдық экологиялық  бақылау дербес бақылау түріне жатады. Қазакстан Республикасында қоғамдық бақылау ҚР «Қоршаған ортаны корғау туралы» және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдарымен реттеледі. Жалпы экологиялық бақылау дегеніміз көсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, яғни барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың қоршаған табиғи ортаны қорғау және қоғамның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты экологиялық талаптарын сақтауды тексеру [65,б.96]. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылык болып табылатындығын ескере отырып, әркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын жүзеге асыру мақсатында, сонымен қатар мемлекеттің экологиялық функцияны тиісті деңгейде жүзеге асырмауына байланысты, қазіргі таңда қоғамдық экологиялық бақылауды дайындау және жүзеге асыру мәселесі қатаң түрде алға қойылған.

Қоғамдық бақылауды  қоғамдық бірлестіктер, біріншіден, өз бастамасымен жүргізсе, екіншіден, табиғат  пайдаланушылармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органдар немесе ұйымдар бекітетін ережелер негізінде жүргізеді.

Қоғамдық экологиялық бақылау қызметінің көлемі мен мазмұнына қарай екі топқа бөлінеді: 1) арнайы және негізгі қызметі табиғат қорғау қызметімен үштастырылады; 2) салалық және әмбебаптық, яғни табиғат қорғау шараларының кешенді түрде болуын жүзеге асырады [66,б.36].

1962 жылы құрылған Қазақ табиғат қорғау қоғамы ең ірі қоғамдық ұйым болып табылады. Бұл қоғамның ережесі 1963 жылғы 24 маусымда бекітілген.

Сонымен, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында мемлекеттік басқарумен қатар қоғамдық басқарудың алатын орын оте маңызды. Себебі, қандай да болсын қоғамда мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру барысында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер де қатысады. Сондықтан, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы басқаруды реттейтін заңдарды одан әрі жетілдіру қажет. Екіншіден, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің басқаруды жүзеге асыру кезінде атқаратын функциялары экологиялық заңдарда нақты көрініс табуы тиіс.

 

2   Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері

 

 

2.1  Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің экологиялық құқықтары мен міндеттерінің түсінігі және түрлері

 

 

Адамдардың өмір сүруі  үшін қолайлы табиғи ортаға құқығы концепциясының негізі қоғам мен табиғаттың арақатынасының философиялық мәселелері аясында жатыр. Өркениеттің дамуының алғашқы сатыларында адам өмір сүруі үшін, тірі қалу үшін табиғат күштерімен күресті, оны иеленді және өзіне бағындырды. Ол кездегі христиан дәстүрлері бойынша адамды табиғаттан жоғары қойды. Бүған адамның табиғи күштерден тәуелсіздігін одан әрі сезінуге ғылым мен техниканың дамуы өз үлестерін қосты. Қайта өркендеу дәуірінде адамның ақылы, парасаты табиғатты өз еркімен өзгертуге жағдайы бар деген ұғым басым болды. Ал өсіп келе жатқан табиғаттан тәуелсіздік даму мен прогрестің негізгі критерии болды.

XXI ғасырда табиғатқа шексіз күшпен ену салдары толғандыра бастады. Бірақ адам құқықтарының классикалық концепциясы өмір сүруге қолайлы қоршаған ортаға құқықты қарастырмады. Бұл оны қорғаудың қажеттілігінің болмауымен байланысты. Қоршаған ортаның сапасы белгілі тарихи кезеңге дейін адамның барлық қажеттіліктеріне сәйкес болды және олар үшін әмірлік құндылық ретінде саналмады.

XX ғасырдың ортасында шаруашылық қызметпен табиғаттың ластануының қарқынды өсуі, өмір сүру жағдайының кенет нашарлауы, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің жойылуы, климаттың өзгеруі, биологиялық түрі ретінде адамның өзінің генефондьтнан теріс жақтарға өзгеруі және техникалық прогресстің басқа жанама нәтижелері адамның табиғаттан тәуелділігі туралы көзқарасқа алып келді. Бұл жағдайда адам табиғат «күшінен « емес, ал «әлсіздігіне» тәуелді болды. Табиғаттың өндірістің зиянды жанама өнімдерінің барлық колемін жойып жіберуге мүмкіндігі жоқ. Адамзаттың алдына дамудың шексіз мүмкіндіктері мен биосфераның өзін-өзі калпына келтіру шекті қабілеттігі арасындағы қарама-қайшылықты шешу міндеттері пайда болды. Бұл жағдайда ойлаудың жаңа бағыты- экологиялық этика дами бастады. Оның негізгі ережесін жаңа экологиялық көзқарастың мәні құрады: 1 Адам табиғаттың интегралды болігі болып табылады және табиғаттан, оның заңдарынан және онда болып жатқан процестерден жеке қарастырылмайды; 2 Адамзаттың табиғат дүниесіне қатысты ешқандайда ерекше адамгершілік артықшылықтары мен құқықтары болмайды; 3 Адам табиғи процестерді басқару арқылы табиғатқа бақылау жасайды, бірақ оның заңдарын бұзбауға тиіс; 4 Табиғат заңдарын жазасыз бұзуға болмайды; 5 Орта әрдайым өзгерісте, бірақ оны адамзат қоғамының өмірлік негізі ретінде сақтау үшін оның өзін-өзі қалпына келтіру қабілеттілігін қамтамасыз ету қажет [69].

Қоршаған ортаның өндіру және өмірді қамтамасыз ету қабілеттілігі бұзылуда. Егер бүрын табиғаттың тазалығы табиғи игілік болса, қазір ортаның сапасын сақтау үшін көптеген материалдық шығындар және мақсатты түрде

Еңбек етуді  қажет етеді. Қоршаған ортаның тазалығы бір жағынан материалдық шығындарды қажет етсе, екінші жағынан - экономикалық нәтиже береді. Табиғаттың ластануымен тікелей және жанама түрде байланысты ауруларға байланысты шығындар өте үлкен. Экологиялық апат аймақтарынан халықты көшіру салдарынан да үлкен шығындар алып келеді. Қолайлы қоршаған ортаға құқықты жүзеге асыру аясындағы шаралар қоршаған ортаны қорғауды экономизациялауға әсер етеді және жалпы қоғамдағы экономикалық жағдайға кері әсерін тигізді. Бейбітшілікті сақтау адамның барлық құқықтарын жүзеге асырудың жалпы шарты болып табылады. Қоршаған ортаға әскери дайындықтар теріс әсерін тигізеді. Ядролық соғыстың да экологиялық салдары бөрімізге белгілі. Әскери-өнірістік кешендер де табиғи объектілерді жоюға және табиғи ресурстарды үтымсыз пайдалануға әсер етеді. Қоршаған ортаны қорғаудың ерекше міндеттерінің бірі радиациялық ластанудың осуімен байланысты ядролық қару сынақтарын тоқтату болып табылады.Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету біздің мемлекетіміздің экологиялық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардың азаюы және экологилық байланыстың бұзылуы өзекті мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының  Конституциясының 31 бабында «Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» деп корсетілген [2]. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды осердің нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына зардап келетіні белгілі. Сондықтан, осындай зиянды әсерлердің алдын алу, болдырмау мемлекетіміздің алдына қойылған мәселелерінің бірі. Қоршаған ортаға келтірілген зардап адамның қолымен жасалады. Адамның табиғатқа әсер етуге, табиғи процестерді байланыстыруға, қоршаған ортаның жағдайына әсер етуге мүмкіндігі бар. Адам қоршаған ортаны өз мүдделеріне қарай пайдаланып, озгертіп отырады. Бұл процесс көп уақытқа дейін оте жай дамыды. Қазіргі кезде өндіріс күштердің осуі, ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, қалалар мен адам санының шапшаң өсіп дамуы нәтижесінде табиғи ортаға коптеген теріс ықпалдарын тигізді. Осы уақытқа дейін адамдар табиғи ресурстарды үтымсыз пайдаланып келді. Енді қазіргі таңда табиғатқа ұқыпты қарау, табиғи байлықтарды сақтау, шаруашылық және басқа қызметтің зиянды әсерін болдырмау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту және сауықтыру әрбір адамның өмірлік міндеті болуға тиіс.

Сондықтан, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында азаматтардың алатын орны өте маңызды.

Қазақстан Республикасында  жеке тұлғалардың экологиялық құқықтары туралы мәселелер қазіргі қоршаған ортаны қорғау құқығында негізгі орынды алады. Адам, оның құқықтары және бостандықтары ең жоғарғы құндылықтар болып табылады.

Адамдардың  экологиялық құқықтары деп табиғатпен арақатьшасы кезіндегі адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, заңдарда танылған және бекітілген тұлғаның құқықтарын түсінеміз [6, б.131].

В.В. Петров экологиялық құқықтарды үш аспектіден қарастырды: адамның өмірі үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы; адамның қоршаған ортаның теріс әсерінен денсаулығын қорғау құқығы; адамның азамат ретінде қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуға құқығы және оның міндеті [70].

А.К. Голиченков та экологиялық құқықты үш аспектіден қарастырды:  экологиялық құқықтар мен міндеттердің құқықтық институты ретінде;  экологиялық құқықтық қатынастар мазмұнының элементі ретіиде; экологиялық құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің элементі ретінде [71].

Азаматтардың экологиялық құқықтарын тану және реттеу - қазіргі дамып келе жатқан қазақстандық заңдардағы мәнді жаңалықтарының бірі болып табылады. Сондықтан да, бұл құқықтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен танылуының маңызы зор. Конституцияға сөйкес, азаматтар жеке меншік құқығымен жерді иеленуге қүқылы, қолайлы қоршаған ортаның жағдайы туралы шынайы мәліметтерге құқығы бар. Бұл экологиялық құқықтарға әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы, денсаулығын сақтау мен медициналық кемекке құқықтарының тікелей қатысы бар [2].

Қоғам мен табиғаттың арақатынасы аясындағы мәселелерді  шешуге басқа да Конституциялық құқықтар қолданылуы мүмкін. Қоғамдағы жеке тұлғаның жағдайы мемлекеттің даму деңгейімен сипатталады. Азаматтың өміріне, жеке бостандығына, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне ешкімнің қол сүғуына жол берілмейді. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заңдарында азаматтардың жеке бостандығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Егер адамның өміріне, денсаулығына және қадір-қасиетіне қауіп тонсе, әрбір адамның мемлекет органдарынан комек сүрауға, заңдармен қорғалуға құқықтары бар [72, б.106.]. Мысалы, заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға, азаматтардың бірлесу бостандығы, азаматтарды бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға түруға, азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және үжымдық өтініштер жолдауға құқықтары бар. Қазақстан Республикасында азаматтар мен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғауға кепіл бере отырып, сонымен бірге Конституцияда әркімнің оз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық төсілдермен қорғауға құқығы көрсетілген.

Адамдардың құқықтары мен бостандықтары әртүрлі негіздер бойынша саралануы мүмкін, мысалы, мазмұны бойынша олар негізгі және қосымша болып бөлінеді, қолдану субъектілерін байланысты - жеке және үжымдық. Бұлардың ішінде, құқықтар мен бостандықтарды қолдану аясы бойынша саралау   кең   қолданылады.      Қолдану   аясына  байланысты   құқықтар   мен

Бостандықтар: 1) жеке, азаматтық; 2) саяси; 3) экономикалық, әлеуметтік, мәдени болып бөлінеді [73,б.46.].

М.М. Бринчук экологиялық құқықтарды құқықтық реттелу деңгейіне байланысты қоршаған орта саласындағы негізгі және басқа да құқықтар деп бөледі.

Негізігі құқықтарды көп жағдайда конституциялық құқықтар деп атайды. Негізігі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық - құқықтық қүжаттарда бекітілген. Негізгі конституциялық құқықтар азаматтар жеке меншік құқығымен жерді иеленуге құқығы, қолайлы қоршаған ортаның жағдайы туралы шынайы мәліметтерге қүкығы, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы, денсаулығын сақтау мен медициналық көмекке құқықтары болып табылады [2]. Негізгі экологиялық құқықтар адамдардың оқшауланбайтын, табиғи құқықтарының санатына жатады. Бұларды оқшауланбайтын құқықтар ретінде саралай отырып, адамдардан бұл құқықтарды алып қою мүмкіндігіне жол берілмейді. Бұл күқықтар субъективтік және табиғи құқықтар, себебі оларға адамдар туғанынан бастап ие болады [6, б.26.].

Адамдардың басқа да экологиялық құқықтары санатына Қазақастан Республикасының заңдарында бекітілген табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары жатады.

Экологиялық құқықтарды тағы да тараптардың қызметіне және мүдделеріне байланысты саралауға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясынада, адамдардың құқықтары туралы Халықаралық пактіге сәйкес азаматтық құқықтарды, саяси құқықтарды, мәдени құқықтарды, әлеуметтік және экономикалық құқықтарды ажыратуға болады. Мысалы, азаматтық құқықтар адамның, оның денсаулығын және мүлкінің қандайда болмасын заңсыз қол сүғушылықтан қорғалуын анықтайды. Саяси құқықтар тұлғалардың мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысу (қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша референдум өткізу, экологиялық маңызды шешімдер дайындау мен қабылдау процесіне қатысу арқылы), билікке бақылау орнату (азаматтардың экологиялық құқықтарын бұзатын мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне сот арқылы талап арыз беру жолымен) мүмкіндіктері арқылы көрінеді. Мәдени құқықтар адамдардың экологиялық мәдениет деңгейін көтеруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік және экономикалық құқықтар экологиялық қауіпсіз жағдайларда еңбек ету құқығы, ластанған қоршаған ортаның зиянды әсерінен денсаулықты қорғау, экологиялық білім алуға құқықтарын ескере отырып адамдардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қүжаттарда бекітілген азаматтардың экологиялық құқықтарын одан әрі дамытады және нақтылайды. Әркімнің қолайлы коршаған ортаға Конституциялық құқығы - адамдар өмірінің қалыпты экологиялық, экономикалық және эстетикалық жағдайларын қамтамасыз етумен байланысты

Оның өмір сүру негізін құрайтың, адам мен азаматтың негізгі және көлемді субъективтік құқықтарының бірі [6,б.46].

Қазіргі уақыттағы қоршаған орта жағдайының нашарлауы барлық адамзаттың алдында түрған өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл мәселе әрбір мемлекетті және оның әрбір азаматын толғандырып отыр. Ауаның, судың, топырақтың ластануы, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру ең алдымен адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында тек қана мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды деп көрсетілген. Бірақ, өкінішке орай, азаматтардың қолайлы ортаға құқығы қазіргі таңда еліміздің Ата заңынды тікелей көрініс таппады [75,б.156]. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары, бостандықтары. Елімізде адамдар мен азаматтардың негізгі құқықтарының бірі ретінде қолайлы қоршаған ортаға және оның жай-күйі туралы шынайы мәліметтерді алу құқығы жариялануы тиіс. Мемлекет адамдар мен азаматтардың басқа құқықтарымен қатар бұл құқықты да қорғауға міндетті.

Информация о работе Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған табиғи ортаны қорғауға қатысуды құқықтық реттеу