Қожа ахмет яссауи

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:27, реферат

Описание

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандарының бірі – Қожа Ахмет Йассауи болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

этнопедагогика реферат.docx

— 180.81 Кб (Скачать документ)

        Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Йассауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Йассауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Йассауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет        Йассауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Йассауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Йассауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Йассауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.

Қожа Ахмет Йассауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Ия, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Йассауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Йассауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Йассауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Йассауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Йассауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.

    Жергілікті халықтың салт-санасы  мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына  қайшы келмейтін діни-мистикалық  мектептің негізін қалаған Қожа  Ахмет Йассауи шығармашылығы  сопылық ағымның түркілік дәстүріне  даңғыл жол салды. “Ислам дінін  тек араб тілі арқылы ғана  тануға болады” деген түсінікті  теріске шығарып, сопылық әдебиет  ұстанымдарын көне түркі әдеби  тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын  толықтай түсіндіру, шариаттың  қыр-сырын, дін қағидаларын қалың  қауымға өз тілдерінде тереңнен  таныту мақсатында хикметтерін  жергілікті халыққа жақын айшықты  поэзия тілімен жазды. Қожа  Ахмет Йассауи түркі тілінде  жатық әрі бейнелі жыр жазудың  үлгісін жасап, түркі тілдерінің  көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің  мол екендігін дәлелдеді. Оның  жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары  түркі топырағында ертеден қалыптасқан  суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке  жаңа серпін, тың мазмұн алып  келумен қатар, оны түр жағынан  көркейтіп, кемелдендіре түсті.  Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты  басым түркі әдебиеті насихаттық  ой тұжырымдармен толыға түсті.  Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Йассауи ше хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Йассауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Йассауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.

  1. Қожа Ахмед Йассауи еңбектеріндегі халықтық  
    педагогика мәселелері

   Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, әйгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген"13 бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды.  
Автор тәрбиенің мақсаты тұлғаның кемелденуі жайлы қамқорлық деп ұдайы есіңде ұстайды. Мәселен шығармадағы "Басты ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке алынып бірізділікпен орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік тұрғыда кемелдену:  
 
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғын,  
Көре қалсақ мүсәпірді сырлас болғын,...  
 
Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық, әсемдік жөне басқалары ілеседі. Және де ақыл ұтымы адамгершіліктің кептеген маңызды белгілерін енгізетін аса ауқымды мәнге ие:  
 
Ақылға ерсең ғаріпгтерді мейіріммен сүй,  
Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый,  
Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый...  
 
Жетілудің шексіз жөне ете кең мүмкіңдіктері айрықша атап көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, әділеттілік, ададдық пен шыншыдцықты сіңіре алатынына сенімді. Шығармадағы педагогикалық түрғыдан қызығушылық туғызатын орталық сюжетті желілердің бірі - ол жас сипаттамалары:  
 
Бір жасымда аруақ маған үлес берді,  
"Еқі жаста пайғамбарлар келіп керді.  
Үш жасымда шілтен келіп халім білді,...  
Бес жасымда шариғатқа белім будым,  
 
Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым... Зерттеушілер "Қазақ поэзиясындағы жас мерзімдерін шалқыта суреттеу де" осы Қожа Иассауи дәстүрінің әсерінен екенін аңғару қиын емес. Рас, мұның көптеген ұқсастықтарымен қатар, кейбір өзгешелік белгілері де жоқ емес. "Диуани Хикметте" жас бейнелерін жинақтап түйіп айту басымырақ болса, бізде бұл үрдістің жалғаса жырлану арқылы тың сапаға ие болғанын көреміз – деп шығарманың байлауы болып табылатын жасқа бөлу идеясын жоғары бағалайды. Еңбекте автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде толық баяңдалумен қамтамасыз етілген:  
 
Жазуменен жасым жетті жиырма бес,  
Субхан ием, зікірменен көкейім тес. '  
Көкірегімдегі түйіндерді сен өзің шеш, Сол  
себептен хаққа сиынып келдім міне...  
Отыз тоғыз жасқа кірдім, қылдым қасірет,  
Уә дариға, өтті ғұмырым, қане тағат?  
Қанағатшыл хақ қасында хош сағадат,  
Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар...  
 
Сыртқы кейпі және мазмұны бойынша да айқын педагогикалық құбылыстар ретінде көрінетін мүңдай үлгілер осылай жалғасып кете береді. Мұның барлығы "Диуани хикметті" поэзия мен педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін белгілейтін моральдық ұғымдарын оқып үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, этикалық жөне эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісіңде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде. "Диуани Хикмет" көп уақыттар бойы ел аузында айтылып, қолжазба түрінде сақталған, араға көп уақыт салып барып, Стамбул, Қазан, Ташкентте басылып шыккан. Оның казақ тіліндегі тұңғыш нұсқасы 1901 жылы Қазаңда жарық көрген. Ал толық күйіңде жеке кітап болып қазакшаға түсірілуі 1993 жылы жүзеге асты. Ғалымдар көрсетілуінде коғамдық-педагогикалық ойдың қалыптасуына үлкен ықпал жасаған ірі тұлға Қожа Ахмет Иассауи жайлы хикаяттар да аз емес екен. Ұлы ұстаз өмірі, дүниетанымы, қызметі жайлы білімдерді терендетуге септігін тигізер деген мақсатпен осы материалдарды келтіре кетуді жөн көрдік. Автор "Төменде ертеректе жазылып алынған үлгілермен қатар, өзіміз ел аузынан жинаған нүсқаларда ұсынып отырмыз. Қожа Ахмет жайындағы халық аузындағы әңгімелердің сан алуан нұсқасы бар. Сол себепті біз өзімізге белгілі аңыздың бірнеше нұсқалары болса, соның арасынан біреуін ғана таңдадық. Кейбір хикаяттар Түркияда жарық керген басылымдардан алынды 20 – деп арнайы керсетеді.  
           Ертеректе Сайрам өңірінде Ыбырайым ата деген кедей адам адал өмір кешіпті. Қарт ертелі-кеш тынымсыз еңбек етсе де, ешнәрсеге жарыған емес. Оның бар байлығы өзен жағасындағы шағын бақша ғана болатын. Әлгі адамның балалары көбейген сайын шығыңдары да кебейе түсті. Оның қыздары ұзатылып, ұлдары ер жете бастады. Алла Ыбырайымға мейірім дарытты, оған балалары қуаныш берді. Қарт кез алдында ойнаған ұлдарын, еркелеген қыздарын көргеңде көкірегі нұрға толатын. Алайда Ыбырайым ерекшеленіп жүретін. Әрдайым ой үстінде ол бір жаққа жалғыз кетіп калатын,- әрі көп сөйлемейтін, тұйық жан еді. Бір баласының ауыр жүмысқа ебі болмады, одан бойын аулақ салып жүретін. Ахмет мейірбанды еді, қайыршыларға жәрдемдесуге ұмтылатын, олармен жалғыз тілім нанын да бөлісіп жейтін. Қарт Ыбырайым осы үлына қарап отырып үзақ ойға қалатын да: "Бұл - Алланың қасиетті еркі ғой" деген сенімге келетін. Жылдар артынан жылдар ете берді. Ахмет 15 жасқа толды.  
Жаздың қапырық ыстығы түскен, Ахмет базарға бармақшы еді, ол әдеттегісінше қариялардай қолына ұзын таяқты үстап шықты. Жолда бақтағы әкесіне жолықпақшы болды. Ол шыжыған күн астында әжімді бетінен тер сорғалап, жұмыс жасап жатқан қартты керді. Әлі жұлынатын шөп көп еді. Ахмет әкесіне қарап түрып, оған деген аяныш сезімі оянды.  
- Әке, сіз шепті неге қолыңызбен тазартасыз? Былай деңіз: "Арам шептер тез шығындар, менің бақшамда тек қана жемістер ғана өсетін болсын!"  
Осы сезді Ахмет айтты да, өзінің аса таяғын сермеп қалып еді, сол кезде арам шөптер бақтан өздері ұшып шығып, бір шөмеле болып жиналып қалды. Ыбырайым атаны бұл ғажайып қатты тандандырды. Ол алғашқы сәтте не айтарын білмесе де Алланың өз үлына осындай күш дарытканын түсінген соң, аспанға қарап қолын жайып: Ұлым менің, Алла сені басқа адамдардан бөлектеу етіп жаратыпты, саған кереметтер жасайтыңдай ұлы күш дарытыпты. Сен енді менің үйімді керек те қылмайсың, сондықган пайғамбар қайда сілтесе сонда бар - дейді. Ахмет кері бұрылды да жүре берді, ол мүмкін енді үйіме қайтып оралмаспын дегеңдей жай қозғалды. Ол ауылды тегіс аралап щыққан соң, күн батысқа қарай бет алды. Ахмет сол бетімен бірнеше күн жүріп, Қаратау деп аталатын тауға келіп тірелді. Осы жерде өзінің асасын кадады, сол жерден бұлақ көзі ашылды, бұл таза салқын су еді. Ахмет одан өрі қарай Түркістан каласы тұрған тұсқа тоқтады, жан-жағына қарап осыңда тұрақтануға бекінді; Өзіне үй түрғызды, шағын бақ егіп, осыңда жүмыс істеп тамағын асырауды мақсат етті. Ахмет бос уақытында Алланы ауызға алып құлшылық етумен болды. Өз үйі жанынан өткен адамдарға шама-шарқы жеткенше жәрдемдесуге тырысты. Оған қаріп болып қалғандар мен өртүрлі кеселге душар болғандар келіп жатты. Ахмет оларды емдеп жіберетін, кейін оның даңқы мен ғажайып істері көпшілікке мәлім болды. Бірте-бірте әулиенің жанына Аллаға, үлы пайғамбарға құлшылық ету үшін онымен бірге болуға ниет еткендер де қоныстана бастады. Жылдар өте берді, бір лашық үй бай кентке айналды. Қожа Ахмет ұзақ жасады, ол өзінің ғүмырында көптеген ғажайыптар жасады. Мұхаммед пайғамбарға періште Алланың сәлемін жеткізді: Сіздің әулетіңізде бір керемет бала дүниеге келеді. Ол бала өзіңнен бес жүз жылдан соң туады екен. Әлгі бала Түркістаннан шығады. Сол ұрпағына аманат қалдырып кет, - дейді. Пайғамбар оған аманат етіп бір түйір құрманы табыстайды.  
Жәбірейіл әлгі құрманы Түркістан өлкесіндегі ғүлама Арыстанға өкеліп береді. "Ол баланы калай танимын" деп сұраған Арыстан бабтың сауалына Алланың айтқанын жеткізеді: - Ол бала мешітке барғанда алдымен барады да, кері қайтқанда да мешіттен көзін алмай теріс қарап жүреді. Арыстан баб аманаты 300 жыл ұртында сақтап жүреді. Кейін баланы танып құрманы бергенде Ахмет оны аузына салып жұтып жібереді. Соңда Арыстан:  
- Е, балам, бекер еттің-ау, кейінгілерге де қалу керек еді-ау, - дегенде:  
- Уа, ата, сіз құрманы ұртыңызда үш жүз жыл сақтап шырынын сорып алған екенсіз, маған тек сүйегі ғана қалыпты, сондықтан да жұтып жібердім, - деген екен. Құрманы жеген соң Қожа Ахмет өлгенше тамақты ысырап ішпей, жемей, барға қанағатпен өтеді. Алла тағаланың шарапатымен құстар мен жануарлардың тілін, аспандағы періштенің не істеп жүргенін білетін қасиетке иеленді. Қожа Ахмет не тілесе, Алла тағала оның тілегін қабыл қылады екен. Ахметтің есімін естігеңде сырқаты барлар Түркістанға қарай ағылыпты, әулие олардың кеселдерін жазып жібере беріпті. Оның даңқы шартарапқа таралады.  
Қожа Ахмет азандағы намазының екі бас сүндесін Түркістанда, екі бас парызын Меккеде оқиды екен. Ол әрдайым ақ атанына мініп, бұлттың үстімен ұшып баратын көрінеді. Бірде әулиенің ғажайып қасиеттеріне күмәнданған бір жігіт оған келіп: "Сен әулие емессің, алдаушысың" деп әжуалайды. Қожа Ахмет оның сөзін сабырлы қалпымен тындап шығады да:  
- Ертең азанда маған кел, екеуміз Меккеге барып намазды сонда оқимыз, - деп жауап қатады. Уәде бойынша әлгі жігіт ертеңіне Қожа Ахметке келеді. Кенеттен аппақ қардай ақ атан пайда болып әулиенің алдына келіп шөгеді. Қожа Ахмет жігітке:  
- Артыма мінгес, жол үстінде кашан қонғанша көзінді ашпа, - дейді. Жол үстінде әлгі жігіт шыдамсыздық танытып, айналасына қарамақшы болғанда, сол күйінде жолға құлап түседі. Ол Жолбарыс патша ордасының үстіне түскен екен. Патша оны ағашка байлап өртеп жіберуге өмір қылады. Енді өлтірмекші болғанда, Меккеден оралып келе жаткан Қожа Ахмет оны ағашымен бірге көкке көтеріп әкетеді. Бұл кереметке таңданған Жолбарыс патша Қожа Ахметті іздеп келіп, өлгенше кызмет етіп өтіпті.  
 
 
          Хазірет сұлтан хақында аңызға айналған әңгімелер Мерв шаһарына да жетеді. Маруази деген мұғалім шаһардың мүфти молдаларын жинап, Ахмет Иассауиге барып, түрлі сауалдар қойып, оны "жеңіп" қайтуды үйғарады. Ол үшін мынадай сұрақ дайындап, жаттап алады. Маруази бастаған 400 мушауар және 40 мүфти Түркістанға бет алады. Хазірет Сұлтан екі шәкіртіне олардың сапарлары жайлы хабарлайды.  
- Шырағым, дейді сенімді шәкірті Мұхаммедке – Мың сұрақты олардың есінен шығарып, жадынан өшіріп жібергейсіз. Олар тәңірінің қолдауын бір көріп таңдансын.  
- Мақүл, тақсырым! - деп шәкірт шегініп шығып кетеді. Екінші сенімді шәкірті Сүлейменге де сондай тапсырма береді. Ертеңіне бесін уақытында күткен меймандар келеді.  
- Алла тағаланың тура жолынан азғыратын сенбісің? – дейді мүғалім дауысын көтеріп. Мервтен келген меймандар бұл жердегі ұстаз-шәкірттердің үсті-бастарына мысқылдай қарап:  
- Муриттерің сондай жалаң аяқ па? - дейді. Қожа Ахмет оларға карсы сөз айтпайды.  
- Қош келдіңіздер. Мейманымыз болыңыздар. Асықпай сөйлесеміз. Тәңір нәсіп етсе танысып та аламыз - дейді.  
Хазірет жанындағыларға қарап былай дейді.  
- Меймандар екі-үш күн демалсын.  
Үшінші күн үлкен алаңға тұғыр қойылды. Көпшілік жиналды. Меймандар ойга алғандарын орындау үшін сауал беретін болды. Хазірет пен мүридтері ерекше құрметпен жауап беруге келісіп алды. Әуелгі сөз кезегі мүғалім Маруазиге тиді. Ол мінеге көтерілді. Жұрттың назары Маразиде. Ол маңғаздана не айтқысы келсе де есінен шығып кете берді, оның үні шықпай, тілі күрмелді. Әбден жаттаған сауалдарының кайсысын айтқысы келсе де, тілі шықпады. Көпшілік те үнсіз. Тап қазір мінбеде бір ғажайып көргендей. Маруази бір-екі жөтелген болды, бәрібір басына ештеңе келмеді. Ол жанындағы теріден бір дәптер шығарды. Сауалдар мен жұмбақтардың бәрі осыңда жазылған еді. Содан оқып бермекші болды. Дәптердің бетін ашқанда, "астафыралла" деді. Көзбен көрген беттерінде бірде-бір әріп қалмаған. Ол мінбеден жығыла жаздады.  
"О, бұл не деген керемет, не деген қүдірет!"  
Мүғалім Хазірет Сұлтанның аяғына жығылды. Жүзін топыраққа сүртті.  
- Тақсырым, пірім, менің күнәмді кешір! - деді көзінен жасы тамшылай. Біз, оқығанмен жетіліп оқымаған екенбіз. Аллаға мың шүкір, кеш болса да адасқанымызды білдік, Қожа Ахмет өзінен кешірім сүраған мүғалімді екі қолдап орнынан тұрғызды. Мервтен келгендердің барлығы және бес жыл хазірет сарайында мүрид болып, тәлім алды.  
         Хазірет Сұлтан бос уақытында ағаштан шөміш және қасық жонуды әдетіне айналдырған. Базар күндері өгізге қоржын байлап, әлгі қасық пен шөміштерді салып жібереді екен. Қасық пен шөмішке мұқтаждар ақшасын қоржынға салып, бұйымдарын алып кете беретін болыпты. Кездейсоқ ақшасыз алғаңдар болса, өгіз әлгі кісілерді ақысын төлегенше соңынан қалмайды екен.  
         Қожа Ахмет өлерінде маған келетін адам ең алдымен Арыстан бабтың басына зиярат етсін деп өсиет қылыпты. "Арыстан бабқа түне, Түркістандағы Әзірет Сүлтаннан тіле" деген сөз содан қалыпты.  
          Алла тағала Қожа Ахметгің тақуалығына риза болып, оған тағы қосымша өмір сыйлапты. Бірақ пайғамбар жасынан асқан өулие: "Бұл дүниенің ендігі жарығы маған артық" деп күн сәулесі түспейтін жер асты қылуетке түсіп біраз ғұмыр кешкен.  
          Ақсақ Темір әулиенің қабірі басына үлкен мазар тұрғызуға әмір береді. Мазар кабырғасын қалай бастағаңда ойда жоқта көк өгіз пайда болып, мүйізімен әлгі құрылысты қиратып кетеді. Ашуланған әмір қызметшілерін шақырып мазар құрылысын қайта бастауға пәрмен қылады. Мазарды кек егіз тағы да құлатып кетеді. Әмір түс көреді. Түсінде ақ сақалды шал аян береді:  
- Әуелі мазарды Арыстан бабтың басына түрғыз. Ол менің ұстазым: Ақ сақалды қарттың Қожа Ахмет екенін сезген әмір мазарды алдымен Арыстан бабқа салдырган екен.  
          Қожа Ахмет мазарында тұрған қазан жеті заттан: алтын, күміс, мыс, құм, тас, топырақ, т.б. жасалған. Қазанның қасиеттілігі соқдай оған біреу ықыласпен қой апарса толады, енді мақтанышпен түйе апарып сойса да толмайды. Оған салынған дәм от жақпай піседі екен.  
           Бір күні Ахмет 99000 ең білімдар деген шәкірттерді мәжіліске шақырып, білім бәйгесін жасайды. Сонда ең білгір боп топтан озған Хакім Сүлеймен болды. Осыдан кейін ұлы ұстазы Қожа Ахмет өз батасын беріп, Хиуаға жібереді. Кетерінде, "Ертең есігіңнің аддында тізесін бүгіп бір тұйе түрады. Сол бұйдасыз түйеге мін дағы, түйені еркінше жібер. Түйе қанша жер жүрсе де жүре берсін, ол әбден тұрмастан жатқан кезде ғана түс те, сол жерді мекен қыл, қызметіңді атқар" дейді. Сүлеймен ұстазы Ахметтің айтқанын орындайды. Астындағы түйесі әбден шаршап, ұрса түрмай, бақырып шөккен жерді - Бақырған деп атап, сол жерді мекен етіпті. Осыдан Хакім Ата Бақырған қаласында тұрып, өзі Сүлеймен Бақырғани аталыпты-мыс.  
          Қожа Ахметгің 3363 мүриді болған, әңгімелерде 1400 делінеді. Қожа Ахмет қайтыс болған соң шәкірттері жан-жаққа тарап кетеді. Оның 363 мүриді Маңғыстауға келіп, осыңда қаза болған. Оның бәрі әулие саналады, кейбіреулерінің аты мәлім емес, бірақ олардың бейіттерін жұрт қадір тұтады.  
          Түркістан шаһарында ғұлама Қожа Ахметтен дәріс алған көп шәкіртінің бірі - Шопан ата еді. Бірде ұстазы шәкірттерін сынау ниетімен медресе жанына жинапты. Қолындағы асасын басынан асыра бірнеше қайтара айналдырады да, лақтырып жібереді. Ол сонан соң, "Ал шәкірттерім, асаны қайсысың бірінші тауып әкелссіңдер" дегенде, шәкірттер аса таяқтың ұшқан жағын бетке ұстап жарыса жүгіріп кетеді. Шопан ғана орнынан қозғалмай тұрып қалады:  
Қожа Ахметтің "Сен неге асаны іздемейсің?" деген сауалына: "Мархабатты ұстаз, сіздің асаны табу үшін менің ұзақ сапарға аттануым керек" - деп жауап кайтарады. Шәкіртінің білімдарлығына риза болган Қожа Ахмет сапарына ақ жол тілеп, батасын беріп қош айтысады.  
Шопан ата Қожа Ахметтің Түркістанда тұрып лақтырған асасын Маңғыстау түбегінен табады. Ол аса қадалған жерді үңгіп жер асты мешітін салады. Құдық қазады, өткен-кеткен жесін деп тұт ағашын егеді. Ел балаларын оқытып, өзі де ғүлама ұстаз атанады. Оның жер асты мешіті жартылай құлаған күйінде әлі күнге дейін сақталған, ел-жұрты оның басына тәу етіп, түнейтін қасиетті орын.  
          Бегім ананың атасы Қарабура Әзінің шын аты - Тама. Кіші жүздің жетіру тайпасынан шыққан әулие адам. Бейіті Созақ ауданының орталығы Шолаққорганда. Қарабура деп атау себебі: Қожа Ахмет өлер алдыңда отбасына, туыстарына: "Мен пәлен уақытта дүние саламын. Мені оң жаққа қойғаннан кейін денем суымай түрғанда бір қара бура мінген кісі келіп, мені мәңгі жататын орныма өзі ақ жуып, арулап қояды. Мені алып бара жатқанда "Қайда алып барасыз?" деп оның қолын қақпандар" деп ескертіпті. Айтқандай-ақ Қожа Ахмет көзін жұмысымен қара бура мініп келген бір кісі оның мүрдесін алып кетеді. Содан бастап ол кісіні Қарабура Әзі деп атаған.  
 
5.  Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

 

Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді. 1140 жылы Юсуп Хамадани, кейіннен оның екі мүриті дүние салған соң қауымды Ахмет Яссауи басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм иддеяларын уағыздап, өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап кетеді. Ахмет Яссауидің уағыздаушы және ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмат» («Даналық жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет басылған... Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.

           Ахмет Яссауидің өлеңдері құнды  әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныҢ құрамына енген қыпшақ, оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып табылады. Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.             Темірдің өмірін Зафарнама, «Жеңіс кітабы» авторы Шараф-ад Дин Әли Мазди растайды. Ескерткіштің салынуын оның Ахмет Яссауидің қабырына зиядат етіп қайтқан 1397 жылдың аяғындағы оқиғалармен байланыстарыды. «Жеңістер кітабында» Темір, сол жылы Яссыда болған кезінде, мұнда өзіне қарайтын елдердің тегінде Ахмет Яссауидің атына лайық зәулім ғимарат салу жайлы жарлық берген еді делінеді. Ол ислам дінінің даңқын асыруда, оның кең таралуына, аса үлкен өлкен басқаруды жеңілдетуге тиіс болған.

         ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір үйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!»

          Қожа Ахмет Иассауи кесенесі  талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың  алтын бесігі болып келеді. Оны  бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі  ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет  Иассауи кесенесі – түркі әлемінің  рухани орталығы. Қорық – мұражай  алып жатырған жердің жалпы  көлемі 90 га. Қорық – мұражай Қожа  Ахмет Иассауи кесенесімен бірге  Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның  зайыбы Рабиға Сұлтан Бегім  кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті  т.б. археологиялық, тарихи, сәулет  және бейнелеу өнерінің үздік  ескерткіштерін қамтиды.

Қорық – мұражай құрамына кіретін 20 жуық археологиялық, тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына  келтіру және оларды ашық аспан астындағы  музейге айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны  атқаруда. Ахмет Яссауи ескерткіші – Орта Азия мен Қазақстандағы  біздің занамызыға дейін сақталған  ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат. Оның көлденен ені – 46,5 м, ұзындығы – 62,5 м. Сыртқы көрінісі симметриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді-кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.

Ахмет Яссауи ғимаратының  құрылымындағы тағы бір ерекшелік: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен  бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап  тұратын тіреу (контрфорс) іспетті. Қабырғаның қалындығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Ғимараттың павильондарда бөлінуі  олардың әрқайсысынің салмағы өзіне  түсіру ниетінен туған. Үйдің қаңқасы  түрліше қиюластырылған доға немесе күмбез тәрізді элементтерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан  архитектурасында одан әрі дамытылды.

Информация о работе Қожа ахмет яссауи