Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 20:06, реферат

Описание

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)

Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.

Работа состоит из  1 файл

А.БАЙТҰРСЫНОВ.doc

— 294.00 Кб (Скачать документ)

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)

     

         Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.

Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді.

Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.

1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.

Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.

Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.

XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді.

Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.

Қазақ әліп-биі

       Халықты  ағарту  баладан,  мектептен  бастау  алады. Ең  алғаш қазақ  тілінде әліппе  к ітабын   жинақтаған  Ахмет  еді.   Қазақ   балалары   көзі   ашық,     сауатты   азамат   болып   шығуға   септігін тигізген.   Қазақ  тіліндегі   әліп-би  осы  сөздердің  бәріне  дәлел. Тек   қана   кітап жазумен тоқтамаған  Ахмет, орыстың   белгілі   жазушыларының  белгілі   жазушыларының белгілі еңбектерін   ана   тілімізге аударып,   өзінің     халыққа,    шамшырақ    екенін     дәлелдеп  өткен.   Халықтың  білімді    болуына,   сауатын   ашуға көп      көмек   көрсеткен.   Бұрынғы   қарапайым    қара    сөздерді жаңғыртып,    халық    санасына    қалыптастыру     басты мақсаттарының   бірі.    Көкейіндегі   түйілген    ойды    ана    тіліндегі     асыл ,  ұтқыр   сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің   өзі адам көңіліне  талпыныс, алға қарай жол бастап, көш   артында қалып қоймауға    себепші болған.    Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға    дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек   ұстап,    тазалығын    сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын,    құрылымын    танудағы қызметі қазіргі    мектептерде қазақ   тілін пән   ретінде үйрететін оқулықтар   жазумен    ұласады. Ахмет    қалыптастырған  әдеби-теориялық   терминдер  осы күнге дейін   өмірін    жалғастыруда. Бұның бәрін   әдебиетші   Ахметтің қымбат,   алтын,   гауһардай асыл сөздері мен  тәлім- тәрбиеге толы,    адамдық   қасиеттерді  сипаттап   жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне  керек,   нұсқау болатын түзу жол емес пе?!    Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген    Ахмет өз еңбектерімен   басқа да елдерге   танымал бола   білді. Өзі де басқа халық  ақындары   мен  жазушыларының   жақсы    деген    өлеңдері     мен    мысалдарын  өз  ана тілімізге   аударып   кетті. Артына   өшпес  із  қалдырды.

 

Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді.

Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы – оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.

"Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады.

"Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады.

"Өнердің ең алды – сөз өнері саналады. "Өнер алды – қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы.

Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан.                                                                          

Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын.

Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынұлы аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды.

 

 

 

 

Қорытынды

 

       «Тіл - құрал»  тек   мектеп  оқулықтарының  басы   емес, қазақ тілін   ана тілімізде    танудың   басы    болды, қазіргі  қазақ тілі атты ғылым     саласының     іргетасы   болып қаланды. Жалпы   қазақ  тіл  білімін   қалыптастырып,     зерттеп, танып-білу      тарихымызда Ахмет      Байтұрсынұлының        «Оқу құралы»  мен      «Тіл құралдарының»      орны айрықша.        Кезінде       қазақ      қауымы Байтұрсынұлы        десе,        Байтұрсынұлын        «Тіл - құралды», «Тіл құралы» десе,     Ахметті   қазір –   Ахаң    деп   танитын болған.

        Қазақ    тілін     ана    тілімізде  тұңғыш       зерттеуші      Ахмет Байтұрсынұлы          өзінің      алдына    жүйелі        бағдарлама қойғанға ұқсайды:   ол    әуелі   қазақтың    ұлттық       жазуын графикасын    жасауды     мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы»     (Төте жазу)    дүниеге   келген, екінші – сол   жазумен    сауат аштыруды     ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы»    атты әліппе    оқулығын жазған, одан соң    қазақ    тілінің грамматикалық    құрылымын   ана   тілінде   талдап  беру мақсатын    қойғаң   бұл   үшін    «Тіл құралды»  жазған.

 

 

                                            Жоспар

 

1.Кіріспе:

 

Өмір жолы.

 

Қазақ әліп-биі.

 

2.Негізгі  бөлім:

 

А) Шығармашылық мұрасы.

 

Б) "Әдебиет танытқыш" кітабы.

 

 

3.Қорытынды


Информация о работе Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)