Үйсін мемлекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 22:27, реферат

Описание

Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әс

Работа состоит из  1 файл

Үйсін мемлекеті.doc

— 51.00 Кб (Скачать документ)


Үйсін мемлекеті

 

Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі '''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарыңа деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам — ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелді құлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай — әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II—I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", — деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл — бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым — тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, оларды даруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым — бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.

Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.

 

Тарихы

 

Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған.

Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.

Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

 

Археологиялық ескерткіштері

 

Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.

Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.

Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.

Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.

Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.

 

 

Шаруашылығы

 

Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйсін мемлекеті

 

Қазақ тарихындағы шешуін әлі күнге дейін таба алмай келе жатқан маңызды мәселелердің бірі -Үйсін мемлекеті. Кеңес Үкіметі жылдарында жарық көрген «Қазақ ССР тарихының» бірінші томының 298-301 беттерінде жалпы «Үйсін» деген атпен тақырыпша берілген[1]. Бұнда үйсін этносына түсінік бергенде, Үйсін мемлекетінің шығуы және оның қанша уақыт өмір сүргені ашық айтылмайды. Антикалық дәуірдегі жазба деректерде, әсіресе Қытай «ханнамаларында» Үйсін мемлекеті туралы мәліметтер берілген. Қолдағы бар деректерге қарағанда, Үйсін мемлекеті - Қаңлы және Хүн замандарында тарихи мәнге ие болған саяси күшті мемлекеттердің бірі. «Қазақтың байырғы аңыз-шежірелері мен жазба әдебиетте «үйсін» деген атау тар және кең мағынада қолданылады. Тар мағынадағы «үйсін» - қазақтың Ұлы жүзінің құрамындағы бір тайпаның аты, ал кең мағынадағы «үйсін» - Іле алқабы мен Жетісу өңірін және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Ұлы жүз тайпаларының жалпы аты». Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген. Қытайдың Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы Үйсін ұлысының тармақтары».

      Келтірілген үзіндіде автор үйсіндердің ежелден жайлаған жерін және «үйсін» сөзінің этимологиясын дұрыс көрсеткен. Тек, біздің қосатынымыз, үйсіндер жері Шығыс Түркістанды да толық қамтып, Ұлы Қытай қорғанына дейін ұласып жатқан. Осы аймақтар үйсін этностарының ежелгі кір жуып, кіндік кескен жері екенін мойындауымыз қажет. Үйсіндер осыдан екі мың жыл бұрынғы Қытай жылнамаларына у-сун (үсунь) деген атпен жазылып келген. Б.з.б. ІІ ғ. Қытай деректерінде үйсіндер туралы жазылған мәліметтер жиі-жиі кездеседі. Нығмет Мыңжан «Қазақтың қысқаша тарихы» атты кітабында: «Үйсін ұлысының Іле өңіріне келіп іргелі елге айналуы» атты бөлімінде үйсіндер жөнінде жалпы деректер берумен бірқатарда олардың Шығыс Түркістан жақтан келгенін жазған. Бұл пікір автордың жоғарыдағы біз келтірген жазбасына қайшы келеді. Шу, Жетісу, Ыстықкөлдің төңірегі ежелгі үйсіндердің қонысы болып, үйсіндер ежелден қаңлылармен көрші, іргелес жасаған этнос. Үйсіндер туралы молырақ мәліметті 2005 жылы Үрімжі қаласында жарық көрген «Ежелгі үйсін елі» атты кітапта берілген.

      Үйсін мемлекеті туралы арнайы жазылған еңбектер жоқ. Бірақ бұл этносты жазғанда, үйсіндерде көне заманнан бастап мемлекет болғаны айтылып отырады. Үйсін мемлекетінің жоғарғы билігіндегі басқарушыларды «гуньмо» (күнби) деп атаған. Үйсін елінің ең жоғарғы билеушісі Күнби болып, елдегі барлық қарулы күштердің ең жоғарғы басшысы саналған.

Б.з.б. 53 жылдан бастап бүкіл елді Ұлы Күнби мен Кіші Күнби бөліп билеген. Ханның әкімшілігін Дулы (Датлұқ, дұғлу) басқарған. Онан кейінгі екінші адам қолбасы (Оба сардар); Оңқа (ябғу, оңқы) лауазымдық орынды үш адам басқарған. Олар ел ішіндегі ру, тайпаларды билеген. Бұдан кейін Дарту (бас жасауыл) екі әскери басшысының көмекшісі тағайындалған. Онда көмекшілер әрбір әскери қолбасшыларда болған. Бұдан кейін Абыз (бас бағамдар) лауазымды орында екі адам тағайындалған. Төменгі сатыдағы басқару орындарына Ұлыс бегі, Орда бегі, Атқосшы қойылған. Сөйтіп, Үйсін мемлекетін тоғыз дәрежеге бөліп, оны 15 ұлық басқарған. Бұдан кейін осы басқару жүйелерін басқарған чиновниктердің аттары және ұрпақтары берілген[3]. Бұл лауазымды атаулар, қазіргі Қазақстанды мекендеген қазақтардың арасында көпке дейін сақталғанын байқаймыз. Мысалы, сардар, датқа, жасауыл, ұлыс, бек, атқосшы және т.б. «Ханнамада» Үйсін мемлекетінің әскер құрамы туралы мынадай мәлімет берген: «Үйсіндердің әскери тізімінде іс жүзінде жалпы халықтық жасақ болды. 120 мың түтіні бар үйсіндердің «188 800 әскер» ұстауы оны аңғартады. Бұл әр отбасындағы ер азамат түгел жасақ деген сөз»[4]. Соған қарағанда, үйсіндер де елін, жерін қорғауға айрықша мән беріп, барлық перзенттерін жауынгерлікке дайындаған батыр Үйсін елі болғанын байқаймыз. Үйсін мемлекетінің тарихи сахнаға шығуын, оның қоғамдық құрылысын, заттай және рухани мәдениетін кең көлемде зерттеп, оның тарихтағы орнын көрсете білу кезекті, өзекті мәселелердің бірі.                   

Оның ордасы - Чингу-чэн (Чекук) қаласы болған. «Чекук қаласының орнын анықтау аса маңызды мәселе саналады. Чекук қаласының орны туралы қазірге дейін мынандай екі түрлі болжам бар. Бірінші болжам бойынша Чекук қаласын Текес өзені алыбында деп қарайды, екінші болжам бойынша Нарын өзені алыбында деп есептейді. Қазіргі кезде көпшілік ғалымдар екінші болжамды қуаттайды»[5]. Бізде соңғы пікірді қолдаймыз. Тарихи деректерде үйсіндер қаңлылармен көрші мемлекет болып, олардың қалың қоныстанған мекені Ыстықкөлдің аймақтары болған. Нарын өзені қазіргі Қырғызстанның оңтүстігінде. Үйсіндер шығысындағы Қытаймен, солтүстік-батысындағы хүндармен жиі-жиі соғысып отырған күшті және бай мемлекет болғаны тарихи деректерде жазылған. «Метенің әкесі Тұман ханның тұсында шығыс пен батыста ең ірі екі мемлекет бар болатын. Шығыста байырғы монғолдық дұнхулар күшті, ал батыста йүзілер әрі күшті, әрі бай ел»[6]. Бұл мемлекеттерді Тұман хан өзіне бағындыра алмаған. Оны баласы Мете іске асырған. Ұлы Хүн империясын құруда Мете үйсіндерге қарсы жойқын соғыстарды жүргізген[7]. Нәтижеде үйсіндерді Мете өзіне бағындырып, Батыс Түркістанды Ұлы Хүн империясына қосты. Бірақ одан кейінгі Хүн империясының басшысы Метенің ұлы Ки Иоқ (Кі уоқ; Лаушаң) б.з.б. 174 жылы таққа отырып, әкесіне ұқсап, Батыс түріктерді бір шаңырақтың астына жинап ұстау саясатын жүргізді. Бұл саясатқа үйсін «гуньмо»-лары қарсылықтарын көрсетіп, екі ортада жойқын соғыстар болып тұрған. Нәтижеде, Метенің ұлы Лаушаң үйсіндерді жеңіп, әкесінің жасамағанын жасап, Үйсін патшасының бас сүйегінен шарап, сусын ішетін тостаған жасатқан[8]. Метенің ұлы 14 жыл  б.з.б. 160-126 жылдар арасында Метенің немересі 34 жыл қаған болып Хүн империясын басқарған кезде, осы империяның ішінде үйсіндер де жасаған[9].

Сонымен, Үйсін мемлекеті - антикалық дәуірде Орталық Азияда алғашқы пайда болған мемлекеттердің бірі. Ол Қаңлы мемлекетінің замандасы. Бірақ Үйсін мемлекетінің тарихы әлі жазылған жоқ. Тек, Қытай «Ханнамаларында» үйсіндер туралы мәліметтер жарық көруде. Олар бұл этносқа жалпы шолу береді. Солардың ішінде Үйсін мемлекетінің Қытаймен, Хүндармен ұдайы соғысып отырғаны айтылады. Бұл жазба деректермен бірқатарда, ХХ ғасырда Шу, Жетісу, Тарбағатай және Шығыс Түркістан аймақтарынан үйсін ескерткіштерін археологтар ашып, оларды зерттеп келе жатыр. Осы атқарылып жатқан ғылыми жұмыстардың барысында көптеген археологиялық жәдігерлер қолға кірді. Олар үйсіндердің тарихын, соның ішінде мемлекетінің шығуын дәлелдейтін деректер. Міне, осындай ұзақ жылдар өмір сүріп, жалпы түріктердің, сондай-ақ қазақтардың тарихына елеулі үлес қосқан Үйсін мемлекетін арнайы зерттеуіміз қажет.

 

 



Информация о работе Үйсін мемлекеті