Мемлекет нысанының түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 00:01, реферат

Описание

Мемлекет нысандары — саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы
2. Басқару нысаны: монархия, республика.
3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация
4. Саяси режим
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Мемлкет нысаны.docx

— 48.05 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ  
КІРІСПЕ 
1 Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы 
2. Басқару нысаны: монархия, республика. 
3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация 
4. Саяси режим 
ҚОРЫТЫНДЫ 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
КІРІСПЕ  
Соңғы он бес жыл ішінде біздің 
«Мемлекет нысаны» атты жұмысымыздың тақырыбы өте 
Соңғы жылдары біздің заңгер-ғалымдарымыз «Мемлекет және 
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, 
1 Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы  
Конституциялық құқықта мемлекет нысанын жіктеудің өзіндік 
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының 
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 
Поликратиялық мемлекет нысаны – биліктің мемлекеттің 
Монократиялық мемлекет нысаны - белгілі бір 
Мемлекет нысаны мынадай сұрақтарға жауап береді. 
Мемлекет нысаны дегеніміз – басқару нысанына 
Мемлекет формасы мына мәселелерге жауап береді: 
Мемлекет формасы ретінде мемлекеттік басқару формасына, 
Мемлекет формасы нақты тарихи қалыптасуы мен 
Мемлекет формасы мемлекеттік ұлттық құрамы, тарихи 
Мемлекеттің белгілері оның алғышарттарындағы көріністерден тарихи 
Мемлекеттік нысаны (формасы) дегеніміз адамдар арасындағы, 
2. Басқару нысаны: монархия, республика. Олардың 
Басқару нысаны - жоғары мемлекеттік билікті 
Басқару нысаны, сондай-ақ, әлеуметтік-саяси күштерге және 
Басқарудың тарихи нақты қалыптасқан нысандарына  
Мемлекеттің тура аттарын жіктеуді Геродот та 
Мемлекеттің түрлеріне байланысты басқа да пікірлер 
Басқару нысаны ретінде монархияның кейбір ерекшеліктері 
1) Бір адамның – монархтық (фараон, 
2) Жоғары бөліктің сабақтастығы мұрагерлерге берілу 
3) Монарх мемлекеттік өкілдікті өз құқық 
4) Монархтық мемлекет басшы ретінде заңды 
Монархияның екі түрі бар: шексіз (абсолюттік) 
1) мемлекеттік органдардың белгілі бір мезгілге 
2) мемлекеттік басшының белгілі бір мезгілге 
3) мемлекеттік биліктің өз құқықтары бойынша 
4) мемлекет басшысының заңды жауапкершілігі болуы;  
Тарихи кезеңдерде республиканың бірнеше түрлері  
Қазіргі кездегі республикалық басқару үшке бөлінеді: 
3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация  
Осы заманғы теория бойынша мемлекеттік құрылым 
Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтың құрылымында басқа 
Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып табылады.  
Мемлекет құрылымының екінші бір түрі - 
Дегенмен федерациялық мемлекеттің билігі оған кірген 
Бұл федеративтік құрылыстың үлкен және эмперикалық 
Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі конфедерация деп 
Конфедерация - тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Бұндай 
Мемлекет конфедерациялық одаққа өзінің тәуелсіздігін толығымен 
Конфедерация мысалы 1776-1764 жылдардағы АҚШ, 1815-1867 
Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде олардың 
Өркениет - әлеуметтік-мәдени жүйе. Бұған қоғамның 
Өркениет дегеніміз қоғамдық салыстырмалы түрде тұйықталған 
Монархиялық мемлекеттердің бірігуі жеке немесе уния 
Жеке унияның  
Жеке униялардың саяси мағынасы маңызды болып 
Бір монархпен біріктірілген мемлекеттер арасында соғыс 
Реалды уния мемлекеттердің келісу нәтижесінде пайда 
Норвегия мен Швеция арасындағы Австро-Венгрия униялары 
Реалды униялар  
Империя - күшпен құрылған күрделі мемлекет. 
Фузия (мемлекеттің бірігуі) және инкорпорация (бір 
Мысалға Фузия ФРГ мен ГДР-дың қайта 
Енді мемлекеттік құрылым нысандарына келер болсақ, 
Ұлттық мемлекеттік құрылым нысаны дегеніміз көпұлтты 
Біртұтас мемлекет – бұл әкімшілік-территориялық 
Конфедерация бұл саяси орталықтандыруды менсінбейтін мемлекеттер 
4. Саяси режим  
Бұндай мемлекет нысанында негізінен белгіленгені ол 
Мемлекет өз территориясындағы елді әртүрлі режимде 
Демократия — грек тіліндегі «халық билігі» 
Демократияың негізгі принципі - әділдік. Әділдікті 
Әділдіктің негізі теңдікте жатыр. Теңдік бұзылған 
Демократияның ең бірінші негізгі шарты; адам 
Демократиялық режимнің қоғамдық өмірдегі негізгі өзегі 
Түрлі көзқарастағы қарсы пікірлер ашық айтылмайтын 
Демократиялық режимге, мысал ретінде Қазақстан Республикасының 
Әлемдік тарихқа көз жіберсек қоғамды демократияландырудың 
Бүгінгі Қазақстандық саясаткерлер мен саясаттанушылар арасында 
Осы заманғы өркениет құндылықтарының арасында адам 
Демократияландыру процесінде мемлекеттік өкімет билігі институттары 
ҚОРЫТЫНДЫ  
Бұл еңбегімді қорыта келгенде тақырыптың аса 
Сонымен, бірінші тарауда мемлекеттің мәні қарастырылды. 
Екінші таруды қысқаша қорыта келгенде, мынадай 
Басқару нысандар - монархия және республика 
Ұлттық-мемлекеттік құрылым нысандары - федерация, біртұтас 
Саяси режим түрлер - демократиялық және 
Үшінші тарауда мемлекеттің типтері толығымен талқыланған. 
Мемлекет типологиясында өркениетті көзқарастың бөліну критерийі 
Қортындылай келе еліміз Қазақстан туралы бірер 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:  
1. Булгакова Д. А. Мемлекет және 
2. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А.Қ., 
3. Основы государства и права. Под 
4. Сапарғалиев Ғ Қазақстан Республикасының конституциялық 
Венгеров А.Б. ТГП. М. 1999 с.93  
Өмірбеков Г.Ш. Мемлекет және құқық теориясы 
Сырых ТГП М. 1998 с. 47  
Матузова Н. Теория государства и права 
Петров В.С. Сущность содержания и формы 
Марченко М.Н. Проблемы теории государства и 
Общая теория государства и права под 
Лазарева В.В. ТГП М. 1997. с. 
Өмірбекова Г.Ш. Мемлекет және құқық теориясы. 

 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚРЕЖИМНІҢҚАЛЫПТАСУЫ

Бүгінгі таңдағы жаһандану  дәуірінде мемлекеттің саяси  жүйесінің жетілдірілуінде  құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз.  Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды.Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;

-мемлекеттің құқығы мен  адам бостандығының және азаматтық  құқықтардың   арақатынасы;

-жеке адамның бостандығының  кепілі;

-қоғамдағы билікті іске  асыру тетігінің шынайы сипаты;

-халықтың саяси билікті  іске асыру деңгейі;

-ақпарат құралдарының  жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі  мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы,

-мемлекеттік емес құрылымдардың  қоғамының саяси жүйесіндегі  орны және ролі;

-заң шығару мен атқару  биліктерінің арақатынастары.

Саяси режим-мемлекетте билік  жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы  саяси-құқықтық режимнің қалыптасуы мәселесінің өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына   өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік.

Елімізде  құқықтық мемлекеттің қағидаттарын одан әрі бекіту үрдісінде, бір жағынан , адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғарғы ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды.

Мемлекетімізде қалыптасқан  саяси-құқықтық режимді дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп,саяси шешімдер қабылданып отырады.     Қазақстан Республикасының Президентінің  2010 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының шығуы еліміздегі саяси-құқықтық жүйеге қатысты  реформалардың қажеттілігін және өзектілігін көрсетеді [1].

Сонымен қатар мемлекетіміздің  саяси-құқықтық    оқиғаларына мемлекет басшысының  жүйелі түрде талдау жасап, баға беріп отыруының нақты көрінісі.

Ендеше еліміздің зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жиында Елбасының мемлекеттілікке қатысты: «Бұл – Қазақ елінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп: Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? – деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат туған елінің, туған халқының тағдыры ешкімдікінен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз»– деп саяси-құқықтық тұрғыда тереңінен толғауы жалпы жұртшылыққа ой салумен қатар, қоғамдық ғылым салаларына, әсіресе мемлекет және құқық тарихын зерттеушілерге зор міндеттердің жүктеліп отырғандығын көрсетті.

Бүгінгі Қазақстан халқы азат, тәуелсіз елге айналды. Ол — қазақ жұртының ғасырлар бойғы арманы еді. Егемендік алғаннан бергі 19 жыл ішінде Қазақстан Республикасы ғасырларға тән сан-салалы саяси-құқықтық өзгерістерді басынан кешірді. Дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениетті саясаты бар,құқықтық мемлекет  ретінде танытып үлгердік. Алайда «өзгеге таныту үшін өзімізді тану қажеттігін» билігімізді нығайтып, құқықтық мемлекетті құруды қолға алғанда барып түсіндік. Тәуелсіздік ұзақ жылдардағы ұлтты азат ету,мемлекеттіліктің саяси-құқықтық жүйесін қалыптастыру жолындағы саяси күресінің заңды нәтижесі болғандығын өскелең ұрпақтың мықтап есінде ұстағаны жөн деп ойлаймыз. Қазақ елінің  өткен  ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының саяси-құқықтық сабақтарына көңіл қойып, зерделеу бүгінгі таңдағы құқықтық мемлекет дамуының мақсаттарынан туындап отыр.

Осынау кезеңдегі саяси-құқықтық режимнің қалыптасу жолындағы күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыры болған ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Егер төңкеріске дейін-ақ қазақ жұртының санасына саяси-құқықтық ойдың сәулесін түсіріп, оятқан, азаттық жайлы идеяның негізін қалап бағыттаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатовтардай  көсемдері ұйытқы болған Алаш зиялыларының саяси-құқықтық қызметі деп білсек, ізінше 1916-17 жылдардың ұлт-азаттық күресі мен саяси режим төңкерістерінің аласапыранында қалыптасып, шынығып, айқындалып, саяси билікке көтерілген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, Н.Нұрмақов, Ж.Досмұхамедов т.б. зиялы қауымды көреміз. Алдыңғылар негізінен ағартушылық, саяси-құқықтық қызметімен еліміздің болашақ даму жолын саралап берген болса, кейінгілер кеңес билігі шеңберінде ұлттық мұраттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімен саяси стратегия жасады. Олар жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін қалауға орасан зор күш жұмсады. Бөлшектелінген қазақ жерін біріктірді, экономикасының түзеліп, оңтайлы саяси-құқықтық режимнің дамуына жағдай жасады.

Өкінішке орай, ұлтымыздың зиялылары түгелдей дерлік тоталитарлық режимнің қысымын көрді, абақтыға қамалды, елден қуылды, кейінгі қуғын сүргін науқанында репрессия құрбанына айналып, жазықсыз мерт болды.

Алайда, олардың саяси-құқықтық идеялары  мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, озбыр режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Тіпті, қатал саяси-құқықтық режим әлсіреген  тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Осылайша, халықтың тарихи жадында сақталып келген сол ұлтжанды заңгерлеріміздің есімдері мен мол мұралары тәуелсіздік тұсында қайта жаңғырды. Бірқатар ғылыми жұмыстың арқауына айналып, жүйеленген саяси-құқықтық тақырыпта немесе жеке саяси тұлға ретінде  зерттелді.

Құқықтық мемлекетті модернизациялауда  ұлттық заңгерлердің мұрасы өткен мен  болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси-құқықтық болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің әр түрлі саяси-құқықтық режимдер аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты.

Демек, біздің де бұл мақаламыздағы  мәселелер Қазақстан Республикасының  тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық режимінің қалыптасуына ықпал еткен ұлт зиялыларының қызметі, демократиялық бағыттағы модернизациялық саяси ойлар мен  құқықтық көзқарастардың қалыптасып  дамуы, мәні, қоғамымызды ілгерлетудің рөлі мен ерекшеліктері, яғни, оған ат салысқан  саяси күштер мен ағымдар, көрнекті саяси қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей келген  олқылығын  , саяси-құқықтық талдай отырып толтыру қажеттігінен туындап отыр.

Осы орайда біз мақаламызда  Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына ықпал ететін үрдістерді зерделеп, талдауға ұмтылыс жасадық.Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген «биліктің бірден-бір қайнар көзі — халық»[2,4] туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарына  тікелей немесе билік органдары арқылы өз еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады.

Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына,оның саяси-құқықтық қырларының негізделуінде  көп еңбек еткен, өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың қоғамды саяси-құқықтық модернизациялау  іс-әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі құқықтық саясатпен сабақтас,  жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың  бастауында тұрды. Бұл сол  кезеңдегі саяси-құқықтық режимінің талаптарына балама ұсыныстар жасаған , қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған   аз ғана тұңғыш заңгерлерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.   Модернизация мақсаты modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады. Олардың бірі саяси-құқықтық жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым қатынас жүйесі деп есептейді.

Қазақстандағы саяси-құқықтың режимді оңтайлы түрде жетілдіруге қатысты принциптердің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының 2010 жылыдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап көрсетілген:«Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға жаңа басқару технологияларын енгізуге,әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты.Ал бұл-құқықтың әкімшілік тәрізді саласын реттеу аясы, оның маңызды міндеті-биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету»[3,4].

Қоғамның саяси-құқықтық жүйесін модернизациялау дегеніміз – жалпы алғанда белгілі бір  әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тең мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Қоғамның саяси-құқықтық жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды.

С.Хантингтонның саяси  құқықтық көзқарасына сәйкес саяси  модернизацияның құқықтық тетіктері  мен қозғалысын қарастырсақ, модернизацияның бастамасы үшін саяси элитада реформаны бастауды оятатындай ішкі және сыртқы факторлардың кейбір жиынтығы қызмет етеді. Қайта құрулар экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғай алады, бірақ дәстүрлі саяси жүйеге қатысы болмайды. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық модернизацияны  «жоғарыдан» әлеуметтік-экономикалық жағынан ескі саяси-құқықтық институттар шеңберінде және дәстүрлі элита жетекшілігімен жүзеге асырудың принципі мүмкіндігіне жол беріледі. Алайда, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үрдісі ойдағыдай аяқталуы үшін бірқатар шартты қадағалау қажет, ең алдымен, қоғамның түрлі саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа билеуші элитаның тек қана техникалық — экономикалық жағын ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі институттардың өзгеріс жағдайларына ыңғайлану үрдісімен қатар жаңасын да құрайтын саяси-құқықтық өзгерістерді жүзеге асыруға дайын болғаны жөн.

Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың қоғамды саяси модернизациялау  іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың  бастауында тұрды. Қазақстандағы саяси-құқықтық режимнің даму эволюциясында әр түрлі саясат, айла-тәсілдер қолданылды.Бірақ өз заманындағы саяси режимнің қатал талаптарына қарамастан қазақ заңгерлері Ресей Федерациясының Мемлекеттік Дума мінбесінен де тәуелсіз, егемен мемлекеттің күн тәртібіне қойылатын мәселелерді көтерді.

Информация о работе Мемлекет нысанының түсінігі