Мемлекет нысанының түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 00:01, реферат

Описание

Мемлекет нысандары — саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы
2. Басқару нысаны: монархия, республика.
3. Мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация
4. Саяси режим
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Мемлкет нысаны.docx

— 48.05 Кб (Скачать документ)

Ахмет Байтұрсыновтың  «Қазақтың өкпесі» атты мақаласында мынадай жолдар бар: «…Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесепаты әр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз…Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз…». Осы ғылым мен өнерді керек қылатын «қазақтардың» көбеюі Ахмет Байтұрсынұлының ойынша, халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. А.Байтұрсынұлы РКП(б) қатарына өтерінде: «…азат етілген қазақ халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен бірге ғана, яғни дүниежүзілік революция, дүниежүзілік федерация арқасында ғана бақытқа жете алады» деп жазды[4,2].

А. Байтұрсынұлының көрегендікпен  айтқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру арқылы ғана бақытқа жететіндігі  туралы саяси-құқықтық идеясы бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Өздерінің өмірі мен іс әрекеттерін халқына арнаған осындай ұлтжанды азаматтарды ешқандай да саяси режимнің тетіктері тоқтата алмады. 1924 жылдың 5-10 қаңтар аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық IV съезінде  Н.Нұрмақов ҚАКСР  Конституциясының  жобасы  жайлы баяндама жасады.

Қазақстанда соңғы жылдары  экономист ғалымдармен қатар  ірі мемлекет қайраткерлері,заңгерлер де дағдарыстан шығудың жолдарын басты назарда ұстап келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен дағдарыстан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе, тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік  модернизацияға негізделгені байқалады.

Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  саяси-құқықтық жүйені модернизациялауда реформалардың тиімділігінің, харизматикалық типке негізін қалаушы ұлы ойшылдардың – Н. Макиавелли, Ж. Руссо, М. Вебердің саяси-құқықтық ойлары негізінде, мемлекеттің 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Президенттің биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін атқарылатын нақты саяси шешімдер, әлеуметтік мәселелер, тұрақты экономикалық даму және «Жаңа әлемдегі   жаңа Қазақстан» негізінде Еуразиялық Одақ құру идеясын жүзеге асыру айқындалған.

Конституциялық реформа  аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігі өсті. Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бітім мен келісімді нығайту үдерісінде айрықша рөл атқаруы тиіс.

Қазақстанда қазіргі заманғы  саяси-құқықтық жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық тетіктерді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына,құқықтық мемлекеттің одан әрі жетілуіне халықты саяси-құқықтық үрдістерге кеңінен таратуға жағдай жасайтын болады.

Модернизация мемлекетті әкімшілік реформа саяси және құқықтық реформалар бағдарламасындағы  әкімшілік басымдылық ретінде қаралатын  жоғарғы дәрежедегі бағалы үрдіс болып табылады. Тіпті Батыстың тұрақты демократиялық елдерінде де күрделі институционалдық проблемалар қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа елдерден жай ғана көшіріп алатын мемлекеттік басқарудың ізгі жүйесі болмайтынын дәлелдейді.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметінде қоғамдағы мәселелер  мен қарама-қайшылықтарды ажырататын қоғамдық пікірдің барометрі ретінде шығады. Азаматтық институттар азаматтардың мұқтаждықтары, мүдделері  мен үміттерінің бейнесі мен артикуляцияларының формасы ғана емес, сондай-ақ оңай шешімді жасау тетігі. Өз қызметінің секторальдық сипатының арқасында, саяси партиялардан, нарықтық құрылымдардан немесе мемлекеттік биліктен гөрі үкіметтік емес ұйымдар қарапайым азаматтардың шынайы мүдделерінің жедел және дәл рефлексиясы болып табылады.Үкіметтік емес сектордың құрылуы қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуымен, әлеуметтік демократиялық,құқықтық мемлекеттің даму кезеңімен сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында, таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз ететін болады. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының шешуші бағыттарын табысты іске асыру үшін тиімді мемлекеттік аппарат қажет. Осыған байланысты мемлекеттік секторды реформалаудың басым бағыттары анықталған. Тиімділік, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарымен әкімшілік реформаларды тереңдету көзделеді[5,2].

Елді индустриалды әлемге бейімдеу мемлекет басшысының «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында», «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауларына байланысты саяси шешімдер қабылдануда.

Қазақстанда саяси-құқықтық режимнің  қалыптасуында қоғамдық ойдың модернизациялану мәселелерін салыстырмалы талдай келе ХХ ғасыр басындағы саяси-құқықтық процестерге шолу жасай отырып, ұлт арасынан шыққан зиялылардың іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық саяси қозғалыстың  футурологиялық бастауында тұрды деуге негіз бар. Бұл істің басы қасында болған, Ресей университеттерінен білім алған қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған заңгерлері,тұңғыш интеллигенттердің жаңа сапалы легі саяси-құқықтық режимге сәйкес сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Қазақ мемлекетінің зиялылары саяси-құқықтық ойды үздіксіз дамытуға ат салысты. Олар күрестің көшбастауында тұрған саяси тұлғалар болашақ Қазақ мемлекеті туралы бағдарламалардың гносеологиялық негізін қалады.

Жаңа дәуір заңгер-ойшылдары мемлекеттің саяси иниституттарды қалыптастырып саяси-құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру негізгі екі қағидаға – еркіндік пен теңдік принциптеріне көңіл бөліп, адамның өзіндік құндылықтары мен өкілдік демократия идеяларын негіздеуге талпынды.

Қазіргі кезде коғамды  модернизациялаудың  атауы бірнеше мағынада: мемлекеттің тұрпаты мен жалпы жүйесін; мүшелерінің теңдігіне; басқару органдарының сайланбалылығына және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның сипатын; қоғамдық құрылымның мұраттарын және соны жақтайтын саяси көзқарастар жемісін бейнелеу үшін қолданылады.

Жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан қайраткерлер қоғамдағы  саяси-құқықтық процесті модернизациялауға  ықпал жасай отырып, көпшілікке танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық – саяси қозғалыстың  бастауында тұрды.

Саяси-құқықтық ойларын бір жүйеге тұжырымдап, талдап  мемлекеттің нығайып дамуын болжап, қандай саяси шешімдер қабылдау керегін түсініп айқындаған.

Осы кезеңде идеялар алмасудың  алғашқы түрлері пайда болып, төменнен партия немесе саяси қозғалыс құру қажеттігі туралы ортақ көзқарастар жинақталды. Ресейдегі саяси жағдайдың күрделеніп көп партиялардың қалыптасуының әсерінен, қазақ елінде де «Кадеттер мен эсерлер» партиясы, «Алаш» партиясы және «Үш жүз» партиясы құрылды. Тәуелсіздік алған жылдарында Қазақстанның Социалистік партиясы, Қазақстанның Халық конгресі партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Республикалық Еңбек саяси партиясы, Қазақстанның Халық бірлігі партиясы, Республикалық социал демократиялық «Отан» партиясы, Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы т.б. партиялар құрылып тәуелсіздіктің нығайуына ықпал жасады.

Мемлекет Конституциясы  күн тәртібіне жауап бере алатын жетілдірілген Қазақстан Орталық Азия аймағына саяси-құқықтық модернизация үлгісі бола алады. Экономикалық жағдайдың тұрақталуы және біржолата нарықтық экономикаға көшу биліктің президенттік басқару түрінен президенттік парламенттік биліке көшуге жағдай жасады.

Қоғамды модернизациялау  әлемдік ғаламдық үрдіс болса, Қазақстанның саяси-құқықтық жүйені модернизациялауы әлемдік қауымдастықтың даму тәжірибесіне қосылған қомақты үлесі болып табылады. Оған негіз ретінде мына мәселелерге тоқталуға болады.

-  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстан төрағалық мәртебелік миссиясын Еуропа мемлекеттерінің қолдауы;

-  ЕҚЫҰ ның өзгеде мемлекеттермен бірге Қазақстан қазіргі әлемдік модернизация мәселелерінде Шығыс пен Батыстың арасын түсіністік арқылы жақындастыруға бағытталған;

-  2030 бағдарламаның құжаттары қоғамға қажетті реформаларды дамыта отырып уақыт талабына сай елдің ішкі  және сыртқы саясатында әлемдегі өзгерістерді үзбей бақылай алатын биліктің бар екеніне сендіреді;

-  Қазақстан сан алуан ұлттар мен діндер өкілдерінің мекені болумен ерекшеленеді. Отанымызда 100 дей этнос 40-тан астам конфессия өкілдері бір шаңырақ астында татулықта тұрады;

-  Астанада 2003 жылдан бастап конфессияаралақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үш съезі болып өтті;

-  Еуразиялық кедендік Одақ құру жөніндегі бастаманың интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен одан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға негізделгені байқалады.

Сонымен, байқағанымыздай, қазақ зиялылары болашақ қазақ мемлекетінің құрылысын парламенттік, өкіметті демократиялық тетіктер арқылы, қоғамдық реформаторлық, яғни модернизациялауды  жетілдіруді мақсат етті.

Осылайша, қазақ қайраткерлері  қуғын-сүргінге тап болса да ұлттың мұраты жолында өздері мойымайтын, үнемі өсу жолында болатын  дара тұлғалар екендігін дәлелдеді, саяси ахуалдың тұрақтанып, елі егемендікке  ие болатынына кәміл сеніп аксеологиялық зертеулер жүргізді.

Қоғамды модернизациялаудың ең бастысы   Қазақстанда президенттік-парламенттік басқаруға көшу демократияландыру ісіндегі өте айтулы оқиға болды. Ол тіпті де ел Президентінің билігін осалдатпайды. Президент өзіне тән қызметін сақтайды. Ол елдің саясат алаңындағы түрлі биліктік күштердің қарым-қатынасын реттеп отырады.

Нарықтық экономика барысында  саяси ойды билікті модернизациялауда  өз пайдасына бұрмалайтын қаржы  алпауыттарын ауыздықтайын құқықтық құжат  пен күшті саясат та қажет.

Өкілді иниституттарды ұйымдастыру-әдістемелік, құқықтық, ақпаратттық көмек көрсету бойынша рөлін белсендіре түсу; мәслихаттардың өз құзыреті шегінде заңдарды орындау үшін жауапкершілігін арттыру. Жергілікті өкілді органдардың қызметін жетілдіру мәселелері және мәслихаттардың басқа органдармен өзара қарым-қатынастарын дамыту оның модернизациялауда  көпжақты сипаты бар екені анықталды.

Президент Н.Ә. Назарбаев  ұстанған саяси стратегиялық бағыттың дұрыстығының арқасында Қазақстанда  саяси-құқықтық жүйенің модернизациялық  даму жолына түсіп, дүниежүзілік қауымдастыққа танылып отыр. Енді әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 мемлекетінің қатарына қосылу мақсаты осы заманға сай қоғам өмірін жетілдіруді, демократияны одан әрі дамытуды талап етеді.

Қазақстандағы  саяси-құқықтық режимнің қалыптасуында саяси-құқықтық ойдың қоғамды модернизациялаудағы рөлі саяси тәжірибесі биліктің жергілікті органдарының дамыған институттары билік құрылымдары болғанымен азаматтық қоғамның маңызды элементі болып табылатыны туралы мәлім етеді. Батыс Еуропаның барлық елдеріндегі мемлекеттік биліктің жергілікті өкілді органдары қоғамдық басқарудың, қоғамды демократияландырудың аса маңызды құрылымдық бөлігі ретінде қаралады. Орталықтан автономияның маңызды дәрежесі бар биліктің өкілді органдарының болуы, мемлекеттік биліктің нақты фрагментациясына әсер етеді, биліктерді бөлу қағидасының тәжірибеде жүзеге асырылуы, қоғамдағы плюрализмнің бейнесі болып табылады. Қазіргі Қазақстан үшін азаматтық қоғам мен жергілікті басқарудың саласындағы бай және терең салт-дәстүрлері бар дамыған елдердің тәжірибесін ажырағысыз және жауапты бөлігі ретінде зерделеу мен тиімді пайдалану ең өзекті мәселе болып табылады.Қазақстан Республикасындағы саяси-құқықтық режимнің қалыптасуына қатысты мәселелер әлі де болса толыққанды зерттеуді қажет етеді.

Әдебиеттер  тізімі:

  1. 2010 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы // Егемен Қазақстан. 2010жыл,  18 тамыз.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы-Астана:Елорда,2008.-56б.
  3. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы  // Егемен Қазақстан. 2009жыл,  28 тамыз.
  4. Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы: Ғылым, 1995. – 39 б.
  5. Онжылдықта ойдағымыз орындалады. Астана 29 қаңтар 2010 ж.: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. — 2010. — 2 ақпан

 

 

БАСҚАРУНЫСАНЫМЕНКОНСТИТУЦИЯНЫҢҚАЛЫПТАСУЫ

басқару нысаны Конституцияға әсер етеді. Конституция мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйесін айқындайды. Әлемдегі көптеген елдердің Конституцияларының көбінесе алғашқы баптарының өзінде-ақ қысқаша түрде сол мемлекеттің мәні, ондағы биліктің қайнар көзі болып табылатын табиғатының кең ауқымды, жалпылама және негізгі сипаты айтылады.

«Конституция: ол – мемлекетке кигізілген киім, егер де бұл киім халықтың менталитетіне сәйкес келсе (яғни «дәл шақ» болса) – онда бұл халық тұрақты  даму мен гүлденуге қол жеткізеді. Егер басты заң саяси мәдениет деңгейі мен менталитетке сәйкес келмесе – онда халық тұтастай күрделі мәселелерге тап болып, ақырында өз дамуынан ажырап, тіпті кейде қайғылы күйге душар болады». Әрбір мемлекет өзінің дамуында Конституцияны қабылдау және оны елдің ең басты құжаты ретінде қалыптастыру кезеңін бастан кешеді.

Латын тілінен аударғанда «constitutio» сөзі «бекітемін», «құрамын»  деген мағынаны білдіреді. Қазіргі  ұғымдағы алғаш жазылған Конституция АҚШ–та 1787 жылы және Францияда 1791 жылы қабылданды.

Америка азаматтарының индивидуалдығының  тарихи тамыры терең. Сол секілді  АҚШ Конституциясы индивидтер ұлты, индивидуалистер ұлты секілді америкалық ұлттың менталитетін есепке ала отырып қабылданған.  Қазіргі таңда америкалық құндылықтар салт-дәстүрі, тарихы, төл мәдениеті алға басқан.

Жапония секілді азиялық  елдің тарихына көз салып көрейікші. VIII ғасырдың өзінде-ақ жапондықтардың санасында императорлық биліктің ел басқаруда күмән туғызбас заңдылық қағидаты орнығып үлгерді. Яғни әрбір жапондықтың жүрегінде императордан басқа ешкім мемлекет басшысы бола алмайды деген сенім ұялады. Алайда ұзақ уақыт бойы Жапонияда әскери диктатураның өзінше бір үлгісі саналатын, бар билік сёгунның – «ұлы қолбасшының» қол астына шоғырланған. Араға үзіліс сала отырып, сёгунат жүйесі 1192 және 1868 жылдар аралығында биліктің басқару тетігіне айналды. Сёгунатқа тән сипатқа императорды бірқатар өкілдік және салтанаттылық функцияларына ие мемлекеттің номиналды басшысы ретінде сақтаушылық жатады. Императорға оның мәртебесіне лайық барлық құрмет рангілері берілгенмен, алайда оның қолында шын мәніндегі саяси күш болған жоқ. Жапонияның ел Конституциясын қалай әзірлеп, қабылдағаны жөнінде айтар болсақ.

Информация о работе Мемлекет нысанының түсінігі