Мемлекет және құқық теориясы түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 21:35, контрольная работа

Описание

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін а

Содержание

КІРІСПЕ
Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы, ерекшеліктері, пәні мен әдісі.
Мемлекеттің пайда болуы.
Мемлекет мәні мен функциялары.
Мемлекеттің пайда болу нысандары
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

мемлекет и құқық теориясы.doc

— 150.50 Кб (Скачать документ)
 

МАЗМҰНЫ                                                            

КІРІСПЕ

  1. Мемлекет және құқық теориясының анықтамасы, ерекшеліктері, пәні мен әдісі.
  2. Мемлекеттің пайда болуы.
  3. Мемлекет мәні мен функциялары.
  4. Мемлекеттің пайда болу нысандары

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

      Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.  Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты  маңызды жалпы  теоретикалық және әдістемелік  функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының  бірі. Ол өзі  ғана емес, сонымен қатар  басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен  категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында  өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми  игеруде  бағыт қызметін атқарады.

      Мемлекет және құқық теориясы  жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы  жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және  мемлекеттанудың бастапқы  түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды  теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.

  Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы  студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және  дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді. Ол мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және  басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы  теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік  тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне  шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, ролін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа  құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді  қолдануды өңдеуге бағытталған. Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады.

      Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.

      Мемлекет және құқық теориясының жалпы ғылыми теориялық маңызы түсінігін  ашу негізгі міндет болып табылады. Осы міндеттерді зерттеу нәтижесінде белгілі бір  мақсатқа қол жеткізуге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Мемлекет пен құқық теориясы дегеніміз – қоғамның жалпы заңдылықтарын, құқықтық өмірді ұйымдастырудың принциптерін және теориясын анықтайтын, болжайтын белгілі бір жүйедегі қоғамтану ғылымы.

     Мемлекет пен құқық теориясы екі үлкен бөлімге бөлініп қарастырылуда: мемлекет теориясы және құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің пайда болуының және тарихи дамуының  жалпы мәселелері, мемлекеттің және мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал, құқық теориясында құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқықбұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.

     Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары.

     Кез келген ғылымның өз пәні, өзі зерттейтін заңдылықтарының анықталған шеңбері болады. Зандылықтар дегеніміз – белгілі бір құбылыстардың маңызын білдіретін шынайы тұрақты қатынастар.  Мемлекет пен құқық теориясының пәнін мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтары құрайды.

     Сонымен, өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет пен құқық теориясына мынандай сипат беруімізге болады:

а) мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылым, себебі ол қоғамдық өмірдің анықталған бөлігі – мемлекет пен құқықты зерттейді;

 ә) тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтіндіктен, құқықтық ғылым;

 б) барлық құқықтық ғылымдарға қатысты жалпы мәселелерді зерттейтіндіктен, жалпы теориялық құқықтық ғылым;

 в) тереңдетілген байланыстар мен қатынастарды ашудың негізінде басты  қорытындыларды жасайтындықтан, негіз салушы (фундаменталды) ғылым;

 г) салалық заң ғылымдарымен өзара байланысты бағыт беруші, әдістемелік мәндегі ғылым;

 д)  құқықтық ғылым курсына кіріспе ғылым, себебі ол  мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға біртұтас сипаттама беру кезіндегі заңдық түсініктердің негізгі жүйесін қалыптастырады.

     Мемлекет пен құқық теориясы пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін білу үшін зерттелетін ғылымның басқа да қоғамдық және құқықтық ғылымдармен байланысын қарастыруымыз қажет. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқық тек мемлекет пен құқық теориясының ғана емес, басқа да философия, экономикалық теория, әлеуметтану, саясаттану, тарих, психология, логика тәріздес қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектілеріне жатады. 

     Мемлекет пен құқық теориясы мен басқа қоғамдық ғылымдардың арасындағы байланысты сипаттауда екі түрлі қағида маңызға ие болады. Біріншіден, мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу кезінде басқа әлеуметтік шынайылықтан алшақ кетуге болмайды. Сондықтан, мемлекет пен құқықты зерттеу кезінде басқа қоғамдық ғылымдардың жеткен жетістіктері міндетті түрде қолданылады. Екіншіден, құқықтық шынайылық басқа құбылыстармен байланысып жатқандықтан, қоғамдық өмірдің басқа салаларын - экономикалық, мәдени, саяси және тағы басқалар зерттеу  заң ғылымдарының, соның ішінде мемлекет пен құқық теориясының көмегінсіз толық бола алмайды.

     Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы екі түрлі сипатқа ие болады. Бір жағынан, мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланса, екінші жағынан, қоғамдық ғылымдар мемлекет пен құқық теориясының тұжырымдарына сүйенеді. Бұндай қорытынды ғылыми білімнің бірлігі мен өзара байланысы қағидасынан шығады.

     Құқықтық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайылықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады. Барлық құқықтық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады.

     Теориялық құқықтық ғылымдар мемлекеттік құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді. Тарихи құқықтық ғылымдар мемлекеттік - құқықтық  мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін қарастырады.

     Салалық құқықтық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты құқықтық мекемелер мен нұсқауларды және тиісінше құқықтық практиканы зерттейді.

     Қолданбалы құқықтық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін, құқықтық мәселелерді шешу үшін қолданылады.

     Заңдық ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық теориясының алатын орны ерекше. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-заңдық ғылымдардың ұқсастығы олардың мемлекет пен құқықты тұтас қарайтындығына байланысты, айырмашылығы тарихи-заңдық ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық нысандарды даму үрдісінде хронологиялық тәртіппен, тарихи әдістерді қолдана отырып зерттейді, теория осы құбылыстарды тұжырымдап, олардың дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға тырысады, логикалық әдісті қолданады.

     Салалық заңдық ғылымдарға қатысты мемлекет және құқық теориясы тұжырымдаушы роль атқарады. Ол мемлекет пен құқықтың дамуы мен қызмет етуінің барынша жалпы заңдылықтарын зерттеп қорытындылайды, барлық салалық заң ғылымдарына ортақ мәселелерді қарастырады, әдістемелік, бағыттаушы роль атқарады. Сонымен қатар өзі де салалық заң ғылымдарының жетістіктерінен нәр алады, яғни ондағы фактілі материалдарды өңдеп, қажетіне жаратады. Мемлекет және құқық теориясының өзге заңдық ғылымдармен арақатынасы өзара тығыз байланысты екі жақты қатынас екендігіне көз жеткіздік.

     Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар зерттеу әдістері де болады. Методология дегеніміз – білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, ережелер және қағидалар жиынтығы. Мемлекет пен құқық теориясының зерттеу әдістері екі үлкен топтан құралады:

-жалпы ғылымдық зерттеу әдістері

- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.

     Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.

     Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз – нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.

       Нақты-әлеуметтік тәсілдер негізінен ғылыми ақпарат жинау кезінде қолданылады. Оларға жататындар: бағдарлау – мемлекет пен құқық теориясында бағдарлау обьектілеріне құқықтық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады. Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. әдістер арқылы субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақтағы нақты әрекеті туралы мәлімет жинауға болады. Мемлекет пен құқық теориясында қолданылатын негізгі әдістердің бірі – логикалық әдіс. Логика – ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Анализ – теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі обьектілерді талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру.

     Жеке ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формалды-заңдық, жүйелік, функционалдық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.

     Формалды – заңдық әдіс заңдық түсініктерді анықтауға, олардың қасиеттерін ажыратуға, жіктеу жүргізуге, құқықтық нұсқауларды түсіндіруге мүмкіндік береді.

     Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.

     Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.

     Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.

     Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.

     Әлеуметтік тәсіл – жүйелік, функционалдық, стстистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.

     Салыстырмалы – құқықтық әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.

       Мемлекет пен құқық теориясы екі үлкен бөлімге бөлініп қарастырылуда: мемлекет теориясы және құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің пайда болуының және тарихи дамуының  жалпы мәселелері, мемлекеттің және мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал, құқық теориясында құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқықбұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.

     2. Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ меншікке негізделген және онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған: 1) рецепроктылық - барлық табылған өнім ортаға жинақталған, 2) редистрибуция – ортақ табыс барлығына бірдей тең негізде бөлінген.

     Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі – ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. тайпа көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған.

     Оның негізгі белгілері: а) әлеуметтік билік тек ру шеңберінде таралып, оның еркін білдіреді және қандас туыстыққа негізделеді;

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы түсінігі