Мемлекет және құқық теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 05:50, реферат

Описание

Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың болуы мен оның әрекет етуіне негіз болуын қадағалайтын күштің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік–жігері немесе ең соңында қоғамның материялдық тұрмыс жағдайлары.

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 105.00 Кб (Скачать документ)

      Реферат

Құқықтың  қайнар көздері(нысаны) 

Заң ғылымында  құқықтың қайнар көздері түсінігі.

Құқықтың  қайнар көздерінің түрлері және олардың  ара қатынасы.

Құқықтың  қайнар көздерінің материалдық және заңи мағынасы.

Құқықтық  әдет-ғұрып,әдет-ғұрып құқығы. 

Прецедент англо-саксондық құқық жүйесі бар мемлекеттерде жіне кейбәр басқа да мемлекеттерде құқықтың қайнар көзі ретінде.

Соттық  және әкімшілік прцеденттердің ерекшеліктері. 
 
 

Зерттеу нысаны: Объективтік нақтылық.

Зерттеу пәні:  Құқықтың қайнар көзі.

Жұмыстың мақсаты:  құқықтың қайнар көзі мен нысаны тақырып мағынасын ашу

Зерттеу әдістері:  формальды-заңи әдіс, жүйелі-саралы әдіс,кешенді зерттеу әдісі. 
 

КІРІСПЕ

Ертеден құқықтың бастауында білім мәселелері, оның ұйымының және тіршіліктің пішіндерінің мәселелері  үнемі зерттеуші-теориятиктердің назарын аударып отырды.

Алайда бір айтылмыш мәселенің жетімсіз себептері,бұл - көп мағыналылық және құқықтың бастауының өзінің ұғымының айқын еместігі  болып табылады.

Құқық негізі жөнінде  әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың болуы мен оның әрекет етуіне негіз болуын қадағалайтын күштің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік–жігері немесе ең соңында қоғамның материялдық тұрмыс жағдайлары. 
 
 
 
 
 
 
 

1.Құқықтың қайнар  көзінің түсінігі және заңи  сипаттамасы. 

1.1 Құқық қайнар  көздерінің мазмұны және мағынасы.

     Құқық ғылымына алғаш “құқық қайнар көзі”  терминін енгізген ежелгі рим ойшылы Титом Лив болды. Ол құқықтың қайнар көзі деп  XII заң кестесін айтты. (fons omnis publici privatique juris)1). 

В.М. Баранованың  айтуы бойынша, “қайнар көзі”  сөз түбірі сонау Ежелгі Римнің  негізін салушы дейді. 2).

Кейбір заңды  әдебиеттерде мемлекеттік құқықтың ресми өкімін жасаушысы және нәтижесі деп те айтады.Сол секілді тағы да басқа пікірлер бар:

С.С.Алексеев “құқықтың  қайнар көзі” – бұл мемлекет өзі бекіткен,мойындаған және ресми  түрде халыққа тарата алатын құқық  нормалары деп атады. 3).

В.С.Нерсесянецтің  айтуынша,бұл- сол құқықтың ресми  нақтыланған мағыналы формасы. 4).

Соңғы уақытта  кұқықтың қайнар көздері тек мемлекеттің сыртқы формасы емес,әлеуметтік алғышарттар және мемлекет субъектісі,оның қызметін атқарушы  ретінде де айтылады.Осы секілді көптеген мағыналарға ие.

Жалпы құқықтың қайнар көздері материалдық,идеалдық және заңи(формальды) аспектілерден тұрады.

Құқықтың қайнар көзін материалды  жағынан қарағанда  өте кең және күрделі.Бұл жағдайда қайнар көзі ретінде заңды құрушы,оны өмірге әкелуші,материалдық жағдай жасаушы күш және экономикалық қарым – қатынасын құрушы система болып табылады. 1).

Осы тақырыпты дамыта келе,Г.Шершеневич құқықтың қайнар көзін:

a) құқықты жасайтын күш; мысалы құқықтың қайнар көзін «Құдай еркіндігі,халықтың еркіндігі,еркіндік идеясы,мемлекеттік билік»;

б) құқықтық негіздің пайда болуына жұмсалған материалдар.Мысал келтірсек,Германдық Азаматтық кодекс дайындау кезінде рим құқығының негіз болуы немесе ғалым Потьенің еңбектері Наполеон кодексін дайындау кезінде қолданылды;

в) өз уақытында «іске асарлықтай мағынасы» бар тарихи ескерткіштер; (Corpus jiris civilis,Русской правдой и т.п.,г зерттеулерінде)

г)құқықты заң арқылы тану.

  Құқықтың философиялық мағынасы,бұл құқықтың қайнар көзінің сипаттамалық түрі(характер)-либералдық,консервативтік және т.б.деп айтылады.

  Бұл түрлердің көп болуы қайнар көзі терминінің мағынасын өзгертпейді.Қайта Г.Шершеневичтің тезисін растайды.

Н.Н.Вопленконың дұрыс айтылған сөзі бар: « Барлық құқық формасы құқықтың қайнар көзі болып табылады,бірақ кез-келген құқықтың қайнар көзі ресми құқық формасына ие болмайды».1) 

1.2   Құқықтың қайнар көзі және формасы түсінігінің ұқсастығы

       Құқықтың қайнар көзі түсінігін оқи отырып,оның теориялық және материалдық басты мәселесін айта кету қажет.Ол қайнар көзі түсінігі мен құқықтың формасы түсінігі.

       Құқық категориясында екі мағына бар:

А) құқықтық форма

Б)  құқықтың формасы

   Құқықтық форма – бұл құқықтық ақиқат.Яғни,құқықтың экономикалық,саясаттық,шаруашылық және ақиқат құбылыстары.

Құқықтық форманы,құқық пен басқа жүйелілік процестер арасында байқауға болады.

   Құқықтың формасы-бұл құқықтың өз формасы және бұл тек құқық мазмұнымен ғана қатысты.Оның міндеті-құқық мазмұнын реттеу,мемлекеттік-биліктік мағына беріп отыру.Ол сырқы және

ішкі формасын анықтайды. Ішкі формасына құқықтың құрылысы мен байланысы жатады.Сыртқы формасы-құқықтың мазмұны.

Мысалы,құқықтың мазмұнын мемлекеттің еркіндігі  құрайды,ал құқық формасы-бұл заңи нормалар.Ұлы ғалымдар,құқық қайнар көзі ретінде мемлекеттің еркіндігін емес,заңи нормаларды дұрыс көреді.Заңи нормалар құқықтың формасы емес,бұл-құқықтың өзі.

  Жалпы алғанда,құқық  түсінігі және құқық айқындылығы  үш негізгі формада:

  • құқық жайлы түсінік,құқықтық сана-сезім,идея.
  • құқықтық норма формасында
  • қоғамдық қатынас формасында ( құқықтық норманың қалыптасуына себеп болатын қатынас) 1).

 Формалардың көмегімен құқық жалпыға танымдық және түсінікті қасиетке ие болады.

 «Мазмұны»  мен «форма» түсінігі бір-бірімен  қатыса отыра құқық теориясында  қолданылады.

Бірақ құқықтану  саласында бұл екі түсініктердің  өз спицификасы бар.Оның мәні:ол екеуіде ресми түрде мемлекетпен келісіліп,бекітілген болуы қажет.Ресми келісім заңи күшпен тең.Мысалы,құқық проектісі және құқық мазмұнымен бірдей болуы мүмкін,бірақ құқық нормативті құқықты актілерге жатады.Оның заңи күші бар және құқықтың барлық формасына ие.Ал құқық проектілері құқық формасына жатпайды,яғни заңи күші жоқ. 

2. Құқықтың қайнар көздерінің негізгі түрлері

   Құқықтың қайнар көздері құқытың түрлері секілді еш өзгеріссіз қала алмаған.Яғни,біріншілері(құқықтық әдет-ғұрып,заң,прецедент)

Құқықтық системасында эволюция барысында сақталып отырды.Екіншілері,жойылып отырған.Ал үшіншілері тәжірбиелік мәнін жоғалтып,тек тарихи сахнада сақталып қалды.Осы соңғысынан,мысалы,римдік заңгерлер шығармасын заң ретінде қолданғаны жайлы айтуға болады.Ежелгі Римдегі халық және сенат жиналысындағы құқықтық актілері де жатады. 1).

   Құқықтың  қайнар көздерін былайша бөліп  қарастыруға болды:

1.Құқықтық әдет-ғұрып

2.Нормативтік  құқықтық актілер

3.Заңи (Құқықтық,соттық,әкімшілік)  прецедент

4.Заңға сәйкес  актілер

5.Заңи доктрина

6.Қасиетті кітаптар

7.Құқық принциптері 

2.1 Құқықтық әдет  – ғұрып 

 

  Құқықтың  қайнар көздерінің тарихи тұрғысы  жағынан бірінші болып – құқықтық  әдет-ғұрып қалыптасты.Құқықтық  әдет-ғұрып тікелей дәстүрмен  байланысты және ол ұрпақтан  – ұрпаққа беріліп отырады.

 Әдет –  ғұрып консервативті,ол қоғамдық дәстүрлердің нәтижесінде қалыптасқан тәжірбиелерді жинақтап отырған.Құқықтық әдет – ғұрып нормалары дін және моральға қатысы бар болғаны тегін емес.

Осы норманың басқа  құқықтық қайнар көздер түрлерімен қатысын түсіну құқықтың пайда болу тарихын біліп үйрену  үшін маңызды.

Құқықтық әдет – ғұрып кейбір елдерде тек  символдық түрде өмір сүріп келсе,мұсылмандық  елдерде маңызды орын алады.Ал кейбір елдерде тіпті бұл құқықтық әдет-ғұрып  қоғамды басқарушы заңи жалғыз құрал болып табылады.Бұл жағдай Африка және Мадагаскар аймағында орын алған.

  Дамыған  құқықтық системаларда құқықтық  әдет-ғұрып тек қосымша қайнар  көз ретінде рөл ойнайды.Мемлекет  осы қайнар көзді тек өзіне  сәйкес,қатыстысын санкциясына енгізеді.Мысалы,осы күнге дейін сақталып келген заңи тарихи Ману заңдары,Орыс шындығы.Бұл құқықтық әдет-ғұрыптың жиынтығы.Сонымен қоса XII Заң кестесі,Драконта заңы және т.б.2)

Келесі мемлекеттік  санкция формасы- заңды бағыты,заңға жүгіну(отсылка к нему в законе).Қазіргі уақытта бұл мемлекеттік-құқықтық түрге бағыт алған танымалы түрі.Санкция уақытында құқықтық әдет-ғұрыптың-ұлттық құқықтың бір элементіне айналатынын аңғару қажет.Бұл кезде ол өз әдет-ғұрып сипатын жоғалтпайды.

Мемлекет құқықтық әдет-ғұрыптың қандай да бір өзіне қажет түрін құқықтық емес сферада жатса да,қорғанысқа алып жақтауы мүмкін.Бұл жағдайда мемлекет әдет-ғұрыпты заңға айналдырып,өзіне сәйкес қажет санкциямен қамтамасыз етеді.

Санкцияның маңызды  формасының бірі – құқықтық шешім  болып табылады.Сот кезінде белгілі бір әдет-ғұрып нормасы систематикалық қолданылса,онда бұл норма санкциялық нормаға айналады.

 Әдет-ғұрып  нормасын қолдану кейбір жағдайда  тікелей заңға жүгіну міндет  емес.Құқықтың әдет-ғұрып нормасы  заңгердің «жауапсыз келісім»  арқылы да жүреді. 2).

Құқықтық әдет-ғұрып  әдетте локальды сипатта болады және белгілі бір кішігірім адамдар  қоғамында қолданылады.Және заңи құқықтық әдет-ғұрып дінмен тығыз қатысты.

Әдет-ғұрып нормасы  тұрақты белгілі бір жүргізілу  тәртібімен,үзіліссіз және біркелкі сипатпен ерекшеленеді.Ол бірнеше ғасырлар,жылдар бойы қалыптасқан қоғамдық тәжірбиені топтастырып жинақтайды.Әдетте құқықтық әдет-ғұрып нормасы мақал-мәтедер мен нақыл сөздерде кездеседі.

Құқықтық әдет-ғұрып  нормасы құқықтың қайнар көзі ретінде  бірнеше жетістіктерден тұрады:

  • ол жоғарғы биліктен емес,төменгі халық табынан құралады.(халықтың қалауы мен көтерілістері);
  • қоғамда болатын белгілі бір шектілік;
  • ауыздан-ауызға беріліп отырады және мәлімет жұртқа түсінікті қарапайым тілде айтылуы;
  • норманы орындау кезіндегі міндеттіліктің төменгі дәрежеде болы(жүріс-тұрыс ережесінен құралғандықтан);

     Сонымен  қатар,кемшіліктері:

    • қарқынды дамушы ғаламда еш өзгеріс-дамусыз болуы;
    • анықталмаған,жазбаша түрдегі тұрақсыздығы;
    • таралу аймағының аздығы,жергілікті сирпаты;
 
 

    Қазіргі кезде құқықтық әдет-норманың орнын заң басуда.

      Жалпы құқықтық әдет-ғұрып халықаралық құқықта басты орын алады. Халықаралық құқық сахнасында құқықтық әдет-ғұрып тек формасын ғана танытпай,жаңа пайда болып жатқан мемлекеттер арасында өз-өзін дұрыс ұстау белгілерін жасауға да көмектеседі.Ол жаңа заманға сай және жедел функционарлық  қайнар көзі болып табылады.Дипломатиялық этикет секілді,арнайы халықаралық мойындалған құқықтық әдет-ғұрып түрлері бар. 

    2.2 Нормативтік  құқықтық акт 

          Түрлы мемелекеттерде құқықтық системасында нормативтік құқықтық акт үлкен рөл ойнайды.Ол тұрмыстық жағдайларда,сауда саттық,айыр бастау сферасында қолданылуымен ерекшеленеді.Және өзінде жалпыға міндетті сипатты иеленеді.

           Әлемдік тәжірбиеде нормативтік  құқықтық акт елдер мен елдер арсасындағы білім орындарында қолданылады.

           Тарихи мысал ретінде нормативтік  құқықтық акт арқылы Совет  үкімет кезіндегі Закавказье  елдеренің құрылуы туралы, КСРО  білім алу жөнінде келісім(1992 ж.),Федеративтік келісім.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы