Қазақ хандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 23:10, реферат

Описание

Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы. XV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428 жылы хан сайланды. Әбілқайыр – Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ханның ұлысы Батый ханның тұсында құрылған. Жазба деректерде Батый ханның Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығы кезінде Шайбани да онымен бірге болған. Жорықта көрсеткен жақсы қызметі үшін, Батый хан Шайбани ханға қосшы етіп, найман, бұйрық және қарлұқ тайпаларын берген.

Содержание

І. Кіріспе
Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлінуі.
ІІ. Негізі бөлім
1.1. Қазақ халқының қалыптасуы.
1.2. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары
1.3. Керей мен Жәнібек.
1.4. Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.
1.5. Қазақ хандығының аумағы және халқы.
1.6. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы
ІІІ. Қорытынды
Қазақ хандарының әулеті.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ хандығы.doc

— 105.00 Кб (Скачать документ)

              Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайда дер кезінде, өз мақсаттарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларының көсеміне айналып, қазақ тайпаларынан бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады. Керей мен Жәнібек сұлтандардың басшылығымен Жетісу жерінде құрылмақ Қазақ хандығының Алтын Орда, Ақ Орда, т.б. хандықтарының мемлекеттік құрылымын негізіг айырмашылығы  - Қазақ хандығы жаулап алушылық нәтижесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық, этникалық негіздерден шықты.

              XV ғасырдың орта шенінде қалыптасқан саяси-экономикалық, тарихи жағдайлар Батыс Жетісу жерінде феодалдық негіздегі Қазақ хандығының құрылуына алғышарт жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ хандығының құрылуы

              Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.              XV ғасырдың басында жайылымдық жерлер іздестіріп, олжа табуға ұмтылып, сауда орталықтарына шығуды көздеген ойрат тайпалары Әбілқайыр хандығы жеріне шапқыншылық жасады. Әбілқайыр хан ойраттарымен шайқаста жеңіліс тауып, көп шығынға ұшырады.

Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хандығы Қазақстанның Оңтүстігінде өз билігіне мойынсұнбағандарды жазалай бастады. Елде қатаң тәртіп орнатты. Ойрат ойранынан  кейінгі алауыздық және ашу мен ыза белең алған жағдайда Әбілқайырдың бұл әрекеттері сұлтандар мен бұқара халықтың наразылығын бұрынғыдан да бетер өршітіп жіберді.

Керей, Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығындағы осы бір саяси-тарихи  жағдайды өз мүдделеріне тиімді пайдалануға ұмтылды. Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы наразылық күреске шыққан қазақ тайпаларының басын қосып, олардың көсеміне айналды. Әбілқайырға қарсы шыққан қалың қазақ тайпаларын бастап, Жетісуға, Моғолстан қоныс аударды.

Керей тайпаларының Жетісуға көшуі әдеттегі ауа көшу болған жоқ. Мұның өзі қазақ тайпаларының Әбілқайырдың адам төзгісіз езгісіне, үсті-үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткерлікке, феодалдық тартыстар мен соғыстардың ауыртпалығына деген қарсылығы еді.

Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

              Моғолстан ханы Есен-бұға Керей, Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр  ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алады. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп берді. Керей Жәнібек сұлтандар Есен-бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға  қазақ хандығының  ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.

              Жаңадан құрылған Қазақ хандығынның тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей, Жәнібек сұлтандарындың екеуінің де отыруға құқығы болды. Бірақ сол кездегі орныққан тәрітіп бойынша, хан тағына отырығызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де  ескертілген. Сондықтан хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолға алды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы, Керей хан болса, Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы, яғни  екеуі немере еді. Керей хан Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды. Көшіп-қонам десе солтүстігінде керіліп Сарыарқа, оңтүстігінде Шу мен сыр бойының жолбарыс жортқан қалың қамысты нуы жатты. Жазы – шүйгін жайлау, саумал самал, қысы панасы мол шұрайлы жыныс еді.

              Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды? Моғолстанның хан мен Темір әулетіне қарсы күресінде Моғолстанның батыс шекарасынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылды. Осы отырған Әбілқайыр хан мен Темір әулетіне қарсы күресінде Моғолстанның батыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылды.Осы тұрғыда ол қазақ билеушілері Керей және Жәнібек сұлтандармен одақ құруға ынталы еді. Есен-бұға хан, сондай-ақ XV ғасырдың басында Жетісу мен Моғолстанның басқа да аудандарын мазалай бастаған ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.

              Бір шеті Дешті Қыпшақ даласынан, келесі шеті Әбілқайыр хандығынан түріле көшкен ел Есен-бұғаның иелігін баса-көктей келіп, Керей хан мен Жәнібек ханның маңына шоғырланды. Осы күнгі «көшпелі өзбек» деп аталып жүргендердің бәрі көшпелі қазақтар болатын. Оған XV ғасырдың 50-70 жылдарында Әбілқайыр ханның санын, күш-қуатын еселеп арттырып, мәртебе-мерейін көтеруі айқын дәлел болады.

 

 

Қазақ хандығының аумағы және халқы.

Қазақ хандығының бастапқы кездегі алып жатқан жері Батыс Жетісу жері  - Шу мен Талас өзендерінің аумағы еді. Ертеден Жетісу жерін мекендеген қазақтың Ұлы жүз тайпалары Дешті Қыпшақтан қоныс аударған қандас қазақ тайпаларымен араласып кетті.

1462 жылы Моғолстан ханы Есен-бұға қайтыс болған соң, бұл мемлекеттте ішкі талас-тартыстар мен өзара  қырқысу ұрыстары өрши түсіп, оның күш-қуатын  әлсіреттті. Осы кезде ойрат тайпалары баса-көктеп кіріп, бірлік-берекесі кеткен елді оп-оңай жаулап алды. Моғолстан хандығындағы қазақ тайпалары жаңадан құрылған қазақ хандығына келіп қосылды. Нәтижесінде Қазақ хандығы халқының саны артып, күш-қуаты молая түсті. Хандықтағы өкімет билігі нығайтып, оның беделі артты.

              XV ғасырдың орта шенінде құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де болса әлсіз еді. Бірсыпыра қазақ тайпалыры түрлі хандықтардың қол астында ауыр азапты бастан кешіріп жатты. Әсіресе Әбілқайыр хан хандықтан бөлініп, өзіне қарсы шығып отырған Жетісу тайпаларына азуын біліп, кектене қарады. Әбілқайыр хан жаңа ғана құрылған Қазақ хандығын неғұрлым тез арада тарпа бас салып, жойып жіберуге әзір отырды, олардың қимыл-әркетіне күшті бақылау қойды.

              Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Та’рих-и Рашиди» атты шығармасында: «Ол кезде Дешті Кыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді». Нәтижесінде Керей, Жәнібек хандар Моғолстанға көшіп барды. Есен-бұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді... Әбілқайыр ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті... Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады» деп жазды.

 

 

Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы

Ішкі жағдай. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, орда тіккен Жетісу жеріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Көшпелі қазақ тайпаларының отырықшы егіншілігі дамыған аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы өркендеген орталықтармен, Сырдария бойындағы қалалармен сауда-саттық қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Өмір талабына айналып отырған бұл мәселенің дұрыс шешілуіне тек қана көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтағы егіншілік өнімдерін өткізіп, шикізат – жүн, тері, т.б. алуды аңсаған қолөнершілер де, тауарын өткізіп, пайда табуды көздеген саудагерлер де мүдделі болды. Бай аймақтарды және қалаларды өз қол астына қаратуға феодалдар тіпті мүдделі еді. Әсіресе жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды: 1) көшпелі шаруалардың жайылымдары пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру; 2) Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы (Түркістан), т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату; 3) Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру. Хандардың Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыруы Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сыр бойындағы қалалардың саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы зор еді. Сырдария бойындағы егіншілігі мен қолөнері өркендегін қалалардың саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық маңызы зор еді. Сырдария бойындағы егіншілігі мен қолөнері өркендеген қалалы аудандармен сауда-саттық жасауға тек даланың әкімдері ғана емес, Дешті Қыпшақтың шаруалары да ынталы болатын.

Сыртқы саяси жағдай. XV ғасырдың аяғында - XVI ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саяси өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Темір әулеті Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапты. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта  Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы, Астрахан хандықтары тарих сахнасынан орын алды.

Қазақ хандары Әбілқайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың мемлкетіндегі ішкі-сыртқы қайшылықтарды толық пайдаланды. Көптен бері Әбілқайырмен билікке таласып келе жатқан Жошы ұрпақтарын, Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ ханды, ноғайды билеген мырзаларды одаққа тарта отыра, бірлесе күрес жүргізді. Әбілқайыр ханның ұрпақтарымен соғыста жеңіске жеткен қазақ хандары Дешті Қыпшақ даласын, ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте хандықтың құрамына қосып алды. XV ғасырдың 70-жылдарында қазақ хандары Сырдария бойы мен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлдеқайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы отыз жылдан астам уақытқа созылды.

1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардың жеңіліс тапқан Шайбани хан Бұхарға қашты. Созақ пен Сауран Қазақ хандығының құрамына кірді. Шайбани хан екі жылдан соң Ноғай Ордасының мырзаларымен одақ құрып, Аркөк пен Сығанақ қалаларын жасып алды. Қазақ хандарының жіберген әскерлері Шайбанидің бірлескен әскерін талқандап, Сығанақ қаласын қайтарып алды. Шайбани хан Маңғыстауға қашты. Сыр бойындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына қосылды.

XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы, Шайбани әулеті, Әмір Темір әулеті, Моғолстан хандығының арасындағы соғыс одақтары ұрыстың мақсаты мен хандардың мүддесіне қарай тез өзгеріп отырды. Мысалы, 1482-485 жылдары Моғолстан ханы Жүніс хан Шайбани ханның қолдауымен Ташкент пен Сайрам қаласын басып алды. Осы кезде Қазақ хандығының жағына Әмір Темір әулеті хандары келіп қосылып, бірлесіп соғыс қимылдарын жүргізді. Моғолстан билеушісі Отырар қаласын басып алып, оны Шайбани ханға сыйлады. Мақсаты Шайбани ханды Әмір Темір әулетіне қарсы шабуылға шықты. Созақ қаласы түбінде болған шайқаста Созақтың атақты адамдары Қазақ хандығын қолдап, Шайбани ханның Сауранды билеуге қалдырған туысын тұтқындады. Қазақ жасақтары Сауранды қайтарып алған соң, жау қолындағы Отырар қаласын қоршауға алды. Шайбани хан қазақтармен бітім жасауға келіметінін білдірді.

Шайбани ханның Сыр бойындағы маңызды қалаларды алу үшін және Әбілқайырдың Дешті Қыпшақта құлаған билігін қайта орнатуға ұмтылып, Қазақ хандығына қарсы бірде Моғолстан хандарына сүйеніп, 30 жыл жүргізген соғысы аяқталды. Қазақ хандығы мен Шайбани ханға қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының құрамында қалды. Ташкент пен Сайрам қалалары Моғолстан хандығының құрамына кірді.

Қазақ хандарының күш-қуатының артып, билігінің нығаюы Шайбани ханның Дешті Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігімен Мауреннахрға қоныс аударуына мәжбүр етті. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауреннахрға көшіп-қонған көшпелі қазақ тайпалары бірте-бірте жергілікті халықпен араласып, олардың тілін, дінін және мәдениетін қабылдады.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығындағы ішкі феодалдық қырқыстар мен талас-тартысты тоқтатты. Адам өліміне, өріс бұзылуына әкеп соғатын тайпааралық қақтығыстарға тыйым салынды. Ел ішінде тыныштық берік орнап, береке-бірлік кең өріс алды. Қазақ хандығының нығаюына көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мерзімдері бойынша тиімді пайдалануына жағдай жасады. Шаруалар дер кезінде өріс-қонысқа, жайлау мен қыстауға көшіп-қонды. Бейбіт өмір, мамыржай заман орнады. Сөйтіп қазақ хандығының іргесі бекіп, күш-қуаты мен беделі артты.

 

 

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандары

Керей мен Жәнібек (1456-1480)

Бұрындық (1480-1511)

Қасым (1511-1518)

Мамаш (1518-1523)

Тақыр (1523-1533)

Бұйдаш (1533-1534)

Қожа Махмұт (1534-1535)

Тоғым (1535-1537)

Хақназар (1537-1580)

Шығай (1580-1582)

Тәуекел (1582-1598)

Есім (1598-1613)

Тұрсын (1613-1627)

Есім (1627-1628)

Жәңгір (1629-1652)

Әз-тәуке (1652-1718)

Батыр (1718-1726)

Болат (1726-1730)

Әбілмәмбет (1730-1771)

Абылай (1771-1781)

              Шыңғыс ханның ұрпағы ғана хан болып сайлана алады. Мұрагерлер сұлтан деп аталды. Хан жасағы немесе хан үйінің маңайындағы қызметшілер төлеңгіт және қараша деп аталды.

XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиелінісе түседі. Осы кезде Керей мен жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халық бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударды. Моғолстан ханы Есен-бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіні Мұхаммед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады.

XV ғасырдың II екінші жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілқайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлкеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды.

Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді.

1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды.

Информация о работе Қазақ хандығы