Қазақ хандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 23:10, реферат

Описание

Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы. XV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428 жылы хан сайланды. Әбілқайыр – Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ханның ұлысы Батый ханның тұсында құрылған. Жазба деректерде Батый ханның Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығы кезінде Шайбани да онымен бірге болған. Жорықта көрсеткен жақсы қызметі үшін, Батый хан Шайбани ханға қосшы етіп, найман, бұйрық және қарлұқ тайпаларын берген.

Содержание

І. Кіріспе
Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлінуі.
ІІ. Негізі бөлім
1.1. Қазақ халқының қалыптасуы.
1.2. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары
1.3. Керей мен Жәнібек.
1.4. Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.
1.5. Қазақ хандығының аумағы және халқы.
1.6. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы
ІІІ. Қорытынды
Қазақ хандарының әулеті.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ хандығы.doc

— 105.00 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

 

Отан тарихы кафедрасы

 

 

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: «Қазақ хандығы»

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Таспаева Т.А.

Тексерген: Урдабаева Л.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай, 2009 жылы

 

Жоспар

І. Кіріспе

Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлінуі.

ІІ. Негізі бөлім

1.1. Қазақ халқының қалыптасуы.

1.2. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары

1.3. Керей мен Жәнібек.

1.4. Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

1.5. Қазақ хандығының аумағы және халқы.

1.6. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы

ІІІ. Қорытынды

Қазақ хандарының әулеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлінуі.

Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы. XV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428 жылы хан сайланды. Әбілқайыр – Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ханның ұлысы Батый ханның тұсында құрылған. Жазба деректерде Батый ханның Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығы кезінде Шайбани да онымен бірге болған. Жорықта көрсеткен жақсы қызметі үшін, Батый хан Шайбани ханға қосшы етіп, найман, бұйрық және қарлұқ тайпаларын берген. Олар Орал тауының бөктеріндегі Тобыл, Ырғыз, Жайық өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жайласа, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерінің бойында, Сырдарияның төменгі ағысында қыстаған. Осы көрсетілген жерлерде Шайбани ұлысы өмір сүрген.

Осы ұлыстың билігі Әбілқайырдың қолына тигеннен бастап хандықтың саяси беделі көтерілді. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Хан оны жас кезінен жорықтарға өзімен бірге алып жүрген. Жұмадық хан маңғыттарға шабуыл кезінде қаза болып, 16 жасар Әбілқайыр тұтқынға түседі. Бірақ маңғыт билернің шешімі бойынша тұтқыннан босатылды. Сол жорықта ерлігімен көзге түскен Әбілқайыр 17 жасында, 1428 жылы екі жүзден астам ақсүйек-шонжарлар хан сайлайды. Тарихи жазба деректерге бұл жаңа құрылған хандықтың аты «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы» немесе «Шайбани  ұлысы», «Әбілқайыр ұлысы» деп аталады. Ал ұлыстың алып жатқан жері мен халқының басым көпшілігі қыпшақтар болғандықтан оны «Қыпшақ хандығы» деп те атаған. Алайда Әбілқайырдың қырық жылдан астам хан болуы «Әбілқайыр хандығы» деген атауды қалыптастырған.

Әбілқайыр хандығы батысында – Жайық (Орал), шығысында – Балқаш, оңтүстігінде – арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде – Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.

Ал «Тоқсан екі баулы өзбек» деген шежіреге қарағанда, Өзбек ұлысы немесе Әбілқайыр хандығы 92 ру-тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуы бойынша, бұл хандық негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. Олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар еді дейді.

Әбілқайырды көптеген ру-тайпалардың өкілдері қолдап, хан сайлағанмен, оның құрған хандығының ішінде әлі де болса жер үшін, ел үшін, билік үшін талас-тартыс күшейіп тұрды. Сондықтан ол алдымен өзінің қарсыластары Махмұд-Қожа ханды, маңғыт әмірі уақыс биді жеңіп, өзіне қаратады. XV ғасырдың 40-жылдарында Балқаш өңірінің  терістік батыс жағын өз иелігіне қосады. Әбілқайыр хан көп уақыты мен күш-жігерін жұмсаған жер Ақ Орда жерінің оңтүстік аудандары – Сыр өңірі мен Қаратау аймақтары болған. Бұл аймақ Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтар Жәнібек пен Керей сұлтандардың биліктері берік болған еді. Сұлтандарды Әбілқайыр хан бұларға қарсы жорыққа көп әскери күш жинап, жақсы дайындалған. Оның әскерінің құрамына он бестен астам ірі ру-тайпалардың әмірлері қосылған. Олардың ішінде қоңырат, ұйғыр, үйсін, өкіреш наймандардың көрнекті өкілдері болған.

XIV-XV ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

Моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарын тартқан халықтың ауыл шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмірі XIII ғасырдың аяғында қайта жандана бастайды. Оңтүстік Қазақстандағы қалаларда қалалық өмір біртіндеп қалыпқа келеді. Қалалар маңында қыстақ-кенттер пайда болады. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының көшу бағыттары тұрақтанады. Мал басы өсіп, өнім сапалығы да арта түседі.

Жазба деректерге қарағанда, Сығанақ қаласының төңірегінде Төменарық, Бозығыларық деген каналадардың болғандығы қаланың аймағында суармалы егін шаруашылығының дамығандығына дәлел. Ондай егін шаруашылығының орталығына Йасы, Сауран, Отырар сияқты тағы басқа да ірі қалаларды жатқызуға болады. Егін шаруашылығы Қаратаудың күңгей және теріскей жағынан шығатын өзендер мен бұлақ бойларында жүргізілген. Таудан шығатын өзендердің өзі көп жағдайда жеке адамдардың иелігінде болған.

Орта ғасырдың кейінгі кезіндегі (XIV ғ.) қалалық өмірде дамыған қолөнердің басты бір саласы қыштан түрлі ыдыс-аяқ жасау болды. Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Түркістан, Қаратаудың солтүстігінде – Күлтөбе, Раң қаласындағы шеберханалар ашылған. Отырар қаласындағы шеберханалардың аумағы 2 гектарға жуық жерді алып жатқан. Раң қаласындағы шеберхана ауласында ұстаның екі бөлмелі үйі, ыдыс жасауға дайындық жүргізетін арнаулы бөлмелер, ыдыстарды кептіретін алаңдар, оларды күйдіретін ошағы болған. Ыдыстардың көпшілігі су тасуға және тамақ ішуге арналған. Астық сақтауға арналған күбі, көзелер жасалған. Іші-сырты әйнек тәрізді жылтырап тұратын әр түрлі өрнектермен әшекейленген жайпақ табақтар мен көрсендер де көптеп кездеседі. Отырар қаласында XIII – XIV ғасырларда жасалған керсендерде құстар мен хайуанаттардың суреттері салынған. XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария бойындағы қалаларда кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Мәселен, Отырар қаласының оңтүстік-батыс жағынан екі жерден кірпіш күйдіретін шеберхананың орны табылған. Мұндай шеберханалар Сарай қаласынан де аршылған.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ халқының қалыптасуы.

Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалар басты рөл атқарды. Оның басты себебі, мұнда қыпшақтар басым болды және оған жақын ру-тайпалар оларды қолдап, қосылып отырды. Әбілқайыр хандығы және Ноғай Ордасы мен Моғол хандығындағы этносаяси қауымдастықтар да қазақ халқының халық болып қалыптасуына зор әсерін тигізген.

«Өзбек» атауының шығуы отыз жыл бойы хан болған Өзбек ханның (1312-1342ж.) есмімен байланысты. Сондықтан да тарихшы Рузбихан өзбектерге басты үш халық жататынын жазғанда өзбектерді этникалық (халықтық) сипатта емес, саяси жағдайда көрсетіп отыр. Ол өзбектерге кіретін үш халықтың біріншісіне шайбанилерді жатқызады. Олар – түрікіленген моңғол тұқымдары. Екіншісіне қазақтарды жатқызады, олар: қыпшақ, тағы басқа қазақ тайпалары. Ал үшініші – маңғыттар деп отырғаны қарақалпақтар мен ноғайлар еді. Бұл – этносаяси қауымдастықтар әлі де халықтық дәрежеге көтеріле алмаған кез. Рузбиханның жазуы бойынша, ең көбі және ержүректері қазақтар болған. Бұл деректен байқалатыны, Өзбек хандық құраған кездің өзінде қазақтар халық ретінде ерекшелене бастаған. Кейбір деректерде Әмір Темірдің Тоқтамыс ханды жазалау үшін келе жатып, сырдария бойындағы қазақ хандары Әмен мен сәменді жазалағыны туралы айталады. Бұл хабар Рузбиханның дерегіне дейін болған. Бұл деректер XIV ғасырдың аяғында XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғандығын көрсетеді.

Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде «өзбек-қазақтар» деп аталды. Өзбек деген атау біртіндеп қалады да, қазақ деген атау тұрақтанып, қазақ халқының этникалық атына айналды. Ал «өзбек» атауы тығылған Орта Азияға ауған ру-тайпалар өзөбек халқын құрайды. Сөйтіп «өзбек-қазақ» атанып жүрген өзбек хандығы кезіндегі этносаяси бірлестіктен туыстас екі халық құрылған. Осы туыстықтың куәсі ретінде қазақ халқында айтылып жүрген «Өзбек - өз ағам» деген мәтел бұл екі халықты түбі бір болғандығын көрсетеді.

Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда, «қазақ» деген атау Орхон, Енисей жазбаларынағы «қазғақ оғлұм» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалуы нәтижесінде тұрақтанған. Алайда түрік тілінің заңдылықтары бойынша бұл пікір де қолдау таппады. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзі «мықты», «берік», «алып» мағынасын береді.

Рухани мәдениет – белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың әдеп-ғұрыпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелері, діни наным-сенімдері жатады.

Рухани мәдениет – ғасырлар тереңнен бастау алған рухани қазына. Мәселен, бүгінгі қазақ халқындағы жаңа түскен келіннің отқа май тамызуы – бір кезедегі отқа табынушлықтың белгісі. Яғни б.з.б. қола дәуірінен жалғасып келе жатқан салт-дәстүр.

XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды, ғылыми тілмен айтқанда, фольклор түрінде дамыды.

Фольклорға ел ішінде айтылып жүрген ертеглер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, эпостық жырлар жатады.

Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда орай бастағанымен, XIX ғасырдың аяғына дейін бұл дін оның тұрғындарының жүрек түкпіріне толық жете қоймаған  еді. Мұндай пікірді «Ислам діні» атты мақаласында қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов та айтады. Атақты Өтеміс қажы өзінің «Шығыснама» кітабында «Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді» деп жазған. Хан өз төңірегіне діншіл ғалымдары жинап, мұсылман дінінің таратылуына себін тигізген.

 

 

 

 

 

 

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары

Осы кезеңде Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайтпалары Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Қараталдан Сырдарияға, Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең-байтақ, жазық даланы қоныстанған еді. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт, тағы басқа көптеген тайпалар болды.

              Ақ орда хандығы, оның орнын басқан Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан хандықтарының этникалық құрамын жоғарыда аты аталған қазақ тайпалары құрады. XV ғасырда қазақ ханыдығының құрылуы қарсаңында қазақ тайпалары мынандай географиялық аймақтарда: наймандар – Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерде; қоңыраттар – Түркістан мен Қаратау аралығында; керейлер – Жетісу, Тарбағатай, Ертіс бойы, Зайсан көлі маңы мен Обь және Тобыл өзендері аралығында; дулаттар – Іле, Шу, Талас өзендері бойында, Ыстықкөл маңы мен Оңтүстік Қазақстан өңірінде; қаңлылар – Қаратау бауыры, Сырдария мен Жетісу өзендері бойында; үйсіндер – Жетісуда; жалайырлар Қаратауда, Сырдария бойында, Жетсуда қоныс тапты.

              XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті. Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды.  Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті, қолайлы жағдайлар қалыптасты. Тілі, материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық  топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады. Қазақ тайпаларына өз жерінде көз алартып, зорлық-зомбылық жасаушыларға ұзақ, әрі табанды қарсылық көрсетіп, тойтарыс беруге ұмтылыс көрініс таба бастады. Қазақ, қырғыз, ноғай ішінара өзбек, ұйғыр, қарақалпақ халықтарының қандас-туыстық ынтымағы қалыптасып, нығая түсті.

             

 

Керей мен Жәнібек. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді. Жәнібек пен Керей сұлтандардың билік жүргізу үшін Шыңғысханның ұрпақтарымен күресуі ру ақсақалдарымен бірге, қатардағы малшылар мен егіншілердің әр түрлі әлеуметтік топтарының да мүддесінмен сай келді. Бұл жағдай тайпалардың дербес өз мемлекетін, қазақ хандығын құруға деген ұмтылысын айқын бейнелеп берді.

              Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарының бірі сол кездегі  Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің - Әбілқайыр хандығы («Көшпелі өзбек мемлекеті») мен Моғолстан хандығының ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды. XV ғасырда Әбілқайыр хандығы  мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті. Бұл хандықтардағы билік басында отырған ақсүйектердің күш-қуаты артып, олардың жоғарғы билікке деген үміт, талпынысы күннен-күнге арты түсті.

              Қазақ хандығының іргесін нығайтып, оның күш-қуатын арттыру, сөйтіп ірі, дербес мемлекетке айналдыруға бағытталған іс-әрекеттер, қазақ қоғамын билеуші топтардың мүддесін сай келді. Сондықтан қазақ тайпаларының ақсүйек көсемдері тарпынан қолдау тапты. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы, Қаратау баурайындағы, Сырдария бойындағы, Түркістанның солтүстік жылдарының өзінде-ақ Керей мен Жәнібек сұлтандардың төңірегіне топтасқан еді.

              Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі XV ғасырдың орта шенінде Әбәлқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық  қырқысулардың үдей түсуі болды. Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау бұқара халықты ауыр күйзеліске ұшыратты.

              Тоқтаусыз жүргізілген қанды қырғын соғыстар мен феодалдық бытырраңқылық салдарынан қазақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайлылымын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері жиі бұзылды. Көшпелі тайпалар жайлау, қыстауларына мезгілінде көше алмайтын болды. Бұл жағдай көшпелі  мал шарушылығымен айналысатын тайпалардың тұрмысына ауыр зардабын тигізді. Бір жағынан қан төгіс соғыстар титықтатып, екінші жағынан  мал жайылымынан таршылық көрген қарапайым халық бейбіт өмір, кең өрісті аңсады.

Информация о работе Қазақ хандығы