Қазақ хандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 23:10, реферат

Описание

Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы. XV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428 жылы хан сайланды. Әбілқайыр – Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ханның ұлысы Батый ханның тұсында құрылған. Жазба деректерде Батый ханның Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығы кезінде Шайбани да онымен бірге болған. Жорықта көрсеткен жақсы қызметі үшін, Батый хан Шайбани ханға қосшы етіп, найман, бұйрық және қарлұқ тайпаларын берген.

Содержание

І. Кіріспе
Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр хандығынан бөлінуі.
ІІ. Негізі бөлім
1.1. Қазақ халқының қалыптасуы.
1.2. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары
1.3. Керей мен Жәнібек.
1.4. Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.
1.5. Қазақ хандығының аумағы және халқы.
1.6. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы
ІІІ. Қорытынды
Қазақ хандарының әулеті.

Работа состоит из  1 файл

Қазақ хандығы.doc

— 105.00 Кб (Скачать документ)

1486 жылы қазақ әскерлері Мұхаммед шайбаниді жеңді.

XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды.

XVI ғасырдағы Қазақ хандығы

XVI ғасырдың I жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті. 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты міндеті – Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мұхаммед Шайбани болды.

1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхаммед Шайбани әскерін жеңді.

1510 жылы Мұхаммед Шайбани Мервте өледі.

XVI ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтады.

XVII ғасырдағы Қазақ хандығы

XVI ғасырдың аяғына қарай Жетісу жерлері, Сырдария бойындағы көптеген қалалар, бұрынғы Ноғай ордасының құрамында болған жерлер Қазақ хандығының қарамағына  қосылды. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының халық саны 1 млн-ға жеткен.

Қасым хан қазақтың құқықтық тарихының 5 бөлімнен тұратын белгілі «Қасқа жол» заңдар жинағын шығарған.

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы Ресей патшалағымен, сібірмен т.б. елдермен байланыс орнатады. Бұл туралы австриялық саяхатшы Зигменд Герберштейн былай деп жазады: «Қазақ хандығымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлкеттердің бірі ұлы князь Василий билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті болды». Ал Қазақ хандығығының Қасымнан кейінгі билігі Мамаштың қолына тиді.

1523 жылы хан тағына Тақыр отырды. Тақырдың кезінде  Қазақ хандығы біраз жерлерінен айырылды.

1533 жылы хан тағына Бұйдаш отырғанда да, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары жақсарған жоқ.

1534 жылы хан тағына Қожа Махмұд, 1535 жылы Тоғым хан отырды.

1537 жылы хан тағына Қасымның баласы Хақназар (1537-1580) отырды. Хақназар ең алдымен Жайық маңын, Түркістан жерлерін басып алды.

1580 жылы хан тағына Шығай отырды.

1582 жылы Шығайдың баласы Тәуекел хан болды. 1586 жылы Тәуекел Түркістанды басып алды. 1598 жылы Тәуекел хан інісі Есім сұлтанмен қазақ қолы Мәуреннахрға кіріп, Самарханды басып алады. 1598 жылы Ташкентте Тәуекел хан қайтыс болады.

1598 жылы Есім хан болды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға бағынбай, Түркістанды жеке биледі.

1627 жылы Есім хан қайтыс болады. 1629 жылы хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Ол қазақ тарихында «Салқам Жәңгір» деген атқа ие болады.

1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке отырады. Әз-Тәуке хандық билікті, негізінен, билерге сүйеніп жүргізеді. Билердің көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарады.

Тәуке хан кезінде Қазақ хандығының астанасы – Түркістан қаласы. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болды.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.                           Қозыбаев М.К., Қозыбаев И.М. Қазақстан тарихы. Алматы: «Мектеп», 1993.

2.                           Қасымбаев Ж.К. Қазақстан тарихы. Алматы, 1994.

3.                           Энцоклопедия Қазақстан тарихы (2 том) Алматы: «Атамұра», 1998.

4.                           Аманжолов К. Түрік халықтарының тарихы. Алматы: «Білім», 1999.

5.                           Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. Алматы: «Жалын», 1993.

 

 

 

 

1

 



Информация о работе Қазақ хандығы