Салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:28, курсовая работа

Описание

Диплом жұмысының мақсаты – қазіргі бәсеклестік экономикада салықтан жалтарыдың себептерін анықтай отырып, салық санкцияларын салу механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттеріне мыналар жатады:
салықтың әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу және қызметтерін көрсету;
салық салуды ұйымдастыру прициптерін қарастыру;
салық жүйесінің құрылмын қарастыру;

Содержание

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.................................................4

Салықтар ұғымы және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні…………………………………………………………………….…......4
ҚР-ғы салық жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен салық санкциялары……...........................................................................................11


2 ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН САЛУ ҚЫЗМЕТІ …………....................……...................15

2.1. Салықтан жалтару себептері және әсері…………………………...............15
2.2. ҚР бюджетіне төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдерді алуды ұйымдастыру және салықтан, жалтару тәжірибелерін талдау……………............................................................................…………..........20
2.3. Қазақстандағы салықтар, алымдар мен төлемдердің,
алыну ерекшеліктері және салық ауыртпалығын аудару…..................23

3. ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................……………51

3.1. Салық санкцияларын пайдалану проблемалары мен шешу жолдары……………………………………..............................................................51
3.2. Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру.....................55

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………........…....59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................62

Работа состоит из  1 файл

ҚР салық жүйесі және салық санкциясы. 62.doc

— 465.00 Кб (Скачать документ)

Резидент емес, тұрақты  мекемелермен байланысы жоқ жеке тұлғалар шегерімсіз, 5 %  - дан  20% -ға дейнігі ставкамен төлем көздерінен түскен табыстың түріне байланысты салық төлейді.

Төлем көздеріне жеке табыс салығын есептеуді және ұстап қалуды табысты төлеген  күні салық агенті жүргізеді.

Төлем көздеріне салық  салынбайтын табысқа салықты  есептеуді және аударымды салық төлеуші, табысты алған мезетте 5-10 күн аралығында  дербес (салық төлеуші) жүргізеді.  Бұндай жағдайда салық төлеуші аумақтық салық органына 31- ші наурызға дейін декларацияны ұсынады.  

Жеке табыс салығын  төлеушілер жеке тұлға мен шетелдік жеке тұлғалар болып табылады.

Салық төлем көзінен  салық салынатын  табыстары және төлем көздерінен салық салынбайтвн  табыстардан алынады.

Бірінші жағдайдағы табысқа: жұмысшылардың табысы, бір жолғы  түскен табыс, жинақтаушы зейнетақы  қорына зейнетақы төлемдері, сыйақы, дивиденд, ұтыс, стипендия  түріндегі табыс, жинақтаушы зейнетақы шарты бойынша табыс жатады.

Төлем көзінен салық  салынбайтын табысқа: мүліктік табыс, жеке кәсіпкерлікке салық салынатын  табыс, адвокаттың табысы, өзге де табыстар жатады. Мүліктің табысқа кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын мүлікті өткізудегі құнның өсімі кіреді, яғни мүлікті жалға беру арқылы алынған табысты атайды.

Салық мөлшері табыс  көлеміне байланысты сатылы прогрессия түрінде, яғни 5% -дан 20% - ға дейін бекітілген.

Жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктер, яғни Ұлы Отан соғысына қатысқандарға және мүгедектердің  табысына салық салудан босату қарастырылған.

Қазақстан тысқары  жерде  төленген жеке табыс салығының сомасы Қазақстанда салық төленген кезде  есепке алынады.

Резидент жеке тұлғалардың табысына Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған  табысы, сонымен қатар Қазақстаннан тысқары жерде алған табыстары кіреді.

Резидент еместердің жеке табыс салығының төлемдерін, ұстап қалуын, есептеу тәртібін, салық салынатын табысын анықтау қызметтің сипатына байланысты жүргізіледі.

Резидент емес, тұрақты  мекемелермен байланысы жоқ жеке тұлғалар шегерімсіз, 5 %  - дан  20% -ға дейнігі ставкамен төлем көздерінен түскен табыстың түріне байланысты салық  төлейді.

Төлем көздеріне жеке табыс салығын есептеуді және ұстап қалуды табысты төлеген күні салық агенті жүргізеді.

Төлем көздеріне салық  салынбайтын табысқа салықты  есептеуді және аударымды салық  төлеуші, табысты алған мезетте 5-10 күн аралығында  дербес (салық  төлеуші) жүргізеді.  Бұндай жағдайда салық төлеуші аумақтық салық органына 31- ші наурызға дейін декларацияны ұсынады.  

          3. Арнайы  төлемдер  және  жер   қойнауын   пайдаланушыларға салынатын  салықтар. Арнайы төлемдер жер  қойнауын пайдаланушыларға салынатын  салықтарды төлеушілер болып заңды және жеке тұлғалар, сонымен бірге Қазақстан Республикасының территориясында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізуші шетел азаматтары, сонымен бірге мемлекет меншігіндегі техногендік минералдық қазбаларды өңдеу жұмыстарын жүргізушілер саналады.

Жер қойнауын пайдаланушылар үшін жасалған салықтық тәртіп, жер  қойнауын пайдалану келісімшарты бойынша  анықталады. Ол Қазақстан Республикасының  Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша  жасалады.

Келісім-шарттың негізгі  түлеріне сәйкес салық салудың 2 моделі жасалған:

  1. Жер қойнауын пайдаланушының салықтың барлық түрлерін және басқа да төлемдерді төлеу.
  2. Жер қойнауын пайдаланушының өнім бөлшегіндегі Қазақстан Республикасының үлесін төлеу (беруі), сонымен бірге таза мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға акциздерді есептемегенде және үстеме табысқа салық, жер салығы, мүлікке салықты есептемегендегі салық пен төлемдердің барлық түлерін төлеу.

Жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты (салықтық тәртіп) жер қойнауын пайдалану келісімшартына негізделген, міндетті түрдегі салықтық тексеруден өткізілген салықтық тәртіп келісім-шарттың мерзімінің аяғына дейін өзгеріссіз жұмыс жасайды. Ал өзгерістер тараптардың келісімі бойынша енгізіледі және жер қойнауын пайдаланушы мен мемлекеттің бастапқы экономикалық көзқарастарына өзгеріс енгізбейді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың  арнайы төлемдері мен салықтарына  енетіндер:

  1. Бонустар: коммерциялық және жазбалық сипаттағы
  2. Роялтилер
  3. Үстеме табысқа салық
  4. Өнімді бөлгендегі Қазақстан Республикасының үлесі.

Жазбалық бонус деп  келісім-шарттағы территорияда жер қойнауын пайдаланушының өз іс-әрекетін жүзеге асыру құқығы үшін төлейтін тұрақты 1 ретті төлемі. Сол сияқты ол пайдалануға берілетін кен көздерінің бағалылығына қарай келісім-шарт жасау кезінде жасалады. Жазбалық бонустардың өлшемін үкімет береді.

Коммерциялық сипаттағы  бонустар келісім шарттағы территориядағы пайдалы қазбалардың әбір коммерциялық кен көздерінің табылғаны үшін төлентін және жер қойнауын пайдалану келісім-шартында белгіленетін төлем болып табылады. Салымның объектісі болып пайдалы қазбалардың шығарылатын бөлігінің бекітілген көлемі табылады. Коммерциялық сипаттағы бонус шығарылатын қордың құнының 0,1% мөлшерінде есептеледі. Бонустың төлем уақыты келісім-шартта көрсетіледі.

Роялти техногендік  құрылымдарды өңдеу және пайдалы қазбаларды өндіру үрдісінде жер қойнауын пайдалану құқығын беретін төлем болып табылады. Оның салымының объектісіне пайдалы қазбалардың көлемі немесе нақты алынған пайдалы қазбалардан жасалған бірінші тауарлық өнім жатады. Роялти заттай немесе ақшалай түрде төленеді. Кең таралған пайдалы қазбалар және жер асты сулары үшін роялти ставкасы 1% - 10%-ке дейінгі өлшемді, көмірсутектер үшін кен игеру көлеміне байланысты ауыспалы шкала боойынша, бағалы тастар мен металдарды қосқандағы қатты пайдалы қазбалар үшін келісім-шарттың жұмыс істеу кезеңіндегі белгіленген проценттік ставка бойынша есептеледі. Роялти ай сайын келесі айдың 15- жұлдызынан кешіктірмей төленуі тиіс. Жер қойнауын пайдаланушының үстеме табысына салық дегеніміз салық көдексі бойынша бекітілген нормативтен асқан табысқа төленетін төлем. Бұл салықтың төлеушілері болып “Өнімді бөлшектеу” келісім шарты мен, жер асты сулары және кең таралған пайдалы қазбаларды өндірушілерді есептемегендегі, жер қойнауын пайдаланушылар есептеледі. Үстеме пайда салығының салым объектісіне әрі жеке келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза пайдасының сомасы жатады. Бұл келісім-шарт бойынша пайданың ішкі нормасы 20%-тен жоғары болып есептеледі. Осы кездегі салық мөлшерлемесі (баспалдақты) сатылы прогрессия бойынша 4%-тен 30%-ке дейін бекітілген (салық) (пайда нормасының 30%-тен жоғары кезінде). Салық келесі айдың 15- жұлдызына дейін төленуі тиіс.

Бонустар, роялти және үстеме табыс бойынша пайдаланушыларға территориялық салық мекемелеріне салықтық декларациялар беріледі.

Қазақстан Республикасының  өнімді бөлшектеудегі үлесі тараптардың  келісімі бойынша анықталады. Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушыға  ақысы түрде келісім-шарттағы территорияда пайдалы қазбаларды өндіру құқығы беріледі. Өнімді бөлшектеудегі үлесі келесі айдың 15- жұлдызынан қалмай төленеді. Өнімді бөлшектеудегі үлес корпоративтің табыс салығын есептеу үшін жиынтық жылдық табысты анықтау кезінде белгілі болады, яғни сол кезде ұстап қалады.

4. Әлеуметтік салық.  Әлеуметтік салықтың төлеушілеріне заңды тұлғала, сонымен бірге өз қызметін тұрақты орындарды атқаратын шетелдіктер, жеке кәсіпкерлер жатады.

Салым объектісіне еңбек  ақы және басқа да төлеулер жұмысшыларға, шетел азаматтары және Қазақстан  Республикасында тұрақты тұратын  азаматтығы жоқ тұлғаларға төленетін, ал жеке кәсіпкерлер мен кейбір жеке тәжірибелік тұлғалар (нотариустар, адвокаттар) үшін - өздеріне қосқандағы олардың пайдаланатын жұмысшыларының саны. Еңбекақыға қосылатын төлемде – міндетті зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың, әртүрлі өтемдік төлемдер, жеткізу және үстінен төлеулер, уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты әлеуметтік жәрдемақылар, баланың туылуы кезіндегі материалдық көмектер, жүктілік және босану кезіндегі әлеуметтік жәрдемақылар, жерлеу үшін материалдық көмектер, әлеуметтік көмек үшін төлемдер, басқа мемлекеттердің гранты есебінен төлемдер, әлеуметтік жұмыстар төлемдері мен бюджет пен грант есебінен мамандықтың оқулар мен әлеуметтік жұмыстарды төлеу, басқа да әртүрлі төлемдер.

Салық мөлшерлемесі 21 %.

Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар салықты 3-айлық есеп айырысу көрсеткіштерінің өлшемі бойынша және әр жұмысшы үшін 2-айлық есеп айырысу көсеткіштері бойынша төлейді.

Салық бюджетке келесі айдың 15 жұлдызынан қалмай төленуі тиіс.

Кіші бизнестің субъектілері – заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер арнаулы салықтық тәртіпті патент пен жеңілдетілген декларацияға сүйеніп қолдана отырып, берілген салық салуда қарастырылғандай әлеуметтік салықты сомалық басқада салықтармен төлеуді.

5. Меншікке салынатын  салықтар. Нарықтық экономика жағдайында  бұл салық тобы ерекше орынды  жекешелендіру мен мемлекеттендірудің  дамуына байланысты меншік қатынастардың  арасындағы нақты өзгерістерге  байланысты ерекше орын алады.

Меншіктік салыққа жататындар: жерге салық, заңды және жеке тұлғалардың мүлікіне салық, транпорттық заттарға салық.

Меншікке салық жергілікті бюджетке түседі.

Фискальдық мақсаттан  басқа, бұл салықтардың мақсаты  меншікті пайдаланудың нәтижелілігін  ынталандыру болып табылады. Себебі, салық мөлшерлемесі мүліктің өлшеміне байланысты, оның пайдалылығын есептемей белгіленеді. Табыс әрқашан меншіктің өлшемін анықталмайды: меншікке меншіктің өлшемімен анықтамайды: меншікке салық болмаған жағдайда, ірі меншік иелері салық салу жағынан қарастырғанда жеңілдік жағдайға ұшырайды және меншікті барынша өндірістік тиімді пайдалануға тырыспайды. Меншікке салықтар қоғам алдында салықтық жауапкершілікті біркелкі бөлуге мүмкіндік береді. Осы себептен бұлар нақты салықтарға жатады.

6. Жер салығы. Жер салығы 1992 жылдан бастап енгізілді.

Оның мақсаты –  жерді тиімді пайдалануды экономикалық тәсілдермен қамтамасыз ету және жерді қолдану, жердің өнімділігін  арттыру және оны қорғау, территорияның  әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджетке табыстар қалыптастыру.

Салықның объектісіне салық төлеушінің меншігіндегі жер бөлімшелері жатады. Ол бөлімшелер тұрақты және алғашқы тегін уақытша пайдалануға берілуі мүмкін және әртүрлі мақсатқа: ауылшаруашылық, елді мекендер, өндірістік, транспорт, байланыс, қорғаныс және басқа да мақсаттар үшін беріледі. Салық салуға ерекше қорғалатын табиғи территориялардың, ормандардың, су қорларының, қордағы жерлердің жерлері жатпайды. Автожолдардың жүйелерімен толтырылған, жалпы қолданыстағы елді мекендердің жер бөлімшелері салық салудың объектісіне жатпайды.

Салық төлеушілер болып  заңды және жеке тұлғалар және меншігінде уақытша немесе тұрақты қолданыстағы жер бөлімшелері бар тұлғалар есептеледі.

Салық мөлшерлемесі жердің сапасына, орналасуына, сумен қамтамасыз етілуіне байланысты бөлінеді және же алаңының бірлігіне бекітілген – гектар, шаршы метр.

Базалық мөлшерлемелер  республиканың заңдылықтарымен  бекітіледі. Максималды мөлшерлемелер  елді мекендердің жерлерінде жасалады: бұл мөлшерлемелер алаңның әр шаршы метріне жасалған және елді мекендердің түрлеріне байланысты ажыратылады: тазалық-қорғаныс зоналары, техникалық және басқа да зоналар, адам тұрмайтын құрылыстар орналасқан жерлер, оларды құру үшін қажетті бөлімшелер, жеке мөлшерлемелер адам тұратын қорларға арналған алаңдарға қолданылады.

Ауылшаруашылық, өндірістік және басқа да салалық негіздегі, қорғаныс қажеттілігіне жер мөлшерлемесі бонитет баллына байланысты алаңның әр гектарына есептеледі. Бонитет балы (жердің өнімділігін, құнарлылығын көрсететін көрсеткіш) 5 тен 100 баллдан жоғары болады. Төменгі мөлшерлемелер шөл, шөлейттік, таулы территориялардың суғарылмайтын жерлерге қойылады.

Базалық мөлшерлемеге жыл  сайын ҚР Үкіметі бекітетін коэффициент  қолданылады. Жергілікті басқарушы  орындар базалық мөлшерлемелерді 20%-ке өзгертуге құқығы бар.

Жерге мөлшерлеме коммерциялық мақсаттағы елді мекендердің базалық көрсеткіштері, 2-ден 10 есеге дейін көбейтілген, арқылы қойылған.

Гуманитарлы және әлеуметтік сипаттағы қызметі бар салық  төлеушілердің бірқатары базалық  мөлшерлемелерге 0,1 коэффициентін қолданады.

Жер салығын төлемейтіндерге  мемлекеттік орындардың бірқатары, салықтық тәртіптің 2 моделіндегі жер  қойнауын пайдаланушылар, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, ортақ жер  салығын төлеушілер жатады.

Ауылшаруашылығындағыларға және бөлімшелердің иелеріне салық төлеу қазанның 1 жұлдызынан қалмау керек, бұлардан басқалары жылына бірдей үлесте 4 рет төлеу керек.

7. Мүлікке салынатын  салық. Мулікке салық тікелей  нақты салық болып есептеледі, оның көлемі төлеушінің мүлкінің  кірістілігіне емес, құнына байланысты. Салық мүлік иелерін нәтижелі қолдануға шақырады.

Салықты төлеушілерге заңды  және жеке тұлғалар, (шетелдік жеке тұлғалар) кәсіпкерлік қызметке қолданатын мүлкі  бар шетелдік жеке тұлғалар жатады. Салымның объектілеріне заңды және жеке тұлғалардың өндірістік және өндірістік емес қорлары, тұрғын үйлер, саяжай, гараждар, басқа да кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын заңды тұлғалардың орындары жатады. Салымның объектілері заңды және нақты тұлғалардың мүліктері бухгалтерлік есептің деректері бойынша орта жылдық құны бойынша орта жылдық құны бойынша бағаланса, ал жеке тұлғалардан - қозғалмайтын мүлікті бағалау бойынша лауазымды орынмен бағаланады. Заңды және кәсіпкерлердің мүлкіне салық жыл сайын объектілердің орта жылдық құнынан  1% мөлшерлеме бойынша төленеді. Коммерциялық емес оганизациялар, ғылым, мәдениет, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамту, білім, табиғат қорғау қызметіндегі, мүгедектер қоғамы секілді мемлекеттік мекемелер объектілердің орта жылдық құнынан 0,1% мөлшерінде салық төлейді. Кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын жеке тұлғалардың мүлкіне салықты жыл сайын 0,1% мөлшерлемеден 1%-ке дейін мүліктің құнына байланысты мөлшерлемеде төлейді.

Информация о работе Салық жүйесі