Салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:28, курсовая работа

Описание

Диплом жұмысының мақсаты – қазіргі бәсеклестік экономикада салықтан жалтарыдың себептерін анықтай отырып, салық санкцияларын салу механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттеріне мыналар жатады:
салықтың әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу және қызметтерін көрсету;
салық салуды ұйымдастыру прициптерін қарастыру;
салық жүйесінің құрылмын қарастыру;

Содержание

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.................................................4

Салықтар ұғымы және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні…………………………………………………………………….…......4
ҚР-ғы салық жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен салық санкциялары……...........................................................................................11


2 ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН САЛУ ҚЫЗМЕТІ …………....................……...................15

2.1. Салықтан жалтару себептері және әсері…………………………...............15
2.2. ҚР бюджетіне төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдерді алуды ұйымдастыру және салықтан, жалтару тәжірибелерін талдау……………............................................................................…………..........20
2.3. Қазақстандағы салықтар, алымдар мен төлемдердің,
алыну ерекшеліктері және салық ауыртпалығын аудару…..................23

3. ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................……………51

3.1. Салық санкцияларын пайдалану проблемалары мен шешу жолдары……………………………………..............................................................51
3.2. Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру.....................55

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………........…....59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................62

Работа состоит из  1 файл

ҚР салық жүйесі және салық санкциясы. 62.doc

— 465.00 Кб (Скачать документ)

 Салық салынатын  объектті есепке алу мен бағалау  тәсілдеріне байланысты салық  салудың 4 түрі бар: кадастрлық, салық салушының мәлімхаты бойынша  (декларация), табыс көзінен алынатын салық, патент бойынша салық салу.

Кадастрлық тәсілінде  салық салу объектісінің нақтылы  табысты есепке алмай, табыс нормасын көрсетіп жазу арқылы жүзеге асады. Декларацияда салық төлеуші табыс көлемін, керекті жеңілдіктерді көрсетіп жазып, салық сомасын төлейді.

Табыс көзінен алынатын салық салық төлеушінің қызмет орнындағы  бухгалтерияда есептеліп, төленеді.

Патент бойынша салық  салық төлеушінің дәл анықтау  қиынға соғатын қызмет түрлерінен түсетін  табыстарына салынады:

Салық есебінің 2 тәсілі бар:

1. Кассалық,

2.Есептеу тәсілі.

Кассалық тәсіл бойынша  табыстар мен шегерулер төлем  мерзіміне қарамастан, жұмыстың орындалу кезінен, қызметтердің көрсетілген, жүкті  жөнелту кезінен бастап ескеріледі.

Есептеу тәсілі салық  қызметі үшін нығұрлым қолайлы тәсіл болып табылады, және де осы тәсіл Қазақстанның барлық салық төлеушілерімен қабылданған еді. Оның салық төлеушілер үшін бір ғана кемшілігі бар – салықтың төлемдер жеткізіп берулер мерзімінде төленбеген уақытта да аударылуы керек.

Қазақстан Республикасының жүйесінің құрамына салық баж түрлері, салық қатынастарын реттейтін хұқтық нормалар және салық қызметінің органдары

Салық төлеушілердің  кейбіреулері үшін арнайы салық түрлерін төлеу мен есептеу тәртібін қолдануды  қарастыратын арнайы салық тәртібі  бар. Оларға жататындар: кіші бизнес субъектілері, шаруа шаруашылықтары, ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар, кәсіпкерліктің кейбір түрлері.

Салық жүйесіне, сондай-ақ, мемлекеттік салық қызметі кіреді. Қазақстанда ол табыс министрлігі; облыс, қала және региондардағы салық комитеттері және салық полициясы түрінде құрылған. Салық қызметі бағалар мен тарифтерге шығындарды ескере отырып, Республиканың салық және басқа да міндетті төлемдер туралы заңының жүзеге асырылуын бақылап қадағалайды.

5. Экономикалық қолайлылық - салықтар экономиканың дамуы мен күрделі қаржының өсіміне кедергі болмауы тиіс. Неғұрлым көп жұмыс жасайтындарға салықты соғұрлым көп салу дұрыс емес. Салықтардың өнім өндіруге, өндіріске және күрделі қаржыға әсерін үнемі ескеріп отыру шарт. Егер, осылардың ең болмаса біреуіне салықтың теріс әсері болса, мұндай салық салуды қолданбаған жөн.

6. Экономикалық қатынастар  бойынша көршілес елдердің негізгі  салық түрлері бойынша салық  мөлшерлемесін салыстыру қежеттілігі.  Бұл инвестициялық салымдарды тарту үшін қажет, ал төмен мөлшерлемелер табыстардың капиталды экспорттайтын мемлекеттердің бюджетіне ағылуына әкеліп, импортер мемлекеттің бюджнтіне кері әсерін тигізеді. Ал, жоғары мөлшерлемелер мемлекет экономикасына шетел инвестицияларының ағымына бөгет жасайды.

  Салық салуды ұйымдастыру  салық механизмін, яғни салық  түрлерінің нақты атаулары, сонымен  қатар оларды пайдаланудың әдістері, тәртібі, іс -әрекет әдістерін  құру  мен жұмыс істеуіне байланысты  сипатталады. 

Салық салу элементтеріне  мыналар жатады: субъект, объект, салық көзі, салық салу бірлігі, салық ставкасы, квота, салықтық жеңілдіктер, төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттері, салық төлеуге бақылау, салық заңдылықтарын бұзғаны үшін санкциялар.

Салық субъектісі (салық төлеушісі) – бұл заң арқылы салық төлеу міндеті жүктелген жеке немесе заңды тұлға. Салық тасушылар – нақты салық ауыртпалығы түсетін соңғы салық төлеушілер, яғни жек тұлғалар.

Салық объектісі –  салық салудың негізі болатын  ақшалай операциялар, қызмет көрсету, қызмет түрі, мүлік, табыс, табиғи ресурстарды пайдалану, өнімге (оның құнына) қосылған құн, жұмыс және қызмет көрсету, шаруашылық айналым (тауарлы материалды құндылықтар) және т.б. табылады. Салық номенклатурасы (түрлері және тізімі) өзінің бастауын салық объектілерінен алады.

Салық көзі болып салық  төленетін табыс; кейбір салықтар бойынша (мысалы, табысқа салынтан салық) объектілері  мен көздері сәйкес келеді; кейбір жағдайларда салық көзі болып  салық төлеу үшін төлеуші сататын  мүлкінің бір бөлігі болуы мүмкін.

Салық өлшем бірлігі  – санау үшін белгіленген салық  объектісінің өлшем бірлігі (1  тенге, табыс және т.б.).

Салық ставкасы – бұл  салық салу бірлігіне бекітілген салық көлемі, ол салық салудың  нормасын сипаттайды; салық төлеушінің табысына пайызбен бекітілсе, салық квотасы деп аталады. Салық ставкаларының құрылуы жағынан тұрақты және пайыздық болып бөлінеді.

Тұрақты ставкалар табыс  көлеміне байланыссыз, салық салыну бірлігіне абсолютті сомада белгіленеді (нақты салықтар салынғанда: жерге, мүлікке және т.б. қолданылады).

Пайыздық ставкалар  үш түрлі болады: пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік.  

Пропорционалдық ставкалар  салық объектісі көлемінен тәуелсіз бір пайызбен тағайындалады; прогрессивтік  – табыс немесе мүлік өсіміне  сәйкес ставкада өсіп, шкала түрінде көрсетіледі.

Прогрессивті ставкаларда  екі түрлі прогрессия қолданылады: жай және күрделі; жай прогрессияда мүлік құнының  немесе табыстың өсуіне байланысты салық ставкасы да өседі, күрделіде – бөліктерге  бөлініп, әрқайсысына көтерілетін салық ставкасы қойылады. Прогрессивтік ставканың кемшілігі оның экономикалық және еңбек қызметіне кері әсері болуында. Салық салу прогрессиясы жоғары болған сайын, салық салыну субъектілерінің қарамағындағы табыстардағы дифференциясы әлсіз, бірақ экономиканың тиімділігі соғұрлым төмен.

Регрессивтік ставкалар  салық объектісінің ұлғаюына байланысты төмендейді.

Нарықтық экономика  жағдайында ставкалар салық төлеушілердің  төлем қабілеті мен жалпы мемлекеттік  қажеттіліктерді ескеріп  қолданылады.

Ставкалар заңды түрде  белгіленіп, мемлекеттік бюджеттің  әр жылына байланысты қабылданғанда  түзетілуі мүмкін.

Салық оклады – субъектінің  бір объектіден төленетін салық  сомасы.

Салық жеңілдіктері –  заңды түрде төлеушілерді салық  төлеуден толық не жартылай босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:

  • салық салынбайтын минимум – толығымен салықтан босатылатын салық объектісінің ең аз мөлшері.
  • есептелген табыс сомасынан жеңілдіктер.
  • белгілі бір субъектілерге және кейбір салық төлеушілерге салық ставкасын азайту.

Салық жеңілдіктеріне мыналар  жатады: төлеудің мерзімін шегеру және салық ставкаларын азайту.

Жеңілдік кезеңі –  заң бойынша салық жеңілдігі  қолданылатын мерзім.

Салық салу кезеңі – салық  салу немесе жинау жүргізілетін уақыт.

Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері билік органдарымен және басқару органдарымен салық туралы заңдармен реттеледі.

Салық жинау және басқа  да міндетті төлемдерді  жинаудың дұрыстығына  бақылауды төлеушінің орналасқан немесе қызметінің орны орналасқан жағынан мемлекеттік салық қызметі жүзеге асырады. Салық органдарының мақсаттары, өкілеттігі, қызмет тәртібі, төлеушілер алдындағы құқықтарын бұзу жөніндегі жауапкершілігі мемлекет заңдарымен анықталады. Салық төлеушілерден (салық заңдарын бұзатын) жасырған сомаларды өндіру, табысты жасырғаны, бюджетке төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұл, өсім салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ТАРАУ. САЛЫҚТАН  ЖАЛТАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ  САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ  ЖӘНЕ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН САЛУ  ҚЫЗМЕТІ

 

2.1. Салықтан  жалтару себептері және оның  әсері

 

Салық төлеуден жалтару  – төлеушінің әдейі салым объектілерін (пайда, табыс, тауар айналыс, мүліктерді) жасыру және азайтуы, бұл жерде төлеуші салық төлемдерін жартылай немесе толық төлемеуді мақсат етеді. Мұндай әрекеті заңсыз әрекеті салық төлеушінің мемлекеттік қазынаға ірі зиянын тигізеді.

          Салықтан ауытқу себептері әртүрлі болуы мүмкін:

  1. шаруашылық, кәсіпкерлік және басқа да қызметті атқаруға қиындық келтіретін көлемді салық ауыртпалығы; салықтардың ірі көлемі және жоғары мөлшерлемесі субъекттің “жасырын” экономикаға кетуіне әсер етуі мүмкін.
  2. салық заңдылығының күрделілігі, сонымен бірге түсініксіздігі, ондағы өзгертулердің, түзетулердің, толықтырулардың көп болуы.
  3. салық жұмысындағы жеткіліксіздіктер: төменгі квалификация және жұмысшылардың білімсіздігі, құқықтық сұрақтар, экономикалық білімнің аралас салаларын жеткілікті білмеу: тексеру кезінде жұмысшылардың ұят қылықтарға баруы.
  4. субъекттердің әдейі ойластырған “көлеңкелі”  экономика үшін салық сомаларын төлемеуі.

“Көлеңкелі” экономиканың ірі масштабтары, басқа елдердің банктеріндегі шоттарына ақша аударымдары, кәсіпкерлік қызметтің нақты масштабын тиімді азайту, мүліктің құнының көлемі – мемлекеттік бақылаудан (шығуы) ірі салықтың түсімдерді шығарады.

Кейбір деректерде Қазақстанда  “көлеңкелі” экономика 1/3 ден 40%-ін құрайды жалпы ішкі өнімнің. Дұрыс  экономика кезіндегі қиын жағдай оның салықтық базасын мемлекеттік қаржы ресурстарын толықтыруға толықтыруға толық мүмкіндік бермейді.

“Екілік” есептің практикасы қалыптасты: кәсіпкерлердің өзіндік қолдануы үшін және кейбір ресми орындар үшін. Мұнда 2 –сінде қызметтің  минимальды жіберілетін көрсеткіштер көрінсе, 1 – сінде шын көрсеткіштер, бизнестің дамуы мен басқарылуы үшін, көрінеді.

Салықтар бойынша әкімшілік  жағдайларға салықтық орындардың әртүрлі  бекітілген тәртіптен ауытқулар  немесе салықты есептеу және төлеу кезіндегі стандартты емес жағдайларға байланысты әртүрлі белгіленген әрекет варианттар белгіленген. Мысалы: бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін бұзылғанда, есептік құжаттарды жоғалтқанда немесе жойғанда, өз тұтынуы шығындарына декларациядағы кірістерге сәйкес келмеуі, және басқа да жағдайларды салым объектісінің тәсілін анықтау.

Салықты күштеп салу шаралары бекітілген; салық төлеушінің мүлкіне тиым салу мүлікті (мүмкін болатын) игеру мүмкіндігімен  бірге және салыққа, штраф, шаруашылық операцияларын тоқтату төлемдеріне тиісті шотқа сомасын аудару. Салықтық заңдылықтың әртүріне жауапкершілік анықталған: мысалы, салық орындарына салық төлемдерін төлемеу немесе белгіленген мезгілін бұзып төлеу заң бұзушыларға салық сомасының 5% өлшемінде салықтық санкция төлеуді жүктейді, салық есептемесін мезгілінен 6 айға дейін асыру бұл соманың 10% өлшемінде төледі.

Салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке жартылай сомасымен немесе мүлде төлемеу төленбеген салық  және басқа да міндетті төлемдердің  сомаларынан 50% мөлшерде санкция төлеуді жүктейді. Бұл жерде төлемеу жолдарына салым объектісін көрсетпей не төмендету, салықты қате алу, өтірік немесе әдейі банкроттылық жариялау, мүлікті жасыру, дұрыс емес шот-фактураларды пайдалану жатады. Осы әрекеттерді 1 жыл ішінде кері қайталаса оларға төленбеген салықтар сомасының 100% өлшемінде                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   санкция салынады.

ҚҚС бойынша бюджетке ағымдағы төлемдердің сомасын азайтқаны  үшін салықтың сомасының 50% өлшемінде  санкция салынады;

салық төлеушілердің жасанды шот-фактуралары үшін 100% өлшемде санкция салынады;

ҚҚС бойынша сынаққа кіретін  расталмаған деректер туралы арыз үшін расталмаған соманың 50% өлшемін де, осы әрекет 1 жыл ішінде қайталанса соманың 100% өлшемінде санкция салынады.

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын салық төлеушілердің азайтуы салық кезеңінде алынған салықтың 10 нан 25%- ін құраса, салық салынатын кірістің 2% өлшемінде салықтық санкция, ал 25% дан көп болса аталған соманың 5% өлшемінде салықтық санкция салады.

Салық төлеушіде салық есебінің болмауы немесе салық есебін белгіленген тәртіпке сай жүргізбей төленбеген салықтардың 50% өлшемінде санкция төлеуге әкеліп соғады, егер осы әрекеттердің барлығы 1 салықтық кезеңде жасалса ғана, ал егер олар салық төлеу кезеңін 1 ден көп кезеңіндерінде жасалып және салық салым объектісінің азаюына желіп соқса, онда төленбеген салықтар сомасының 100% өлшемінде салықтық санкция төленеді.

Банктердің банк операцияларын  салық төлеушілердің банк құжаттарына  тіркеу номерінсіз жүргізуі үшін жауапкершілігі анықталған; салық орындарына бюджет алдындағы берешектерін күштеп өтету жағдайындағы жұмыс жасаушы субъекттердің банктік шоттарында қалған ақшаларын туралы деректер бермеуі; салық органдарының құжатынсыз банктік шоттарды ашу, бұл органдарды салық төлеушілердің тіркеу есебіне тұрғандығын дәлелдейтін бұл – салық орындарының құжаты. Осындай жағдайларда банктерге салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша жұмсаған шығындарының сомасының 5% өлшемінде санкциялар қойылады.

Информация о работе Салық жүйесі