Салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:28, курсовая работа

Описание

Диплом жұмысының мақсаты – қазіргі бәсеклестік экономикада салықтан жалтарыдың себептерін анықтай отырып, салық санкцияларын салу механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттеріне мыналар жатады:
салықтың әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу және қызметтерін көрсету;
салық салуды ұйымдастыру прициптерін қарастыру;
салық жүйесінің құрылмын қарастыру;

Содержание

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.................................................4

Салықтар ұғымы және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні…………………………………………………………………….…......4
ҚР-ғы салық жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен салық санкциялары……...........................................................................................11


2 ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН САЛУ ҚЫЗМЕТІ …………....................……...................15

2.1. Салықтан жалтару себептері және әсері…………………………...............15
2.2. ҚР бюджетіне төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдерді алуды ұйымдастыру және салықтан, жалтару тәжірибелерін талдау……………............................................................................…………..........20
2.3. Қазақстандағы салықтар, алымдар мен төлемдердің,
алыну ерекшеліктері және салық ауыртпалығын аудару…..................23

3. ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................……………51

3.1. Салық санкцияларын пайдалану проблемалары мен шешу жолдары……………………………………..............................................................51
3.2. Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру.....................55

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………........…....59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................62

Работа состоит из  1 файл

ҚР салық жүйесі және салық санкциясы. 62.doc

— 465.00 Кб (Скачать документ)

Мемлекет салық саясатын – салық аясындағы жүргізілетін шаралар жиынтығын - қоғамның дамуының әрбір нақты кезеңінің алдына қойылған мақсаттары мен тапсырмаларына байланысты, қалыптасқан экономикалық саясатқа сәйкес жүзеге асырады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында салық саясатының негізгі бағыты бұл - өзін ақтамаған жергілікті халықтың нақты табысының маңызды бөлігін тұтынушылардың орталықтандырылған қоғамдық қорлар арқылы құрастыру принципінің қалдығы. Бұл еңбектің күшеюін көздейтін мотивациялық-экономикалық механизм арқылы еңбекке жарамды халықтың табысын біршама ұлғайтуға алып келеді. Соның жүйесі арқылы қоғамның жұмысқа жарамсыз бөлігін әлеуметтік қорғаудың неғұрлым сенімді және нәтижелі түрі қамтамасыз етіледі.

Салықтар – мемлекет белгілейтін, белгілі бір мөлшерде және бір мерзімде алынатын міндетті төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетте жинақталатын ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.

Салықтар қаржының маңызды  категорияларының бірі болып табылады.

Салықтар мемлекетпен  бірге пайда болды, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Адамзат дамуының барлық тарихында салық нысандары  мен әдістері мемлекет сұранысына және қажеттіктеріне қарай өзгеріп, жаңартылады. Салықтар өзінің ең үлкен дамуына тауар–ақша қатынастарының жүйесінде жетілді.

Салық салу қағидаларына мыналар жатады:

  1. әділдік қағидасы екі тұрғыда қарастырылады:
  • горизонталды әділдік – салық төлеушілердің табысына салық бірдей шарттарда, бір түрде салынуы тиіс;
  • вертикалды әділдікті сақтау салық табыстың бөлігін қайта бөлу үшін дифференциалды ставкаларды пайдаланып, прогрессивтік шкаламен салынуы тиіс;   
  1. қарапайымдылық қағидасы. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті әрі қарапайым болуы керек;
  1. жеңілдіктердің минималды мөлшері. Жеңілдіктер құндық пропорцияларды бұрмалап және біле тұра салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға қояды;
  2. салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономика мен инвестицияның өсуіне, жұмыс істеуінің жақсаруына кедергі келтірмеуі керек;
  3. салық ставкалараның осы елдің экономикалық ынтымақтастық жөніндегі елдер салықтарымен негізгі түрлері бойынша салыстырмалылығы; 

Салық түрлерінің мемлекеттегі ерекшелігі болып әр түрлі қоғамдық қажеттіліктері үшін бейнесіз пайдалануы табылады.

Салықтардың мәні функциясында көрініс табады:

1) мемлекеттік бюджетке түсімді  қамтамасыз  ететін тарихи бірінші  қызметі салықтың фиксалдық   қызметі болып табылады;

2) салықтардың қайта бөлу қызметі мемлекет пайдасына әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер табыстарының бөлігін қайта бөлу болып табылады. Бұл салада қызмет ету масштабы жалпы ұлттық өнімдегі салықтардың үлесімен анықталады: ол ұлттық табыстың мемлекеттендіру деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы – 79,7%; 1998  жылы – 16,6%; 1999 жылы – 17,4%; 2000 жылы – 20,2% - ды құрады;

3) салықтардың үшінші реттеуші  қызметі – мемлекеттің экономикалық  қызметін кеңейтумен байланысты  пайда болады. Ол мақсатты түрде  ұлттық шаруашылық  бағдарламаларына  сәйкес дамуға әсер етеді. Мұнда  салық нысандарын таңдау, ставканы  өзгерту, жеңілдік алу әдістерін өзгерту пайдаланылады. Бұл реттегіштер қоғамның қайта өндірісінің құрылымы мен пропорциясына, жинақтау және тұтыну көлеміне әсер етеді.

Мемлекет салық саласындағы  шаралар жүйесін – экономикалық саясатқа сәйкес әлеуметтік экономикалық және басқа да мақсаттарға, қоғамның әрбір нақты даму кезеңдеріндегі тапсырмаларға байланысты салық саясатын жүргізеді.

Мемлекетке алынатын барлық  салық  түрлерінің жиынтығы, олардың құрылуының әдістері мен нысандары,  салық  қызметі органдары мемлекеттің салық жүйесін құрайды.   

Салық жүйесі – көптеген салық  түрлері, салық  төлеушілер, салық  жинау әдістері, салық жеңілдіктерінің  болуына байланысты күрделі модель болып келеді.

Салықтарды әр түрлі принциптер бойынша бөлуге болады:

- мемлекет пен төлеушінің қарым –қатынастары және салық салу объектісіне байланысты; пайдалануы бойынша; салық жинаушы органы, экономикалық сипаты бойынша.

Бірінші сипаты бойынша салықтар тікелей  және жанама болып бөлінеді. 

Тікелей  салықтар табыс немесе мүлікке ғана (табысқа, пайдаға, мүлікке және жерге салынатын салық) салынады.

Тікелей салықтар өз кезегінде нақты  және жеке болып бөлінеді.    

Нақты салық мүліктің пайдалану  тиімділігіне емес, сыртқы сипатына байланысты салынады; нақты тікелей салықтарға жер, мүлік, ақша капиталына салынатын салықтар жатады.

Жеке салықтарда табыс  қана емес, төлеушінің қаржылық жағдайы  да ескеріледі, мысалы, отбасы жағдайы. Оған мыналар жатады: табысқа салынатын  салық, сый мен мұраға салынатын  салық,  жан басына және т.б. салықтар.

Жанама салықтар –  тауар, қызметтер бағалары арқылы (қосылған құнға салынатын салық,  акциздер, кедендік баждар) алынады. Салық сомаларының  иесі тауар және қызметтерді өткізгесін мемлекетке тапсырылады.

Пайдалану сипаты бойынша  салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекетке түсіп, белгілі бір пайдалану барысында  тұлғасыздандырады. Арнайы салықтар белгілі бір мақсатқа ие болып келеді (мысалы: әлеуметтік салық, зейнетақы төлемдері үшін пайдаланылады).

Салықты жинайтын және оны  билейтін органына байланысты орталық (жалпымемлекеттік)  және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Объектінің экономикалық сипаты бойынша салықтар табысқа  және тұтынуға  салынатын  салықтар болып бөлінеді: біріншісі – салық  төлеушінің  кез келген объектіден  алған табысына салық салу, екінші жағдайда – бұл тауарлар мен қызметтерді тұтынғанда төленетін шығындарға салынатын салық.

Салық салу объектісін есепке алу және бағалануы  бойынша  салық  алудың төрт тәсілі бар: кадастрлық,  декларация бойынша,  төлем көзіне байланысты,  патент бойынша.          

Кадастрлық әдіске сәйкес салық салу және есепке алу қамтамасыз ету объектілерінің тізімі негізінде, оның табыс әкелу нормасын (әсер мүліктік) көрсете отырып, нақты  табысын ескермей жүзеге асады.

Салық төлеуші декларацияда табыс көлемін, керекті жеңілдіктерді, шегерімдерді ескере отырып, салық сомасын есептейді.

Төлем көзіне байланысты салықты табысты алған жердегі  бухгалтерия есептеп, төлетеді.

Патент негізінде салық  әр түрлі қызметтен табыс алуға  байланысты бөлінеді. Бұл бойынша салық төлемін анықтау және ескеру өте қиын.

Салықтық есептің екі  әдісі пайдаланылады: кассалық және есептеу әдісі.  Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шығындар  жұмыстарды жүргізу кезінен бастап қызметтерді, мүліктерді қабылдау және ол бойынша төлеу жүргізіледі. Төлеу уақытынан тәуелсіз есептелінетін есептеу әдісі бойынша табыстар мен шығыстар жұмыс жүргізу уақытынан есептеледі. Екінші әдіс – салық қызметтері үшін қолайлы және оны Қазақстанның барлық салық төлеушілері қолданады. Оның төлеушілер үшін кемшілігі – салық төлемдерін жеткізу уақытында болмаған жағдайдың өзінде төленіп, айналым қаржыларының оқшаулануына әкеліп соғады.

Қазақстандағы салықтар, төлемдер мен алымдардың тізімі:

  1. Салықтар
    1. корпоративтік табысқа салынатын салық;
    2. жеке табыс салығы;
    3. қосылған құнға салынатын салық;
    4. акциздер;
    5. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салығы (қол қойылған бонус, коммерциялық табу бонусы, роялти, үстем пайда салығы); 
    6. әлеуметтік салық;
    7. жер салығы;
    8. көлік құралдарына салық;
    9. мүлікке салынатын салық.

Жекелеген салық төлеушілер топтары үшін арнайы салық режимі қарастырылған. Оларға жататындар: шағын  бизнес субъектілері, шаруа қожалықтары, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметтің  жекелеген түрлері. Бұл режимде салық төлеу мынадай негізде жүргізіледі: патент; бір жолғы талон; біртұтас жер салығы; оңайлатылған декларация. Бұл режим табысқа, мүлікке, әлеуметтік, жанама салықтардың комбинациясын сипаттайды.     

  1. Алымдар
    1. заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін;
    2. жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін;
    3. жылжымайтын мүлік және ол бойынша құқықтарын мемлекеттік тіркегені үшін;
    4. радиоэлектронды құралдар мен жоғары жоғары жиілікті құралдарды  мемлекеттік тіркегені үшін;
    5. көлік құралдарын және  тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін;
    6. теңіз, өзен және аз өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алымдар;
    7. азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін;
    8. дәрі –дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алымдар;
    9. Қазақстан Республикасы аумағынан автокөлік құралдарын өткізу үшін;
    10. аукциондардан алынатын алым;
    11. елтаңбалық алым;
    12. белгілі бір қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лизензиялық  алым; 
    13. радио – теледидар ұйымдарына берілетін радиожиілік спектрін пайдалану рұқсаты үшін. 
  2. Төлемдер
    1. жер учаскелерін пайдалун үшін;
    2. су ресурстарын (жер үсті көздерінен) пайдалану үшін;
    3. қоршаған ортаны ластағаны үшін;
    4. аңдар әлемін пайдланғаны үшін;
    5. орманды пайдаланғаны үшін;
    6. ерекше күзетілетін табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін;
    7. радиожиілік спекторды пайдаланғаны үшін;
    8. кеме жүретін су жолдарын  пайдаланғаны үшін;
    9. сыртқы (визуальды) жарнаманы пайдалану үшін.
  3. Мемлекеттік баждар
  4. Кедендік баждар
    1. кедендік баждар;
    2. кедендік алымдар.

Сонымен, Қазақстанның салық  жүйесі және басқа міндетті төлемдер түрлері айтарлықтай дифференцияланған. Салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде және сәйкес ережелерде көрсетілген.

Мемлекеттік салық қызметі  органдары Қазақстанда Қаржы  министрлігімен және облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қала аудандарындағы, сонымен қатар қаржы полициясымен көрсетілген. Салық қызметі салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы республика заңдарының орындалуына бақылау жасайды. 

 

1.2. ҚР-ғы салық  жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен салық санкциялары

 

Мемлекетте жиналатын  салық түрлерінің, нысандары мен  тәсілдерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін  құрайды.

Салық түрлерінің, оны  төлеушілердің, жинау тәсілдерінің салық жеңілдіктерінің көптігіне байланысты салық жүйесін күрделі модель деп айтуға болады. Салықтарды әртүрлі қағидаттар бойынша сыныптауға болады:

  • салық салынатын объект және мемлекет пен салық төлеушінің қарым-қатынасы бойынша;
  • қолданылуы бойынша;
  • салық жинаушы органға байланысты;
  • экономикалық нышаны бойынша.

Бірінші нышаны бойынша  салықтар тікелей және жанама болып  бөлінеді.

Тікелей салықтарға тікелей  табыс немесе мүлікке белгіленетін салықтар жатады (пайда салығы, мүлік  салығы, жер салығы, т.б.).

Тікелей салықтардың өзі нақты және жеке болып бөлінеді. Нақты салық сыртқы нышандары бойынша салынады, яғни салық салу кезінде объектінің пайдалылығы емес, объектттің өзіне назар аударылады. Тікелей нақты салықтарға жататындар: жер салығы, мүлік салығы, ақшалай капиталға салынатын салық.

Жеке салықтарда табыс  қана емес, сонымен бірге салық  төлеушінің қаржы жағдайы, мысалы, отбасы жағдайы ескеріледі. Оларға жататындар: табыс салығы, мұра мен сыйға салынатын  салық, жан басына салық, т.б.

Жанама салықтар тауарлар мен қызметтердің бағасы арқылы алынады (қосылған құн салығы, акциздер).

 Иемденуші тауарлар  мен қызметтер сатып өткізілгеннен  кейін салық сомасын мемлекетке  береді.

Қолданылу нышандары  бойынша салықтар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы салықтар мемлекетке жиналады да, қолданылған кезде ырықсызданады. Арнайы салықтардың өзіне тән міндеттері болады (мысалы, жолды жөндеу қорын қалыптастыруға арналған көлік салығы).

Салықтарды жинап, оларды иемденетін органдарға байланысты салықтар орталықтандырылған (жалпы мемлекеттік) және жергілікті болады.

Объекттің экономикалық нышандарына сәйкес салықтар табыс  салығы және тұтынуға салынатын салық  болып бөлінеді. Табыс салығы салық  төлеушінің салық салынатын кез-келген объектісінен түсетін табысынан  алынады. Тұтынуға салынатын салық бұл – тауарлар мен қызметтерді тұтыну кезінде болатын шығындарға салынатын салық.

Информация о работе Салық жүйесі