Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 21:05, курсовая работа

Описание

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.
Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды.

Содержание

Кіріспе

I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы.
3.1.Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

Работа состоит из  1 файл

Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы.DOC

— 458.00 Кб (Скачать документ)

           Қылмыскер өзінің әрекетіне өкініп, түзелем деген ниетпен әрекет жасаса оның ақталуға мүмкіндігі туады деген пікірдемін. Менің бұл пікірімді С.А. Шейфер тереңірек ғылыми түрде түсіндірме береді.

              Бұндай көзқарас тәжірибеде көптеген істер заңсыз қозғалып, қысқартылумен түсіндіріледі. Бірақ барлық қылмыстық істердің қысқаруы оның заңсыз қозғалуынан жүзеге аспайды.

              С.А.Шейфер азаматты қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартпаудың  процесуалдық кепілі қылмыстық істі қысқарту болып табылады. Сот өндірісінің мақсаты болып, тек қана қылмыскерді жауапкершілікке тарту мен соттау емес, сонымен қатар сезікті айыпталушы  ретінде ұсталған тұлғаларды уақытылы ақтау қажет.

         Себебі біз сезіктіні немесе айыпталушыны кінәсі дәлелденбесе ұзақ уақыт қамауда ұстай алмаймыз, яғни тиісті органның нақты дәлелдемелері болмаса ұстау мерзімі өткеннен кейін ұстауға құқығы жоқ.

           Мұнда кінәсіздік презумпциясы туралы сөз қозғауға болады1. Әр адам оның қылмыс жасағаны үшін кінәлілігі дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады             

Егер қылмыстық іс уақытылы және негізді қозғалса да, бірақ тергеу барысында қылмысты дәлелдейтін ақпараттар болмаса, қылмыс дәлелденбесе, онда уақытында қылмыстық істі қысқарту маңызды болып табылады, заңсыз және негізсіз қозғалған қылмыстық істі қысқартумен бірдей.

              Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы төмен емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар өзінің әрекеттерімен болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады. Екіншіден, алдын ала тергеу органдары өздерінің назарларын тұтас қоғаммен азамат мүдделеріне ауыр зиян келтірілген қоғамдық қауіптілігі өте жоғары қылмыстарды тергеуге жұмсай алады2.

              Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды. Біріншіден, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жәбірленуші шағымдай алады. Екіншіден, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша белгілі бір тұрғыдан алғанда оң сипаттамасы бар тұлғаға қатысты қысқартылады. Бұл жағдайға сәйкес қылмыстық іс қысқартылғанға дейін ол тұлға жәбірленушімен барлық мәселені шешіп, оған келтірілген залады    өтеген болса, ал басқа жағдайда тергеуші немесе анықтама органдары қылмыстық істі қысқартуға құқығы жоқ . Өйткені қанағаттанбаған жәбірленуші  бұл шығарылған шешімді сотта шағымдай алады.

Үшіншіден, қылмыстық істің уақытында қысқартылуы нағыз қылмысты жасаған тұлғаны анықтауға жәбірленушінің құқықтарын қорғауға негіз болады. Алдын ала тергеу кезінде қылмыстық істің қысқартылуы  соттың ауыртпалығын төмендетеді.

_____________________________                                            

 

1 В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям  на предварительном следствии. Алматы 2003г С.19

2 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. Под ред.     И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами, Алматы: Жеті жарғы, 2002г. С. 99.

 

 

2. Қылмыстық істі қысқартудың негізгі шарттары.

2.1. Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.        

              Қылмыстық істі қысқартудың негіздерінің түсінігі және жүйеленуі.

              Қылмыстық істі қысқартудың негізгі жағдайы мен себебі болып, істі қысқартудың негізі табылады. Әрбір негіздің өзіндік сипаттамасы бар. Олар бір бірін алмастыра да толықтыра да алмайды. Заңи әдебиеттерде қылмыстық істі қысқартудың негіздерін жүйелеу енгізілмеген .

Атақты профессор В. Случевский өндірістік істі жалғастырудың негіздерін фактілік және заңдық деп бөледі1. Осы көзқарасты ұстаушы ғалым И.Я.Фойницкий қылмыстық істі қысқартудың фактілік жағдайларына айыптауға жеткілікті негіздердің болмауын, істің мәнісі бойынша айыпталушыға ұсынған айғақтардың жеткіліксіздігі, ал заңдық жағдайларына – қылмысмтық әрекетті, жазаны жоятын жағдайларды себептерді жатқызады2.

              Совет ғалымы С.А. Голунский  заңдық негіздерге қылмыстық әрекеттердің жазалануы мен қылмыстық сипатты жоятынтындарды, ал фактілікке – сотқа беруге мәліметтің аздығы сияқты себептер жатқызылады3.

Кейінірек мұндай көзқарастар  советтің процесуалдық әдебиеттерінде сынға ұшыраған Н.В.Жогин және Ф.Н. Фаткуллин заңмен көзделген барлық себептер заңдық негіздерге жатады деп көрсеткен4. Сонымен қатар, әрқайсысы жеке – жеке анықталған фактілерді білдіреді, нақты фактілі деректермен негізделеді, осы тұрғыдан алғанда фактілік сипатқа ие.

              С.А.Шейфер келесідей жүйелеуді ұсынады:

           1.Қылмыстылықты жоятын немесе қоғамға қауіптілікті жоятын     негіздер.

              2. Жазаны жоятын негіздер

              3.Бір айыптау бойынша екінші рет айыптауды жоятын негіздер5

              М.С.Строгонович қылмыстық істі қысқартудың негіздерін үш топқа бөлген. Бірінші топқа:ол заңға сәйкес қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтатын, жоятын негіздерді, ал екінші топқа: тергеушіге қылмыстық істі қысқарту құқықтарын беретін, бірақ міндеттемейтін негіздер, ал үшіншіге қылмыстық іс бойынша жеткілікті дәлелдемелер жиналмауына байланысты сотқа жіберуге жатпайтын нақты жағдайлар бойынша негіздерді жатқызады6.

______________________________

 

1 Под ред В.М. Случевского Уголовный процесс: учебник М.;1937г  С.47

2 И.Я. Фойницкий Курс уголовного судопроизводства М.,1970 Том 2, С.51-52.

3  С.А. Голунский О прекращении уголовных дел. 1937г. С.188

4 Н.В. Жогин; Ф.Н. Фаткуллин  Указ. соч  С.203-207.

5 С.А. Шейфер Некоторые вопросы прекращения уголовных дел  в стадии дознания и предварительного следствия 1962г.  С.48.

6  М.С. Строгонович  Курс советского уголовного процесса М., Наука; 1970г, Том 2  С.168.

 

         А.Я. Дубинский қылмыстық істі қысқартудың үш тобын бөліп көрсетеді:

              1.Қылмыстық іс-әрекет болмағанын дәлелдейтін негіздер .

          2.Қылмыстық жауаптылықтан босататын негіздер бойынша   қылмыстық істі қысқарту негіздері.

3.Фактілерді қайта тергеуді болдырмайтын негіздер1.

              Әдебиеттерде ең көп тараған топтастыруды П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирский ұсынды2. Материалдық құқықтық және процесуалдық негіздер .

Материалдық құқықтық негіздерге қарағанда процесуалдық негіздер іс жүргізушілік заңда арнайы бекітілген негіздерді жатқызады. Оларға қылмыстық өндірісті жүргізуді жоятын   негіздер жатқызылады.

              Соңғы көзқарасты ұсынатын авторлар материалдық – процесуалдық негіздерге төмендегілерді жатқызады:

              - қылмыс оқиғасының               болмауы

              - қылмыс құрамының болмауы

              - ескіру мерзімінің өтуі

         - рақымшылық актісінің негізінде, егер жасалған әрекет үшін жазаны    жоятын болса

         -қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде қылмыстық жауптылық жасына толмауы

              -қылмыс жасаған немесе кінәлі тұлғаның өлімі

          - қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін жағдайлардың болуы;

              Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық негіздеріне мына төмендегілер жатқызылады:

              - сол айыптау ісі бойынша заңды күшіне енген шешімнің болуы, сол негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы соттың ұйғарымы немесе қаулысының болуы;

              - анықтама, тергеу прокурордың сол іс бойынша айыптау қаулысының болуы;

              - жәбірленушінің шағымының болмауы, егер қылмыстық іс оның шағымы бойынша қозғалуы қажет болса;

              - жәбірленуші мен айыпталушының бітімгершілікке келуі, егер істің қозғалуы жәбірленушінің шағымы бойынша жүзеге асырылған болса;

              Тәжірибелік маңызы жағынан, процесуалдық тәртіпке сәйкес қылмыстық істі қысқартудың маңыздылығы басқа жүйелеудің негізіне ие. Осыған сәйкес қылмыстық істің негіздерін былай жүйелейді :

          1.Ақтайтын негіздер

2.Ақтамайтын негіздер

 

_______________________________

 

1 А.Я. Дубинский  Прекращение уголовного дела в стадии предварительного следствия Автореферат, Киев 1971г  С.14.

2 П.М.Давыдов,  Д.Я. Мирский  Указ соч М.;1963г  С.11.

           В.В. Вандышев, Н.А. Власова, П.М. Давыдов, В.А. Ковалев, И.Л. Петрухин, В.И. Радченко, А.В. Смирнов сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық іс бойынша өндірісті екі топқа бөлуге болады. Олар:ақтайтын және ақтамайтын.

         В.В. Вандышев пен А.В. Смирнов сияқты ғалымдар төмендегідей анықтама береді: Реабилитация (ақтау) – бұл қылмыс оқиғасының болмауы, қылмыс құрамының болмауы, қылмыстық әрекетті жасауда айыпкердің кінәсінің дәлелденбеуі деп көрсетеді. Ал қалғандары ақтамайтын негіздер1.

          Дәл осындай көзқарасты Н.А. Власова ұсынады: ақтайтын және ақтамайтын. Ақтайтын негіздер деп – тұлғаның кінәлі еместігін куәландыратын немесе дәлелдейтін жағдайлардыкөрсетеді. Оларға: қылмыс оқиғасы, қылмыс құрамының жоқ болуы және тұлғаның жоқ болуы және тұлғаның қылмыс жасаудағы кінәсіздігі2.

         Ю.М. Грошева мен П.А. Лупинская ақтайтын және ақтамайтын негіздерді нақты көрсетеді, бірақ толық сараламайды. Ақтайтын негіздер жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша қалады, ал ақтамайтын негіздерге жағдайдың өзгеруін қосады, бірақ бұл негіз біздің заңнамада көрсетілмеген, амнистия мен ескіру мерзімінің өтуін көрсетеді. Көріп отырғанымыздай  бұл жіктеу толық емес3.

          «Ақтайтын (лат.Rehabilitation, re –қайта, қайтадан + habilitas /habilitatis/ - жаралуы, қабілет, икемділік, ағылшын тілінен rehabilitation) – 1) азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру; 2)қайтадан жақсы атағын қалпына келтіру.

              Осыдан келіп, ақтамайтын негізге сәйкес қылмыстық істің қысқартылуында «қалпына келтіру» туралы сөз болмайды.

          Қылмыстық істі қысқартудың осындай негіздері тәжірибеде кең қолданылады. Бұл мынамен негізделеді қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту қылмысты тергеу мен істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберумен тең болады. Бұл жүйелеу айлық, тоқсандық, жарты жылдық  және жылдық есеп беру кезінде тиімді, сонымен қатар тергеушілермен анықтама жүргізетін органдардың жеке ауыртпалықтарын есептеуде де тиімді.

 

________________________________

 

1 В.В.Вандышев, А.В.Смирнов  Основы уголовного судопроизводства, Санкт-Петербург 1996г.С.56.

2 Н.А. Власова Досудебное производство в уголовном процессе, М.;  2000г. С126-127.

3 Ю.М. Грошевой  Сущность судебных решений в советском уголовном процессе, Харьков 1979г .С.84.

 

 

 

 

2.2.Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту.

        Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1- бөлігінің 1-тармағы (қылмыс оқиғасының болмауы), 2-тармағында (қылмыс құрамының болмауы) анықталған. Негіздерді ажырату кезінде тәжірибелік қызметте алдын ала тергеу органдарының жұмысында қиындықтар туады. Қылмыстық іс жүргізушілік әдебиеттерде де осы сұраққа қатысты пікірталас бар. Ақтайтын  негіз бойынша негіздерді ажыратуда көптеген қарсылықтар ресей ғалымдарының арасында жиі кездеседі1.

        Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқарту.     

        Қылмыс оқиғасы – бұл жасалған қоғамға қауіпті әрекет, құқық бұзушылық деп бағалауға болады. Бұл белгілі бір адамның әрекетімен жасалады және ол міндетті түрде қоғамға қауіпті болуы тиіс. Қылмыс оқиғасында объективтік жақтың бейнесін көруге болады. Ал объективтік жақтың міндетті белгісі болып – қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік табылады 

         Орын алған қылмыс оқиғасы туралы құқық қорғау органдарындарына қылмыс оқиғасына куә болған тұлғалардың жауаптарынан немесе  жағдайдың өзгеруінен, заттардың ауысуынан белгілі болуы мүмкін. Кейде адамдардың хабарламалары қате, жалған,  ал жағдайдың өзгеруі -  қылмыспен байланыссыз күйде болуы мүмкін. Істің мән – жайын тергеу барысында тергеліп жатқан істің мүлдем орын аплмағандығы туралы қорытынды шешімге келуге болады.

        Сонымен, әрекетте оқиғаның болмауы  немесе қылмыс құрамы элементтерінің бірінің болмауы заңда нақтылы түрде істі қысқартудың жеке-дара негізі ретінде көрсетілген және жиі тәжірибеде орын алады2.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          Тәжірибедегі құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің тәжірибесіне сәйкес өндіріс бойынша қылмыстық істі қысқартқан жағдайда екі негізді жиі бірге атап көсетеді:

Информация о работе Қылмыстық істер бойынша өндірісті қысқарту түсінігі және оның маңызы