Шариғат бойынша қылмыстың түрлері және оның құрамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 22:42, реферат

Описание

Шариғатта қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінбейді. Жаза және қылмыстың түсініктері, қылмыстық жауаптылық, қылмыстарды қайталау сияқты сұрақтар арнайы түрде қарастырылмаған. Ал қылмыскерді жасырып отырған немесе қылмыс іздерін жасырған адамдар қылмысқа қатысушылар ретінде ескерілмеген.

Работа состоит из  1 файл

Шариғат бойынша қылмыстың түрлері және оның құрамы.docx

— 22.19 Кб (Скачать документ)

Шариғат бойынша  қылмыстың түрлері және оның құрамы.

Шариғатта қылмыстық  құқық Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінбейді. Жаза және қылмыстың түсініктері, қылмыстық жауаптылық, қылмыстарды  қайталау сияқты сұрақтар арнайы түрде  қарастырылмаған. Ал қылмыскерді жасырып  отырған немесе қылмыс іздерін жасырған адамдар қылмысқа қатысушылар ретінде  ескерілмеген.

Шариғат бойынша  қылмыстар 3 түрге бөлінеді:

1) құранда жаза  мөлшерлері көрсетілген іс-әрекеттер  (хадд);

2) жеке адамға  қарсы қылмыстар (джинаят);

3) соттың шешімі  бойынша жаза ретінде түзеу  қолданылатын іс-әрекеттер (таъзир) [1, 83 б.].

Қылмыс түрлерін жасалу сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай санаттарға бөлу қалыптасқан. Нақтырақ айтсақ:

1-санатқа Аллаға  және барлық мұсылман қоғамының  қатаң қағидаларына қарсы бағытталған  өте ауыр қылмыстар жатады. Мысалы, құдайды мазақтау, дін ауыстыру, басқа дінге сенушілермен достық  қарым-қатынаста болу, ел басына  қарсы шығу, діни салттарды орындамау,  жезөкшелік, дәлелсіз түрде жезөкшелікпен  айыптау, жала жабу, малмен жыныстық  қатынасқа түсу, ұрлық, қарақшылық, басқаның мүлігін алып қою,  спирттік ішімдіктерді ішу және  т.б. Мұндай қылмыстар үшін  құранмен әртүрлі шаралар және  өлім жазасы қарастырылған. Алынған  мәліметтерге қарағанда қазіргі  күнде Сауд Арабияда жоғарыда  көрсетілген қылмыс түрлерінен  бөлек есірткі заттарды осы  мемлекет аумағына алып келген  адам (азаматтығы, жынысы және жасына  қарамай), сондай-ақ қорқытып алу,  спирттік ішімдіктерді мемлекетке  алып, оны дайындау немесе сатуда  ауыр қылмыстар қатарына жатады.

Түрлі мазхабтарға  тиісті құқықтанушылар жоғарыда айтылған қылмыстың кейбір түрлерінің бірінші  топқа жататын-жатпайтындығы туралы пікірлерін білдірген. Бір топ ғалымдар дәлелсіз түрде жезөкшелікпен айыптау, жала жабу қылмысына Құран Кәрімде  қатаң жаза белгіленген болса  да, бірақ бұл қылмыстың жасалуын жариялаған кейбір адамдардың әрекеттері өзіне залал келтіреді, сол үшін мұндай қылмыс үшін жаза тек қана жәбірленушінің талабына қарай қолданылады, жәбірленуші  қылмыскерлердің күнәсін кешуі  қажет деп оны бірінші топтағы  қылмыстар қатарына қоспау туралы пікірін  білдірген. Бірақ Ханафи мазхабындағы құқықтанушы ғалымдар бұл қылмыстың  қоғамға әсері болғаны үшін күнәдан  босатуға жол бермейді деп есептейді. 

Дін ауыстыру - рухани және азаматтық өліммен ұштасқан ең ауыр қылмыс болып танылады. Дінін  ауыстырғандарға өлім жазасының  ең қиын тәсілдері қолданылған. Үкімді орындауға дейін қылмыскердің некесі бұзылып, оның мүлігі тәркіленіп, оны  мұсылмандық салтпен жерлеу құқығынан  айырған.

Елбасына қарсы  шыққандар дін ауыстырылғандарға  теңестірілген. Осы сылтаумен билік  етуші топ халықтың тәуелсіздікке  ұмтылуын басып отырған. Имамдар  мен пайғамбардың атына кір келтіргендерді өлтіруге әр адамның құқығы болған. Құлдар құқықтың субъектісі болмаған, олардың құқықтары қорғалмады. Бірақ  жазаға келгенде дін ауыстыру үшін құлдар ерікті адамдарға теңестірілген. Мұсылман діні басқа діндерге агрессиямен  қарайтын дін болып табылады және олардың өкілдерін "кейінгі өмірде отта қиналатын дінге сенбеушілер” деп атайды (Бақара сүресі 2/24).

Шариғат ашық түрде  мұсылмандар мен мұсылман еместердің қылмыстық құқықтық қатынаста тең  еместігін көрсеткен. Егер мұсылман емес мұсылмандық мемлекетте жүре тұра мұсылманша киініп, мұсылманның үйінен жоғары үй тұрғызса, қоңырау соқса, ашық жерлеу салттарын жүргізсе, атқа мінсе, қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Мұсылман мен мұсылман еместің арасындағы достық шариғат бойынша дін ауыстыру болып саналады. Құранда мұсылмандарға  мынадай сөздер айтылған: "Олар сендерді өздері сияқты жасағысы келеді, құдай  жолына түспегенше олармен дос болмаңдар” делінген.

Шариғаттың қағидалары Шығыс елдерінде билік етуші  топпен өзінің агрессиялық саясатында басқалардың территориясын жаулап алу үшін, кәпірлерге қарсы "қасиетті соғыстың” өрістеуі, ұлттық теңдікті және ел басшылары арасындағы достықты жою үшін қолданылды.

Айта кететін жайт шариғатта дінге қарсы қылмыстар  туралы толық және ашық түрде айтылмаған. Намаз ережелерін бұзу, спирттік ішімдіктерге, құмар ойындарына салыну қылмыс болып  табылған. Құранда былай айтылған "Сенушілер, шарап, ойын, құмар - шайтанның  ісі, сондықтан одан қашыңдар” (Маида  сүресі 5/90).

Шариғат жеке меншік құқығын қорғаған: ұрлық жасағаны үшін қылмыскерден заттың бүкіл құнын  төлетіп қоймай, оны ұзақ мерзімге абақтыға қамап немесе дене мүшелерін  кескен; қарақшылығы үшін өлім жазасы да қолданылған.

2-санатқа мына  қылмыстар жатады: адамды өмірінен  айыру, денсаулығын зақымдау немесе  жара түсіру. Қасақана адам өлтіру  үшін өлім жазасы қарастырылды, бірақ жәбірленушінің туыстарының  қалауы бойынша қылмыскер ақша  немесе мүлік берумен құтылған. Денеге зақым, жара түсіру үшін  шариғат тән жазаларын қарастырған,  бірақ талапкер сұранысы бойынша  бұл жаза мүлік берумен ауыстырылған.

3-санаттағы қылмыстарға:  соғыс кезінде қашу, жалған куәгерлік,  жалған жала жабушылық, әлеуметтік  қарым-қатынасқа қарсы бағытталған  барлық түрдегі қылмыстар, оларға  зекет төлемеу, адамдарға материалдық  зиян келтіру, (ұрлық және басқыншылықтан  бөлек) бітім бойынша міндетін  орындамау, қан үшін айыппұл  төлемеу, кем өлшеу, кем тарту,  біреуді күндеу, парақорлық, бюджетті  немесе жетімнің ақысын жеу,  көрінеу жалған үкім шығару, жалған  куәлік беру, қоғамда жүру-тұру  ережелерін бұзу, адамдарға немесе  өз қол астындағы жұмысшыларға  зұлымдық көрсету, дінде көрсетілгендерді  теріске шығару, қоғамдық мүлікті  талан-таражға салу, намысқа тию  (айдап салу), еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық  қатынасы (нәпсіқұмарлық), зейнетақы  төлеу міндетінен бас тарту  және тағы да басқалары жатады. Бұл қылмыстар үшін мұсылман  мемлекеттерінде жарияланған таъзир, яғни қатесін айтып ұялту, ұру,  түрмеге қамау, айыппұл төлету, тайпадан шығару сияқты жазалар  қолданылады. Осы айтылғандардан  шариғаттың әрқилы жазаларға,  мысалы, өлім жазасы, тәнге немесе  мүшеге зақым келтіру сияқты  шаралар қолданатынын көреміз.  Түркия, Парсы, Шығыс және басқа  да мұсылман мемлекеттерінің  тарихын зерттеген ғалым М.  Капустин былай деген: "байлар  үшін тән жазалары ақшалай  айыппұлмен немесе мүлікті тәркілеумен  ауыстырылады”. Бұларға мысалы: қанды кек алу, ұжымдық жауапкершілік  қағидасы жатады. Құранда бұған  байланысты былай делінген: "Мұсылмандар!  Сендерге кек алуға болады: ерікті-ерікті  үшін, құл-құл үшін, әйел-әйел үшін. Ал егер оның істеген іс-әрекетін  бауыры кешірсе, онда ол сол  адамға жақсы ісімен жағуы  керек”.

Құранда кек алу  құқығын тек жағдайы теңдес адам үшін жүзеге асырған, яғни құлдар құлиеленушісі  үшін, әйел ер адам үшін, мұсылман емес мұсылман үшін, ерікті емес ерікті үшін кек алуға құқысы жоқ. Аталған  салттар билеуші топтың қолында  жұмыскерлерді пайдалануда үлкен  құрал болды.

 Қылмыстық құқық  пәні бойынша әрбір қылмыс  төрт элементтен (қылмыс объектісі,  қылмыстың объективтік жағы, қылмыс  субъектісі, қылмыстың субъективтік  жағы) тұрады. 

Төрт құрам элементі барлық қылмыс түрін сипаттаушы негізгі  құрал болып табылады. Сүнниттіктің төрт ғылыми зерттеулерінде қылмыс түрлерінің түсініктерін ғылыми-теориялық және тәжірибелік жағынан талдаған, суреттеген. Осының негізінде әрбір қылмысқа жеке жаза белгіленген.

Шариғат бойынша  қылмыстардың жалпы объектісі - дін  және мемлекет негіздері, тұлғаның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, намысы, мүліктің түрлері, әсіресе жеке мүліктер, қоғамдық тәртіп және оның қауіпсіздігі. Діни ережелер сауда-саттық тәртіп ережелері, әділ соттау негіздері және басқа бірқатар қоғамдық қарым-қатынастар да бола алады. Мысалы, діннен бас тарту, құдайға күмәндану, көп құдайшылық, исламнан безу сияқты әрекеттер бір қылмыстың түрлі  көріністерін білдіреді. Бұл қылмыстардың жалпы объектісі діни қарым-қатынастар болып, айыпталушының қылмыстық  әрекеті діни қарым-қатынастарға залал  келтіруге бағытталған. Адам бұл  қылмыстарды жасау арқылы ислам  дінінің қоғамдағы беделін төмендетуге  әрекет етеді. Исламның алғашқы таралған кездерде бұл қылмыстың қоғамға  қауіптілік деңгейі жоғары болып  саналғаны белгілі. Себебі айыпты осындай  әрекеттері арқылы көпшіліктің ислам  дінінен бет бұруына себепші  болуы мүмкін болған. Сондықтан бұл  қылмысқа қатаң жаза "хадд” белгіленуі негізсіз емес.

Шариғатта зиянның  салдарын мүлікке келтірілген зақым  бойынша анықталатындығы мәлім. Қылмыстық заңда анықталғандай  көрсетілген жағдайларда ғана қылмыстың  заты туралы айтуға болатындығын дәріптейді [2, 15-19 бб.].

Мұсылман қылмыстық  құқығы тізімінде қылмыстардың объектісін, әсіресе оның затының мөлшерін толық  анықтау - адамның қылмысты әрекетін дұрыс дәрежелеумен қатар, оған тиісті жазаның түрін белгілеуде көмек  береді.

Шариғаттағы қылмыс түрлері жалпы объектілерден  тұрады демей, керісінше оларды қылмыстың  тікелей объектісі ретінде талдау керек. Мысалы, адам өлтіру қылмысының тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулыққа зардап келтіруде адамның  денсаулығы. Опасыздықпен айыптау, яғни жала жабуда адамның абырой-намысы, ислам дінінен безуде дін негіздері  және басқа да қылмыстың объектісі  болуы мүмкін.

Сонымен, мұсылмандық  қылмыстық құқықта адам қылмыс жасаса, қоғамға келтірген залалдары  үшін қылмысына сай жазаланады. Сонымен  бірге қылмыс объектісін, әсіресе  оның затын анықтау, қылмыстарды  іріктеу, әрбір қылмыстың қоғамға  қауіптілік деңгейін талдау және қазылар  тарапынан қылмыстық заңды әділ бағалау мәселелері оларда өзектілік  білдіреді.

Шариғаттағы қылмыстың  объективтік жағы. Қылмыстық заңдармен  қорғалатын объектіге қарсы бағытталған  қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің  сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілер қылмыстың шындық жағын мазмұндайды.

Әрекет немесе әрекетсіздік тек заң жағынан қорғалатын объектіге  қарсы бағытталған болса, яғни қоғамға  қауіпті болса, қылмыс деп саналады. Қоғамға қауіпті болмаған әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың белгілері  болмағандығы үшін қылмыс деп саналмайды.

Қылмыстың объективтік  жағы болмаса, қылмыстың объектісіне  шабуыл болуы мүмкін емес, субъектінің  ойында әрекеттің объективтік белгілерін анық көрсететін субъективтік жағы да және қылмыстың субъектісі де болмайды. Қылмыстың басқа элементтерімен бірге, оның объективтік жағы да қылмыскер  жасаған күнәнің дәрежесін анықтайды  және оған тиісті белгіленетін жазаға әсерін тигізеді.

Шариғатта жасалған қылмыстың объективтік жағын  анықтайтын бірқатар белгілер барлығын байқаймыз. Мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық және басқа да қылмыс құрамдарының объективтік жағын талдағанымызда, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қарсы әрекеттерден тұратынын  көреміз.

Аталған меншікке қарсы  бағытталған қылмыстардың бір-бірінен  мүлікті заңсыз иелену тәсіліне қарай, яғни қылмыстың объективтік жағы бойынша ажыратылатыны белгілі. Сонымен қатар, мұсылман қылмыстық  құқығында зекет төлемеу, келісімдер бойынша міндеттерді орындамау, төгілген қан үшін ақы төлемеу, рамазан  айында ораза ұстамау және негізгі  діни қағидаларды орындамау сияқты қылмыстарды объективтік жағынан  қарағанда әрекетсіздікпен жасалатынын  байқау қиын емес.

Заң бойынша ғұрыптарды атқару қоғамдық тәртіпті бұзумен немесе азаматтардың құқықтарына қол сұғатын  әрекеттермен ұштасса, ондай діни ғұрыптарды атқаруға кедергі жасау заңды  әрекет болып табылады, демек, қылмыс болып табылмайды [3, 107 б.].

Айтып өткендей, кез  келген әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың  объективтік жағының негізгі  белгісі бола алмайды. Тек қоғамға  қауіпті және құқыққа қарсы әрекет пен әрекетсіздік қана қылмыс құрамының  объективтік жағын құрайды.

Қылмыстың объективтік  жағы - адамның нақты әрекет қылығымен  обьектіге келтірілген шығынды  көрсететін және қылмыс деп танылатын  қоғамдық қауіпті әрекетке негізделетін қылмыстық заңмен қорғалатын обьектіге  қол сұғушылықты көрсетудің заңи нысаны [4, 48 б.].  

Мұсылман қылмыстық  құқығында зорлау қылмысы некеде болмаған еркек пен әйелдің жыныстық жақындықта болуы ретінде түсіндіріледі. Шариғатта неке қасиетті болып саналады. Некесіз бірге тұру қатты қараланады. Үйленген кісі бала тәрбиелеп, оның қоғамның лайықты мүшесі болуын қалайды, сонымен  ұрпақтардың жалғастырылуын шариғат  бойынша жалғастырған болып шығады. Зорлау әрекеті әдепке қарсы болып, адамдардың адамгершілік нұрын сөндіреді, заңға қарсы, қоғамда қараусыз қалған балалардың тууына себеп болады.

Құрандағы әл-Исра сүресінің 32-аятында: "Аллаға арамдық жасаған  кісіні өлтірмеңдер! Бірақ тиісті болса, өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірілсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіру де шектен аспасын. Өйткені оған жәрдем етіледі. (Өш алынады)”- делінген.

Шариғаттағы қылмыс субъектісі. Қылмыс құрамының маңызды  белгілерінің бірі қылмыс субъектісі болып саналады. Қылмыстық құқық  пәні бойынша қылмыс деп танылған қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін жауаптылыққа тартылуға тиіс адам қылмыстың субъектісі деп саналады.

Мұсылмандық қылмыс құқығында қылмыстың субъектісі мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Шариғатта да қылмыстың субъектісі адамның жасаған қылмысты әрекеттерін  ашу, оны құқық жағынан дұрыс  бағалау, кейде айыптыны қылмыстық  жауаптылықтан және жазадан босату мәселелерін шешуде маңызды әсері  бар.

Шариғат бойынша  есі дұрыс, өз іс-әрекеттеріне өзі  жауап бере алатын, яғни өз жүріс-тұрысын  түсінетін және өз әрекеттерін басқару  қабілетіне ие болған кез келген адам қылмыстың субъектісі бола алады. Сонымен  қатар, қылмыстың субъектісі тек  есі дұрыс болып қана қоймай, есі  дұрыс адам кәмелетке толған болуы  керек деп көрсетілген. Шариғатқа  дейін бірқатар ғылыми шығармаларда қылмыс жасаған адамды қылмыстың  субъектісі деп айту үшін, ол анық бір  жасқа жеткен және есі дұрыс болуы  керектігі айтылған. Мысалы, Абу  Юсуфтің шығармаларына қарап, кәмелетке  толғандығы күмәнді болса немесе 15 жасқа толмаған жасөспірімдерге, сондай-ақ етек кірі келмеген немесе 15 жасқа толмаған қыз балаларға  хаддтың бірде-бір түрі белгіленбегенін  байқаймыз [30]. Ол өз ойын теория жағынан  негіздеу мақсатында хадистерден келесі мысалдарды келтірген. Мұхаммед Пайғамбар  Омар Хаттабты соғысқа жіберу мақсатында жасы нешеде екенін сұраған, сонда Омардың 14 жаста екендігін біліп, "әлі  де жассың”деп оны жауынгер қатарына қабылдамаған. Арада біраз уақыт  өткеннен кейін Омарды тағы да шақырып  неше жасқа толғанын сұрап, оның 15 жасқа  толғанын есітіп, оған соғысқа қатысуға рұқсат берген екен. Омар Ибн Хаттаб халиф болған кезде (шариғат қағидаларының  орындалуын тексеретін адам) жергілікті әкімдерге келесі мазмұнда хат жолдапты: кім он бес жасқа толған болса, ол әскер қатарына қабылдансын, бұл  жасқа жетпеген балаларға көмек  көрсетілсін. Халиф Абу Бәкірге  кәмелетке жетпеген, ұрлық жасаған  жасөспірім келгенде, оған жаза қолданылмаған. Сол кездегі шейхтардың бірі: "ұл жасөспірім 15 жасқа толса, оның берген күнәлігі қабылданады және оған тиісті хадд жазасы қолданылады”- деп жауап  берген. Тағы бір хадисте тұрмысқа шыққан жас қыз күйеуімен жыныстық байланыста болған жағдайда және бір  кісімен опасыздық жасаса, оның етек кірі келмегенше хадд қолданылмайды” - деп сонымен қылмыс субъектісінің  жасы 15 жас деп белгіленген.

Информация о работе Шариғат бойынша қылмыстың түрлері және оның құрамы