Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа

Описание

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері

II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер

Работа состоит из  1 файл

әйел құқықығы диплом 20121.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Егеменді еліміздің 1992 жылдың 8 шілдесінде Еуропадағы қауіпсіздік  пен ынтымақтастық кеңесінің  Хельсинки Қорытынды Актісіне (1975ж) қосылуы, ішкі және халықаралық өмірдегі әйел құқықтары саласындағы осы ұйымның ұсыныстарын, ережелерін, үлгілері мен өлшемдерін сақтауға және жүзеге асыруға міндеттейді.

Қазақстан Республикасының  тұғырлы көзқарасына орай Қазақстан өкілдерінің негізгі назары ЕҚЫҰ тиімділігі орнату саласындағы шешімдерді әзірлеуге бағытталды. Оның ішінде жанжалдардың алдын-алу, дағдарыстарды реттеу және бейбітшілікті сақтау қызметі, XXI ғасырдағы қауіпсіздік, адамдық және экономикалық өлшемдер моделін жасау, сондай-ақ қару-жараққа бақылау және жаппай қырып жоятын қаруларды таратпау мәселелері бар.

ЕҚЫҰ қатысумен өзінің сыртқы қауіпсіздігін байланыстыратын  Қазақстан үшін ЕҚЫҰ үрдісінің қай  бағытта дамитыны, 1996 жылы Лиссабондағы кезектегі самитте қойылған XXI ғасырға арналған қауіпсіздік үлгісінің қандай болатыны ерекше маңызды.

ЕҚЫҰ Еуропа құрылығындағы  тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудың  өзекті мәселелерін талдап қана қоймай, сындарлы шешімдер қабылдауда үлкен  мүмкіндіктер бар халықаралық институт екеніне күмән жоқ. ЕҚЫҰ мүше болуға шешім қабылдай отырып Қазақстан осыны басшылыққа алды.

Қатысушылар кең құрамы мен кеңістігі, кеңеске қазірде  өз міндетін мақсаткерлікпен орындап, әлі де болса толық іске қосылмаған мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай туғызады. Сондай-ақ мұндай жағдайдың көбісі қарсыластық кезеңінде құралып, қазір жаңарған жағдайларға көндіру сәтін бастан кешіп жатқан көптеген аймақтық ұйымдарға тән. ЕҚЫҰ қазіргі Еуропадағы дағдарыстардың алдын алу мен оларды реттеу жөніндегі кейбір аяқталмаған шаралары соған байланысты.

Әрине, кеңестің қазіргі  орын алып отырған жанжалдарды, әсіресе  қарулы қақтығыстарды шешу үшін мандаты  да, қаржысы да, өз бейбітшілік сақтау күштері де жоқ екені белгілі. ЕҚЫҰ қазіргі жағдайда жүзеге асыру  механизмі болмағандықтан өзінің он негізгі парықтарын орындауы қиынға түсіп отыр.

Қауіпсіздік пен ынтымақтастықты  нығайту – ЕҚЫҰ-ның негізгі  міндеті болғандықтан, бұл жиынның  Орталық Азия аймағы істеріне нақтылы  араласуы қажет. Мұның өзі ЕҚЫҰ қызметінің табысына, оның беделі мен тиімділігіне ықпал етеді. Екінші жағынан Орта Азия мемлекеттерінің ЕҚЫҰ қызметіне белсене қатысуы олардың қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын нығайтып, экономикалық және әлеуметтік ілгерілеуіне әйел құқықтары мен азшылық ұлттар құқын сақтауға игі әсер етпек.

1992 жылы Қазақстан  ЕҚЫҰ-на кірді. Мұнда бұл ұйымның  тұрақтылық пен мәселелерін талқылауда  уақыт талабына тиісінше жауап  беруге қажетті кең ауқымды  өкілеттігі мен икемдігі бар  екендігі назарға алынды.

Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатында бейбітшілік пен қауіпсіздіктің ажырамастығы туралы негізгі тұжырымды мойындайды. Бұл ЕҚЫҰ қатысушылар үшін олардың аймақтық, этникалық және діни белгілеріне қарамастан ортақ игілігі. Азия құрылығында қауіпсіздік құрылымдарын құруға тырыса отырып, Қазақстан Жерорта теңізі мемлекеттерімен ынтымақтастықты қоса алғанда ЕҚЫҰ тәжірибесіне сүйенеді.

КСРО құлағаннан кейін  Орта Азия мемлекеттері жалпыеуропалық үрдістердің толық құқылы мүшесі болуы, ЕҚЫҰ ортасында түсініктік тауып, Еуропаның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы Еуропа құрлығындағы оқиғалардың дамуына ғана емес, оның айналасындағы, соның ішінде Кавказ бен Орта Азиядағы жағдайларға да байланысты екенін көрсетуде.

Бізде орын алған жанжалдарды  реттеу мәселесінде аумақтық тұтастықпен  адам құқын сақтау сияқты ЕҚЫҰ парықтарына сүйену қажеттігі заман талабы. Бұл жағдайда ЕҚЫҰ қазіргі бар және енді жасалып жатқан бейбітшілік сақтау механизмдеріне сүйену қажет.

Соңғы кездері ЕҚЫҰ тарапынан  адамның өлшем мәселелеріне басты  назар аударылып жатқаны белгілі. Қазақстан үшін бұл мәселесінің өзіндік құндылығы бар. Алматыда 1994 жылдың сәуіріне өтіп, ЕҚЫҰ азшылық ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Макс ван дер Стул қатысқан адамдық өлшем жөніндегі семинардың үлкен мәні болды.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның  арақатынасының берік нығая түсуіне аса зор көңіл бөлінуде. Сол ретте, ЕҚЫҰ қасындағы Әйел құқықтары жөніндегі Бюромен тығыз ынтымақтасу мақсатында келісім құжаттарға қол қойылды. Соның барысында біздің елімізде осы беделді ұйымның өкілеттілігі ашылды. 1996 жылы Қазақстан Президенті бастаған Қазақстан делегациясы ЕҚЫҰ саммитының толық сессиясына қатысып, үшінші отырыста өз ұсыныстарымен сөз сөйледі, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның хатшылығымен, Аз ұлтты халықтар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарымен, сондай-ақ Әйел құқықтары және демократиялық институт жөніндегі Бюромен тығыз ынтымақтастығын атап өтті.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның  ынтымақтасуына көптеген саяси бағыттар ашық деп айтуға болады. Соңғы кездері  біздің қатынасымыздың елеулі жүйелі дамыған бағыты, Аз ұлтты халықтар ісі жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғарғы комиссары Макс ван дер Стулмен бірлесе отырып, 1996 жылдың желтоқсанында «Қазақстан : 21-ғасыр табалдырығында бірыңғай көпұлтты қоғам орнату» тақырыбында саяси дөңгелек стол өткізілді.

ЕҚЫҰ-ның басқа да құрылымдармен, яғни әйел құқықтары мен демократиялық институттар жөніндегі Бюросы (АҚДИБ) арасындағы түсіністік жөнінде меморандум дайындалып, онда АҚДИБ көлемінде Қазақстандық сот, құқыққорғау, сайлау жүйелері мен халықаралық құқықтық және заңдық үлгілерімен, демократиялық мемлекеттердегі сайлау жүйелері саласында көмек көрсетілгені белгілі.

1991 жылы Кеңес Одағы  ыдырап, Қазақстан Республикасы  тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның  Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты  Президенті етіп сайлағаны баршамызға  аян.

1995 жылдың 29-сәуір айында  жалпы мемлекеттік референдум өткізіліп, оның нәтижесі бойынша Назарбаев мырзаның Президент қызметінде болу мерзімі 2006 жылға дейін ұзартылды.Сонымен бірге, Конституцияға түзету енгізу жолымен оның өкілдіктері кеңейтілді.

Кіндік Азияның басқа  барлық мемлекеттеріндегі сияқты, тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясында Президентке саяси жүйеде басты орын берілгендігі айқын. 1995 жылғы Конституцияда Конституциялық сотты жеке адамдар қозғаған істерді қарау құқы жоқ Конституциялық кеңеспен алмастыру көзделген. Бұдан басқа, Үкіметтің бастамасымен 1996 жылдың аяғында басталған теледидар және радио хабарын таратуды ұйымдастыруға арналған радиотолқындарын бөлуге тендерлік сауда-саттық жариялау үрдісі бірқатар жеке меншік станцияларының жабылып қалуына әкеп соқтырды. Мұндай өзгерістердің өзі сайлау науқанына теріс әсерін тигізбей қоймайды.

1998 жылдың 30-қыркүйегінде  Президент Н.Ә.Назарбаев экономика  мен демократияландыру мәселелері  бойынша халыққа үндеу тастады.  Ол Қазақстан демократияландыруды  және адам құқын сақтауды белсенді түрде қолдауға тиіс және осы бағытта үлгі көрсетуі керек деп мәлімдеді. Ол демократияның жеті іргелі парықтарын атады:

- Сайлау үрдісі әділ, өкілді болуы тиіс және үміткерлер  мен сайлаушылардың белсенді  түрде қатысуын көтермелеп отыруы  керек.

-  Саяси жүйеде партияның рөлін күшейту қажет.

      - Билік  өкілеттіліктерінің тұрақтылығы  мен сабақтастығын қамтамасыз  ету     мақсатында Мәжілістің  және Сенаттың автономиялылығын  нығайтып, тәуелсіздігін қамтамасыз  ету жөн.

-  Азаматтық қоғам  орнату ісінде үкіметтік емес ұйымдардың рөлін нығайту керек.

-  Тәуелсіз сот демократиялық  қоғамның жан-жүрегі болып табылады.

- Еркін, цензурасыз  және тәуелсіз баспасөз саласында  қол жеткеннің бәрін толығынан  өркендете беру керек.             

- Биліктің барлық органдарында әйелдердің қатысуын көтеру жолымен әйелге деген көзқарасты өзгерту ісін қамтамасыз ету жөн. Сондай-ақ, Президент Қазақстандағы кез келген авторитарлық жүйенің ешқайда бастамайтынына сенімді екендігін мәлімдеді.

-  1998 жылдың 7-қазанында  парламенттің қос палатасы өздерінің бірлескен мәжілісінде Конституцияға Президент сайлауының шарттарына әсер ететін он тоғыз түзету енгізді. Бұл түзетулерде Президент өкілеттігінің мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін көбейту, Президенттің 65 жас құрайтын жоғары жас шегі жөніндегі шарттарды алып тастау, сайлауды жарамды деп тану үшін сайлаушылардың кем дегенде 50 пайызынан көбі дауыс беру керек дейтін талапты алып тастау, сондай-ақ Президент мерзімінен бұрын доғарысқа кеткен, қызметтен бас тартқан немесе қайтыс болған жағдайдағы сабақтастық тәртібін белгілеу көзделген және де бірқатар түзетулер қабылдап, келесі күні Парламент 1999 жылдың 10-қаңтарында мерзімінен бұрын сайлау өткізуді белгіледі. Сөйтіп, президенттік сайлау белгіленген мерзімінен екі жылдай дерлік уақыт бұрын өткізілуі тиіс болды. Бұл мәселе жұртшылықтың талқысына түспеуіне байланысты Парламенттің шешімі оппозициядағы партиялар мен әлуетті үміткерлер үшін күтпеген жағдай болды. Бірақ, Конституциялық кеңес Конституцияға енгізілген түзетулерді заңды деп шешім қабылдағаны баршамызға аян.                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Әлемдегі  әйелдердің құқықтық жағдайы

2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі  әйелдердің құқықтық жағдайы

 

Қазіргі Еуропа әйелдер ахуалы және ислам идеологиясының кейбір аспектілері. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің қазіргі заманғы кезеңінде қалалық және ауылдық әйелдердің мүмкіндіктері арасындағы айырмашылық маңызды түрде шиеленісіп кетті. Қаладағы және ауылдағы өмір салтын ұйымдастыратын және жүйелі түрде ықпал ететін сыртқы мән-жайлардың обьективті айырмасы, өмір салтымен қалалық әйелдерден ерекшеленетін, олардың құқықтарын қосымша қорғауды талап ететін ауыл әйелдерін жеке топға бөлуге мүмкіндік береді.

   Еуропада  жыл сайын 15 қазанда Ауыл әйелдерінің  күнін (World Rural Women,s Day) атап өтеді. Қазақстанда ауылдың еңбекші әйелдерінің ерекше рөлі мен мәртебесінің бекітілмеуі және ресми жалпы мемлекеттік дәстүрде белгіленбеуі ауыл әйелдерінің мәселелері мен қажеттіліктерінің әрдайым ескерілмеуінің дәлелі. Мысалы, ауыл әйелдерінің ақпаратқа қолы жетімсіз, қазіргі жағдайларда оларды талап етусіз қалған кәсіби білімді жүзеге асыру, біліктілігін арттыру мүмкіндіктері шектелген. Статистика көрсетіп отырғандай, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын әйелдер саны мардымсыз. (орташа 25 % және кедей ауыл-аудандарда 0 %). Міне, сол себепті осы жағдай өзгеру үшінкүш салу қажет.

XIX ғ. дейін Еуропада  әйел жан иесі ретінде саналмады.  Ғалымдар мен философтар әйелдің  жаны бар ма, егер бар болса,  ол адами жан ба, әлде хайуани  жан ба, деген сұрақтың шешімін табуға тырысты. «На Соборе 1555 года обсуждался тезис: «женщины не суть люди...», с поправкой на то, что женщины, конечно люди, но суть в другом смысле» [44, 23].

Жалпы христиан дінінде  әйел туралы зұлым, күнәһар, өтірікші, кекшіл, яғни жағымсыз қасиеттер таңылып, ер адамдардан төмен саналды.  Католик дінінің ресми теологы болып бекітілген Фома Аквинский: «Әйел тез өсетін арам шөп сияқты, ол толыққанды адам емес, оның денесінің толық жетілетінінің өзі оның құндылығының төмендігінен, табиғат онымен азырақ айналысатындықтан...

Іс жүзінде шетел  азаматтарының, Қазақстан азаматтарының  және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың республиканың  көші-қон заңнамасын бұзу фактілері  көптеп кездеседі.

Заңсыз көші-қон проблемасы бүкіл әлем жұртшылығы үшін тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіре отырып, әлемдегі жүріп жатқан процестер аясында барған сайын айқын, дәл көріністерге ие болуда.

Бұл ретте Қазақстан  заңсыз көші-қонның трансұлттық арналарының  түйінді аралық буыны болып табылады, бұл бірінші кезекте республиканың тікелей Еуропа елдеріне барар жолда орналасқан ерекше географиялық жағдайымен; соңғы жылдары жаңа халықаралық әуе, темір жол рейстерінің ашылуымен; мемлекетаралық экономикалық, гуманитарлық, мәдени және діни алмасудың жан-жақты дамуымен; еліміздің мемлекеттік органдарының кейбір өкілдерінің жемқорлануымен; көшіп келуді бақылау жүйесінің жетілдірілмегендігіне, сондай-ақ шекараның айтарлықтай ұзақтығы және «мөлдірлігімен», ТМД елдерімен еркін жүріп-тұру режимінің сақталуымен байланысты.

Қазіргі уақытта оңтүстік шекара жағынан, әсіресе Қырғызстан мен Тәжікстаннан заңсыз көшіп келушілер  ағынының арта түсу қаупі сақталып тұр. Қолда бар мәліметтер бойынша  аталған мемлекеттер аумағында  Қазақстан аумағы арқылы Ресейге және Батыс Еуропа елдеріне көшіп барғысы келетін Ауғанстан, Пәкістан, Бангладеш азаматтарының едәуір бөлігі шоғырланған. Олардың заңсыз көшіп-қонуына жағдай жасайтын шарттардың бірі Орталық Азия мемлекеттерінде төлқұжат пен кейіннен Қазақстан аумағына кіру үшін виза алудың салыстырмалы түрде қол жетімдігі, ТМД елдерінің ішкі шекараларының «ашықтығы», сондай-ақ аталған мемлекеттердегі заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін құқықтық база жоқтығы болып табылады.

Заңсыз көші-қон арналарын анықтау  және жолын кесуге бағытталған қабылданған  жедел-іздестіру шаралары заңсыз көші-қонды  ұйымдастырушылардың Қазақстан  аумағынан өтудің жаңа әдістері мен  маршруттарын іздестіру әрекеттерін  әлі тоқтатпай жүргендігін дәлелдейді. Жемқорланған туристік фирмалар басшыларының, көші-қон, жол полициясы мен көліктегі ішкі істер органдарының желілік бөлімдерінің кейбір қызметкерлерінің бұған қатысы болған жағдайлары тіркелген.

Қолда бар мәліметтер бойынша шетелдіктердің Қазақстанға  кіру арналарын бақылайтын жекелеген мемлекеттік қызметкерлердің нақ осы жемқорлануы заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топтар өкілдері үшін аталған санаттағы адамдармен байланыс орнатуға және дамытуға, олардың заңсыз көшіп-қонушылардың Қазақстан аумағына кедергісіз кіруі, жүріп-тұруы және болуы үшін олардың қолдаушылығын пайдалануға ынталандырушы фактор болып табылады. Құқық қорғау және кеден органдары қызметкерлері арасындағы осыған ұқсас құқыққа қарсы қызметтерді айқындау және жолын кесу процесінде бірқатар қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстанға «маусымдық жұмысшылар» деп аталатын заңсыз еңбек көші-қонының өсу үрдісі байқалады. Бұл бірінші кезекте  экономиканың даму қарқынының әлсіздігі, өмір сүру деңгейінің төмендігі, әлеуметтік-саяси  ахуалдың шиеленістігі атап өтілетін ТМД-ның орта азиялық елдерінің - Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның азаматтарына қатысты. Осы факторларды ескере отырып, халықтың аз қамтылған бөлігі жұмыс пен жақсы өмір сүру жағдайын іздеп, соның ішінде Қазақстанға елді тастап шығуға ұмтылады. Бірқатар объективтік және субъективтік себептермен шетелдерге заңсыз шығып, еңбекке орналасуға мәжбүр, сол арқылы олар көбінесе жергілікті еңбек нарығында жұмыс орны тапшылығы мен жұмыссыздық сияқты құбылыстарды дамытуға алғы шарттар жасайды. Бұл ретте арзан жұмысшы қолына мүдделі қазақстандық жұмыс берушілер заңсыз көшіп келушілерді қуана қабылдап, еңбек нарығындағы ахуалды шиеленістіреді және елдің бюджетіне салықты едәуір аз төлейді. Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары жұмыс іздеп Қазақстанға келіп, жұмыс берушілер тарапынан алдаудың, алаяқтылықтың және қанаудың құрбаны болып жататыны сирек құбылыс емес. Бұл азаматтар тиісті лицензиялары жоқ адамдармен контракт немесе шарт жасаспай қандай да бір жұмысты орындауға келісе отырып және Қазақстанда заңсыз жүріп әлеуетті құрбандарға айналады және осы сияқты қылмыстық қол сұғушылыққа бастарын тігеді.

Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі