Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:26, дипломная работа

Описание

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе
I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері
Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері

II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы
III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері
3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы
3.2 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтарын қорғау механизмдері
Қорытынды
Пайдаланған қайнар көздер

Работа состоит из  1 файл

әйел құқықығы диплом 20121.doc

— 507.50 Кб (Скачать документ)

Осы талас-тартыста жеке тұлғалар мен ұйымдар да шет қалып  қойған жоқ. Олар Комиссияға өздерінің ескертулері мен жобаларын ұсынса, ал бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Комиссия мәжілістеріне, тіпті Редакциялық комитеттің де мәжілістеріне үнемі қатысып, өз ойларын ортаға салып, ұсыныстар да жасап отырды. Әлбетте, үкіметтік емес ұйымдар әйел құқықтары мен еркіндіктері саласындағы бұзушылықтармен күресті БҰҰ-ның басты мақсатына айналдыру жолында елеулі қиыншылықтарға кездесті. 1947 жылдың өзінде-ақ БҰҰ-ның әйел құқықтары саласындағы Комиссиясы әйел құқықтарының бұзылуы жөніндегі арыздарды қарастырмайтындығын ресми түрде мәлімдеген болатын. Тым ашық түрде әйел құқықтарының бұзылуына қарсылық көрсете бастаған үкіметтік емес ұйымдарға Комиссия жағынан ескерту жасалынып, мұндай әйел құқықтарын бұзушылықты БҰҰ-ның отырыстарында жан-жақты хабарлайтын болса, БҰҰ-ғы кеңестік дәрежесінен айырылатыны да айтылған. Мұндай ескертулердің болуы-Комиссияға мүше кейбір өкілдер үкіметі жағынан әйел құқықтарының бұзылуы кең түрде жарияланғанын қаламағандығының белгісі. Өйткені тоталитарлық жүйедегі мемлекеттердің ішінде әйел құқықтары мен еркіндіктерінің бұзылуы, қалыпты жағдайға айланып кеткен еді. Алдарында кездесіп жатқан қиыншылықтарға қарамастан, үкіметтік емес ұйымдар Декларацияны дайындауға бар күш-жігерімен ат салысты.

Осындай үкіметтік емес ұйымдардың бірі ретінде Америка құқық институтын атап өтуге болады. Бұл ұйымға тапсырылған мәселе Панама өкіметінің белсенді қолдауымен және басшылығымен декларацияның маңызды жобасын дайындау болды. Сайып келгенде осы елдің сыртқы істер министрі Альфредо Альдаро – осы жобаның авторларының бірі. Басқа да маңызды жобалар ұсынғандардың ішінде Американдық еңбек федерация комиссиясы, бейбітшілікті орнату мәселесін зерттейтін БҰҰ-ның көмекшісі ретіндегі Американ қауымдастығы, американдық еврей комитеті, әйелдер кәсіподақ лигасы, американдық адвокаттар қауымдастығы және т.б. үкіметтік емес ұйымдар болды. Мұның өзі Әйел құқықтары саласындағы алғашқы маңызды құжат дайындау барысында тек қана мемлекеттер арасындағы ресми қатынастармен бірге олардың үкіметтік емес ұйымдармен де ара қатынасы тығыз дамығандығының көрінісі. Әйел құқықтары жөніндегі Декларацияны дайындау XX ғасырдағы адамзат үшін өте маңызды тарихи қадам еді. Осыған орай еңбектері нәтижелі, жемісті болуы үшін, Негізгі Комиссия, тіпті Толық құрам Комиссиясы да ең алдымен өзінің алдында тұрған міндеттерін анықтауы тиіс болды. Бұл мәселе негізінде ЭКОСОС-тың II- ші сессиясында қаралған болатын. Яғни, бұл сессияның талқылауында ең алдымен «халықаралық құқық декларациясы» нені айқындап көрсететінін анықтау мәселе сөз болды. Ұлттық құжаттарды, атап айтқанда, «Әйел құқықтары мен азаматтық жөніндегі Француз декларациясы», «АҚШ-тың құқық декларациясы», басқа ресми және үкіметтік емес ұйымдардың ұсынған барлық жобаларын талқылау барысында, әйел құқықтары жөніндегі Комиссия мүшелері жеке түрде үш түрлі тәсілді немесе бірлескен тәсілді пайдалануға болатындығы туралы пікірге келді.

Бірінші тәсілдің мәні ешқандай нақтылы емес, сапасы, маңыздылығы  төмен құқық баптары арқылы тек  бүкіл ұлттар ынтымақтастығының  бағытын, адамгершілік мағынада ғана ұстаған мақсат пен өлшемнің қарапайым декларациясын құрастыру болып табылады.

Екінші тәсіл адам ұйғарымы бойынша, келісім шарт деңгейінде (бір немесе бірнеше конвенциялар негізінде) халықаралық құқықтарға негізделген және қатысқан мемлекеттерге міндеттемелер жүктейтін бір немесе бірнеше конвенциялар жасауға болады.

Үшінші тәсіл әйел құқықтарын қорғауда халықаралық жүйе құру арқылы іске асыру шараларына көңіл аударуды ұсынады.

Ұлт мүддесі мәселесіне тию салдарынан алғашқы кезеңнен-ақ іске асыру шараларының мәселесі өте жауапты екендігі анық болды. Сондай-ақ басқа екі тәсілдің көтерген мәселелерінің шешімдері ресми шешімдерден гөрі оқиға барысына көп байланысты. Бұл мәселелер әйел құқықтарына арналған сессиялар барысында 1948 жылдың 10-желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдағанға шейін, Комиссия мен экономикалық және әлеуметтік кеңесте талқыланып келді.

Сайып келгенде 1400 рет  дауысқа түскен Декларация жобасы, іс жүзінде жобаның әр сөзін талқылағанмен  тең болды. 1948 жылдың маусым айында адам құқы жөніндегі Комиссия бекіткен Декларация жобасы 1948 жылы қазанда  Париж қаласында жиналған БҰҰ-ның  Бас Ассамблеясына ұсынылады. Адам құқы мәселесімен айналысқан дүниежүзілік ассосациялардың тілектері мен ескертулері Бас Ассамблеяның тиісті комитеттеріне жіберіледі. Тиянақты талқылаулардан кейін тек бір ғана түзету енгізген БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1948 жылы 10-желтоқсанда әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын Париждегі Пале де Шайода қабылдайды. БҰҰ-ның 58 мүшесінен отырысқа қатысқандардың дауыс беру барысында Декларацияны 48 мемлекет қолдады, 8 мемлекет қалыс қалып, ешқандай мемлекет қарсы болған жоқ. Тек екеуі отырысқа қатысқан жоқ болатын.

Кеңестер Одағы және олардың ықпалындағы мемлекеттер (сателиттері) қалыс қалғандардың көпшілігін құрады.

Сауд Арабының қалыс  қалу себебі, олардың пікірінше Декларация Батысқа сай бейімделінген. Оңтүстік Африка, дәл осы жылы өз басында кейін көп жылға созылған апартеидтің қиындығын көре отырып, Декларация әйел құқықтары жөнінде тым кең көзқараста екендігін мәлімдей келе, қалыс қалды. Қалыс қалғандардың болғанына қарамастан, көпшілік дауыс екі жылғы қиын қыстау тартыстардан кейін мақсаттарына жеткізді.

Кеңес өкілінің мәлімдеуінше, Декларацияда экономикалық құқықтарға нұқсан келтіре отырып, «18 ғасыр  құқықтарына» тым көп көңіл бөлінген. Кеңестер өкілдері бұған дейін де өз келіспеушіліктерін білдіріп келген болатын.

Үшінші комитеттің 1948 жылғы 7-желтоқсандағы 179-шы жиылысында олардың өкілдері дауыс беруден қалыс қалған болатын, өйткені, алдын-ала дайындалған Декларацияға Кеңестер Одағы жағынан жасалынған көптеген түзетулер қабылданбады да, 178-ші жиылыста қабылданған Декларация мәтіні іс жүзінде алғашқы жобадан айырмашылығы жоқ еді. Бұл өз кезегінде оларды қанағаттандырмады. Соған орай Кеңестер Одағы алдын-ала дайындалған қаулы-қарарды ұсынды, мұнда Үшінші Комитеттің қараған Декларация мәтінінің барлық баптары «әлі де маңызды түзетулерді қажет етеді», сондықтан Ассамблеядан Декларацияны түпкілікті қабылдауын келесі сессияға қалдыруды талап ету бекітілген. Кеңестер Одағының дайындаған қаулы-қарары Беларусь КСР мен Украина КСР өкілдері жағынан қолдау табады.

Кеңестер Одағының бұл қаулы-қарарына Америка Құрама Штаттарының, Филиппин, Франция және Эквадор өкілдері қарсы болған. Олардың ұйғарымы бойынша, Кеңестердің ұсынған қаулы-қарары Комитет қабылдап қойған шамаланған Декларация тұрғысынан қарағанда заңсыз болып келеді. Ал Кеңестер Одағының алдын-ала дайындаған қаулы-қарарын дауысқа қойған сәтте де, қабылданбады, нақтылы дауыс былай бөлінді: 6дауыс құптады, 26 дауыс қарсы, 1 дауыс қалыс қалған. Декларацияның аса маңыздылығын көптеген мемлекеттердің өкілдері атап өтті. Ливан мемлекетінің өкілі «Декларация-адамзат тарихының маңызды сатысы»-екендігін пайымдаса, АҚШ өкілі: «Декларация-Жер шарындағы бүкіл әлемнің шынайы көңілімен дайындалып, адамдардың еркін болуына, өз жеке тұлғасын дамытуға және олардың жеке адамгершілігін құрметтеуге негізделгендігін» білдірді. Чили мемлекетінің өкілі, қабылданған Декларацияда жарияланған әйел құқықтары мен еркіндіктері Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің ешқайсысы жағынан бұзылмау қажеттігіне баса көңіл аударды. Франция өкілі болса, адамдардың езушілікке қарсы күресінде Декларация өте тез арада қажет және ол өте күшті болуға тиіс деп тұжырымдады. Филиппин мемлекетінің өкілі Үшінші Комитеттің жұмысы барысында БҰҰ өмір сүру құқы үшін күрескендігін және мұны алаңдаған бүкіл әлем алдында Декларацияны құрумен дәлелдегендігіне көңіл аударды. Куба өкілі Декларацияда жиырмасыншы ғасырдың адамының нағыз адамгершілікті ұмтылысын нақтылы да, өте дәл ұқыпты берген деп мәлімдейді. Исландиялық өкіл Декларацияны келешектегі әлем конституциясының кіріспесі ретінде қабылдайды.

Мексика өкілінің айтуы  бойынша, Декларацияны қабылдау-БҰҰ  жұмысындағы өте маңызды қадамдарының бірі. Канадалық өкіл Декларацияның  ең жоғарғы ұғымдар мен аса  игілікті және ынта негізінде құрылғандығын  мәлімдесе, Боливия мемлекетінің өкілі  Декларацияның қабылдануы нәтижесінде, адамдар пайдасы үшін жеке елдер тәуелсіздігін шектейтін, адамзаттың жаңа дәуірге аяқ басуына ықпалы тиетін нағыз халықаралық конституция орнатуға әкеледі деп мәлімдейді. Парагвай өкілі кейбір кемістіктерге қарамастан, Декларация бүгінгі күнгі ең үйлесімді, жан-жақты және оның парықтары келешекке меңзеген құжат деп білетіндігін айтады.

Ливан өкілі Декларацияның  он сегіз бабының ешқандай қарсылықсыз  қабылданғандығына көңіл аудартады. Барлық 1233 дауыстың 88,08 пайызы қолдаған, 3,73 пайызы қарсы, 8,19 пайызы қалыс қалған. Бір қатар өкілдер Декларацияның жалпылығына және осы салада жұмыс жасаған өкілдер жағының көзқарастарына көңіл аударады. Яғни АҚШ өкілі-Декларация бір қатар мемлекетер ниет еткен барлық ұсыныстарды қамтыса да, олардың үкіметі құжатты тек қанағаттанарлық деп қана білетіндігін мәлімдеді. Чили өкілі тағы бір рет, 58 өркениетті елдің табысты түрде идеологиялық және заңдылық қайшылықтарын жеңе отырып, әйел құқықтарын жалпы түрде жариялағандығын еске салды. Ымыраға келгеннен бері құжатқа ешқандай кінәрат тағылмауы, Филиппин өкілінің тұжырымдауынша, ымыраға келу демократия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының өзіндік негізі болып табылады. Декларацияны дайындауға қатысқан халықтар, Австралия өкілінің айтуынша, саяси, экономикалық, әлеуметтік және діни тұрғыдан елеулі айырмашылықтарға ие, және осы сәйкестіктер әр түрлі мәселелерді шешуде көрініс тапты. Ең соңында Декларация өзара түсіністік пен ымыраға келушіліктің нәтижесінің көрінісі болды. Мұның өзі өз кезегінде БҰҰ-ның көпшілік дауысымен қабылданған Декларацияның әрі қарай да зор маңызға ие болып, әлі де күшейе түсетіндігіне кепілдік іспеттес еді.

Декларация барлық ынтамен  қолдау тапқанымен, Нидерланды, Бельгия, Канада және Египет мемлекеттерінің  өкілдері оның кейбір қырларының күмәнсыздығын сынады. Нидерланды өкілі Декларацияда адамды құдай жаратқандығы және оның рухының мәңгілігі жөнінде ескерілмегендігін өкінішпен мәлімдеді.

Канада өкілінің пікірі бойынша Декларацияда жиі-жиі ашық та, айқын емес түсініктер берілген. Яғни Декларация жетілмеген және көп мәнді білдіретін сөздерден арылуы тиіс. Сол себепті Бас Ассамблеяның қабылдауына түскенге дейін, Декларация мәтіні Халықаралық Құқықтық Комиссия сияқты заң ұйымдарының қарауынан өту керектігін баса айтады.

Декларациядағы нәсіліне, ұлтына немесе дініне қарамай некелесу еркіндігі жөніндегі бабына қатысты, Египет өкілі бұл баптың мұсылман елдерінің салт-дәстүріне қайшы келетіндігін, яғни мұсылман әйелдерінің басқа діндегі азаматпен тұрмыс құруына шектеуліктер мен тыйым салынғандығын ескертіп өтеді. Бұл шектеуліктердің діни мәнде болғандығынан, оны елемеуге болмайтын еді. Сондай-ақ Декларацияда берілген дін таңдау еркіндігі, Шығыс елдерде кейбір секталардың өз қатарына барлық азаматтарды тартуына жол ашқандай деп көрсетеді. Декларацияның алғашқы мәтіні Африка Мемлекеттерінің Одақтастығы, Кеңестер Одағы, Украина, Беларусь, Чехословакия, Польша және Югославия мемлекеттерінің өкілдері жағынан сынға алынған болатын. Яғни, Африка Мемлекеттерінің Одақтастығы өкілдерінің пікірі бойынша, Жарғыда берілген әйел құқықтары мен еркіндіктерінен Декларация тым алға кеткен. Кеңестер өкілдері Декларацияның маңызды кемшіліктер мен елеулі қателікке душар екендігін білдіреді.

Яғни, Кеңестер өкілдері өте маңызды мәселелерде-құлдар туралы бапта және оқытып-үйрету баптары нақтылы берілмеген деп көрсетеді. Ал ой-пікір еркіндігі-еркіндіктің барлық мәселелерін шешпейтіндігін, мысалы, оны қауіпті тұжырымдардың, фашистік, соғыс отын тұтату сияқты барлық идеялардың алдын алу қажеттігін айтады. Ой-пікірді жайып салу тиімді болған жағдайда, жұмысшылардың өз басылымдары мен баспасөз болуға тиіс. Көшеге шығу шерулеріне кепілдіктер берілуге тиіс. Әрине, бұл тұста Кеңестік өкілдерінің ұсыныстарын сол кезеңдегі елдегі саяси жүйе өз ықпалын тигізген. Өйткені бұрынғы Кеңестер одағында жұмысшы табында мемлекетке қарсы ешқандай ой-пікір болуға, үкімет саясатына қарсы шерулер ұйымдастыру ниеті болуға тиіс емес еді, сондықтан бұл тек қана капиталистік жүйедегі мемлекеттерге ғана тән деп түсіндірілген болатын. Сонымен бірге еркіндік мәселесінде, ғылымы нәтижелер, әскери мақсатта пайдалануға жол бермеуді айқындау керектігін жариялайды. Сондай-ақ бұрынғы Кеңестер одағында өмір сүретін барлық ұлттардың мүддесі көзделген деп жарияланғандықтан, олардың өкілдері Декларациядағы басты кемшілік аз ұлттардың құқықтарына кепілдік берілмегендігін көрсетеді. Өз кезегінде тәуелсіз мемлекеттердің құқықтары да айқын көрсетілмегендігіне өкініш білдіріледі.

Әр елдің осы Декларацияға қатысты ұсыныстары осы мемлекеттердің өз ара қатынасы мен әйел құқықтарына және негізгі еркіндіктеріне байланысты ұстаған көзқарастарын білдіреді.

Осындай бірқатар өкілдерінің  көрсеткен кемшіліктері мен ұсыныстарынан  кейін де талай талқылауларға  түскен Декларацияның қалай қабылданғанын  жоғарыда қарап өттік.

Декларация тез арада дүниежүзінде аса зор беделге ие болды. Әйел құқықтары туралы жалпыға бірдей декларациясы адамзат баласының дамуының негізгі идеясын көрсете отырып, сонымен бірге БҰҰ-ның Жарғысының парықтарын іске асыра отырып, тіпті адам құқын құрметтеудің өзі барлық мемлекеттер мен барлық халықтардың ортақ қамқорлығы болып табылатыны айтады.

Алғашында Декларация мемлекеттердің жетуге тиіс мақсаттары ретінде ойластырылған  мәлімдеме болды. Тек оны сол  кездегі көп мемлекеттердің қабылдауы, оған едәуір рухани салмақ қосты. Сол себепті де БҰҰ өзінің көптеген қызмет шараларында Декларацияның тармақтарына сүйенеді. Яғни, БҰҰ-ның көптеген халықаралық конвенцияларды қабылдауына түрткі болды немесе соларда пайдаланылады. 1968 жылы 22 сәуір -  13 мамырда Тегеранда өткен адам құқық жөніндегі Халықаралық конференцияда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының мәлімдемесінде 43-мемлекет (Алжир, Камерун, Гвинея, Дагомен, Заир, Үндістан,т.б.) өздерінің конституцияларында Декларацияның түпнұсқасын бүтіндей немесе жарым-жартылай негізгендігі туралы атап өтті. Әйел құқықтары туралы жалпыға ортақ декларация заңды түрде міңдеттілік мәнге ие болмағанымен, басты қасиеті ол ең алғашқы болып адамзат тарихында әйел құқықтары мен еркіндіктеріне тікелей қатысты ережелер мен аса маңызды құндылықтарын жүйелей алды. Декларация сол сияқты, мемлекеттердің конституцияларына, ұлттық заңдарына және кейбір жағдайларда сот шешімдеріне едәуір ықпал көрсететіп қана қоймай, сонымен бірге, бірқатар көп жақты келісім-шарттар жасауға, сондай-ақ, БҰҰ-ның шеңберінде немесе оның арнайы ұйымдарындағы (ЮНЕСКО,ХЕҰ), аймақтық немесе екі жақты халықаралық келісімдерге де әсер етті. Декларацияда көзделген мақсаттар өздерінің кейінгі қонымды және заңды дамуын төмендегі конвенцияларда жетілдіре түсті: Босқындар туралы конвенция (1951), Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция (1952), Азаматтығы жоқтардың мәртебесі туралы конвенция (1954), Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа үйлесімді дәстүрлер мен институттарды жою туралы қосымша конвенция (1956), Тұрмыс құрған әйелдердің азаматтығы туралы конвенция (1957), Жалдау және еңбек саласындағы алалау туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының конвенциясы (1958), ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы алалауды болдырмау туралы конвенциясы (1960), Нәсілдік алалаудың барлық түрлерін жою туралы конвенция (1965), Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт (1966), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық Пакт (1966), Қылмысқа жол бермеу және қылмысты жазалау туралы Халықаралық конвенция (1973), Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің қорытынды актісі (1975), Адам құқы және ұлттар құқысынан Африкандық хартиясы (1981), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактісін, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісін қамтитын Әйел құқықтары туралы халықаралық билльдің бірінші тарауы ретінде Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы енгізілді.

Информация о работе Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі