ХVIII – XX ғасырлар арасындағы Германиядағы білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 17:22, доклад

Описание

Жалпы, Германия білім беру жағынан әлемде алдынғы қатардағы дамыған мемлекеттердіңбірі болып есептелінеді. XVIII - ғасырдың аяғында Германиядағы білім беру келесідегідей негізгі кезеңдерді атап көрсетеді. Мектепке дейінгі тәрбие беру: XIX - ғасырдың ортасында Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие беру мәселесіне қатысты еңбегі Германияда қолдау тауып, кейін ала әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесінде қолданыла бастады.

Работа состоит из  1 файл

Германия.doc

— 46.00 Кб (Скачать документ)

 

ХVIII – XX ғасырлар арасындағы Германиядағы  білім беру

 

    Жалпы, Германия білім беру жағынан әлемде алдынғы қатардағы дамыған мемлекеттердіңбірі болып есептелінеді. XVIII - ғасырдың аяғында Германиядағы білім беру  келесідегідей негізгі  кезеңдерді атап көрсетеді.

    Мектепке дейінгі тәрбие беру: XIX - ғасырдың ортасында Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие беру мәселесіне қатысты еңбегі Германияда қолдау тауып, кейін ала әлемнің көптеген елдерінің білім беру жүйесінде қолданыла бастады.

    Бастапқы білім беру:XIX-ғасырда Германия халықтық білім беру жағынан жақсы нәтиже көрсетті. XIX - ғасырдың бірінші жартысында Неміс мемлекеті толықтай негізгі міндетті бастапқы білім беру жөнінде заң қабылдады. В фон Гумбольдтың Германияда бірыңғай білім беру жүйесін жасау жөніндегі талпынысы қолдау таппаса да, дегенмен оның бұл еңбегі білім беру жүйесінің  негізіндегі барлық сатыларды қамтылуы үлкен жаңалық болды. Оның білім беру жөніндегі реформалары  біріншіден, халықтық мектеп желілерін кеңейту, екіншіден, халықтық мектептердің білім беру жүйесі  Песталоциидің білім беру әдісіне көшу, үшіншіден, Песталоциидің білім беру жүйесі бойынша, немістік халыққа білім беретін ұстаздарды дайындайтын ұстаздарға арналған семинарлар желілерін ашу.

Германияда халықтық мектептерде білім алушылардың өсу қарқыны жайлы айтар болсақ,        1816 - жылы Пруссиядағы халықтық мектептерде білім алатындар 60% болса, 1846 – жылы 82% ға өсті, ал 1864 - жылы 93% ға өсті. XIX - ғасырдың соңына  қарай  Германияда  тіпті білім алмайтындар кездеспеді.Елде 60-жылдардан кейін халықтық мектептерде жеті жылдық білім беру жүргізіле бастады. Мектептерде хат тану, есеп, дін, грамматика заңдылықтары, тарих, география сынды негізгі пәндер оқылды.Онда білім беру 5-12 сыныптар арасын қамтыды. 1872 - жылғы қабылданған заң бойынша, бастапқы мектеп те жеке меншіктім мектептер сынды тікелей мемлекеттің бақылауына көшті.  
     

     Орта білім беру мектебі: Германияда  орта білім беру жүйелері XIX – ғасырдың негізгі реформасы болып табылады. Бұл гимназия реформасы бірыңғай  классикалық мәдениет пен жаңа ғасырлық ғылымға негізделеді. 1810 – жылы білім берушілерге арналған емтихандар алынды. Ал 1812 – жылы гимназияда білім алатындарға арналған емтихандар енгізілді.                                        

    Шынайы білім беру мектебі: XIX - ғасыр Германиядағы шынайы білім берудің кеңінен дамыған кезі. 1834 жылдары шынайы білім беру мектептерінде мемлекеттік емтиханда жүргізіліп отырылады. 1859 – жылы өзінің латын тіл деп аталатын оқу жоспарларын жүргізіп отырған  мектептер шынайы гимназия атағын алды. 1898-1899 жылдар Германияда жүргізілген реформалар екі бірдей орта мектеп: классикалық және шынайы мектептердің пайда болуына түрткі болды. XIX – ғасырдың ортасына қарай Германияда әйелдердің орта білім алуы қарқынды дами бастайды.

Арнайы  мамандандырылған білім беру:  Мемлекеттік жүйе бойынша арнайы мамандандырылған білім беру толықтай халықтық мектептерді бітіргендер үшін міндетті саналды. Мұнда дәріс  3 жыл аптасында 6 -8 рет   қатысу қажет. Бұл мектепте білім беру тығыз мамандандырылған және ондағы білім алушылар өздерінің мамандығы бойынша негізгі білімді алып отырады. Кейбір арнайы мамандандырылған мектептерде бітіргеннен кейін арнайы мамандандырылған мектептің жоғары деңгейіне түсуге мүмкіндік беретін жалпы білім беретін сыныптар бар.  

  

Жоғарғы білім: XIX – ғасырда Германиялық жоғарғы білім әлемде ең үздік саналды. Әсіресе, философиялық, гуманитарлық, шынайы математикалық білімдер.  Германдық білімнің дамуында маңызды сатылары «XX – ғасырдың басында Веймар Республикасының ұлтшылдық бағытта әскерден кейінгі білім алудың ГФР және ГДР осы екі мемлекет біріккеннен кейін дамыған болатын.Германияда алғашқы эксперименталдық мектеп Герман Литцаның «Болашақтың неміс ұлттық мектебі» болды. «Виккерсдорфтың еркін мектептік өмірі» 1906 – жылы ашылған болатын. Ол 1922 – жылға дейін қолданылғанылып, кеңінен танылған болатын. Оның негізін Г. Винекен мен П. Гехеб қалаған болатын. 
 
XIX - ғасырдың басында Германияда кеңінен танымал болған «Ауылдық тәрбие үйлері» Сондай – ақ сол кездерде «еңбек мектептері» ашыла бастаған еді. Онының негізі Г. Кершенштейнермен байланысты. 20-30 жылдары П. Петерсен училищесі кеңінен танымал бола бастады. « Иена-жоспар» атанған білім беруді ұйымдастырушы автор. 
Веймарлық білім беру периоды (1918 -1932 жылдар) Веймар Республикасының Конститутциясында 18 жасқа дейінгі мектептерде бірыңғай ұтымды, тегін және міндетті білім беру жүйесін енгізгендігі жөнінде хабарлады. Сұнда негізінен дін, неміс-тілі, бейнелеу, дене-шынықтыру, қыздарға арналған қолөнер, тарих, география пәндері оқытылатын еді. 
 
   Германияда билік басына келген фашистер білім беру мен тәрбие салаларына үлкен өзгерістер енгізді. Білім беру мен тәрбиенің негізгі мазмұны, формасы мен әдістері толықтай өзгертілді.Тек қана фашистік идеологияға сәйкес мазмұндар ғана өзгертілмеген болатын. Олар: Неміс тілі, Арнайы қайта жасалған тарих пен әдебиет, спорт, тіпті бейнелеу сабағы да өз мазмұнын өзгерткен болатын. Ол кезде саяси тәрбие қалыптастыру мәселесіне баса назар аударылған болатын. Арнайы балалар мен жастарға арналған ұлтшылдыққа тәрбиелеу шаралары көптеп ұйымдастырылды. Екінші дүниежүзлік соғыстан кейін Германияда екі мемлекет: ГДР және ГФР пайда болды. ГФР де білім беру жүйесі негізінен мемлекеттік болып табылады, ал жеке меншік білім беру ошақтар өте аз. 
Екінші дүниежүзлік соғызтан кейін  Германия, Демократиялық Республика болып 50 жылға жуық өмір сүріп білім беру саласы жағынан кеңінен дамыды. Германия бірікеннен кейін ГДР мемлекеті ГФР дің білім беру принциптеріне қарай қайта қалыптаса бастады.


Информация о работе ХVIII – XX ғасырлар арасындағы Германиядағы білім беру