Әл Фараби шығармашылығындағы адам және қоғам

Автор работы: m*************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 14:01, реферат

Описание

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге келтірді. Қазақ топырағында туған көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл адамзаттар шығыс, араб – парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыра білді. Солардың бірі – бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл Фараби.

Работа состоит из  1 файл

Әл-Фарабидің шығармашылығындағы адам және қоғам.doc

— 37.50 Кб (Скачать документ)

Әл – Фарабидің шығармашылығындағы адам және қоғам.

                                         (870 – 950) 

   Қасиетті қазақ  даласы талай ұлы  ғұламаларды дүниеге  келтірді. Қазақ топырағында  туған көкірегі  ояу, көзі ашық, ойшыл адамзаттар  шығыс, араб –  парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жазып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыра білді. Солардың бірі – бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл Фараби.

     Әл-Фараби 870 жылы  Арыс өзені Сырға  басып құятын өңірдегі  Фоераб қаласында  дүниеге келген. Бұл қаланың орны қазір Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілді аумағында.

      Адамзаттың ұлы  перзенті, асқан білімдарлығынан  «екінші Аристотель»  деп аталған Әбу  Насыр ғылымның  әр алуан саласынан аса маңызды, құнды пікірлер қалдырған. Осы бөлімде біз оның мемлекет және қоғамға қатысты пікірлеріне, тұжырымдамаларына тоқталамыз. Әл-Фараби қоғам, мемлекет және саясат туралы аса терең ғылыми еңбектер жазып, бұл салада әлем ғұламаларының деңгейіне көтерілді.

      «Ғылымдарды топтастыру  туралы», «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары», «Саясат туралы», Адамзаттық саясат», «Бақытқа жету жолдары» деген еңбектерінде Әл-Фараби азаматтық ілімді жеке тарауларға бөліп қарады.

      Әл-Фараби жоғарғы  өкіметтің негізі  болып табылатын  саясатқа үлкен  мән берді. Ол басқару екі түрлі болады дейді. Егер басқару шан бақытқа жеткізетін әрекеттерді, мінез – құлықтарды, ерік қасиеттерді нығайтса, ол – қайырлы басқару.  Оған мойын ұсынатын қалалар мен халықтар қайырлы қалалар мен халықтар болып табылады. Ал бұл принциппен қабыспайтын басқару қиялдағы бағытқа ғана жеткізеді. Шынында да ол бақыт бола алмайды. Өйткені ол қаладағы теріс әрекеттер мен жаман қасиеттерді нығайтады. Сондықтан ондай басқару – надандық басқару болып табылады.

     Әл-Фараби еңбектерінің  ішіндегі ең танымалы – «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» трактаты. Ғұлама бұл еңбегінде саясат пен этиканың арасындағы өзара тығыз байланысты талдай отырып мемлекеттік қайраткердің алдына қойған мақсатын жүзеге асыруда және бақытқа жетуге қажетті жағдайлар жасауда қажетті «Мемлекет басқару өнеріне» баса назар аударады. Оның пікірінше, басқару өнерінің басты мақсаты – адамдар мен әлеуметтік топтардың табиғи үйлесімділігіне жету, яки олардың мұң – муддесін ескерту.

       Бұл мәселе қазіргі  біз өмір сүріп  отырған тарихи қоғамда  да, атап айтқанда, аса ірі әрі ауқымды эканомикалық және әлеуметтік өзгерістер болып жатқан Қ.Р – сы үшін де аса маңызды.

       Жақсы адал –  парасаттылық ақиқат  көзі жеткенінде  немесе сал ақиқатқа  жеткізетін не  нәрсе екенін ажыратуға қабілетті болуында.

        Адамның танып  белгісі келгені  ақиқат па немесе  жалған ба, оған  оның көзі жетпесе,  онда ақыл –  парасаттың жаман  болғаны. 

        Әрекетіміз дұрыс  болу үшін біздің  соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін, айдағыдай болу ушін жанымыздың аффектісі қандай болуға тиіс екенін және жақсы ақыл – парасатқа жету ушін ол парасат қандай болуға тиіс екенін біз анықтап алуға тиіспіз.

        Адам жақсы ақыл  – парасатқа кездейсоқ ие болуы мүмкін. Адам алдын ала даярланып, жасанды жолмен жасаған ақыл – парасат арқылы бағытқа жете алмайды, егер ол нені және қалай ажыратуды біліп отырса, бірақ бұл сана барлық жағдайда және барлық кезде бола бермесе, онда ол бақытқа жете алмайды.

         Жақсы ақыл – парасат осындай шамада болса, онда ол бақытқа жете алмайды. Нені және қалай ажырататын ол өзінің бүкіл өмірі бойында біліп отыратын ақыл – парасаттың тұсында ғана адам бақытқа жетеді.

         Әрбір адам, өз  өмірінің басынан  – ақ жаратылысында  қабілетті болады, соның арқасында оның әрекеттері, жан аффектілері және ақыл – парасаты тиісінше жақсы болады немесе тиісінше жақсы болмай шығады.

         Адам мақсатының  үш түрі болады: жағымды, пайдалы, және тамаша түрлері.

          Пайдалы мақсат  не ұнамды, не тамаша, болып келеді. Қалаларда бар өнерлерде пайдалы мақсат бар. Ал жүріс – тұрысты сипаттайтын және сауда жүргізуде қабілеттілікті көрсететін онердің көздеген мақсаты қаншама тамаша, өйткені адам осылардың жәрдемімен білім алады және шынайы ақиқатқа жетеді. Ақиқатты білу және шынайы білім – бұл сөзсіз тамаша нәрсе. Барлық өнер атаулының мақсаты не тамаша, не пайдалы мақсат.

         Өнер екі түрге  бөлінеді: біреуінің  мақсаты – тамаша  көркемдікке ие  болу, екіншісінің  мақсаты – пайдаға  йе болу.

          Ортағасырлық қанау мен соғыс дәуірінде де күштеусіз, зорлықсыз және қанаусыз қоғам идеясын, жер бетіндегі халықтар арасындағы бейбітшілік және достыққатынастары идеалын батыл ұсынған атамыз салған сара жолды Егемен Қазақстан халықтары бүгін де жалғастырып отыр.

             Әл – Фарабидің  адам және қоғам,  дүниетаным көзқарастары, оның қалдырып  кеткен мұрасы бүгін біз өмір сүріп отырған қоғамның даму мәселелерімен үндес өркениеттің даму тұрғысынан алғанда бұлар аса маңызды мұра, батыл принциптер екендігінде дау жоқ.

             Табиғи адамгершілік  пен қасиеттер,  оның ойынша, белгілі  бір графикалық  ортаның ықпалымен  қалыптасады. Әл  – Фарабише айтсақ, ұлы қоғам –  жер бетіндегі  барша адамдар  қоғаманың жиынтығы: орташа қоғам –  белгілі бір халықты  ғана қамтитын  қоғам, ал кішігірім қоғам – жекелеген халықтың бір өмір өмір сүріп отырған жетінің азғантай бөлігін алыпжатқан белгілі бір қала тұрғындарының қауымдастығы. Толық емес қоғам – бір ауылдың белгілі бір көшесінде немесе үйінде тұратын адамдардың жиынтығы. Бұлар төменгі сатыдағы қоғамды құрайды.

             Әл – Фараби  қайырылымдылық орын  тепкен мемлекеттің  басшысына және  оның басқару тәсіліне  үлкен маңыз берді.  Қалада, - дейді ол, - белгілі бір адам  бастық болады, ал  басқа, өзінің  дәрежесі жағынан  оған жақынырақ адамдардың әрбіреуі өзінің жағдайына немесе қабілетіне сай басшының алдына қойған мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі.

            Қоғам дамуының  қазіргі жаңа кезеңінде  кез келген үміткер  басшы бола алмайды. Сондықтан баспасөз бетінде облыс, қала, аудан, ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындау керек деген көптеген ұсыныс болды. Олар әзірге бұйрықпен тағайындалып келеді. Одан халықтың көріп отырған зардаптары да аз емес.

Информация о работе Әл Фараби шығармашылығындағы адам және қоғам