Мердігерлік шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 78.03 Кб (Скачать документ)

Тапсырысшы белгiленген бағаны немесе шартпен белгiленген өзге соманы төлеу мiндетiн орындамаса, мердiгер  шарт нысанасын (жұмыс нәтижесiн) орындамағанымен  байланысты ұстап қалумен қатар  тапсырысшыға тиесiлi құрал-жабдықтарын  да, жұмысты орындау үшiн берiлген пайдаланылмаған материалдар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүлiктерiн  тапсы-рысшы керектi ақша соммасын төлегенше бермеуге құқылы. Бұл құқық шартта қаралмаса да жүзеге асырыла бередi.

Мұндай жағдайлар шартта қаралса, тапсырысшыға да сондай құқық берiледi, ол мердiгерге тиесiлi сыйақы мөлшерiнен өз уақытылы анықталған кемшiлiктердi жоюға арналған шығындарды өтеу үшiн ұстап қалуға құқылы.

Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесiн қабылдауды жалтарып, жұмыс үшiн төлемесе мердiгер жұмыс нәтижесiн өз бетiмен сатуға (өткiзуге) құқылы болады. Бұл тапсырысшы жұмысты қабылдау уақыты өтiп кеткеннен кейiн бiр айдан соң және тапсырысшыға екi рет ескертiлгеннен кейiн жүзеге асады. Мердiгер жасалған жұмыс нәтижелерi егер шартта басқаша қарастырылмаса сатады, өзiне тиесiлi ақысын алып қалғанын егер шартпен өзгешелiк көзделмесе тапсырысшы депозитiне салады.

Мердiгерлiк шарты бойынша тараптарда тиiстi көлемде тәуекелдер болып келедi. Егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе мүлiктiң кездейсоқ жойылуының немесе бүлiнуiнiң тәуекелiн шарт бойынша келiсiлген жұмысты тапсырудың мерзiмi келгенше мердiгер көтередi. Егер мердiгерлiк заты тапсырылғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтау мүмкiндiгi болмаса, онда тараптар кiнәсi болмаса, мердiгердiң жасал-ған жұмысқа ақы төлеудi талап етуге құқығы болмайды. Яғни жұмыстар орындалмауының тәуекелi барлық жағдайда мердiгерге жүктеледi. Затты қабылдауды немесе берудiң мерзiмiн өткiзiп алу болса егер шартта немесе заңда басқаша көзделмесе тәуекел мерзiмдi өткiзiп алған тарапта болады. Сондықтан тапсырысшы затты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алса мердiгер сыйақы алу құқығын сақтайды.

Мердiгерлiк шарттағы тараптардың  арасындағы тәуекелдердiң қайта  бөлiнуiне әкелетiн жағдайлардан тараптардың  бiреуiнiң кiнәлi iс-әрекеттерi болатын жағдайларды айыра бiлу қажет. Мысалы тапсырысшының кiнәсi болуы мүмкiн. Егер мердiгерлiк затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың мүмкiнсiздiгi тапсырысшы берген материалдың санасыздығынан болса, немесе оның берген жұмысты орындау туралы нұсқауына байланысты болса және осының салдары туралы мердiгер алдын ала ескертсе, онда мердiгер орындалған жұмыс үшiн ақы алу құқығын сақтап қала бередi.

Мердiгерлiк шарты бойынша жауапкершiлiк өзiнiң мiндеттерiн орындамаған немесе тиiстi орындамаған шарт тараптарының бiреуiнiң кiнәлi жүрiс тұрысының салдары болып келедi. Егер мердiгерлiк шартындағы мiндеттемелердiң кәсiпкерлiк сипаты болса немесе осы шартта арнайы көзделсе, тарап шарт бойынша мiндеттемесiн тиесiлi орындамауы үшiн оған кiнәсiз жауапкершiлiк жүктеледi. Жауапкершiлiктiң мөлшерi азаматтық заңнамамен немесе шартпен белгiленедi, әдетте зиянды өтеу мiндетiн атқарады. Көбiнесе, залал егер жұмысты мердiгер жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кездегi – әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса тапсырысшыға келтiрiледi.

Осыған қарай, Азаматтық  кодексте жұмысты сапасыз орындауы үшiн мердiгердiң жауапкершiлiгi көзделген (635-б.). оның нормалары мердiгер – бұзушыға жауапкершiлiк туралы жалпы нормалармен жүктелетiн қолайсыз нәтижелермен бiрге тапсырысшыға өзiнiң құқықтарын арнайы тәртiпте қалпына келтiру мүмкiншiлiгiн бередi. Тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердiгерден:

1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;

2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны тиiстi мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.

Осымен бiрге тапсырысшы кемшiлiктердiң өзiнiң қаражаттарымен мысалы, басқа мердiгердi жалдау жолымен жоюы мүмкiн. Бұл үшiн мердiгерлiк шартында тапсырысшының жұмыстың кемшiлiгiн өз iс-әрекеттерiмен жою құқығы көзделуi керек.

Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiндеттi.

Сонымен қатар, егер жұмыста  шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi болғанда және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.

Кейбiр жағдайларда, жұмысты  орындау жоғарланған қауiп-қатермен (тәуекелмен) байланысты болса, шартта белгiлi бiр кемшiлiктерi үшiн мердiгердi жауаптылықтан босату көзделуi мүмкiн.

Шартты бұзғаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiкке тартудың тәжiрибелiк мүмкiншiлiгi талап қою мерзiмiн сақтауға байланысты болып келедi. Мердiгерлiк шарттан талаптарға талап қоюдың жалпы – үш жылдық мерзiмдерi тарайды.

Мердiгерлiк шарт бойынша  орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған кемшiлiктер туралы талап бойынша талап қою мерзiмi, олар туралы тиiстi мерзiм шегiнде тапсырысшы мердiгерге хабарлаған болса, кемiстiктер анықталған күннен өз ағымын бастайды. 

 

2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.

2.1 Мердігерлік шартының түрлері.

Азаматтық заңнамада мердiгерлiк қатынастардың түрлерiнiң ең маңызды және ерекше белгiлерi барлары реттелген. Мердiгерлiк шартының түрлi сипаттамасына мыналар кiредi: 1) тұрмыстық мердiгерлiк; 2) құрылыс мердiгерлiгi; 3) жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк; 4) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк. Оларға Азаматтық кодекстегi мердiгерлiк қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерiне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексiнiң бұл түрлер туралы ережелерiнде өзгеше белгiленбесе мердiгерлiк туралы жалпы ережелер де (нормалар) қолданылады.  

 

2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Тұрмыстық мердiгерлiк. Бұл шарт мердiгердiң тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейдi. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша олардың нәтижесi зат болып келмейтiн жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуi осы сипатта болады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секiлдi бiр тарабы болып тұтынушы қатысады.

Тұрмыстық мердiгерлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 640-650 баптарымен реттеледi. Сонымен бiрге Қазақ КСР “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңы қолданылады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарының белгiлi бөлiгi 1996 жылғы 20 қыркүйектегi №9/7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мем-лекеттiк комитетiнiң Қаулысымен бекiтiлген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiмен реттеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты ерекшелiгiнiң үлкен бөлiгi оның тұтынушылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келедi. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бiрқатар нормалар Азаматтық Кодекстiң өзiнде де бар.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарты  бойынша, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшының  тапсырмасы бойынша, тапсырысшының  тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттiлiктерiн  қанағаттандыруға арналған белгiлi-бiр  жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарты  жария шарттарға жатады. Сонымен бiрге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.

Тұрмыстық мердiгерлiк шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде формулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердiгерлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi.

Жұмысты орындауға берiлген тапсырыста (шартқа немесе бекiтiлген нысандағы  құжатта) мыналар көрсетiлуi тиiс: орындаушының заңды мекен-жайы; тапсырысшының тегi және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзiм, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзiмi, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткiзген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлерi, орындаушы мен тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тiзiмi, бағасы және саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшiн қажет екенi көрсетiледi), жөндеуге берiлген заттың зауыттық нөмiрi және өзге де реквизиттер. Түбiртектегi бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердiгерлiк шарты жазбаша нысанда жасалатынын бiлдiредi. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куәгерлiк айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды.

Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердiгерлiк шартының мiндеттi талабы (елеулi жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегi нормаларға сәйкес жасалатын мердiгерлiк шартында да сияқты елеулi жағдайларға нысана (орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау мерзiмдерi туралы жағдайлар жатады.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкiн. Және жетон, талон, кассалық түбiртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкiн. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердiгердiң эскизi бойынша немесе үлгiлерi бойынша қабылданады. Оның қолымен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бiр уақытылы мердiгермен келiсу нәтижесiнде үлгiлерден және (немесе) жұмыс орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкiн. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмiрi мен денсаулығына, қауiпсiздiгiне және оның мүлкiне, қоршаған ортаға зиян келмеуi тиiс.

Тапсырыс рәсiмделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын шектейтiн болса, ол Қазақ ҚСР-ң “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың бағасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi, бiрақ ол мердiгер жариялаған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнiң 644-бабына сәйкес мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк  шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетiн ақы туралы, қажеттi және сенiмдi ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа қатысты басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсы-рысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс.

Жоғарыда аталған мiндеттердi орындау үшiн жұмысты орындайтын кәсiпорынның қызметi туралы маңдайшасы, заңды мекен жайы мен атауы, жұмыс iстеу режимi көрсетiлген маңдайшасы керек. Жеке кәсiпкер өзiнiң тiркелген органы туралы ақпаратты, көрсетiлетiн қызметтiң мiндеттi талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысы сертификатталғаны туралы ақпаратты ұсынуға мiндеттi.

Орындалуға жататын жұмыс  туралы ақпарат оның түрлерi, ерекшелiктерi, бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсiпорынның тұрақты мекен-жайынан тыс, мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктiлерде, орынға барып жұмыс iстейтiн бригадалармен қызмет көрсету жүргiзген кезде де ұсынылуға тиiс.

Тапсырысты қабылдау жүргзiлетiн кәсiпорынның бөлмесiнде тұтынушыға керектi ақпарат көзге көрiнетiн жерде орналасуға тиiс. Оның тiзiмi Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiнiң 5-пунктiнде берiлген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрiн орындауға лицензия, тұты-нушыға ұсынылатын мердiгердiң және өзге бұйымдардың (фур-нитураның) үлгiлерi, типтiк шарттардың түбiртектердiң, жетондардың, қолхаттардың, талондар және мердiгер тапсырысты қабылдағанын және тұтынушы жұмыс үшiн төлегенiн растайтын өзге де құжаттардың үлгiлерi көрсетiлуi тиiс.

Тапсырысшының тұтынушы ретiндегi құқықтары оған оның құқықтары, шарт жағдайлары, орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық ақпарат берумен қатар мердiгерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтердi қосуына тиым салу арқылы да қамтамасыз етiледi. Бiр жұмысты орындау өзге жұмыстар орындалуының мiндеттiлiгiне әкелмеуi керек.

Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеуi керек. Бұл мiндет мердiгер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға дейiн орындалса ғана болып келедi. Тапсырысшы мердiгердiң мәлiмдеме жасау сәтiне дейiн орын алған өзге де шығындарын өтеуге мiндеттi. Ал негiзiнен тапсырысшының әрқашан шартты бiр жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайлары жарамсыз болып келедi.

Мердiгердiң негiзгi мiндетi шарт талаптарына және мiндеттi талап етiлген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбiр жағдайларда жұмыс мердiгердiң материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Мердiгер жұмысты шартта қарастырылған мерзiмде бiтiруге тиiс. Тапсырысты орындау мерзiмi азаматтық құқықтағы мерзiмдердi есептеудiң жалпы ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. Мерзiм жұмыстың орындалып бiту уақытымен және жұмысты орындауға кiрiсу уақытымен анықталынады. Егер тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмысты бөлiп-бөлiп орындау қарастырылса, онда шартта әр орындалатын бөлiктiң мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс. Жедел қызмет көрсету нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн.

Егер тұрмыстық мердiгерлiк  шарты бойынша жұмыс тапсырысшының  материалынан орындалатын болса, түбiртекте немесе шарт жасасу кезiнде мердiгер  тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта  материалдың дәл атауы көлемi (саны), сипаты және тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн бағасы көрсетiлуге тиiс. Түбiртектегi немесе сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейiн сотта дау айтуы мүмкiн. Мердiгер тапсырысшының берген материалдарының дұрыс пайдаланылуы мен сақталуына жауап бередi. Мердiгер тапсырысшы берген материалдардың жарамсыз және сапасыз екендiгiн ескертуi тиiс. Сонымен бiрге орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына, берiктiгiне қауiп туғызатын мән-жайларды тапсырысшыға ескертуге тиiс.

Тапсырысшы берген материалды мердiгер бiршама немесе толығынан жоғалтып алса, (бүлдiрiп алса) онда ол сол материалды түрi мен сапасы сондай болып келетiн өзге материалмен ауыстыруы тиiс. Сонымен бiрге тұтынушы шеккен шығындар да өтелуге тиiс болады. Материалдың жекелеп бұзылуы мердiгер оған материалдардың бүлiнуiне әкелуi мүмкiн материалдардың айрықша қасиеттерi жағдайында мердiгер тұтынушының еркi бойынша ұзатпай шартты жаңартып және қысқа мерзiмде сондай материалдан затты дайындауға мiндеттi.

Информация о работе Мердігерлік шарт