Мердігерлік шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 78.03 Кб (Скачать документ)

Егер жұмыстың сапасына қойылатын  талаптар шартта белгiленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.

Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделiктi шаруашылық қызметiне кiрiсуiне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.

Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына мiндеттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану үшiн жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсы-рысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердiгер оларды тапсырысшыға беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.

Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердiгер сол материалдарды  сапасына қарай қабылдап алуға мiндеттi. Мердiгер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берiлген заттың өзiнде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердiгер өзiнiң кәсiби тәжiрибесiне байланысты бағалайды.

Мердiгер:

1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың  немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;

2) оның жұмысты атқару  әдiсi туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;

3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң  жарамдылығына немесе берiктiгiне  қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде  аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге  қатысты емес өзге де мән-жайлар  аяқталған жағдайда тапсырысшыға  дереу ескертiп, одан нұсқау  алғанға дейiн жұмысты тоқтата  тұруға мiндеттi.

Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап  алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын  күтпестен немесе жұмысты тоқтата  тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердiгердiң тапсырысшы оған тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердiгердiң хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзiмiнiң iшiнде беруi тиiс.

Егер мердiгер белгiленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшiлiктерiн тиiстi қабылдау кезiнде анықтау мүмкiн болмаған ретте ғана жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиiстi бағаламауда мердiгердiң кiнәсi болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс мердiгердiң материалынан орындалса, мердiгерлiк шартында тапсырысшының кепiлдiгi көбiрек болады, себебi материалдарды қамтамасыз еткен мердiгер олардың сапасы үшiн кiнәсi барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.

Мердiгер тапсырысшы берген мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi және мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүлiктiң жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады. Бұл жауапкершiлiк мердiгерлiк шартының орындауына арналған мүлiкке ғана емес мердiгердiң иелiгiне түскен басқа да мүлiкке де қатысты болады. Мысал қылып мердiгерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшiн бөлiнiп берiлген бөлмелердi, жөндеу кезiнде оны алып кету қажеттiлiгi болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлiктi айтуға болады. Осындай мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етудiң өлшемi болып, әдетте орын алатын меншiк иесiнiң өзiнiң шаруашылық ұқыптылығы келедi, бiрақ жұмыстарды орындау үшiн арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердiгердiң кәсiби субъект ретiнде қараушылық дәрежесi жоғары болуы керек екенiн танимыз. Кез-келген жағдайда, егер мүлiк сақтауды қамтамасыз ететiн барлық шараларды қолданбаса, мердiгер кiнәлi болып табылады.

Мердiгерде үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қатысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болмаған едi. Оны кiрiстiру мердiгердiң тиымды шаруашылық жүргiзуiн қолдайды, себебi онда оның қолданылуына байланысты үнемдеуге тiкелей мүлiктiк мүддесi пайда болады. Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзiнiң құнын азайтуда болып келедi. Үнемдеу әдеттегiге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгiзетiн мердi-гердiң жоғары дәрежелi кәсiпқойлығының салдарынан болады. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.

Мердiгерлiк шартта мердiгер  алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн (ҚР АК 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша төленетiн баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуi орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келедi. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердiгердiң қызме-тiн пайдалану үшiн, оның тұрақты iскерлiк атағы пайда болу үшiн, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкiн.

Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, шарттың нысанасын пайдалану немесе өзгеше iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi. Осы мiндеттi қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетi тағы шартты да көрсетiлуi тиiс. Кейбiр жағдайларда, осы жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттарда пайдалану тиiстi ақпаратсыз мүмкiн болмаса, онда сондай сипаттағы ақпарат мердiгердiң осы жөнiндегi мiндетi шартта бекiтiлмей-ақ берiлуге тиiс болады. (ҚР АК 637-б.). Осындай ақпараттарда белгiлi технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсiнiктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердiгердiң ақпарат беру бойынша мiндетi мердiгерлiк нәтижесiнiң ерекшелiгiне, жасалған бұйым арнайы күтiмдi талап ететiнiне және т.б. себептерге байланысты болып келедi.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодекс 638-бабы әрбiр тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүлiктiк объектiсiмен1 сияқты иеленуiне байланысты мүдделердiң (құқықтарын) қамтамасыз ету мiндетi жүктеледi. Бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа техникалық шешiмдер мен бiлiмдер туралы ақпарат алса, сол ақпаратты үшiншi тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келiсiмiнсiз бере алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсiптiк меншiктiң барлық түрлерi туралы ақпарат кiре алады). Мердiгерлiк шарты бойынша жалпы тәртiбiне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың бiреуiнiң коммерциялық құпиясы болып келетiн ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты (барлық түрлерiн) жарияламау мiндетi тараптар оны шартта бекiткенiне, бекiтпегенiне байланысты болып келедi, бiрақ ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен анықталады (ҚР АК 638 бап). Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртiбi мен талаптары тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Мердiгер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшiн берген құралдарды қайтаруға мiндеттi. Сол сияқты тапсырысшы мердiгер жұмысты орындауға кiрiспегенi немесе тым баяу орындағанына немесе орындалған жұмыста елеулi және жойылуы мүмкiн емес кемшiлiктерi болғаны себебiнен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердiгер тапсырысшымен берiлген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшiн берiлген затты немесе өзге мүлiктi қайтаруға мiндеттi. Мүлiк тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкiн. Егер мүлiктi қайтарып беру мүмкiндiгi жоқ болса, мердiгер материалдардың құрал-жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүлiктiң бағасын қайтаруға мiндеттi (ҚР АК 639 бабы).

Тапсырысшыға мердiгерге жәрдемдесу мiндеттерi жүктеледi. Бұл тапсырысшы мердiгермен бiрге белгiлi бiр жұмыстың бөлiгiн iстеу керектiгiн бiлдiрмейдi. Жұмыс мердiгердiң қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының материалдарды беру мiндетi болмайды.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнiң 629 бабының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердiгердiң мiндетiн  тиiстi орындауға қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асыруы керек, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттерiне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектiге жолды тазалауға, тиiстi мерзiмде,егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды, бөлмелердi (жайларды) беруге мiндеттi. Мердi-герге көмектесу мiндетi тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдан бұрын бекiтiлген тәртiбiн қайта құруды талап етпеу керек екенiн, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергi жасамау керек екенiн, керiсiнше онымен ынтымақтастықта болу керек екенiн бiлдiредi. Тапсырысшы осы мiндеттерiн орындамаған жағдайда, мердiгер зиянды, соның iшiнде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың мерзiмдерiнiң өзгеруiне немесе жұмыс бағасы көбеюiне байланысты келтiрiлген шығындарды (қосымша шығындарды) өтеудi талап етуге толық құқылы. Егер мердiгерлiк шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерiнiң (қателiктерiнiң) мүмкiн болмай қалса, мердiгер жұмыстың орындалған көлемiне сәйкес келетiн мөлшерде жұмыс үшiн ақыны алу құқығын сақтап қалады.

Тапсырысшы мердiгер жасаған  жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге  мiндеттi. Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнiң 630-бабында жұмысты  қабылдау тәртiбi реттелген және ол шартта да көрсетiлуi мүмкiн. Жасалған жұмысты қабылдау шартта көрсетiлген мерзiмде егер сол мерзiмдер шартта қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзiмдерде жүргiзiледi. Қабылдауға жұмыс нәтижелерiн тексеру кiредi. Егер жаңа зат жасалынса немесе бар затты жөндеу, оны жақсарту жүргiзiлсе қабылдау мiндетi затын иелiкке алу бойынша iс жүзiндегi әрекеттердi де өз құрамына енгiзедi. Орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алу меншiк құқығы жаңадан жасалған (қайта өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетiнiне әкеледi. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi-нiң 630-бабы 8-тармағы). Сiлтеме жасалған норманың мәтiнiнде бiздiң ойымызша қателiк бар, себебi жұмыс нәтижесiн қабылдап алу мерзiмiн өткiзiп алу тапсырысшыға меншiк құқығы өту сәтiн анықтауға байланысты болуы тиiс емес (меншiк құқығы онсыз да жалпы тәртiп бойынша тапсырысшыға оған зат берiлгенiн өтедi), мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) оның қабылдау мерзiмiн өткiзiп алудағы кiнәсi болмаса, онда ол мүлiктi қабылдауға мiндеттi болған және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы мүлiктi күтiп ұстау бойынша, шығындарда оған жүктелетiнiне (ол сол шығындарды өтеуге мiндеттi болатынына) әкеледi.

Тапсырысшы жұмысты нашарлатқан  шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы  өзге кемiстiктердi анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердiгерге хабарлауы тиiс. Болашақта тапсырыс берушi қабылдау сәтiнде анықталған кемiстiктердi жою туралы талап қоймақ болса, онда кемiстiктер қабылдауды куәландыратын актiде немесе өзге құжаттарда көрсетiлсе ғана, ол соларға сiлтеме жасай алады. Осы қойылатын талапты ескерсек, бiз мердiгерлiк жөнiндегi нормалар мердiгерлiк шартының нысанасын қабылдау бойынша сатып алу-сату шартына (оның нормаларына қарағанда) қатаңдау талаптар бекiтетiнiн айта аламыз.

Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн тексерiссiз қабылдаса, онда ол қабылдаудың кәдiмгi болып келетiн тәсiлдерiн қолданғанда анықталуы мүмкiн болған кемiстiктерге (айқын кемiстiктерге) сiлтеме жасау құқығынан айырылады. Егер тапсырысшы жұмыс нәтижелерiн қарап қабылдағаннан кейiн қарапайым қарағанда көрiнбейтiндей кемiстiктердi (жасырын кемшiлiктердi) сол сияқты оларды мердiгер қасақана жасырған кемiстiктердi анықтаса, онда тапсырысшы бұл туралы мердiгерге қисынды мерзiмде хабарлауға мiндеттi. Тапсырысшы мердiгерге оның орындаған жұмысының кемшiлiктерi туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзiмi кемшiлiктер табылғаннан, яғни жұмыс нәтижесi қабылдағаннан кейiн бiр жылды құрайды. Мердiгерге ғимараттардың, құрылыстардың кемiстiктерi туралы немесе мердiгер қасақана жасырған кемiстiктер туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзiмi үш жылды құрайды. Көрсетiлген мерзiмдердi кепiлдiк мерзiмдерi ретiнде бағалауға болады. Аталған мерзiмдер заң актiлерiмен немесе шарттармен ұзартылуы мүмкiн. Сапа кепiлдiгi, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесiнiң барлық құрамаларына тарайды. (ҚР АК 633 бабы 2-тармағы). Егер мердiгерлiк шартында бұл өзгеше көзделмесе, кепiлдiк мерзiмi тапсырысшы жұмыс нәтижелерiн қабылдағаннан кейiн бас-тап немесе тапсырысшы оларды қабылдауы керек сәттен кейiн бастап есептеледi.

Егер тапсырысшы мен мердiгер  арасында жасалған жұмыс кемшiлiктерi немесе оның себептерi туралы тартыс болса, олардың әрқайсысының талабы бойынша сараптама жүргiзiлуi мүмкiн. Сараптау шығындарын мердiгер өтейдi. Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса немесе мердiгердiң жасаған iс-әрекеттерiнiң және табылған кемшiлiктердiң өзара байланысы жоқ деп тапса мердiгер осы шығындардан босатылады. (ҚР АК 630 бабы 6-тармағы). Бұл жағдайларда шығындарды кiм сараптау жүргiзудi қаласа, сол өтейдi. Егер сараптауды тараптар келiсiмiмен жүргiзсе, онда екi жақ тең шығынды өтейдi.

Жасалған жұмысқа ақы төлеу мiндетi – тапсырысшының негiзгi мiндетi. Бұл мiндет жалпы тәртiп бойынша мердiгер жасаған жұмысты толығынан тапсырған соң орындалуы тиiс. Шартта алдын-ала жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс кезеңдерiнде ақы төлеу мiндетi қарастырылуы мүмкiн. Ақы төлену үшiн жұмыс уақытылы орындалуы керек. Жұмыс мерзiмiнен бұрын аяқталса, оған алдын алу құқығы алдын ала төлеу тараптар келiсiмiне бұрын кiрсе, немесе тапсырысшы содан соң алдын ала төлеуге келiссе пайда болады. Аванс төлемiн жасау немесе кепiлпұл беру осылар шарттарда немесе заңнамада қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Аванс төле-мiнiң, кепiлпұлдың мөлшерi де шарттармен немесе заңнамамен анықталады.

Мердiгерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетiмен қорғау құқығы берiледi. (ҚР АК 9 бабы, 3-тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып келедi (ҚР АК 624 бабы).

Информация о работе Мердігерлік шарт