Мердігерлік шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 78.03 Кб (Скачать документ)

Тапсырысшыға мердiгер материалдардың олардың бүлiнуiне әкелуi мүмкiн айырықша қасиеттерi туралы ескертсе, онда мердiгер материалдың бiршама немесе толық бүлiнуiне (жойылуына) байланысты жауапкершiлiктен босатылады (яғни тапсырысшы өз нұсқауын бердi деген сөз және осы нұсқауды орындау зиян себебi болды). Ал мердiгердiң материалдық айрықша қасиеттерi туралы бiлмегенi оны жауапкершiлiктен босатпайды.

Мердiгер, егер төтенше және бой бермейтiн (дүлей) күш жағдайлары орын алса, осының себебiнен материалдардың бүлiнуi, жұмыстың тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiктi көтермейдi.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнде тапсырысшы – тұтынушының мүддесiн қосымша қорғауды қамтамасыз ететiн нормаларды да қарастырады. Мердiгер тапсырысшыға дайындалған (қайта өңделген) немесе орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тапсырған кезде тапсырысшыға соларды тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн қажеттi талаптарды хабарлауға мiндеттi. Орындалған жұмыс нәтижесiн пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсырысшының өзi немесе өзге тұлғалар үшiн қолайсыз салдары да көрсетiлуi керек.

Жұмысты орындағаннан кейiн  немесе тапсырыстан бас тартылған  жағдайда, мердiгер тұтынушыға жұмсалғаннан қалған материалдарды, сонымен бiрге  ауыстырылған бөлшектердi (жарамсыз бөлшектердi) қайтаруға мiндеттi, сол сияқты олар үшiн тапсырысшы төлеген материалдардың жұмсалуы туралы есеп бе-руге мiндеттi.

Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижесiн қабылдауға және орындалған жұмысқа ақы төлеуге мiндеттi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша тапсырысшы жұмыс нәтижесiн толық көлемде қабылдағаннан кейiн ақы төлейдi. Тараптардың ке-лiсiмi бойынша ақы толығынан шарт жасасу кезiнде немесе аванс беру арқылы төленуi мүмкiн.

Тұрмыстық қызмет көрсетудiң  ережелерiнде жұмыстың кейбір түрлеріне  алдын  ала ақы төлеу немесе аванс беру қарастырылған. Жекелеп алғанда тұтынушының қатысуымен орындалатын жұмыстарға шартын тұрмыстық мердiгерлiк шартын жасау сәтiнде жұмыстың ақысы толығымен төленедi.

Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ киiмдердi, тiгiн және тоқыма бұйымдарды iрi жөндеу, жаңарту мердiгерлiк шарттары бойынша, тапсырысшы шартта көрсетiлген мөлшерде аванс төлеуi мүмкiн.

Егер тұрмыстық мердiгерлiк  шарты бойынша, жұмыс мердiгердiң  материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезiнде тапсырысшы материал үшiн толық немесе iшiнара тапсырысшы мердiгер орындаған жұмыстың нәтижесiн алған кезде түпкiлiктi есеп айырыса отырып, шартта көрсетiлген бөлiгi үшiн ақы төлейдi. Мердiгердiң материалына өзге тәртiпте есептесу тараптардың келiсiмiмен қарастырылуы мүмкiн. Шартқа сәйкес материалды мердiгер кредитке, оның iшiнде тапсырысшының материалға ақыны бөлiп-бөлiп төлеуi талабымен беруi мүмкiн. Мердiгер берген материал бағасының шарт жасалғаннан кейiн өзгеруi қайта есептеуге әкеп соқтырмайды.

Тапсырысшы орындалған жұмыс  нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған  жағдайда, мердiгер тапсырысшыға жазбаша  түрде ескерте отырып, сол ескерткен  күннен бастап 2 ай өткен соң мердiгерлiк  нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердiгер өзiне тиесiлi барлық төлемдi шегерiп, қалғанын тапсырысшының атына нотариустың депозитiне салуға құқылы. Мердiгер өзiнiң таңдауы бойынша мердiгерлiк нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтiрiлген залалды өндiрiп алу құқығын пайдалана алады.

Тапсырысшы жауапкершiлiгiнiң көрсетiлген жағдайы жалпылама оның жиi орын алмайтын жауапкершiлiгiнiң (көбiнесе тұрмыстық мердiгерлiк шартында да мердiгердiң жауапкершiлiгi кездеседi) бiр бөлек жағдайы болып келедi. Тағы да бiр жағдайды атап көрсетейiк. Егер тапсырысшы, мердiгер материалдың жарамсыздығын, сапасыздығын уақытылы ескертiп немесе жұмыс нәтижесiнiң берiктiгiне әсер ететiн жағдайларды жоюды талап етсе, тапсырысшы ешқандай шара қолданбаса, онда оған жауапкершiлiк жүктеледi. Бұл жағдайда мердiгердiң шартты бұзуға және өзiне келген шығындарды өндiрiп алуына құқығы бар.

Мердiгердiң жауапкершiлiгiн қарастырайық. Тапсырысшы мердiгердi жауапкершiлiкке тарта алады, егер мердiгердiң жұмыс (оның нәтижесi), мердiгердiң өзi жөнiнде тиiстi емес (ақиқатқа сәйкес келмейтiн немесе толық емес) ақпарат беруi тапсырысшыға қажеттi қасиеттерi жоқ жұмыстың орындалуына әкелсе. Сонымен бiрге мердiгердiң жауапкершiлiгi тапсырысшының өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне зиян келтiрген жағдайда да туындайды. Соңғы екi жағдайда да шартты бұзып, келтiрiлген шығынды өндiрiп алуға құқық бередi.

Мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайларының заңнама талаптарына сәйкес қолданылуы үшiн де жауапты болады. Егер де шарт талаптарын қолдану кезiнде тұтынушының құқығы шектелiп, оған зиян келсе, онда ол толық көлемде өтелуi тиiс. Бұған тұтынушының еркiн жұмыс түрiн таңдау құқығын бұзуда туындаған шығынды да қосамыз.

Егер мердiгер тапсырысшы берген материалдардың жарамсыздығын, сапасыздығын, тапсырысшының жұмысты  орындау тәсiлi туралы нұсқауын ескертпесе, орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң  жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп  туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге  қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға ескертпесе, осыларды белгiленген нысандағы құжатта көрсет-песе, мердiгер тапсырысты тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiк көтередi. Бұл жағдайда азаматтық құқықтағы мiндеттеменi орындамаудағы кiнәлiлiктiң болжамы (презумпциясы) қолданылатыны айқын көрiнедi.

Орындалған жұмыс нәтижелерiндегi кемшiлiктердi анықтаса тапсырысшы мердiгерлiк қатынастарды реттейтiн жалпы нормалар қарастырған құқықтарды жүзеге асыра алады. Жұмысты қабылдау кезiнде немесе мердiгерлiк нысанасын пайдалану кезiнде кемшiлiктердi анықтаса, онда тапсырысшы Қазақстан Рес-публикасының Азаматтық кодексiнiң 630-бабында қарастырылған жалпы мерзiмдер шегiнде мердiгерге талабын жүзеге асыра алады. Егер шартта кепiлдiк мерзiмi қарастырылса, онда талаптар гарантиялық мерзiмдер шегiнде жүзеге асуы мүмкiн. Егер кепiлдiк мерзiмi жалпы заңда көзделген мерзiмнен қысқалау болса, онда заңда көзделген мерзiмдер қолданылады.

Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары бойынша жұмыстардың кемiстiктерi тапсырысшының өзiнiң немесе өзге тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiндей болса, кемiстiктердi тегiн (ақысыз) жою туралы талап тапсырысшымен  немесе оның құқықтық мирасқорымен, егер заңнамалық актiлермен өзге мерзiмдер (қызмет ету мерзiмдерi қарастырылмаса) жұмысты қабылдау болған сәттен үш жыл iшiнде жүзеге асыра алады.

Өмiр немесе денсаулық үшiн қаупi болуы мүмкiн кемiстiктердi жою туралы талап, кемiстiктер қанша табылғанына қарамастан (жұмысты қабылдау немесе затты пайдалану кезiнде де) жүзеге асуы мүмкiн. Сонымен бiрге, бұл талап кепiл мерзiмдерi өткен кезде де қойылуы мүмкiн.

Тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдаған сәтте анықталған кемiстiктер 7 күн iшiнде жойылуы тиiс, шартпен бұдан қысқалау мерзiм қарастырылуы мүмкiн.

Тапсырысшы тағайындаған немесе тараптармен келiсiлген кемшiлiктердi жою мерзiмi шартта немесе өзге де құжатта бекiтiледi. Мұндай мерзiмдi бұзғаны үшiн мердiгер тапсырысшыға тұрақсыздық айыбын төлейдi. Жекелеп алғанда бiреудiң ақшасын пайдаланғаны үшiн АҚ-ң 353 бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлейдi (себебi мердiгердiң мiндеттемесiн ақшаға аударуға (ақшалай бағалауға) болады.

Тұрмыстық мердiгерлiк шартын тоқтатуға мiндеттеменi тоқтатудың барлық негiздерi қолданылады. Жоғарыда бiр тапсырысшының бiр жақты тәртiппен шарттан бас тартуын да қарастырған едiк. Бұл шарттың ерекшелiгi – ол тапсырысшының жеке қажеттерi негiзiнде жасалуы.

Тұрмыстық мердiгерлiк шартының осы ерекшелiгiн ескерсек нелiктен заңнама шарт тоқтатылуының бiр негiзi ретiнде оның бiр тарабының қайтыс болуын қарастыратыны екенi түсiнiктi болады. Тұрмыстық мердiгерлiк шартынан туындайтын мiндеттемелер күшi (қолданылуы) сақталуы бойынша жеке мiндеттемелер қатарына жатады (ҚР АК 376 б.). Алайда, оның тоқта-тылуының салдары қарапайым (жеке емес) мiндеттеме тоқтатылуының салдарына жақын. Сондықтан бiр немесе екiншi тараптан (тапсырысшының немесе мердiгердiң) құқықтық мирасқорларының құқықтары мен мiндеттерi туралы сұрақтың шешiлуiне әкеледi. Бұндай көзқарас құқықтық мирасқорлардың заңмен қорғалатын мүдделерiн және олардың кейбiр мүлiктiк құқықтарын ескеруге байланысты болып келедi.

Шарттың тоқтатылу салдары  тиiстi тараптың құқықтық мирасқоры  мен оның келiсiмшарт жасасушы агентiнiң  арасындағы келiсiм бойынша, ал олар келiсiмге келмесе орындалған жұмыстың мөлшерi мен бағасы, жұмсалған және сақталған ма-териалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайлар ескерiле отырып сот арқылы айқындалады.

Құрылыс мердiгерлiгi

Мердiгерлiк шарттың қарастырылып отырған түрi оның құқықтық өзгерiстерiн бастан өткiзген. Социалистiк экономиканың дамуының алғашқы кезеңдерiнде құрылыс мердiгерлiгi сөзсiз мердiгерлiк шарты болып қарастырылған.1 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгiзiлген РСФСР Азаматтық кодексiнiң 220-235-баптарында және РСФСР-дың Азаматтық кодексiнiң 235-бабының 5-қосымшасы болып табылатын “Мемлекеттiк мердiгерлiк және жеткiзiлiм туралы” Ережелерде мердiгерлiк жұмыстардың барлық түрлерiн реттеу үшiн арналған жалпы мәндегi нормалар болған. Көрсетiлген соңғы нормативтiк актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсiз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердiгерлiк шарттың бiрқатар ерекшелiктерi реттелген.1

Бiрақ өндiрiсте, барлық өндiрiстiк  процестердiң директивтi жоспарлауын  нығайтуына байланысты, құрылыс мердiгерлiк  мердiгерлiк шарттардың жалпы көпшiлiгiнен  анық бөлiнiп шықты және 1961 жылдан бастап барлық негiзгi жүйелiк азаматтық-құқықтық актiлерi (азаматтық заңнама негiздерi, азаматтық кодекстер) күрделi құрылысқа  мердiгерлiк шартты мердiгерлiк шарттың  түрi ретiнде емес, азаматтық-құқықтық шарттың жеке түрi ретiнде қарастырады.2

Қазiр құрылыс мердiгерлiгi шартының құқықтық реттелуi барлық нарықтық заңнама да сияқты экономикалық заңдармен  қайшылыққа түспейдi. Бiрақ, азаматтық құқығының дамуында одан кезеңдегi бiрқатар жасалған құқықтық өңдеулер, сол сияқты өзге елдердiң жеке құқығының өңдеулерi ескерiлген, сондықтан құрылыс мердiгерлiк ерекшелiктерi бөлек айқындалуы қажет болып тұр. Қазiргi жағдайда мердiгерлiк шарт бойынша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шiлде-сiндегi “Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы” Қазақстан Республи-касының Заңы маңызды әсерiн тигiзедi.

Олар (сол ерекшелiктер) бiрқатар жағдайларда құрылыс мердiгерлiк  жұмыстарын жүргiзуге байланысты жер  учаскелерiне заттық құқықтарды алумен, құрылып жатқан объектiлердi энергиямен қамтамасыз етуге шарт жасаумен, мемлекеттiң  бiр немесе өзге органдарымен жарна-құқықтық, басқа да құқықтық қатынастар пайда болатынында көрiнедi.

Сол немесе басқа объектiсiн  салу жұмыстардың кешенiн жүргiзудi талап етедi, олардың әр түрi өз кезегiнде бөлек мердiгерлiк шартының нысанасы және осыдан да құрылыс мердiгерлiктiң ерекшелiгi көрiнедi.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнiң 651-бабына сәйкес құрылыс мердiгерлiгi шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға жасалады. Кейбiр жағдайларда құрылыс мердiгерлiгi нысанасы болып үйлер (ғимараттар) кешенiн құрайтын кәсiпорынды салу немесе оны қайта жаңарту келедi. Құрылыс мердiгерлiгi шеңберiнде монтаждау, iске қосу жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен байланысты өзге де жұмыстар орындалады. Құрылыс мердiгерлiгiнiң ережелерi, егер шартта өзгеше көзделмесе үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.

Құрылыс мердiгерлiгi шарты  бойынша мердiгер тапсырыс-шының  тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға  мiндеттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге  жұмысты орындауы үшiн қажеттi жағдайлар  жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға  және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттеледi.

Көрсетiлген шарттың субъектiлiк  құрамының ерекшелiктерi бар, яғни шартта әрқашан мердiгер жағынан кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiлерi, әртүрлi лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргiзу үшiн рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсiпкерлер қатысады.

Кейбiр жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келедi. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қанағаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқықтары ережелер қолданылады.

Құрылыс мердiгерлiгi шарты нысанасының ерекшелiктерi және осы мердiгерлiк шартымен байланыста пайда болатын құқықтық қатынастардың жиынтығы осы мердiгерлiк түрдiң мазмұнының ерекшелiктерiне мiндеттi түрде белгi қалдырады. Олар, сонымен қатар, реттелуiне бағытталған нормалармен анықталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32-тарауының § 3 “Құрылыс мердiгерлiгiнiң ерекшелiктерi”).

Тараптардың құқықтары мен  мiндеттерi. Объектiнiң салынуы, салынатын жер учаскесiн белгiлеуден басталады. Қазiргi заңға сәйкес, салынатын объектiнiң болашақ иесi жер учаскесiн бөлiп алуы керек. Ол құрылыс салу үшiн жер учаскесiн шартта көрсетiлген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге мiндеттi.

Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесiнiң көлемi мен күйi жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргiзiлуiн және мерзiмiнде аяқталуын қамтамасыз етуге тиiс. Шартпен жер учаскесiн алу және құрылыс үшiн керектi дайындық жұмыстарын, кiрiс жолдарын тазалау және т.б. мiндеттер мердiгерге жүктелуi мүмкiн. Бiрақ, бұл жағдайда, мердiгерлiк шарт тапсырма шартының элементтерiмен күрделенедi немесе мердiгер жеке тапсырма шартының негiзiнде мұндай қызметтi орындайды.

Шартта құрылыс ұйымы  өз күшiмен тұрғын үйдi, ғимаратты салатындығы қарастырылуы мүмкiн. Мұндай шарт құрылысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектi тапсырылады. Мұндай шартта сатып алу-сату шартының тиiстi мазмұны басым болады, мердiгерлiк (құрылыс мердiгерлiк) туралы нормалар тек керектi мөлшерде пайдаланылады. Құрылысты толық аяқтау туралы шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелдi мердiгердiң көтеретiндiгi көзделедi. Егер өзгешелiк шартында қарастырылмаса құрылысты толық аяқтағанға, тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiн тапсырғанға және жұмысқа ақы төлеуге дейiн салынып жатқан объектiнiң иесi мердiгер болып саналады. Құрылыстың материалдық жағынан қамтамасыз етiлуiн жартылай немесе толығынан тапсырысшы жүзеге асыратын құрылыс мердiгерлiк шартында қарастырылуы мүмкiн. Мате-риалдық жағынан қамтамасыз ету құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты ағымды қаржыландыру және т.б. көзделуi мүмкiн. Тапсырысшының бұл мiндеттерi шартта аталуы қажет. Заңнамамен (ҚР АК 659 бабымен) материалдық жағынан қамтамасыз етуге байланысты тапсырысшы мiндеттерiнiң ең аз мөлшерi анықталған, олар тапсырысшының құрылыс мердiгерлiгi шартындағы қосымша мiндеттерi деп аталады. Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiгi шартында көзделген жағдайлар мен тәртiпте мердiгерге жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi үйлер мен ғимараттар беруге, мердiгердiң мекен-жайына жүктердiң тасымалдауын қамтамасыз етуге, энергиямен жабдықтау су және бу желiлерiн уақытша жүргiзуге, басқа да қызметтер көрсетуге мiндеттi. Олар үшiн ақы шарттың өзiнде көзделген талаптар бойынша төленедi.

Информация о работе Мердігерлік шарт