Мердігерлік шарт

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 14:48, курсовая работа

Описание

Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 78.03 Кб (Скачать документ)

Бұл айырмашылықтар жасалған интеллектуалдық қызмет объектiлерiнiң  интеллектуалдық меншiк құқығының  әртүрлi қорғау нормаларына жатуына  байланысты. Ғылыми-зерттеу жұ-мыстарының нәтижесi – бұл авторлық құқық объектiсi. Сондықтан ғылыми-зерттеулер жүргiзу шартты көбiнесе фундаменталды зерттеулердi немесе қандай да болсын бiр өндiрушiге жаңа технология енгiзу, өндiрiстi қайта жабдықтау, өндiрiсте және материалдар, құбылыстарды пайдалану туралы шешiм қабылдауға мүмкiндiк беретiн зерттеулердi жүзеге асыру үшiн қолданған жөн. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негiзгi экономикалық әсерi кейiнiрек шығуы мүмкiн, ол мердiгер берген ұсыныстарын (оның ойларын, шешiмдерiн) тәжiрибеде қолдануға байланысты болып келедi. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына мердiгерлiк шартының нысанасы болып белгiлi тақырып, мәселе, мәселелер топтары бойынша аяқталған ғылыми жұмыс немесе одан әрi зерттеулер үшiн аралық буын бола алатын ғылыми зерттеудiң бөлiгi келуi мүмкiн.

Тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыс нәтижесi өнеркәсiптiк  меншiк объектiсi, өндiрiс аймағында  маңызы бар ашылмаған ақпараттар ретiнде қорғалатын объектiлер болады. Өз кезегiнде бұл өнеркәсiптiк  меншiк объектiсiне құқықтарды тiркеуге байланысты тараптардың шарттағы құқықтары  мен мiндеттерiнiң болуына әсер етедi. Қандай өнеркәсiптiк мен-шiк  объектiсi пайда болғанына қарап  шарт нәтижесiн пайдалану тәртiбi, мердiгер тарабының сыйақы алуға құқығы және басқа талаптар әртүрлi (өзгеше) болып келедi.

Екi шартқа да ортақ болып табылатын нәрсе бар. Мердiгердiң қызметiне оның аралық кезеңдерiне, мердiгердiң бiр немесе өзге интеллектуалдық меншiк объектiсiн өңдеушi ретiнде құқықтық жағдайына бұл екi шарттарда да интеллектуалдық меншiк құқығының жалпы ережелерi тарайды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына  жасалған шарт бойынша мердiгер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулердi жүргiзуге мiндеттi. Тапсырысшы мердiгерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерiн қабылдауға және оларға ақы төлеуге тиiстi.

Мердiгер тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұ-мыстарға мердiгерлiк шарты бойынша жаңа бұйымның үлгiсiн, оның конструкторлық құжаттамасын, жаңа технология жасауға немесе үлгiсiн дайындауға мiндеттелiнедi.

Тапсырысшы ғылыми-зерттеу  жұмыстарына жасалған шарт бойынша  әрекеттердi жасауы қажет. Екi жағдайда да мердiгермен (атқарушымен) жасалған шарт зерттеу жүргiзудiң, үлгiлердi әзiрлеу мен жасаудың бүкiл циклын, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерiн де қамтуы мүмкiн.

Жобалау және iздестiру жұмыстарын жүргiзу шарттарынан айырмашылығы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шарттарында бiрқатар жағдайларда мердiгерлер болып кәсiпкерлер қатыспайды. Мердiгерлер болып көбiнесе жеке зерттеушiлер, ғылыми ұйымдар, жоғарғы оқу орындары шартқа қатысады (осылар коммерция-лық емес ұйымдар). Ғылыми зерттеу құрылымдары коммерция-лық ұйымдар құрамында болуы мүмкiн. Тапсырысшылар болып жеке тұлғалар мемлекеттiк немесе жеке меншiк нысанында негiзделген заңды тұлғалар келедi.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын мердiгердiң (атқарушының) өзiнiң ғана жүргiзуiн талап етедi. Бұл мердiгермен жұмысты орындау мiндетi жеке сипатта екенiн бiлдiредi. Шартта көрсетiлген жағдайға немесе жұмыс барысында тапсырысшының келiсiмiмен мердiгерлер үшiншi тұлғаларды шартты орындауға тартуға құқылы. Тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргiзуге мердiгерлiк шарттарында басты мердiгерлiк жүйесi жалпы ережелер бойынша жүзеге асады. Егер өзгеше шартпен қарастырылмаса, мердiгер жұмысты орындауға қосалқы мердiгерлердi тартуға құқылы.

Тараптардың құқықтары мен  мiндеттерi. Бұл мердiгерлiк тараптардың кейбiр ерекшелiгi бар құқықтары мен мiндеттерiн қарастырады. Ғылыми-зерттеу немесе тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шарты бойынша тапсырысшы мердiгерге техникалық тапсырма беруге тиiс. Тапсырысшының осы мiндетiнiң ерекшелiгi бар, себебi, ол мердiгермен жасалатын жұмыстың тақырыптары (көрсеткiштерi) жөнiнде келiсуi тиiс. Бұның да себебi бар, тапсырысшы зерттеудiң таңдалған бағытының өзектiлiгiн, оның нәтижесiнiң маңыздылығын барлауда қиындық шегуi мүмкiн. Тапсырысшы жұмыс үшiн керектi мәлiметтердi мердiгерге берiп отыруы керек. Олардың құрамында таратылуға жатпайтын (конфиденциалды) мәлiмет те болуы мүмкiн. Ал жұмыс бiткен соң тапсырысшы оны қабылдап алуы және ақы төлеуi қажет. (ҚР АК 678-б. 1,3-тармақтары). Жұмыс нәтижесiн қабылдау, оған ақы төлеу тәртiбi шартпен анықталады немесе мердiгерлiк шартына қатысты жалпы ережелермен айқындалады. Шартта жұмыстың бөлек кезеңдерiн қабылдау және олар үшiн ақы төлеу немесе ақы төлеудiң өзге бiр тәсiлi қарастырылуы мүмкiн.

Егер ғылыми-зерттеу өндiрiсi кезiнде қажеттi нәтижеге жету мердiгердiң (атқарушының) өзiне байланысты емес мән-жайлар бойынша мүмкiн болмаса, онда тапсырысшы осы мән-жайлар анықталған уақытқа дейiнгi жасалған жұмыс нәтижелерiне ақы төлеуi керек. Бұл ақының шектi мөлшерi шартта көрсетiлуi мүмкiн. Сол кезде тапсырысшы шартта көрсетiлген жұмыстың бiр бөлiгi үшiн қарастырылған ақыдан асатын соманы төлеуге мiн-деттi болмайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижеге жету мүмкiнсiздiгiн мердiгерлiк шарттарындағы тәуекелдердiң үлесуi ретiнде бағалауға болады. Ал, тәжiрибе конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шартында тапсырысшы үшiн тәуекелдiлiк деңгейi бiршама төмен болады. Егер тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау барысында жұмысты ақырына дейiн жеткiзу мердiгерге байланысты емес мән-жайлар негiзiнде мүмкiн болмаса, тапсырыс-шы мердiгердiң шығындарын ғана өтеуi керек.

Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарына мердiгерлiк шарты бойынша тапсырысшы өзiне берiлген жұмыс нәтижесiн, шартта көзделген негiздер мен шектерде ғана қолдануға құқылы.

Мердiгер жұмыстарды тапсырысшымен келiсiлген бағдарламаға (техника-экономикалық көрсеткiштерге) сәйкес орындауға және нәтижесiн тапсырысшыға шартта көрсетiлген мерзiмде беруге мiндеттi. Ол сонымен қатар, интеллектуалдық меншiктi құқықтық қорғау бойынша талаптарды да орындауға мiндеттi. Жалпы алғанда, интеллектуалдық (өнеркәсiптiк) меншiк объек-тiсiне құқық бекiтiлгенге дейiн тапсырысшы ол туралы жарияламауы керек. Ерекшелiк, тек интеллектуалдық меншiк объектiсiн көрмеге қою үшiн жасалады және осы үшiн шартта тиiстi жағдай болуы керек, ал өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне құқықтарды рәсiмдеу (патенттеу туралы өтiнiш) көрме болғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс. Мердiгер өз күшiмен және есебiнен өзiнiң кiнәсi бойынша техникалық құжаттаманың қателiктерiн жоюға мiндеттi, егер олар тапсырысшының техникалық тапсырмасында немесе шартта белгiленген техникалық-экономикалық көрсеткiштерден ауытқуға әкелуi мүмкiн болса.

Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың белгiлi нәтижеге жетпейтiнiн немесе жұмысты одан әрi жалғастыру қажеттi емес екенiн және т.б. дереу хабарлап отыруға мiндеттi. Мердiгер ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарының нәтижесiн берген кезде оған үшiншi тұлғалардың құқықтары болмайтынына кепiлдiк беруi керек. Мұндай мiндеттi мердiгерге жүктеу шарт, ол үшiн де белгiлi дәрежеде тәуекелге негiзделген болатынына әкеледi.

Мердiгер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезiнде алынған нәтижелердi жарыққа шығармауы (жарияламауы) керек. Ол жұмыс нәтижелерiнде алған мәлiметтердi қорғау шараларын жүзеге асырып және ол туралы тапсырысшыға хабарлауға мiндеттi. Мердiгердiң осы екi соңғы көрсетiлген мiндеттерiн басқаша шешу шартта көзделуi мүмкiн.

Әдетте, мердiгер тапсырысшыға ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау арқылы алынған және құқықтық қорғалуы болуы мүмкiн нәтижелерiн пайдалануға ерекше лицензия беруге мiндеттi. Мердiгер, егер шартта оның бұл құқығы болмайды деп қарастырылмаса жұмыс нәтижесiн өзi қолдануға болады. Яғни, сөз жұмыс нәтижесiн оның тек жеке өзi қолдануы туралы айтылып тұр. Егер жұмыс нәтижесiн коммерциялық қолдану туралы сөз болса, онда қолдану көлемi тапсырысшымен келiсiлуi керек. Егер бұл шартта көзделсе, онда мердiгер жұмыс нәтижесiн үшiншi тұлғаларға беруi мүмкiн.

Тараптарға шарттың өзi туралы мәлiметтердiң таратылмауы бойынша мiндеттер жүктеледi. Тапсырысшыға, сондай-ақ мердiгерге шарттың орындалуы мен жұмыс нәтижелерi туралы мәлiметтердiң құпиялығын сақтау мiндетi жүктеледi. Мердiгер жұмыс нәтижесiн патенттеудi тапсырысшының келiсiмiмен ғана жүргiзедi.

Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар үшiн мердiгерлiк шартының тағы бiр ерекшелiгi ол бойынша жауапкершiлiк режимiнде болып келедi. ҚР АК 682-б 1-тармағының нормасының мағынасына сәйкес, мердiгер кәсiпкер немесе кәсiпкер еместiгiне қарамастан ол тапсырысшы алдында кiнәлi болса, шектелген көлемде жауапкершiлiктi көтередi. Мердiгер тапсырысшының алдында жұмысты орындамағаны және тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер шарттың бұзылуы мердiгердiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса жауапкершiлiк көтередi. Шартты бұзған мердiгер (орындаушы) тапсырысшыға тек нақты нұсқауды өтеуге мiндеттi болады. Толық жауапкершiлiк – тапсырысшыға барлық келтiрiлген шығындарды өтеу мiндетiн жүктеу тек осыны қарастыратын тiкелей шарттық норма болса ғана мүмкiн. Тапсырысшының өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн азаматтық құқықтық жауапкершiлiк азаматтық құқықтағы және мердiгерлiк шарты бойынша жауапкершiлiк туралы жалпы нормаларымен белгiленедi.


Информация о работе Мердігерлік шарт