Ұлпаның қабынбалы аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:56, автореферат

Описание

Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба – pulpa dentis). Тіс ұлпасы – дәнекер тінде құрылым тісі қуысында орналасады және екі бөліктен тұрады. Тістің сауыт қуысында жатқан бөлігі сауыт ұлпасы (коронковая пульпа – pulpae coronare), ал түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы (корневая пульпа – pulpae radicis dentis) деп аталады. Біртүбірлі тістерде сауыт ұлпасы анық шекарасыз түбір ұлпасына ауысады, ал көптүбірлі тістерде сауыт және түбір ұлпасының арасында анық шекара – түбір өзектерінің ауызы болып табылады. (сурет)

Работа состоит из  1 файл

ұлпаның қабынуы.doc

— 256.00 Кб (Скачать документ)

Бұл қойыртпақты  уы бірінші  қабылдауда сырқат тіске 7-14 күнге қоюға болады. Баяу әсер ететіндіктен тісжегі қуысында қойыртпақ төрт аптаға дейін қалғанда да периодонтқа уытты әсері байқалмаған.

Емдеу тәжрибесінде Ярас И.И. (1956) ұсынған қойыртпақты да қолдануға  болады. Оның құрамына мышьяк қышқылының бір бөлігі, кокаиннің бір бөлігі, параформальдегидтің 3-4 бөлігі кіреді және қойыртпақ шығуы үшін эвгенолға немесе фенолға араластырады. Бұл қойыртпақты 4-7 күнге қоюға болады.

Сирек жағдайларда (ұлпаның  созылмалы шіри қабынуы, ұлпа қалдығының қабынуы кезінде ұлпаны тірідей алған кезде өтпейтін өзектерден ұлпаны алу мүмкіндігі жоқ кезде) ұлпаны өліеттендіру үшін сұйық дәрілер қоспасы (фенол-формалин, камфора-фенол, резорцин-формалин сұйығы) пайдаланылады және олар өзек сағаларына мақта анжымен қойылады (2-3 күнге).

Ұлпаны өліеттендіріп алу әдісін ұлпа қабынуының барлық түрлерінде қолдануға болады және ол үш түрге бөлінеді: 1) ұлпаны өліеттендіріп толық алу (девиталды экстирпациялық әдіс); 2) ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу (девиталды ампутациялау); 3) ұлпаны өліеттендіріп аралас алу (девиталды ампутациялы-экстирпациялық әдіс).

Ұлпаны өліеттендіріп  толық алу әдісі (метод девитальной  экстирпации пульпы) түбір өзектері жақсы өтетін немесе кеңейту арқылы өтуге болатын өзектері бар тістерді емдеу үшін қолданылады, ал түбірлері  толық қалыптаспаған тістерде (уақытша және тұрақты), түбірлері сорылу сатысындағы және түбір өзектері өтпейтін тістерде қолданылмайды.

Бұл әдісті орындау бірнеше  кезеңнен тұрады:

1. Тісжегі қуысын егеп-тазалап, өліеттендіруші қойыртпақ қоюға дайындау;

  1. Тіс қуысын тесіп, қойыртпақты қою;
  2. Сауыт қуысын ашу, өліеттенген сауыт және түбір ұлпасын алу;
  3. Түбір өзегін (өзектерін механикалық әдіспен және дәрілермен өңдеу);
  4. Түбір өзегін пломбылау;
  5. Тісжегі қуысын пломбылау.

Ұлпаны өліеттендіруші қойыртпақ бірінші қабылдауда қойылады. Ол үшін тісжегі қуысы мұқият аршығыштың және борлардың (бұрғылардың) көмегімен тазаланады (толық егеп-тазалау міндет емес). Көруге және енуге қиындық туғызатын тісжегі қуыстары тіс қуысын тесуге қолайлы сауыт беттеріне шығарылады. Тісжегі қуысын дентин үгінділерінен тазалап алып және кептіріп, 2-3 минөтке қуыс табанына уақытша жансыздандырушы дәрілер ертіндісімен мақта анжы қояды. Ұлпаның жоғарғы қабаты жансызданатындай уақыт өткен соң, ең кішкентай өткір және таза шарға ұқсас бордың көмегімен ұлпаға ең жақын аймақта (мүйізше тұсында) сауыт қуысын тесіп, жалқық шыға қалса оны құрғатып, мышьяк қойыртпағын қояды (сурет). Қойылатын қойыртпақтың көлемі №1 шарға ұқсас бордың көлеміндей болу керек және оны ашылған ұлпа бетіне сүңгінің ұшымен немесе кішкентай мақта анжының көмегімен апарып қояды.

Мышьяк қышқылы қабынған ұлпада жалқықтану үрдісін күшейтіндіктен, ол әсер ете бастасымен тісте қарқындылығы және ұзақтығы әртүрлі ауыру сезімі пайда болады. Осы ауыру сезімін  азайту үшін де сауыт қуысын тесуге тура келеді және қойыртпақтың құрамына ауыру сезімін басатын дәрілер қосады. Ауыру сезімін мүмкіндігінше азайту үшін қойыртпақтың үстіне әртүрлі ауыруды басатын дәрілермен (қалампыр майы, эвгенол, Платонов сұйығы, камфора-фенол, пульпоперил т.б.) суланған мақта анжы қойып, тісжегі қуысын аса қатты нығыздамай суға шыланған дентинмен (уақытша пломбы) жабады. Бір түбірлі тістерде қойыртпақ 24 сағатқа, ал көптүбірлі тістерде 48 сағатқа дейін қойылады. Егер тісі сырқат адам көрсетілген уақытта келе алмайтын болса, ұзақ әсер ете өліеттендіретін қойыртпақтарды қояды. Бұл кезде баяу әсер ететін мышьяк қойыртпағының мөлшері № 1 немесе №2 шарға ұқсас бордың, ал параформальдегидті қойыртпақтың мөлшері №9 шарға ұқсас бордың бастарының көлеміндей болады. Шетелдік фирмалар бұл қойыртпақтардың қолдануға ыңғайлы болу үшін мөлшерленіп бөлінген түрлерін шығарады.

Өліеттендіруші қойыртпақтарды қояр алдында ұлпа қабынуының барлық түрлері кезінде сауыт қуысын тесу міндетті емес (ұлпаның жартылай жедел қабынуы кезінде). Қабыну үрдісі басталғалы біраз уақыт өтіп, периодонттың тітіркендіруін туғызған жедел қабынулар кезінде (ұлпаның толық жедел қабынуы, жедел іріңді қабынуы) сауыт қуысын тесіп, ішінде жиналған жалқықтың тісжегі қуысына шығуына мүмкіндік туғызған жөн. Ұлпаны созылмалы қабынулары кезінде онсыз сауыт қуысы көбінесе ашық болады. Ескере  кететін бір жай, ұлпаның созылмалы өсе қабынуы кезінде, қойыртпақ қоярдан бұрын аппликациялық (жапсырмалық) анестезия жасап, ұлпаның тісжегі қуысындағы өскен бөлігін кесіп алып немесе диатермокоагуляциялап тастайды.

Екінші қабылдауда ешқандай ауыру сезімі болмаса, уақытша пломбы сақталып, тіс ұлпасы толық өліеттенген  жағдайда ұлпаны толық алуға кіріседі. Ол үшін уақытша пломбыны алып, тісжегі  қуысын толық егеп-тазалап, сауыт  қуысын ашады. Таза шарға ұқсас бормен немесе өткір аршығышпен сауыт ұлпасын алады. Түбір ұлпасын алу, дәрілермен өңдеу және пломбылау тәсілі ертеректе айтылған (ұлпаны уақытша жансыздандырып алу әдісін қара).

 

Ұлпа  қабынуын ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі (метод девитальной ампутации пульпы).

Бұл әдіс сирек және көбінесе әртүрлі жүйелер ауруларының  декомпенсациялану сатылары бар, обыр, инсульт, миокард инфарктымен ауырған, ауыр операциялар жасалған адамдарда қолдануға болады. әртүрлі себептерден ауыз ашуы шектеліп қалған адамдарда да (микростома, шайнау бұлшық еттерінің жиырылып қалуы - тризм) қолдануды қажет етеді. Сонымен қатар түбір өзектері бітеліп, өтпей қалған қарт адамдардың тістерінде де қолдануға болады және көбінесе үлкен азу тістерде жүргізіледі.

Бірінші қабылдауда тісжегі қуысын тазалап, сауыт қуысын тесіп, өліеттендіруші қойыртпақ қояды. Екінші қабылдауда тісжегі қуысын толық егеп-тазалап, сауыт қуысын ашып, ұлпаны ампутациялайды, өзек сағаларын кеңейтіп, импрегнациялау болмаса электрфорездеу немесе депофорездеу әдістерін жүргізеді.

Түбір өзектерін импрегнациялау әдістерінің ішінде кеңірек қолданылатын 1913 жылы Альбрехт ұсынған – резорцин-формалиндеу  әдісі. Ол үшін резорциннің формальдегидтің 40% ертіндісінде қанықтырылған ертіндісі  пайдаланылады. Бұл ертінді таза шыны бетінде резорцин кристалдарын формальдегид ертіндісіне біртіндеп қосу арқылы дайындалады (резорцин кристалдарының сұйықта еруі баяулай бастағанға дейін біртіндепқосып, аралстырып отырады) және резорцин-формалин сұйығы деп аталады.

Өтпейтін өзек сағасына (аузына) 1-2 тамшы сұйықты апарып тамызып, жіңішке түбір инесімен 2-3 минөттей уақытта өзекке итеріп сіңіреді және 2-3 рет қайталайды, сұйықтың сіңбей қалған бөлігін сорғызып алып, өзек ауызында осы сұйықпен ылғалданған мақта анжы немесе асбест кесегін қалдырып, тісжегі қуысын уақытша пломбымен жабады. Қалдырылған және енгізілген сұйық алынбаған түбір ұлпасына сіңіп, феноформальдегидті шайырға айналып, біртіндеп қатаяды (полимеризацияланады). Ол қатаю кезінде көлемі кішірейеді, сондықтан келесі қабылдауда өзекті импрегнациялауды қайталаған жөн.

Келесі қабылдауда (үшінші қабылдауда) уақытша пломбыны алып, қатайған шайыр мен өзек қабырғалары  арасында пайда болған саңылауды (қатайған шайыр көлемі кішірейіп, қабырғадан ажырау барысында) толтыру үшін импрегнациялау әдісін қайталайды. Шайырдың тез қатаюы үшін оған бір тамшы катализатор қосады (антиформин, сілтілер - KoH, NaoN 10%  ертінділері).

Сұйықтың артығын мақта  анжыға сіңіріп алған соң, өзектің  өтетін бөлігін резорцин-формалин қойыртпағымен  пломбылайды (қойыртпақты сұйыққа мырыш тотығын қосу арқылы дайындайды) және аралық төсем төсеп, тұрақты пломбы қояды.

Нашар өтетін түбір өзектерін  мумификациялау үшін параформальдегидті қойыртпақты немесе прополистің 10% спиртті ертіндісін мырыш тотығымен араластырып қолдануға болады (Митина В.И., Марченко А.И., 1970). Өтпейтін түбір өзектерін жақсы зарарсыздандыру үшін (көбінесе ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде) 1913 жылы Гоу ұсынған күмістеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдістің Я.С.Пеккер жетілдірген және оңтайландырған түрі үшін азот қышқылды күмістің (күміс нитратының) 30% судағы ертіндісі және 4% гидрохинон ертіндісі пайдаланылады. Кеңейтілген және өңделіп құрғатылған өзек сағасына 1-2 тамшы күміс нитратының ертіндісін тамызып, 1-2 минөт түбір инесінің көмегімен итеріп, өзекке сіңіреді және 2-3 рет қайталайды. Сіңбей қалған сұйықты мақта анжымен сорып алып,гидрохинон ертіндісін тамызып (1-2 тамшы), оны да инемен итеріп сіңіреді және қайталайды. Гидрохинон ертіндісінің тотықсыздандыруы әсерінен ертіндіден таза металл күміс бөлініп шығып дентиннің құрамындағы белокпен қосылып, күміс альбуминатын түзеді және өзек қабырғалары мен ұлпа бетінде берік, жұқа жарғақ құрай шөгеді. Бұл әдіс түбір өзегін жақсы зарарсыздандырғанымен, өліеттенген ұлпаны болашақта ыдыраудан сақтай алмайды. Сондықтан, бұл әдіспен қатар резоцин-формалиндеу әдісін жүргізген өте тиімді болар еді.

Осы мақсатта өтпейтін түбір  өзектерінде Рубин Л.Р (1967) ұсынған  иод-электрофорездеу және депофорездеу әдістерін қолдануға болады.

 

 

 

 

Ұлпа  қабынуын девиталды аралас хирургиялық әдіспен емдеу (девитальный смешанный хирургический метод).

Бұл әдісті девиталды  ампутациялы – экстирпациялық әдіс деп те атауға болады және көбінесе жақсы өтетін және өтпейтін өзектері бар көптүбірлі тістерде ұлпа қабынуының барлық түрлерінде қолдануға болады. Емдеу әдісі екі немесе  үш қабылдауда жүргізіледі. Ертеде айтылғандай, бірінші қабылдауда сырқат тіске өліеттендіруші қойыртпақтар қойылады. Екінші қабылдауда сауыт және түбір ұлпасы алынып (жақсы өтетін өзектен), өзек өңделіп, пломбыланады. Өтпейтін өзектерде импрегнациялау әдісі жүргізіліп, тіске уақытша пломбы қойылады. Екінші қабылдауда уақытша пломбы алынып, импрегнациялау әдісі қайталанады, өзек сағалары антисептикалық қойыртпақтармен жабылып, аралық төсем салынады және тұрақты пломбы қойылады.

Кейбір жағдайларда жақсы өтетін өзектерді бірінші немесе екінші қабылдауда (девиталды экстирпациялау әдісін жүргізгенде) пломбылау мүмкіндігі болмай қалады (дәрігердің уақыты жетпейді немесе тісі сырқат адам тез шаршап қалады, сонымен қатар әйелдердің «жүкті» кезінде және өзекті жақсылап зарарсыздандыру қажет жағдайда).

Бұл кезде түбір өзектерінде  арнаулы антисептиктермен шамалы суланған мақта біліктер қалдырылып, 2-3 күнге  уақытша пломбы қойылады. Ондай антисептиктер  қатарына эвгенолды, қалампыр майын, фено-формалинді, камфора-фенолды, шетелдік заттардан крезофенді (дексаметозон, парахлорфенол, тимол қоспасы), пульпоперилді (прокаин, фенол, креозот, эвгенол,хлороформ қоспасы), гипохлоридтің 5% ертіндісін жатқызуға болады.

Ұлпа қабынуын ұлпаны толық алып емдеудің қай тәсілінің болса да нәтижелілігі түбір өзегін сапалы пломбылаумен тікелей байланысты. Тіс ауруларын емдеумен айналысатын дәрігер-стоматологтың түбір өзегін пломбылауға арналған материалдар (жадығаттар) туралы мәлімет алғаны дұрыс. Қазіргі  кезде қолданылып жүрген материалдар белгілі шартты талаптарға жауап берулері керек. Олар:

  • өзек қабырғаларына жақсы жабысу;
  • өзекке оңай енгізіліп, қажет болса оңай шығарылу;
  • негізгі өзекті және оның тармақтарын жақсы толтыру;
  • қатайғаннан кейін көлемін кішірейтпеу;
  • тістің түсін өзгертпеу;
  • бактериялар өсетін ортаға айналмау;
  • тіндер сұйықтарында ерімеу;
  • мутагендік және тісжегі туындататын қасиетінің болмауы;
  • рентгенанықтық қасиетінің болуы;
  • тіс тіндерімен және жалпы организммен биологиялық бейімділікте болу;
  • қатаю уақытының түбір өзегін толтыруға оңтайлы болуы.

Қазіргі кезде қолданылатын материалдар қатты (филерлер) және жұмсақ (силерлер) болып екіге бөлінеді.

Қатты материалдарға штифтер жатады: а) металлдан жасалған (күмістен және титаннан); б) гуттаперчадан жасалған.

Жұмсақ материалдар (силерлер).

        1. Цинк-фосфатты цементтер.
        2. Мырыш тотығы және эвгенол негізді материалдар: а) цементтер; б) қойыртпақтар: қолданар алдында дайындалатын (экстемпоралды) цинкоксидэвгеналды қойыртпақ, герметик (ГФР), Гроссман қойыртпағы (АҚШ), эндометазон, эстезон, пропилор, эндомет, мерпазон (Франция), эвгедент (Ресей) және б.
        3. Эпоксид шайырлары негізді қойыртпақтар (герметиктер): АН-26, Ан-PLUS (Англия), эндодонт, интрадонт – Д (Ресей) және б.
        4. Резоцин-формальдегид негізінде: қолданар алдында дайындалатын (ex tempore) резорцин-формалинді сұйық және қойыртпақ форедент (Чехия), радикскорт (Болгария), SPAD, биопласт, форфенан (Франция).
        5. Кальцийсутотығы құрамды қойыртпақтар: биокалекс (Франция), темпканал Са (АҚШ) және б.
        6. Диакет (Германия).
        7. Крезопаста (Франция)
        8. Паста № 2 (no Sargenti)
        9. Apatite Root Sealer – трикальцийфосфат және иодоформ қосылған (дәрілер қосылған материалдар) қойыртпақтар.
        10. Шыныиономерлі цементтер: Endion (эндион), Ketac-Endo. Шыныиономерлі цементтер көбінесес штифтермен бірге қолданылатын силерлер (эндолюбриканттар) ретінде пайдаланылады.
        11. Дентин адгезивтері негізіндегі материалдар (көбінесе штифтермен бірге қолданылады).
        12. ҚҰрамында цинк-эвгенол бар, аздап кальций су тотығы (Ca(OH)2) қосылған материал: Calciobiotic Root Canal Sealer (CRCS), кальций су тотығы және аздаған пластмасса қосылған материал: Sealapex және Apexit

Ұлпа қабынуын ұлпаны өліеттендіріп алу әдісімен емдеген  кезде жіберілетін қателіктер мен  асқынулар.

1. Уақытша пломбы қойғаннан кейін қатты ауыру сезімінің мазалауы. Себебі: сауыт қуысы тесілмеген немесе уақытша пломбы ұлпаға қысым көрсете нығыздалған. Уақытша пломбыны алып, өліеттендіруші қойыртпақты қою ережесін сақтап, ұлпаға қысым көрсетпей уақытша пломбыны қайтадан қою.

2. Тісжегі қуысын уақытша пломбымен дұрыс жаппағандықтан – мышьяк қышқылының қызылиекке шығып, оны күйдіруі және альвеола өсіндісін өліеттендіре жарақаттауы. Мұндай жағдай көбінесе мышьяк қойыртпағын II, III, IV және V кластық тісжегі қуыстарына қойған кезде байқалады.

Мұндай асқынулар болмас үшін, бұл қуыстарға уақытша пломбы қойған кезде бөлгіш таспалар (разделительная пластинка) немесе матрицалар қолданған жөн. Күйіп қалған қызылиекті сутегінің асқын тотығының 1-3% ертіндісімен жуып, күйдірілген магнезий себеді немесе иодтың 1-2% спиртті ертіндісімен иодоналдың 5% ертінділерімен өңдейді.. Күйгеннен кейін 2-3 күн өткен соң өліеттенген тіндерді қырып немесе кесіп алып тастайды, жарақат ошағына жазылуды тездететін жақпалар жағады.

Информация о работе Ұлпаның қабынбалы аурулары