Ұлпаның қабынбалы аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:56, автореферат

Описание

Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба – pulpa dentis). Тіс ұлпасы – дәнекер тінде құрылым тісі қуысында орналасады және екі бөліктен тұрады. Тістің сауыт қуысында жатқан бөлігі сауыт ұлпасы (коронковая пульпа – pulpae coronare), ал түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы (корневая пульпа – pulpae radicis dentis) деп аталады. Біртүбірлі тістерде сауыт ұлпасы анық шекарасыз түбір ұлпасына ауысады, ал көптүбірлі тістерде сауыт және түбір ұлпасының арасында анық шекара – түбір өзектерінің ауызы болып табылады. (сурет)

Работа состоит из  1 файл

ұлпаның қабынуы.doc

— 256.00 Кб (Скачать документ)

Қарап тексергенде, сырқат тісте үлкен тісжегі қуысы анықталады, қуыста әртүрлі деңгейде орналасқан (жартысына дейін немесе толығымен алып жатқан) шикі ет түсті саңырауқұлақ басына ұқсаған жұмсақ құрылым немесе өсік анықталады (сауыт ұлпасынан дамыған жас грануляциялық тін) (сурет) аздап қозғалмалы, консистенциясы бірде жұмсақ, кейде тығыздау, әртүрлі дәрежеде қанағыштығы байқалады. Кейде өсіктің беті эпителий қабатымен жабылуы мүмкін. Ол кезде түсі қызғылт, консистенциясы тығыздау, онша қанағыш болмайды. Сүңгілеп байқағанда беткей аймақтары онша ауырмайды, тереңдеу орналасқан аймақтарында (аяғы тұсында – в области ножки) ауыру сезімі күштірек. Рентгендік тексеру кезінде периодонтта аса көп өзгеріс анықталмайды, ал сауыт қуысының тісжегі қуысымен байланысты анықталады.

Ұлпаның өсе қабынуын (ұлпа өсігін) қызыл иек бүртігінің өсе қабынуынан (қызыл иек өсігінен), түбір ашалары аймағында сауыт  қуысы табаны тесілген кезде периодонт  тінінен өскен өсіктен (периодонт өсігінен) ажырата білу керек.

Қызыл иек бүртігі  көбінесе тістердің жанасу бетінде  орналасқан тісжегі қуысына қарай  өседі. Сондықтан тісті мойын  бөлігінде сүңгімен айналып өтуге  болмайды (қызыл иек өсігі кедергі  жасайды), кейде өсікті шымшуырмен ұстап, тісжегі қуысынан тартып шығаруға болады.

Периодонттан шыққан өсікті ажырату үшін рентгендік тексеру жүргізу керек. Тістің рентген суретінде түбір ашалары аймағында (область бифуркации корней) дентин және цемент бұзылғаны және сауыт қуысы мен периодонт маңылауы арасындағы жалғастық немесе байланыс анықталады. Кей кездерде өсікті құрылымдардың қайдан өскеннін анықтау қиын болса, оларды кесіп немесе диатермокоагуляциялап алып тастағаннан кейін тісжегі қуысын, сауыт қуысын мұқият қарап, сүңгілеп тексеру қажет болады.

 

 

 

Ұлпаның созылмалы  қабынуының өршуі (обострение хронического пульпита – pulpitis chronica exacerbata).

Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуіне көптеген жағдайлар себепкер болады: сырқат тіске шамадан тыс  күш түсуі, жарақаттың әсері, тісжегі қуысына қатты ас түйірі түсіп немесе жұмсарған дентин жылжып сауыт қуысының ашық аймағын жауып қалуы, организмнің суыққа шалдығуы, шаршау, эмоционалдық толқулар, жүйкелік күйзелістер бактериалдық және вирустық аурулар. Осылардың барлығы организмнің реактивтілігін төмендетіп, созылмалы қабынуы бар ұлпадағы микроорганизмдердің патогендік қасиетін жоғарылатады.

Өршу үрдісіне жиірек ұшырайтын ұлпаның созылмалы қабынулары – ұлпаның созылмалы жай және шіри қабыну. Бұл кезде сырқат тісте өз бетімен пайда болатын, қайта-қайта қозатын немесе толассыз мазалайтын, жан-жаққа таралатын күшті ауыру сезімі пайда болады. Механикалық және температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі күшеюі мүмкін. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде өршу үрдісінің нәтижесінде ұлпа толығымен өліеттенуге ұшыраса, әртүрлі тітікендіргіштерден ауыру сезімі туындамайды және күшеймейді. Аурудың анамнезінде аталған ұлпа қабынуларының біріне тән клиникалық белгілер анықталады. Қарап тексергенде сауыт қуысы ашық немесе жабық болады, қағып тексергенде ауыру сезімі білінеді. Тістің электрқозғыштығы төмендеген .

Ұлпаның созылмалы қабынуларының  өршуін ұлпаның жедел іріңдей  қабынуынан, периодонттың жедел және созылмалы қабынуларының өршуінен ажырата білу керек.

Периодонттың жедел  және созылмалы қабынуларының өршуі  кезінде сырқат тіс өз бетімен ауырады, ас шайнағанда, қарама-қарсы тіс тигенде ауыру сезімі күшейе түседі, температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін тудырмайды. Тістің электрқозғыштық көрсеткіші 100 мка жоғары болады.

Стоматологиялық көмек  алуға тіс ұлпасының қабынуымен келген адамдар арасында ұлпаның созылмалы қабынуының үлесі 68%, ал жедел қабынуының үлесі 32% құрайды. Уақытында емделмеген ұлпа қабынулары ұлпаның өліеттенуіне әкеп соғады. Мұның өзі инфекцияның периодонтқа тікелей өтуіне жол ашады және периодонттың әртүрлі қабынуларының дамуына себепкер болады.

Ұлпаның ретроградтық және конкрементті қабынулары көбінесе созылмалы  түрде дамып, ауық-ауық өршуге ұшырап тұрады. Мұның бір дәлелі – бұзылмаған, бірақ төңірегінде әртүрлі тереңдікте пародонталдық қалталары бар немесе рентген суретінде тіс қуысында конкременттер анықталған тістердің температуралық тітіркендіргіштерден ұзақ қақсап ауыруы немесе жоғары және төмен температураның ауысуына аса сезімталдығы. Созылмалы қабыну өршіген кезде сауыты бұзылмаған тістерде өз бетімен қатты ұзаққа созылатын немесе толастамайтын ауыру сезімдері пайда болады, ыстық пен суық әсерінен күшейе түседі.

Өршуі үрдісі басталғаннан біраз уақыт өткен соң (бірнеше  сағаттан бір сөткеге дейінгі  уақытта), тісте ас шайнағанда ауыру сезімі күшейе түседі және қағып тексергенде де тісінің ауыратындығы анықталады (шектелген тіс қуысы ішінде жиналған жалқық, уытты заттар дереу периодонтқа ауысуы әсерінен). Сырқат тістің электрқозғыштығы төмендейді. Ретроградтық қабыну кезінде тістің төңірегінде пародонталдық қалта, пародонт тіндерінде қабыну үрдістері анықталады. Конкрементті қабыну кезінде тіс сауыты бұзылмаған тістің қуысында конкремент анықталады (рентгендік суретінде).

Ұлпаның жарақаттан қабынуы  терең тісжегіні егеп-тазалағанда  ұлпаны кездейсоқ ашып алу кезінде, тіс сауыты жарақат әсерінен әртүрлі деңгейде сынып, ұлпа ашылған жағдайда дамуы мүмкін. Мұндай кездерде ұлпа тек жарақат әсерінен ғана қабынбайды, ашылған ұлпаға температуралық, химиялық факторлар, микроорганизмдер әсер етеді және патологиялық үрдіс созылмалы қабынуға тән ерекшеліктермен дамиды.

Әрбір дәрігер-стоматологтың  есінде жүретін бір жай: тісжегі  қуысы терең, кірер аузы тар болған кезде онда ас қалдығы көптеп жиналады және біртіндеп ыдырауға ұшырайды. Көмірсулы тағамдардың ыдырауынан пайда болған қышқылдар мен микроорганизмдер уыттары жұмсарған дентин немесе дентин өзекшелері арқылы өтіп, ұлпаны тітіркендіреді. Мұның өзі кейде тістің түнде өз бетімен қатты ауыруына себепкер болады. Ауру анамнезін анықтаған кезде ауыру сезімі мазалар түнінің алдында көмірсуға бай тәтті тағамдар қабылдағанын білуге болады. Егер тісжегі қуысын мұқият егеп-тазалап, уақытша пломбы қойса ешқандай ауыру сезімі мазаламайды және 3-5 күннен кейін терең тісжегіге тән емдеу шараларын жүргізуге болады. Ал көптеген дәрігерлер мұндай жағдайда тісте «ұлпаның қабынуы» деп, ұлпаны алып тастауға тырысады.

Тағы бір ескеретін  жай, ұлпаға инфекция көбіне тісжегі  қуысы арқылы енетінін жақсы білумен қатар, тісжегіден басқа аурулар кезінде де инфекцияның ұлпаға өту мүмкіндігін ескеру қажет. Олар - әртүрлі кіреуке жарықтары (трещины эмали), кіреуке эрозиясы, кіреуке сынықтары (отломы эмали), сынаға ұқсас ақаулар, тістердің патологиялық қажалуы.

 

Ұлпа қабынуын емдеу.

Ұлпа қабынуын емдеуді  бастау алдында қойылатын мақсаттар:

  1. Тіс қатты ауырып мазалаған жағдайда ауыру сезімін басу және ұлпадағы қабыну ошағын жою;
  2. Ұлпаның қайта қалпына келу және дентин құру мүмкіндігін күшейту (ұлпаны сақтап емдеу әдісі кезінде);
  3. Қабыну үрдісінің периодонтқа ауысуын тежеу;
  4. Тістің анатомиялық пішінін және қызметін қалпына келтіру.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұлпа қабынуын емдеу әдістерін  төмендегідей жүйелеуге болады:

Ұлпа қабынуын емдеу  әдістерін төмендегідей жүйелеуге  болады.

  1. Ұлпаның өміршеңдігін сақтап емдеу (метод сохранения жизнеспособности пульпы)

1. Ұлпаны толық сақтап  емдеу (метод полного сохранения  пульпы) немесе биологиялық (консервативтік) әдіс.

2. Ұлпаның жартылай  сақтап емдеу әдісі (метод частичного  сохранения пульпы) немесе консервативті-хирургиялық  әдіс, кейде тірілей ампутациялау әдісі (витальная ампутация) деп атауға да болады.

ІІ. Ұлпаны алып тастап емдеу  немесе хирургиялық әдістер (метод  удаления пульпы или хирургические  методы)

1. ұлпаны толық алу  немесе экстирпациялау әдісі  (метод полного удаления пульпы  или метод экстирпации пульпы). Бұл әдіс ұлпаны алу тәсіліне байланысты екі түрге бөлінеді:

а) ұлпаны тірілей толық алу немесе ұлпаны тірілей экстирпациялау әдіс (метод витальной экстирпации  пульпы). 

б) ұлпаны өліеттендіріп толық алу  немесе ұлпаны өліеттендіріп экстирпациялау әдісі (метод девитальной экстирпации пульпы).

2. Ұлпаны жартылай алу әдісі  немесе ұлпаны ампутациялау әдісі.  Бұл әдіс те ұлпаны жартылай  алу тәсіліне байланысты екі  түрге бөлінеді.

а) ұлпаны тірілей жартылай алу  немесеұлпаны тірілей ампутациялау әдісі (метод витальной ампутации).

б) ұлпаны өліеттендіріп  жартылай алу әдісі немесе ұлпаны өліеттендіріп ампутациялау әдісі (метод девитальной ампутации).

3. Аралас хирургиялық  әдісі (смешанный хирургический  метод).

 

 

Ұлпа қабынуын ұлпаны толық және жартылай сақтап емдеу әдістері.

 

Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (биологический, консервативный метод).

Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (метод полного сохранения пульпы) ұлпаның кездейсоқ ашылуы, ұлпаның жартылай жедел қабынуы, созылмалы жай қабынуы кезінде қолданылады.

Сонымен қатар бұл  әдісті қолдануға қойылатын шектеулер де бар: емдеу әдісі жүргізілетін адамның жасы 40-тан аспауы керек, бойында созылмалы сырқаттардың болуы (гипертония, атеросклероз, қант диабеті, ревматизм, витаминдер тапшылығы), емделетін тіс төңірегіндегі пародонтта патологиялық өзгерістердің болуы, тісжегі қуысының тістің мойын бөлігінде орналасуы, тістің электрқозғыштығының 25-мка жоғары болуы, жасанды сауыттармен жабылатын, ортопедиялық конструкциялар бекітілетін тістер, ауыру сезімін басу үшін қатты тітіркендіретін дәрілерді тісжегі қуысына қойып (аспирин, спирт) пайдаланған кезде.

Ұлпаны сақтап емдеу  үшін құрамында микробтарға қарсы  әсер ететін, ауыруды басатын дәрілер, антибиотиктер, ферменттер, витаминдер, иммунитет реттеуші дәрілер, кортикостероидтар, кальций су тотығы бар емдік қойыртпақтар кең қолданыла бастады. Солардың ішінде кең қолданыс тапқан микробтарға, қабыну үрдісіне қарсы және одонтотропты (дентин құрушы) қасиеттері жоғары кальцийсутотығы құрамды қойыртпалар.

Әдісті орындау  тәсілі. Қажет болса ұлпаны уақытша жансыздандырып алады, тісжегі қуысын ас қалдықтарынан тазартып алған соң (аршығыштың көмегімен), антисептиктердің әлсіз ертіндісімен (хлоргексидин, диоксидин, фурацилин, фурагин, лизоцим, фуразолидон, этакридин лактат) жуып кептіріп, егеп-тазалауға кіріседі.

Тісжегі қуысын ашу және кіреуке жиегін өңдеу үшін ғана турбиналық ұштықты қолдануға болады, ал жұмсарған  дентин бормашинаның 6000-10000 айналымында  зарарсыздандырылған бұрғылармен (борлармен) тазаланады. Сондықтан ұлпаға жақындаған сайын пайдаланылған борларды тазасына ауыстырып отырады. Тіс ұлпасын ашу міндет емес (кездейсоқ ашылып қалмаса).

Дайын болған тісжегі  қуысын физиологиялық ертіндімен немесе дистилденген сумен жуып, зарарсыздандырылған  мақта анжымен кептіреді және қуыс табанына емдік төсем салып уақытша пломбы қояды. Қойылған емдік дәрілер ұлпаға тікелей (ұлпаның созылмалы жай қабынуы кезінде, ұлпа кездейсоқ ашылған болса, сауыт ұлпасын алып тастап, түбір ұлпасын сақтаған кезде) және тікелей емес дентин арқылы әсер етеді. Сондықтан  соңғы кезде қолданылатын емдік төсемдер ұлпаны тікелей жабу үшін (для прямого покрытия пульпы) және ашылмаған ұлпаны жабу үшін (для непрямого покрытия пульпы) деп екі топқа бөлінеді.

Биологиялық әдіс бір  қабылдауда немесе 2-3 қабылдауда жүргізіледі. Бір қабылдауда бұл әдіспен көбінесес ұлпаның кездейсоқ ашылуы емделеді. Бұл кезде қуыстың табанына емдік төсем ретінде одонтотропты қойыртпақтар (кальмецин, «Life», «Dycal», цинк-эвгенол қойыртпағы)төселіп, аралық төсеммен жабылған соң тұрақты пломбы қойылады.

Екі қабылдауда бұл әдіспен ұлпа қабынуы емделеді. Бірінші қабылдауда ұлпадағы қабыну үрдісін тежеу үшін құрамында антибиотиктер, антисептиктер, ферменттер, глюкокортикоидтар, анестетиктер бар күрделі емдік төсемдер қуыс табанына қойылып, уақытша пломбымен жабылады.

Әртүрлі ғалымдар ұсынған емдік қойыртпақтардың құрамдары төмендегідей:

Иванов В.С., лейбуру  Э.Э. ұсынған:

Колимицин 100 000 ЕД

Гидрокортизон 0,01-0,5 (немесе преднизолон 0,005)

Ақ топырақ 0,5

Шабдол майы (персиковое масло) керегінше.

Эргешов ұсынған:

Колимицин 100 000 ЕД

Триамцинолон 0,002

Гексакаин 0,1

Ақ топырақ 0,5

Эвгенол керегінше (қойыртпақ  дайындау үшін)

Кириленко И.И. ұсынған:

Левомицетин 0,01

Химопсин 0,002

Норсульфазол 0,2

Натрий хлоридініің  изотониялы ертіндісі 2,0

Ақ топырақ керегінше (қойыртпақ дайындау үшін)

Күрделі емдік төсемдерді тісжегі қуысында ұзақ қалтыруға  болмайды, себебі, белгілі уақыттан кейін олардың белсенділігі жойылады. Сондықтан антибиотиктер мен  ферменттерді 24-48 сағатқа, кортикостероидтарды 3 тәулікке дейін қалдыруға болады, одан ұзаққа қалса, ұлпаның реактивтілігі төмендейді.

Ұлпадағы қабыну үрдістері  тоқтағаннан кейін (белгіленген  уақыт өткен соң клиникалық белгілеріне  сүйене отырып), екінші қабылдауда сырқат тіске тұрақты пломбы қойылады (сурет). Алынып тасталған күрделі емдік төсемдердің орнына одонтотропты қойыртпақтар төселеді.

Құрамында кальций суоксиді бар қоспалармен қатар, коллагенді қойыртпақ, сүйек ұны, лизоцим-витаминді  қойыртпақ және гиалурон қышқылының туындыларының да одонтотропты қасиеттері бар.

Егерде ауыру сезімі азайғанымен қабыну үрдісі толық басылмаған болса, екінші қабылдауда уақыты біткен емдік төсемді басқа дәрілер қоспасынан тұратын төсеммен ауыстуруға болады және тұрақты пломбы үшінші қабылдауда қойылады. Емдік төсемдер екі рет ауыстырылып емдеу жүргізілген жағдайда да ауыру сезімі мазалайтын болса, дәрігер-стоматолог басқа емдеу әдісін таңдауға мәжбүр болады.

Биологиялық емдеу әдісінің нәтижелі шығуы үшін дәрілік заттармен  қатар физикалық әдістерді: азэнергиялы  гелий-неон лазерінің сәулесін, азжиілікті ультрадыбысты, микротолқынмен емдеуді пайдаланған тиімді болады.

Информация о работе Ұлпаның қабынбалы аурулары