Ұлпаның қабынбалы аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:56, автореферат

Описание

Тістің ең маңызды жұмсақ тісндерінің бірі – тіс ұлпасы (пульпа зуба – pulpa dentis). Тіс ұлпасы – дәнекер тінде құрылым тісі қуысында орналасады және екі бөліктен тұрады. Тістің сауыт қуысында жатқан бөлігі сауыт ұлпасы (коронковая пульпа – pulpae coronare), ал түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы (корневая пульпа – pulpae radicis dentis) деп аталады. Біртүбірлі тістерде сауыт ұлпасы анық шекарасыз түбір ұлпасына ауысады, ал көптүбірлі тістерде сауыт және түбір ұлпасының арасында анық шекара – түбір өзектерінің ауызы болып табылады. (сурет)

Работа состоит из  1 файл

ұлпаның қабынуы.doc

— 256.00 Кб (Скачать документ)

Ұлпаның қабынбалы  аурулары

Тістің ең маңызды  жұмсақ тісндерінің бірі – тіс  ұлпасы (пульпа зуба – pulpa dentis). Тіс ұлпасы – дәнекер тінде құрылым тісі қуысында орналасады және екі бөліктен тұрады. Тістің сауыт қуысында жатқан бөлігі сауыт ұлпасы (коронковая пульпа – pulpae coronare), ал түбір өзектерінде жатқан бөлігі түбір ұлпасы (корневая пульпа – pulpae radicis dentis) деп аталады. Біртүбірлі тістерде сауыт ұлпасы анық шекарасыз түбір ұлпасына ауысады, ал көптүбірлі тістерде сауыт және түбір ұлпасының арасында анық шекара – түбір өзектерінің ауызы болып табылады. (сурет)

Тістің түбірі ұшында орналасқан тесік (түбір ұшы тесігі-верхушечное  отверстие) ұлпа мен периодонттың шекарасы болып саналады.

 

Ұлпаның гистологиялық  құрылысы

Тіс ұлпасы негізгі немесе клеткааралық заттан (основное вещество), клеткалық және талшықты элементтерден туратын қан тамырлары мен нервтерде бай борпылдақ дәнекер тінге жатады.

Көптеген зерттеушілер (Файлин Л.И., 1953, Зихерман С.З.ғ 1966) клеткалық  құрылымдарының ерекшеліктеріне қарай ұлпада 3 клеткалық қабатты ажыратады:шеткейлік (периферический) немесе одонтобластық (одонтобластический), одонтобластарасты (пододонтобластический) немесе аралық (промежуточный), орталық (центральный).

Шеткейлік қабат арнаулы  клеткалардың-одонтобластардың 2-4 қабат құра орналасуы нәтижесінде құрылған. Шағын аймақтың өзінде орналасқан клеткалардың құрылымдары әртүрлі, әлі жете дамыған клеткалармен қатар толық жетілген клеткалар да кездеседі.

Одонтобластар – полярлы  құрылымды клеткалар, денеден және екі өсіндіден тұрады (орталық және шеткейлік).

Шеткейлік өсінділері предентин  мен дентинде (дентин өзекшелерінде) кіреуке-дентин шекарасына жете, кейде  кіреукеге қабатына өтіп барып аяқталады. Орталық өсінділері (1-2) ұлпада орналасады. Жетілген одонтобластардың пішіні цилиндрге ұқсас, адамның ұлпасы ұлғайған сайын пішіні алмұртқа ұқсай бастайды. Одонтобластар қалыпты дентин қабатын сақтауда және екіншілік дентин құруда үлкен рөл атқарады.

Одонтобластарасты қабаты жұлдызға ұқсас пульпоциттерден  тұрады. Олар көптеген өсінділерге бай. Бұл клеткалар бір-бірімен және жоғарғы қабаттағы одонтобластармен десмосомдар арқылы бірігеді. Қажет кезінде одонтобластарға айналады.

Орталық қабатта фибробластар, гистиоциттер, плазматикалық клеткалар, лимфоциттер және моноциттер орналасқан және жинақталған атаумен «пульпоциттер» деп аталады.

 

 

Ұлпаның қанмен қамтылуы

Жоғарғы жақ тістерінің ұлпасы қанды әрбір тіске келетін  тіс артериясы (зубная артерия) арқылы a. infraorbitalis және a.a.alveolaris superior et posterioris-дан, ал төменгі жақ тістерінің ұлпасы a.alveolaris inferior-дан алады.

Аталған үш қабат бір-бірінен  талшықты құрылымдарының ерекшелігімен  де бөлінеді. Орталық қабатта жетілген коллагенді және преколлагенді (аргирофилді) талшықтар, ал одонтобласты және одонтобластарасты қабаттарында радиалды бағытта орналасқан тек преколлагенді талшықтар ғана анықталады және олар предентинге дейін өтеді. Ұлпада эластикалы талшықтар жоқ.

Құрылымдарының біртектілігіне қарамай сауыт және түбір ұлпасында  біраз айырмашылық бар. Түбір ұлпасында жақсы жетілген клеткалар аз, одонтобластар қабаты бір қатар клеткалар орналасқан. Қорыта келгенде сауыт ұлпасы клеткаларға бай, ал түбір ұлпасында – талшықтар басым. Сауыт ұлпасында ірі магистралды қантамырлары мен нерв бағаналары аз. Түбір ұлпасына қоректік заттар периодонт қантамырлары арқылы да келеді. Осы ерекшеліктердің барлығы ұлпа қабынуы кезінде түбір ұлпасын сақтап емдеу жүргізуге бірден-бір негіз бола алады.

Басты-басты деген  қантамырлары (бір артерия, оған ерген  екі көктамыр (вена) периоднттан өтіп тістің түбірұшы  тесігі арқылы тіс түбіріндегі ұлпаға енеді. Олар ұсақ тамырларға тарамдалып, ұлпаның қантамырлар торын құрайды. Олар ұлпаны қанмен қамтудың негізгі көздері бола тұрса да, түбір ұшындағы өзен ажырауына ұқсас көптеген өзек тармақтары арқылы қосымша артериялар мен веналар енеді және қанмен қамтамасыз етудің қосымша көзі болып саналады. Е.И.Гавриловтың (1969) ұйғаруы бойынша ұлпаның артериялар жабық аяқталатын артериялар (артерии концевого типа) болып табылады, сауыт ұлпасы мен түбір ұлпасы артериялары бір-бірлерімен және периодонт қантамырларымен анастомоз жасайды.

Ұлпа тінінің қоректік заттармен қамтылуы ұсақ қылтамырлар (капиллярлар) деңгейінде жүреді және ұлпада капиллярлық екі өрім орын алады: біреу одонтобластар қабатына қатар орналасады да одонтобластарасты өрімі, ал екіншісі ұлпаның орталық аймағында орналасады. Ұлпа капиллярларының диаметрі 0,1-3 мкм.

 

Ұлпаның нервтенуі

Түбірұшы тесігі арқылы қантамырлармен қатар жоғарғы және төменгі жақ нервтерінің тармақтары түбір ұлпасының құрамына енеді. Олар алдымен тіске алдыңғы, артқы таңдай, ұрт және тіл жақтарынан жақындап, периодонтқа өтеді, содан кейін миелин текті бірнеше талшықтар қантамырларымен қатар ұлпаға енеді.

 Сауыт ұлпасына  жақындай келе нерв талшықтарының  диаметрі кішірейе түседі, бағыттары тангенциалды бола бастап, предентинге жақындағанда желпуішке ұқсап тарай бастайды. Біртіндеп сауыт ұлпасында миелинді қабықтары жойылады да, миелинсіз талшықтар мен нерв ұштары орын алады. Нерв талшықтары екі өрім құрайды және бұтаға, колбаға (құтыға), тоғаға ұқсаған нерв ұштарымен аяқталады.

Ұлпаның лимфалық тамырлар жүйесі де жақсы дамыған.ұлпаның  орындайтын қызметтері әртүрлі, олардың  ішіндегі ең маңыздылары – трофикалық, пластикалық және қорғаныс немесебарьерлік  функциялары. Бұл функциялар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырады.

Трофикалық қызметі. Ұлпада қан тамырлар мен лимфалық тамырлар жүйесі жақсы дамыған. Оның негізгі заты арқылы клеткалық құрылымдарға қаннан – қоректік заттар келеді, ал зат алмасуынан пайда болған керексіз заттар кері көктамырлар жүйесіне түседі. Осы уақытқа дейін мәлім ақиқат – тістің қатты тіндерінде қантамырларының болмауы. Осыған байланысты тіс дентині ұлпадан келетін қоректік заттармен одонтобластар өсіндісі арқылы қоректенеді. Макроэлементтер (кальций және фосфор) кіреукеге ұлпадан да және сілекейден де келеді. Қоректенудің үшінші жолы – тіс тіндеріне қоректік зат периодонт арқылы келуі.

Қорғаныс немесе барьерлік (кедергілік) қызметі. Бұл қызмет ұлпада ретикулоэндотелиалдық жүйе клеткаларының көмегімен орындалады. Олардың ішінде ең негізгілері – гистиоциттер, патологиялық үрдіс кезінде олар жылжымалы макрофагтарға айналып, фагоциттер қызметін атқарады. Ал плазмоциттер антидене құру арқылы қорғаныс қызметін атқарады. Фагоцитоздау және клеткаіштік қорыту қызметін нейтрофильді гранулоциттер де орындайды.

Пластикалық қызметі. Пластикалық немесе құру қызметі қорғаныс қызметімен үйлесе орындалады. Пластикалық қызметі тістің қалыптасуынан басталып, адам өмірінің соңына дейін жалғасады. Тіс тіндерінің даму барысында біріншілік дентин құрылады, тіс шыққаннан кейін бұл үрдіс тоқтамай, екіншілік дентиннің (орнынбасушы дентиннің) құрылумен жалғасады.

Екіншілік дентиннің  құрылуы (дентиннің ұлпа жақ бетінде  құрылады) біртіндеп тіс қуысының тарылуына, ал кейде бітіп қалуына да әкеп соғады. Үшіншілік немесе иррегулярлы дентин патологиялық тітіркендіргіштер әсерінен құрылады.

Дентин өзекшелерінің  тарылуын және үшіншілік дентиннің  құрылуын ұлпаны инфекция түсуден және сыртқы әсерлерден қорғайтын тосқауыл деп санауға болады.

 

Ұлпадаға жас  ұлғайған және әртүрлі патологиялық жағдайдағы өзгерістер

Адам өмірінің ұзақтығына байланысты ұлпада функционалдық және морфологиялық өзгерістер байқалады.

Жас ұлғайған сайын тіс  қуысы, көбінесе оның түбір бөлігі тарыла береді, ұлпа клеткаларының, оның ішінде одонтобластардың синтетикалық және энергетикалық функционалдық белсенділігі төмендейді. Клеткалар саны азайып, талшықты құрылымдардың саны көбейеді, фиброздану, торлы атрофиялану және петрификаттану байқалады. Жалпы соматикалық аурулар, пародонт қабынулары және тісжегі кезінде ұлпадағы өзгерістер ерекшелінбейді және төмендегі өзгерістермен сипатталады. Олар – одонтобластар қатарының вакуольдену, ретикулярлы дистрофиялану және петрификаттану.

Одонтобластардың вакуолизациялануы.  Вакуолизацияланудың алғашқы белгілері митокондрийдің вакуольденуінен басталады, одонтобластар цитоплазмасында вакульдер пайда болады. Кейінірек цитолиздену ошақтары пайда болып, клеткалардың орнында сұйыққа толған қуыстар қалады. (сурет)

Ұлпаның ретикулярлы дистрофиялануы. Кейде вакульдену үрдісі одонтобластар қабатының барлық қатарларына және ұлпаның басқа қабатарына тарайды. Бұл кезде ұлпа жиі торды, ұяшықтарды еске түсіреді. (сурет)

Ұлпаның петрификаттануы. Бұл үрдіс ұлпада минералды тұздардың шөгуімен тығыз байланысты. Мұның алдында ұлпада дистрофиялық өзгерістер орын алады.

Петрификаттану үрдісі ошақты түрде немес жайыла орын алуы мүмкін. Ошақты петрификаттанудан пайда  болған көлемдері және пішіндері  әртүрлі дентинге ұқсас құрылымдарды дентиклдер  деп атайды. Дентиклдер еркін орналасқан және тіс қуысы қабырғасымен байланысқан және интерстициалды болып үш түрге бөлінеді.

Интерстициалды дентикл  – екіншілік және иррегулярлы  дентиннің құрылуы нәтижесінде  дентиннің ішінде қалған дентикл.

  Дентиклдер жоғары құрылымды және төмен құрылымды болып бөлінеді. жоғары құрылымды дентиклдың құрылысы қалыпты дентинге ұқсас келеді, ал төмен құрылымды дентиннің құрмында өзекшелер болммайды. Жоғарғы құрылымды дентиклдер бұзылмаған тістер қуысында жиі байқалады және көп жағдайда тісте өз бетімен қозатын ауыру сезімін туындатуы мүмкін.

 

Ұлпада дамитын  қабыну үрдістері

Ұлпа қабынуы (пульпит - pulpitis) ұлпа тінінің әр-түрлі тітіркендіргіштерге берген жауабы. Қабыну үрдісінің дамуы және оның қарқындылығы организмнің жалпы қорғаныс факторларының, оның ішінде ұлпаның өзінің жеке қорғаныс факторларына әсер етуші ықпалдың күшіне және әсер етуінің ұзақтығына байланысты. Бұл факторлар қабынудың ағым жылдамдығына да әсерін тигізеді. Зат алмасу үрдісі екпінді жүретін және қорғаныс қасиеттері жоғары жас организмде ұлпадағы қабыну үрдісі жедел ағымды, ал әртүрлі аурулар әсерінен қорғаныс қасиеттері өзгерген организмде созылмалы ағымды болады. Ұлпаның қорғаныс қасиеті көп факторларға тәуелді. Олар: адамның жасы, тұқым қуалаушылық (тегіне тартушылық), тамақтанудың қандылығы, басынан кешірген және бойдағы аурулар, гормондық белсенділік, сенсибилизациялану, пародонттың жағдайы, тісжегінің қарқындылығы, тістердің шайнау қызметі және б.

    

 

Ұлпа қабынуының жүйесі.

Ұлпа қабынуының әртүрлі клиникалық белгілерін белгілі бір жүйеге келтіру көптеген ғалымдарды ынталандырған және көбіне олар клиникалық, морфологиялық (патологоанатомиялық) белгілеріне негізделген немесе оларды бірге негізге ала отырып жасалған жүйелер ұсынған.

Ұлпа қабынуының алғашқы жүйесін 1886 жылы Аркеви ұсынған. Бұл жүйе ұлпадағы патологоанатомиялық өзгерістерге және ауыру сезіміне негізделген және ұлпаның жедел-созылмалы қабынуларының 12 түрін қамтыған болатын. Автор ұлпа қабынуларының әр түрі бір-біріне ауыспайды, әрқайсысы тәуелсіз дамитын үрдіс деп санады. Аркеви жүйесі өте күрделі болғандықтан тәжрибелік қолдану тапқан жоқ.

Абрикосов А.И. (1914) ұсынған  жүйе де ұлпа қабынуының патологоанатомиялық  өзгерістеріне негізделген.

Могильницкий Б.Н. және Евдокимов А.И. (1925) ұлпадағы өзгерістерді 4 топқа бөлді:

  1. Қантамырлық өзгерістер (қан құйылу, гиперемиялану);
  2. Қабыну: а) жалқықты (ұлпаның беткей қабынуы, сарысулы жартылай қабынуы, толық іріңді қабынуы); б) пролиферативті (ұлпаның фиброзды қабынуы, ұлпаның гранулематозды қабынуы);
  3. Регрессивті үрдістер (ұлпаның отрофиялануы, некроздануы, шіруі, зат алмасуының өзгеруі, конкрементоз);
  4. Прогрессивті үрдістер (дентиклдер).

Бұл жүйе де өзінің күрделілігі  нәтижесінде аса көп қолданыс тапқан жоқ. Мысалы, тек клиникалық белгілеріне сүйене отырып ұлпаның гиперемиялануы, сарысулы қабынуы, атрофиялануы деген диагноз қою қиынға түседі. Бұл өзгерістерді тек патологоанатомиялық зерттеулердің көмегімен ғана анықтауға болады.

Аурудың клиникалық белгілеріне, жайылу ерекшеліктеріне сүйене отырып жасалған клинико-анатомиялық жүйені Гофунг Е.М. (1927) ұсынған. Бұл жүйе төмегідей:

Ұлпаның жедел қабынуы: а) жартылай жедел қабынуы; б) толық  жедел қабынуы; в) толық іріңдей  қабынуы;

Ұлпаның созылмалы қабынуы: а) ұлпаның жәй қабынуы; б) гипертрофияланып (өсе) қабынуы; в) гангренозды (шіри) қабынуы.

Гофунг ұсынған жүйенің  бір кемшілігі – ұлпаның іріңді қабынуы өте жиі кездеседі  және қабыну үрдісінің алғашқы кезеңінде  орын алады, өйткені сарысулы жалқық тез арада іріңді жалқыққа айналады.

Ұлпаның жоғары дәрежелі реактивтілігін және қабыну уақытының емдеу әдістерін таңдау үшін зор маңыздылығын ескере отырып Школяр Т.Т. (1967) өз жүйесін ұсынды:

  1. ұлпаның бастапқы жедел қабынуы;
  2. ұлпаның жедел (іріңді) кешірек анықталған қабынуы;
  3. ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы;
  4. ұлпаның созылмалы жаралы қабынуы;
  5. ұлпаның созылмалы гранулемаланып қабынуы;
  6. түбір ұлпасының созылмалы қабынуы (басқа авторлар бойынша ұлпаның шіри қабынуы);
  7. ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі. Сонымен қатар ұлпа қабынуының басқа түрлерін де ажыратады: гематогендік, ретроградтық, конкрементті, жарақаттан т.б. қабынулары.

Информация о работе Ұлпаның қабынбалы аурулары