Жүрек-қан тамыр аурулары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 22:52, реферат

Описание

Адам ағзасы – сыртқы ортадан қажетті заттарды, энергия мен ақпаратты жинап және оны сыртқы ортаға себетін, осының есебінен оның тұрақтылығын сақтап қалатын термодинамикалық ашық жүйе.
Өзінің химиялық табиғатына қарағанда адам жүздеген химиялық элементтен, оның ішінде 70% оттегі, 18% сутегі, 3% азот және қалғаны 1% тұрады.

Работа состоит из  1 файл

Жүрек-қан тамыр аурулары.doc

— 224.00 Кб (Скачать документ)


Кіріспе

Адам ағзасы – сыртқы ортадан қажетті заттарды, энергия мен ақпаратты жинап және оны сыртқы ортаға себетін, осының есебінен оның тұрақтылығын сақтап қалатын термодинамикалық ашық жүйе.

Өзінің химиялық табиғатына қарағанда адам жүздеген химиялық элементтен, оның ішінде 70% оттегі, 18% сутегі, 3% азот және қалғаны 1% тұрады.

Адамның химиялық құрамы әр түрлі болғандықтан, оны әржақты химиялық қосылыстармен салыстыруға болмайды, Су, натрий хлориді, сүйектің кальций фосфаты, асқазанның тұз қышқылы сияқты органикалық емес заттармен салыстырғанда, адам денесі он, жүз мындаған органикалық қосылыстардан тұрады. Бұл жай қант, май. қышқылы, холестерин, от қышқылы, кіші молекулярлы органикалық қышқылдар мен спирттер. Бұл май қышқылдарының күрделі эфирлері (майлар мен липидтер), полисахаридтер, биологиялық белсенді заттар мен гормондар, медиаторлар, фосфор қышқылының макроэргтік қосылыстары (ол ағзадағы энергия аккумуляторы). Бұл белоктың күрделі молекуласы реттеуші белоктар мен ферменттер; нуклеин қышқылдары (тұқымқуалаушылық ақпаратты тасымалдаушы) мен жалпы молекулярлы комплекстер, мысалы: рибосомалар.

Бұл жерде айта кетерлік жағдай, көрсетілген заттар тек керек мөлшерде және олардың тұрақтылықтары өте қатаң түрде болуы тиіс. Азғана жетіспеушілік немесе артықшылықта, тек адам ғана емес, тіршілік көзі де жойылуы мүмкін.

Бір жағынан адам – ол клетка ішіндегі субклеткалық құрылымның иынтығы; ағзаның қызметтік бірлігіндегі клеткалар жиынтығы; мүшенің 4 қызметтік бірліктер жиынтығы; анатомо-физиологиялық жүйелер жиынтығы; мысалы, нерв жүйесі, асқорыту жүйесі, тірек-қимыл аппаратының және т.б. Осылайша, адам ағзасы "көп қабатты" тәрізді әр түрлі деңгейде ұйымдасқан.

 

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің валеологиясы

Жүрек-қан тамырлары жүйесіне (немесе қан айналым жүйесі) организмді пластикалық және энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ететін жүйелер жатады. Оның қызметі - транспорттық қызмет: клеткаларға жоғарыда көрсетілген ресурстарды жүйелер мен мүшелерге тасымалдайды. Қан айналымы организмді қанмен қамтамасыз етеді, олармен қоректік заттар, оттегі, көмірқышқыл газы тасымалданады, организмдегі шлактар шығарылады. Қамтамасыз ету жүйелері ішінде ол ерекше орын алады, өйткені өзі керекті заттарды өндірмейді. Олардың реттелу жүйелерінің толық қызмет етуіндегі ролі де күшті; әсіресе, қан-тамырлары арқылы мүшелерге, тіндерге, клеткаларға ішкі секрет бездерінің реттейтін гормондары мен белсенді заттары тасымалданады. Тек жүрек-қан тамырлары жүйесі арқылы иммунды жүйелерді қамтамасыз ететін лимфоциттер мен фагоциттер де тасымалданады.

 

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің құрылысы

Қан айналым жүйесіне: жүрек, аорта, артериялар, артериолдар, капиллярлар, венулалар, веналар, жоғарғы жөне төмснгі қуысты веналар жатады.

Кішкентай капиллярлар клеткалармен жанасады, қан мен тіндер арасында зат алмасулар өтеді: тіндер оттегімен, энергетикалық және қоректік заттармен қамтамасыз етіледі, тіннен қанға керексіз газдар (шлактар) шығарылады.

Капиллярлардан қан кішкентай вена мен венулаларға түседі, олар бірігіп үлкен веналарға, одан оң жақ жүрекшеге түседі.

Оң жақ жүрекше қанды оң жақ қарыншаға бағыттайды, ал ол өз
кезегінде өкпеге, онда оттегінің байытылған түрін алып көмірқышқыл
газды береді. Өкпеден өкпе веналары арқылы қан сол жақ жүрекшеге
барады, сосын сол жақ қарыншаға, одан аорта мен артерия жүйелері
арқылы барлық организмге тасымалданады.             

Бауыр венасының ең басты ролі - асқазан мен ішек арқылы аққан
қанды жинайды. Бұл қан қоректік заттармен қаныққан және ол
организмдегі басты биохимиялық лаборатория борлып есептелінетін -
бауырға түседі, Бұнда қоректік затгар қайта құрылып, энергия көзі ретінде
барлық денеге таралады, не дене құрылымына жұмсалады, калғаны "қор
ретінде,шай түрінде бауырда жиналады. Жүрек - барлық қан
айналымының орталығы болып есептелінеді.             

 

Жүрек

Жүрек - 4 камерадан тұратын бұлшықетті жүйе. Оң жақ жүрекше -ол организмнен веналы қанды жинайды (куысты вена); оң жақ қарынша веналық қанды кіші кан айналым (өкпе стволы) арқылы өкпеге айдайды, өкпеде сыртқы ортамен газ алмасу процесі басталады; сол жақ жүрекше өкпеден байытылған оттегіні жинап (өкпелік вена арқылы) және сол жақ қарынша (аорта арқылы) организмдегі барлық мүшелерде қанның жүруін қамтамасыз етеді.

Жүректің кабаттары: сыртқы қабаты - перикардтан, ішкісі - эндокардтан, ортаңғысы - негізгі өзіндік бұлшықетті кабат - миокардтан тұрады.

Жүректің жиырылуының энергетикалық камтамасыз етілуі АУФ және креатинфосфат арқылы іске асады, ал оның өзі зат алмасу процесі кезіңде қайтадан қалпына келеді. Жүрек бұлшық еттерінің организмдегі басқа бұлшық еттерден айырмашылығы, ол зат алмасу кезіндегі қышқылдарды пайдаланады (әсіресе сүт қышқылы), одан ол өзіне керекті энергияны жасайды. Бірақ ол үшін оттегінің толық және тұрақты келіп отыруы қажет.

1 минутта жүрек 24 – 30 мл оттегіні тұтынады, оның пайдалы коэффициент әсері 15 – 40% (ішкі қозғалыспен салыстырғанда 6 – 7%-дай). Сол жақ қарынша бір жиырылғандағы жұмысы 0,93 НМ, оң жақ қарыншанікі 0,14 НМ, екеуінікі – 1,089 НМ.

Жүректегі өткізгіштік импульстар жүректің өткізгіштік жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.Жүректің жиырылу мерзімі оның бөлімдерінде бірдей емес: жүрекшелерде - 1м/сек, карынша өткізгіштік жүйелерінде – 2 – 4,2 м/сек., қарынша миокардында – 0,8 – 0,9 м/сек.

Қалыпты жағдайда жүректің жиырылуы орта есеппен минутына 70 рет. Ол физикалық ауыртпалық кезінде өзгереді. Жүректің жиырылу уақтының жиілігі – синустық тахикардия, баяулығы – синустық брадикардия ритмі жоқ, бірақ тыныспен байланысты жиілікті тыныстық немесе синустық аритмия деп аталады. Бұның бәрі организмдегі қалыпты жағдайдағы физиологиялық процесс. Сонымен қатар тахикардия, брадикардия немесе аритмия көбінде әртүрлі ауруларда оттегінің жетіспеушілігінің белгілері болуы мүмкін.

Жүрек – эндокринді, жүйке жүйелерінсіз өзіндік реттелумен жұмыс істей алады. Жүректің өзіндік реттелу негізіне оның еттеріндегі қозу процестерінің ерекшелігімен сипатталады.

Жүректің тұрақты түрде жүмыс істеуіне жүйке жөне эндокринді жүйелері қатысады. Вегетативті жүйке жүйесі жүрекке өзінің симпатикалық бөлімі (жүректің тез, жиі жиырылуы), сонымен қатар парасимпатикалық бөлімі /жүректің баяу, әлсіз жиырылуы/ арқылы әсер етеді.

Көп адамдарда тұрақты парасимпатикалық реттелу басым болып, жүрек тонусының жиырылуы баяу болады. Симпатикалық орталықтың белсенділігі парасимпатикалық тонусты әлсіретеді, соның нәтижесінде жүрек оның тежеуші әсерінен босанып, тез және жиі соға бастайды. Симпатикалық бөлімнің жүрекке белсенді әсері ағзаға физикалық жүктеме түскенде, стресс кезінде күшейеді.

Жүректің қызметі орталық жүйке жүйесінің барлық организмнен
жинаған ақпараттарымен реттеледі. Ол қандағы оттегінің мөлшерін, оның
қышқылдығын, қан қысымын, қан айналымы көлемін талдап отырады.
Бір уақытта ми сырттан келген, яғни сезім мүшелерінен келген
ақпараттарды бағалайды.              .

Эндокрин жүйесі жүйке жүйесіне кдрағанда ұзағырақ әсер етеді. Жүрек қызетін реттейтін гормондардың біреуі адреналин болып табылады. Бұл гормон бүйрек үсті безінің милы қабатынан бөлінеді, ол стресс және адаптациялық реакция кезінде жүрекке әсер етіп, оның соғуын жиілетеді, күшейтеді (вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі сияқты). Сонымен қатар адреналин парасимпатикалық бөлімдерінің тонусын да күшейтеді. Соның нәтижесінде жүректе үстеме қозу пайда болады. Норадреналин де соған ұқсас әсер етеді. Жүрек қызметін реттеуде қалқанша безбен бүйрек үсті безінің қыртысты кабатының гормондары маңызды роль атқарады. Кальций, калий иондарының да жүрек қызметін реттеуде маңызы зор.

1-кесте

Жүрек қызметінің негізгі сипаттамалары

Қан айналу көлемі:

4,5 – 5,5 л. ересектерде

Жүрек соғу көлемі (жүректің 1 рет

жиырылуындағы қанның көлемі):

 

40 – 60 мл.

Жүректің соғу жылдамдығы, минутына:

70 – 80

Жүректің минөттік көлемі (жүрек соғу көлемін жүректің соғу жылдамдығына көбейту арқылы):

 

4,5 – 5,0 л/мин.

Өмірлік соғу жылдамдығы (70 жас ішінде):

2600000

Өмірлік айналудағы қан көлемі:

300000 тонна

Жүрек циклының ұзақтығы:

0,8 сек.

Жүрекшенің (жиырылу) систоласы:

0,1 сек.

Қарыншаның (жиырылуы) систоласы:

0,33 сек.                

Қарыншаның диастоласы (босаңсуы):

0,47 сек.            

 

Орта есеппен ересек адам жүрегі тәулігіне 10 тонна, жылына 3650 тонна қан айдайды, ал өмір бойы 300000 тоннағаа жуық қан айдалатындығы кестеде көрсетілген. Егер жүректің қызметін жұмыс бірлігіне көшірсек, онда бүкіл өмір бойындағы жүректің атқаратын жұмысы Эльбрус басына темір жол арқылы жүк тиеген вагонды көтеруге жеткілікті.

Физикалық жүктеме кезінде жүректің минуттық көлемі 5-6 рет өсіп, І5-20л. Жетеді. Оның жоғарылауы сол көлемінің өсуі мен жүректің соғуу жьшдамдығының  нәтижесінде болады.

Жүрек тәжі тамырлар арқылы канмен жеткілікті қамтамасыз етілген. Жүрек етіндегі қан айналымының ерекшелігі бар: егер барлық мүшелердегі қан айналысы жүрек жиырылған кезде күшейсе, ал керісінше жүректе ең жоғарғы қан айналымы еті босаңсыған (диастола) кезде болады. Шыныққан жүрек төменгі жиілікпен минутына 40-60 рет соғумен жүмыс істейді. Осы негізде дикстола кезеңі үлкейеді, сөйтіп өте жоғарғы кан айналымы кезінде жүрек каннан оттегіні және қоректік заттарды алады.

 

Тамырлар

Тамырдың артериялық бөлімі былай бөлінеді: магистралды тамырлар (аорта, оның ірі бұтақгары, ірі артериялар және артериолдар. Капиллярлар жүйесі эритроциттің диаметрінде жіңішке капиллярлардан, ал оның кабырғасы бір клеткалық клеткадан тұрады. Венозды бөлім: венулалар веналар және оның қуыстарында қанға бөтет жасайтын клеткалардан тұрады. Веналар қабырғалары артерия қабырғаларына карағанда көп жіңішке және оның ет қабаты жоқ.

Қанның қысымы (Р), жүрек қызметі кезіндегі түскен қанның көлемі (көлемдік қан ағу ) мен қан ағысына жасалатын кедергіге байланысты. Өте жоғарғы кедергіні артериолалар жасайды. Артериалдық қысым мынадай жай формуламен сипатталады:

P=kQR, к – коэффициент пропорциясы

Қан мөлшерінің төмендеуінен, не қан іркілуінен үлкен айналыс шеңберінің қысымы төмендейді. Қан айналым көлемі көбейгенде -оның да қысымы жоғарылайды. Қанның тұтқырлығы да үлкен роль атқарады - егер ол жоғарыласа, артериолаларда кедергі күшейіп қысым жоғарылайды.

Жүректің жиырылуы (систоласы) кезіндегі қан қысымы мен жүректің босаңсуы (диастоласы) кезіндегі қан қысымы айырмашылығы пульстік қысым деп аталынады. Қалыпты жағдайда ол 35-45 мм.с.б. болады.

Тамырлардың тегіс етті вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің ықпалымен қызмет істейді, тек соның талшықтары ғана тамырдың тегіс еттерінің клеткаларында аяқталады, сондықтан олар тұрақты тонуста болады және сол арқылы жоғарғы артериалдық қысым сақталады,

Парасимпатикалық бөлімнің қозуы симпатикалық орталықты тежеп, қан қысымы томендеуіне әкеліп соғады.

Информация о работе Жүрек-қан тамыр аурулары