Геологиялық барлау және геодезиялық-топографиялық жұмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:50, дипломная работа

Описание

Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталардың (жоспар) түпнұсқасын әзірлеуге қатысу. Топографиялық карталарды (жоспарды) 20 да 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Ашық жазықтық аймақтары мен таулы аймақтарда жол желісінің болуы, ашық таза құмдар мен шөпті өсімдіктер өсетін құмдардың 30 пішіннің 1 шаршы дм мөлшерін топографиялық карталардың (жоспардың) мазмұны штрихті элементтер мен гидрографияны сызу және өрнектеу. Геодезиялық негізделген пункттерді өрнектеу. Километрленген торды және рамкаларды өрнектеу және өлшемдерді тексеру.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................. 1
«Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар» бөлімі ............... 3
Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың
2002 жылы шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі ...................... 21
Жұмысшы кәсіптердің көрсеткіші .................................................................... 23

Работа состоит из  1 файл

геологиялык барлау геодезиялық жұмыстар.doc

— 210.50 Кб (Скачать документ)

Білуге тиіс: көлбеу және түзу орналасқан салынатын құрылымдар мен жобалы параметрлерді геометриялық  ауытқу монтаждауда құралдарды бақылау; дәлділігі жоғары оптикалық құралдарды бақылау орнына орнату ережелерін;   құрылыс-монтажды жұмыс жүргізуде тік визирлі дәлділігі жоғары оптикалық құралдардың көмегімен топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік өлшеу жүргізу ережелерін; түйіндердің, блоктардың, жөндеудегі құрылымдарды орындалатын сызбаларды сызу және безендіру ережелерін.

 

8. Каротажшы

4-разряд 

Жұмыс сипаттамасы. Скважиналарды каротаждау бойынша жұмыстар атқару. Монтаж, демонтаж және каротаждық бұрғылау құрал-жабдықтарын жөндеуді жүргізуге қатысу. Каротаждық құрал-жабдықтың түзетілуін тексеру. Каротаждық кабельдерде және өткізгіштерді оқшаулауда ақауларды жою. Скважинаның аузында аппараттар мен аспаптарды орнатуға қатысу. Каротаждық құралдар мен аспаптарға техникалық қызмет көрсетуге қатысу. Аппаратуралармен құрал-саймандарды ажырату, скважинадан көтеру, тиеу, түсіру және тасымалдау.

Білуге тиіс: Скважиналарда геодезиялық зерттеулерді жүргізу тізбектілігін; каротаждау-префораторлау құрылғылары мен жабдықтар қызметінің, сызбаларының негіздері мен оларды пайдалану ережелерін;  скважиналарды геодезиялық зерттеулерде қолданылатын қоректену көздерінің түрлері және оларды қолдану ережелері; каротаждық кабельдерді оқшауландыруды және оны жөндеу тәртібін тексеру ережесін; дәнекерлеу, балқыту жұмыстарын жүргізу амалдарын;  жарылғыш материалдар туралы жалпы түсінік және оларды қолдану ережелерін, каротаждық құралдарға техникалық қызмет көрсету тәртібін, каротаждық кабельдердің қосылып кетуін және зондтарды жасау амалдарын.

 

9. Каротажшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тау жыныстарында геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін бұрғылау скважиналарын 1000 метрге дейінгі тереңдікте префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу, каротаж бойынша жұмыстар атқару. Скважиналарда блок-баланс және зертханаларды, көтергіш құрылғыларды орнату. Торпедалар мен атқыш аппараттарын, скважиналық құралдарды біріктіру және скважиналарға түсіру. Скважина жанындағы және скважина аралық зерттеулер үшін және ұңғыманы қопару скважиналарын перфорациялау, пневможөндеу, каротаж үшін жабдықтар мен жұмысшы сызбаларын, аппараттың жарамдылығын тексеру, монтаждау және қайта монтаждау.  Жерге тұйықтау. Кабельді  және бірінші белгінің бағасын өлшеу, ескерту белгілерінің болуын тексеру. Қолданылатын құралдың, жабдықтың жарамсыздығын алдын алу. Өрілген және бронирленген кабельдердің оқшауланған зақымдарының алдын алу. Жабдықтар мен құралдарды, аппаратураларды түсіру және тиеу, скважинадан көтеру, ажырату.

Білуге тиіс: бұрғылау скважиналары туралы жалпы түсінік, олардың конструкциясы скважиналарда әртүрлі геодезиялық зерттеулерді жүргізу тәртібін, түрлерін, орналасу және пайдалану  ережесін, жабдықты монтаждау мен демонтаждауды, каротаждауда қолданылатын торпедтер мен аппаратураларды, тесуді, скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және қопаруды; электротехниканың негізін; сымдар  мен кабельдердің маркасын; электр қуатының негізгі көздерін және оларды қолдану ережесін, жерге қосу амалдарын; жарылғыш материалдардың және радиоактивті заттардың түрлерін; электр монтаждық жұмыстарды жүргізу тәртібін және негізгі ережелерін; құралдарды, аппаратуралармен арнайы заттарды сақтау және тасымалдау ережесін; жабдықтарға жөндеу жүргізу тәртібін және ережесін.

1000 метрден 4000 метрге  дейінгі тереңдікте, еңіс бағытталған  скважина тереңдіктерінің 1500 метрге  дейін бұрғылау скважиналарын  каротаждау, префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу бойынша жұмыс жүргізу - 6-разряд.

4000 метрден 5000 метрге  дейінгі тереңдікте, еңіс бағытталған  скважина тереңдіктерінің 1500 метрге  дейін бұрғылау скважиналарын  каротаждау, префорациялау, ұңғыманы  қопару және пневможөндеу бойынша жұмыс жүргізу - 7- разряд.

Кәсіптік орта  білім талап етіледі.

Скважинадағы тереңдігі 1500 метрден жоғары ауырлатылған бұрғылау  ерітіндісінің тығыздығы 1,6 г/текше  см, көлбеу скважиналарда 5000 метрге дейін бұрғылау скважиналарын каротаждау, префорациялау, ұңғыманы қопару және пневможөндеу бойынша жұмыс жүргізу-                                                                                                 - 8 - разряд.

Кәсіптік орта  білім талап етіледі.

Ескерту. Теңізде бұрғылау скважиналарын каротаждау, перфорациялау, ұңғыманы қопару бойынша жұмыс жүргізуде 4-7 санатты каротаждаушылардың біліктілік тарификациясы бір разрядқа жоғары жүргізіледі. 

               

10. Каротаж станциясының машинисі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Скважиналардың тереңдігі 1000 метрге дейін атқыш-жарылғыш жұмыстар және геофизикалық зерттеулер жүргізуде каротажды көтергіштерді, газды каротажды, өзі жүретін каротажды және перфораторлы станцияларды басқару. Станциялар мен көтергіштерді тасымалдау мен жұмысқа дайындау. Көтергіштер мен генераторлы топтардың, зертхана орнату алаңын  дайындау және таңдау.  Жабдықты монтаждау және қайта монтаждау. Станцияларды жарықтандыратын және қуатты желілерге қосу. Аппаратураларды (құралдарды) скважинаға түсіру және оларды көтеру. Генераторлар мен бензоқозғалтқыштарды,  көтергіштерді, лебедкаларды,  зертханаларды, станцияларды ағымды жөндеу және жоспарланған техникалық қызмет көрсетуде қатысу. Аккумуляторларды қуаттау және электродтарды ауыстыру. Жабдықтар мен құралдарды, аппаратураларды тиеу, түсіру және тасымалдау.

Білуге тиіс: скважиналардың конструкциясын; скважиналарда геодезиялық зерттеулер жүргізу тәртібін; түсу және аппараттарды көтеру ережесін; каротажды-перфораттық жабдықтарды және аппаратураларды тасымалдау ережесін,олардың орналасуын және эксплуатациялау ережесін; каротаждыгазды жабдықтардың, перфораторлық және каротажды станциялардың ай сайынғы және жоспарлық техникалық қызмет көрсетілуін және тексерілу ережесін; жабдықтардың, аппаратуралардың, генераторлар мен станциялардың техникалық анықтамалығы және түрлері; сымдардың және кабельдердің маркасын;электротехниканың негізін; жарылғыш жұмыстарды жүргізу ережесі және тәртібі; аккумуляторларды зарядтау уақыты және ережесін;құрылғыны жерге қосу және желінің ақауларын іздеу амалдарын; бензоқозғалғыштардың ақауларының белгілерін, генераторлармен қосымша механизм станцияларының амалдарын және олардың алдын алу жолдарын.

1000 ден 4000 м жоғары  тереңдікте скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және ату-жару жұмыстарын ,сонымен қатар тура –бағытталған скважиналарда 1500 м тереңдікте жүргізуде - 5-разряд.

4000 нан 5000 м жоғары  тереңдікте скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және ату-жару жұмыстарын ,сонымен қатар тура –бағытталған скважиналарда 1500 м тереңдікте жүргізуде - 6-разряд.

5000 м жоғары тереңдікте скважиналарда геодезиялық зерттеулерді және ату-жару жұмыстарын, көлбеу скважиналарда,скважиналарда қиын бұрғылау ерітіндімен түгелдей1,6 г/куб. см  жоғары - 7-разряд.

 

11.Сейсмикалық  сигналдарды өршітуді орнату  машинисі

                                                                                                                      6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сейсмикалық сигналдарды өршітуді импульстік немесе вибрациялық әрекеттерді орнатуды басқару. Механикалық,  гидравликалық және электрлік торапты орнатуды реттеу және тексеру. Сейсмикалық сигналдардың өршіту көздерін оларды жұмысқа сынауға дайындау. Жұмыс параметрлерінің өлшемдерін орнату. Импульстік сейсмикалық сигналдарды өршіту. Сейсмостанциялармен байланысты болу. Газ, электрлік, механикалық және т.б орнату жүйелерінің жұмыстарын қадағалау. Орнату жұмыстарының ақауларын табу және жою. Құрылғылар жүйесін ағымды жөндеуде және жоспарланған техникалық қызмет көрсетуге қатысу және ауысым сайын орындау.

Білуге тиіс: газдық құрылғыларды, механикалық жүйелерді, электрлік және радиоэлектронды желілерді орнатуда сейсмикалық дабылдамаларды өршіту, техникалық қызмет көрсетуді жүргізу мен оны пайдалану ережелерін, жөндеу мен реттеуін; профильде сейсмо-барлаушы жұмыстарын жүргізу жүйелілігін және тәртібін; сейсмикалық сигналдардың көзі ретінде, оларды орнатуға қойылатын талаптар.

 

12. Шурфөткізгіш  құрылғының машинисі 

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шурф өткізу кезінде шурфөткізгіш құрылғыны (агрегат, кран) басқару. Шурфөткізгіш құрылғыны орналастыру үшін алаңды жоспарлауға қатысу. Шурфөткізгіш құрылғының жұмысына дайындау және тасымалдауға, қайта монтаждауға және монтаждауға қатысу. Шурфтарды өткізу кезінде операция орындауға қатысу. Құрал мен жабдықтарды дұрыс пайдалану және қалпын бақылау. Шурфөткізгіш құрылғыны ағымды жөндеуде және жоспарланған техникалық қызмет көрсетуге қатысу және ауысым сайын орындау. Тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қатысу.

Білуге тиіс: шурфтардың жүру амалдарын және технологиясын;  электрожабдықтары мен шурфөткізгіш құрылғыны пайдалану ережелерін және құрылымын; шурфөткізгіш құрылғыны ағымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету тәртібі мен ережелерін; белгіленген сигналдарды.

 

13. Геодезиялық  белгілерді монтаждаушы.

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Монтаж, демонтаж және ағаштан жасалған  геодезиялық белгілерді, орталықтарға және триангуляция және полигонометриялық бөлімдер үшін темірбетон және  монолитті бетондарды жөндеу. Ниверлеу бөлімдеріне негізгі және фунттық реперлерді және ниверлеу маркаларын дайындау. Геодезиялық белгілерге арналған орындарды тазалау. Діңгектерді және т.б түсіру-көтеру операцияларына арналған  қақпаларды жабдықтау. Элементтерді даярлау, торапты және ағаштан істелінген геодезиялық белгілерді және жердегі белгілердің арнайы детальдарын жинау. Геодезиялық белгілерді жинаулы түрінде көтеру немесе белгілердің жеке түрлерінің бекітілуін. Орталықтарды отырғыза бастау  және бағдар бөлімдерін жабдықтау. Нұсқаларды жасау, Реперлер мен бетон монолиттерді, темірбетон пилондарының  құймалары үшін формаларды орнату және алып тастау, жинау және дайындау. Шұңқырларға белгі қою және қазу. Арматураларды тоқу. Бетон массасын отырғыза бастау және дайындау. Реперлер мен олардың сыртқы безендірулерін орнату, тазарту. Полигонометрия немесе трангуляция пунктерінің және орталықтары, реперлері, геодезиялық  белгілерді жөндеу мен  қорғауда ұсталық, бетон және жер жұмыстарын орындау. Құралдар мен материалдарды, жабдықтарды тиеу, түсіру және тасымалдау. Геодезиялық белгілерді және реперлерді сақтауға құжаттарды дайындау.

 

14. Геодезиялық белгілерді монтаждаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Монтаж, демонтаж, биіктігі 20 метрге дейінгі металлдық геодезиялық белгілерді және биіктігі 20 дан 40 метрге дейінгі ағаштан істелінген геодезиялық белгілерді жөндеу. Жерге жеке детальдарды орнықтыру мен дайындау. Көтеру жабдықтары мен механизмдерін монтаждау және демонтаждау. Биіктікте металл белгілерін жөндеу мен қорғауда құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау. Дәнекерлеу және балқытып бітіру жұмыстарын жасау. Геодезиялық белгілерді сақтауға құжаттарды дайындау.

Білуге тиіс: геодезиялық металл белгілердің құрылымы мен бөлшектерінің элементтерінің белгілемелерін; геодезиялық металл белгілерін жөндеу және қайта монтаждау, монтаждау тәртібі мен әдістерін, оның дайындалу сапасына қойылатын талаптарды; арқан, трос, бөлшектер, геодезиялық белгілерді және оның детальдарын  бекітудің ережелері мен тәсілдерін; монтажды-құрылыс және дәнекерлеу жұмыстарын атқаратын технологияны; геодезиялық металл белгілердің бөгеттерін қолданудағы материалдардың қасиеттері мен негізгі түрлерін;  ұсталық-балташылық құралдары мен дәнекерлеу жабдықтарының белгілері мен түрлерін. 

40 метрден жоғары биіктіктегі  ағаш геодезиялық белгілер және 20 дан 40 метрге дейінгі биіктіктегі  металл геодезиялық белгілерді  монтаждауда және қайта монтаждауда - 5- разряд.

40 метрден жоғары биіктіктегі  металл геодезиялық белгілерді  монтаждау және қайта монтаждауда  - 6- разряд.

 

15. Электробарлау  станциясының моторшысы 

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электробарлау станциясының генератор тобының қызмет көрсетуі. Өлшеулерді жүргізу уақытында қозғалтқыш жұмысын қажет тәртіппен қамтамасыз ету, генератор топтарын орнату және алаңды дайындау. Тоқ арналары мен сөйлесу құрылғылары үшін өткізгіштерді қосу және жазу. Генератор топтарының релесі мен контакторларды, негізгі желілерді реттеу. Радиобайланыс үшін антеннаны орнату, генератор тобының  жерге тұйықтау және құю, майлау, қарау. Аккумуляторларды қуаттау және электролитті ауыстыру. Қолданылатын жабдықтар мен аппаратураларды тасымалдауда тиеу және түсіру. Генератор топтарының ағымдағы жөндеуге қатысу және техникалық қызмет көрсетуді ауысым сайын орындау.

Білуге тиіс: генераторлық топтың қондырғыларын; генераторларға қызмет көрсету және техникалық пайдалану ережелерін; трансмиссия, генератор, қозғалтқыштардың жарамсыздығын алдын алу және табу әдістерін; электробарлау станцияларына қолданатын тәжірибелік процестің сызбаларын; электро және радиотехника туралы негізгі мағлұматтарды;  сымдар маркаларын.

 

16. Геофизикалық  құрылғыларды жөндеуші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы: Жұмыс өндірісі орындарында немесе ұйымның далалық базаларында геофизикалық жабдықтарға, аппаратураларға, аспаптар мен жекелеген тораптарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жоспардан тыс жөнделерді орындау. Құрастыру, демонтаждау, баптау. Ұсақ геофизикалық жабдықтарды, аппаратуралар мен аспаптарды реттеу және сынау. жекелеген тораптарды (бөлшектерді) ауыстыру және оларды стационарлық жағдайда жөндеуге жіберу қажеттілігін айқындау.

Информация о работе Геологиялық барлау және геодезиялық-топографиялық жұмыстар