Геологиялық барлау және геодезиялық-топографиялық жұмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 20:50, дипломная работа

Описание

Жұмыс сипаттамасы. Топографиялық карталардың (жоспар) түпнұсқасын әзірлеуге қатысу. Топографиялық карталарды (жоспарды) 20 да 1 кв.дм көлбеу мөлшерде өрнектеу және бедердің контурын сызбалау. Ашық жазықтық аймақтары мен таулы аймақтарда жол желісінің болуы, ашық таза құмдар мен шөпті өсімдіктер өсетін құмдардың 30 пішіннің 1 шаршы дм мөлшерін топографиялық карталардың (жоспардың) мазмұны штрихті элементтер мен гидрографияны сызу және өрнектеу. Геодезиялық негізделген пункттерді өрнектеу. Километрленген торды және рамкаларды өрнектеу және өлшемдерді тексеру.

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................. 1
«Геологиялық барлау және топографиялық-геодезиялық жұмыстар» бөлімі ............... 3
Осы бөлімде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының, олардың
2002 жылы шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі ...................... 21
Жұмысшы кәсіптердің көрсеткіші .................................................................... 23

Работа состоит из  1 файл

геологиялык барлау геодезиялық жұмыстар.doc

— 210.50 Кб (Скачать документ)

Білуге тиіс: электр және радиотехника негіздерін; қағидалы электр және радиосхемаларды; геофизикалық жабдықтарды, аппаратуралар мен аспаптарды жинау және қайта монтаждау типтерін, құрылғыларын, тәртібін, әдістерін; техникалық қызмет көрсету, жөндеу технологиясы мен ережелерін. Геофизикалық және жекелеген тораптарды баптау және реттеу; дәнекерлеу жұмыстарын орындау тәсілдерін.

 

17. Геофизикалық құрылғыларды жөндеуші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы: Құралдар мен аппаратуралар, басқа да геофизикалық құралдар және сейсмоқабылдағыштар, потенциометрлер, аэромагнитометрлер, гравитациялық вариометрлер, гравиметрлер, газдыкаротажды, каротажды, электробарлаушы, баламалы сейсмикалық және  басқа да геофизикалық станцияларды жөндеу. Құралдар мен аппаратуралар, ұсақ геофизикалық жабдықтарды жинау, қайта монтаждау, баптау, реттеу, сынау және эталондау.

Білуге тиіс: электр және радиотехника негіздерін; электр және радиотехника негіздерін; қағидалы электр және радиосхемаларды; геофизикалық станцияларды, аспаптар мен аппаратураларды және басқа да құрылғыларды жинау және қайта монтаждау типтерін, құрылғыларын, тәртібін, әдістерін; геофизикалық аппараттарды, құралдар мен бөлек желілерді баптау, реттеу, эталондау, жөндеу технологиясы мен ережелерін; электр және радио монтаждау жұмыстарының технологиясы; өлшеу құралдарының құрылғысын, пайдалану және жөндеу ережелерін; жөндеу жұмыстары кезінде материалдар мен техникалық құралдарды пайдалану және сақтау ережелерін; радиоактивті көздермен жұмыс істеу ережелерін.

 Радиоактивті көздер  мен электронды-сандық кешендермен байланысты жұмысты орындауда -7-разряд.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

 

18. Минералдар мен шлихтарды байытушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты байыту үшін сорттау және жуу. Арнайы балғалар мен кескіштердің көмегімен басқа араластырғыш және кондициялық емес аймақтарды, темір, жарылған, ақаулы сұғу әдісмен кварцтың және кристалл кесектері бар кварцты байыту. Байытылған шикізатты сорт бойынша бөлу. Шикізатты сақтау орнына жеткізу. Қалдықты жою.

 Білуге  тиіс: сұрыпталған шикізаттың сыртқы белгілерін; таужыныстары мен материалдардың негізгі физикалық-механикалық қасиеттерін; нормативті-техникалық құжаттамалары бар шикізатқа қойылатын талаптар; шикізаттың түрлілігі мен сұрыптарын классификациялауда қолданылатын терминдер мен анықтамаларды.

 

19. Минералдар мен шлихтарды байытушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен жасау әдісімен зергерлік тастарды шикізатқа балқыту және тау хрусталін байыту. Кесу станогында сортсыз аймақтарды егеу. Шикізат ақауларын (газдысұйықтық және минералды қосылулар), үстеласты лампалары мен шам үстелдерінде көрсетілетін электрлі жарықтың ақауларын шығару және көру. Байытылған шикізатты сорт бойынша бөлу және оны сақтауға өткізуге дайындау.

 Білуге  тиіс: сұрыпталған шикізаттың (түрлі түсті тастар мен кварц) негізгі физикалық-механикалық қасиеттері мен сыртқы белгілерін; шикізатты түрлілігі мен сұрыптарын классификациялауда қолданылатын нормативті-техникалық құжаттамалары бар шикізатқа қойылатын талаптар; қызметтегі құралды пайдалану ережелері мен құрылғыларын.

 

 20. Минералдар мен шлихтарды байытушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пьезоптикалық кварцтың 1, 2 сұрыптарын, кристалл шикізаттан жасалған исланд шпатын және қолдан жасалған зергерлік тастарды шикізатқа байыту. Шикізатты егеу, электрлі жарықта көрінетін шикізат ақауларын көру және шығару.  Кемшілігі + - 1 мм аспайтын штангециркульмен пьезоптикалық шикізаттың моноаймақтарын  өлшеу. Жабдықтарды тоқтау және оның жұмысын бақылау, жіберу; шлихтарды үрлеуге дайындау; қолда немесе жабдықта шлихтарды үрлеу жолымен байыту. Пайдалы қазбалардың жабдыққа шығуын реттеу және минералдарды тура анықтау. Жабдықтың қызметіндегі жарамсыздықтың алдын алу және шығару. Байытылған шикізатты сақтауға  өткізу үшін дайындау және сұрыптау.

Білуге тиіс: шикізаттың (кварц, түрлі түсті тастар мен исланд шпаты) негізгі физикалық-механикалық қасиеттері мен сыртқы белгілерін; шикізаттың табиғи кемістіктерінің мүмкіндігі; нормативті-техникалық құжаттамалары бар шикізатқа қойылатын талаптар; шикізаттың әрбір түрінің қасиеттері және олардың байыту кезінде пайда болуы; шикізатты классификациялауда қолданылатын терминдер анықтамаларды; түрлі түсті тастарды классификациялау; қызмет көрсететін жабдықтарды пен құрылғыларды,бақылау өлшеуіш және алмас жабдықтарды қолдану ережелерін; сынамаларды жөндеу және таңдап алу ережелерін; шлихтардың үрлеуін қабылдау; шлихтарда кездесетін тау жыныстары мен минералдарды, пайдалы қазбаларды. 

 

21. Минералдар мен шлихтарды байытушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолмен жасау әдісімен кварц-оптикалық және бағалы тастарды, пьезакварцтың «Экстра» сұрыптарын шикізатқа байыту. Иммерционды сұйықтықтың көмегімен және визуалды, электрлі жарықтандырғышта берілген шикізаттың ақауын шығару және егеу, қарау. Пьезооптикалық шикізаттың ионаймағын өлшеу. Химиялық улау ерітінді компоненттері жыныстарының көмегімен жыныстағы дақтар мен кристаллдарды алып тастау.  Бағалы шикізаттардың қалдықтарын санау. Байытылған шикізатты сақтауға  өткізу үшін дайындау және сұрыптау.

Білуге тиіс: шикізаттардың (оптикалық кварц, бағалы тастар) физикалық-механикалық қасиеттері мен сыртқы белгілерін; тастардың әр түріне тән шикізаттың табиғи мүмкін болатын дефектілерін; шикізаттың нормативті-техникалық құжаттарына қойылатын талаптарды, шикізаттың әр түрінің ерекше түрлерін және оларды байытуда көрінісін;  шикізатты сорттауда және түрлерге бөлуде қолданылатын терминдер мен анықтамаларды; бағалы тастарды классификациялауды; бақылау өлшеуіш және алмас құралдарды қолдану ережелерін, құрылғыларын.

 

22. Геологиялық сынамаларды іріктеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жер қойнауларындағы қорларды есептеу, пайдалы қазбалардың саны мен сапасын анықтау үшін таулы өндірістегі бороздалық, задирлі, шрурлі және басқа да сынамаларды іріктеу. Қолдан жасалған, пневматикалық, электрлі сынама іріктемелерді шой балғаның көмегімен қатал және дәлділігі жоғары рұқсаттамалармен тау жыныстарын сұғу және контурлеу. Қажет жағдайда сынама массалары мен көлемін, задирка алаңдарын, борозданы өлшеуді кесу, бороздарды егеу, шпурларды  бұрғылау.  Сынамаларды таңбалау және орау. Сөрелерді орнату және қатайту. Ауаөткізгіш және электрлі желілерге қосу, перфораторлар мен шой балғаларды, сынама іріктемелерді жұмысқа дайындау. 1500 метр тереңдікке дейінгі теңіздер мен басқа да су қоймаларында донна сынамаларды іріктеу. Қолданылатын жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, олардың жұмысында қарапайым жарамсыздықтардың алдын алу және шығару. Техникалық құжаттама жүргізу. Сынамаларды сақтау және есептеу.

Білуге тиіс: кендердің құрылымын, текстураларын, микротектоника негіздерін; бөлу сызықтарының бағыттарын және тау жыныстарының физикалық қасиеттерін; шпурлардың орналасу сызбалары мен олардың тереңдігін, электрлі және пневматикалық құралдарды пайдалану ережелерін; қолданылатын құралдардың түрлерін; қолдан жасалған және механикаландырылған әдістермен жыныстарды өңдеу және геологиялық сынамаларды іріктеу стандарттары мен техникалық шарттарын; орнатылған дабылдамаларды пайдалану ережелерін; донналы сынама іріктемелері технологиясын және  техникалық құралдар құрылғыларын.

1500 метр тереңдікке  дейінгі теңіздер мен басқа  да су қоймаларында донна сынамаларды іріктеу – 5 - разряд.

 

                                23. Геологиялық сынамаларды шаюшы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті геологиялық сынамаларды шаюшының басқаруымен шлихты сынамаларды шаю. Құмдарды лоткаларға, ковшаларды шаю құралдары мен құрылғыларына  тиеуде, оларды сүртуде, қиыршық материалдарды шаюда, ауыр отырғызу фракцияларына қатысу.  Шлихтерді тиеу, кептіру және орау.

Білуге тиіс: геологиялық сынамаларда концентрацияларды орнату және шаюдың негізгі ережелерін; шлихтарда жиі кездесетін минералдар құрамын; бос және құрамында металлы бар жыныстардың сыртқы белгілерін.

 

24. Геологиялық сынамаларды шаюшы

3-разряд 

Жұмыс сипаттамасы.  Лоткаларды, ковшаларды, құралдарды немесе 70 % -дан кем емес шлихтардың пайдалы минералдарының шығуымен қамтамасыз ететін құрылғыларды дәннің көлеміндей 1 мм және одан да көп мөлшерде шлихтерді массалық аяқтау және шаю. Құмдарды тиеу, оларды себу, қиыршық материалдарды  шаю, балшықты заттардан босату, ауыр фракцияларды концентрациялау, «сұр» шлих сынамасына дейін шаю. Сынама нөмірін көрсетілуімен шайылған металдың сынамасын орау.  Сынамаларды шаю есебін жүргізу.

Білуге тиіс: шлихті сынамаларды шаюды қабылдауды және ережелерін, белгілемелерін;  құралдар мен жабдықтардың құрамында құмдардың болуына байланысты аяқтап және шаю жұмыстарының технологиялық тәртіптерін; шайылған сынамаларды есептеу, орау және таңбалау ережелерін.

 

25. Геологиялық сынамаларды шаюшы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Лотоктарды, шөміштерді, құралдарды немесе 90 % -дан кем емес шлихтардың пайдалы минералдарының шығуымен қамтамасыз ететін құрылғыларды дәннің көлеміндей 0,5 мм-ден  1 мм және одан да көп мөлшерде шлихтерді массалық аяқтау және шаю.

 Білуге  тиіс: борпылдақ таулы жыныстарды шайылуы бойынша классификациялау және оларды суда балшықтан тазарту әдістерін; пайдалы және  ілеспелі минералдардың түрлерін; су қозғалысы жылдамдығының құмды шлихтардың шығуына әсер етуі; шлихты сынамаларды өңдеу ережелерін.

 

26. Геологиялық сынамаларды шаюшы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Лотоктарды, шөміштерді шаюшы концентратты құралдарда немесе қондырғыларда бақылау шлих сынамаларын аяқтау және шаю. Лотоктарды, шөміштерді құралдарды немесе 95 % -дан кем емес шлихтардың пайдалы минералдарының шығуымен қамтамасыз ететін құрылғыларды дәннің көлеміндей 0,5 мм-ден  көп емес мөлшерде шлихтерді массалық аяқтау және шаю.

Білуге тиіс: қондырғылар немесе жабдықтардың  концентрациялық және шаюды реттеу ережелері мен құрылғыларын; шлихтарда пайдалы және ілеспелі минералдардың макро белгілері мен сипаттамаларын; бақылау сынамаларын есептеу, таңбалау және өңдеу ережелерін.

 

27. Геологиялық іздестірулер мен түсіруді өткізуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Геологиялық ұйымның жұмысшыларын жазықтық даламен ең ыңғайлы және қауіпсіз бағыт бойынша белгіленген пункт және лагерь тұрағына жеткізу. Итпен, бұғымен, есекпен, түйемен, жылқымен адамдар мен жүктерді тасу. Жүктерді тиеу, жинау, түсіру,  орау және бекіту. Жануарлар жабдықтарын  және шаналар, арбалар, жегулерді жөндеу. Жануарларды тамақтандыру, жануарларға қарау, қажеттіліктерге азықтарын даярлау.

Білуге тиіс: аймақ жұмысының рельефтерінің негізгі элементтерінің жергілікті атаулары мен орналасуын; қыстаулардың, жайлаулардың, елді мекендердің, құдықтардың орналасқан жерлерін; жолдар, жалғыз аяқ жолдарды, аяқ өткелдерді жыл бойына өтуі мен орналасуын; тұрақтауға қауіпсіз жерлерді; жүктерді тиеу, жинау, түсіру,  орау және бекітуді; жануарлар жабдықтарын  және шаналар, арбалар, жегулерді жөндеуді; жануарларды тамақтандыру, жануарларға қарау, қажеттіліктерге азықтарын даярлауды; жануарларға жарақаттану жағдайында алғашқы ветеринарлық көмек көрсету ережелерін.

Геологиялық ұйымның  жұмысшыларын биік тауларға, шөлдерге, тайга және саз аймақтарға алып жүру - 3- разряд.

Геологиялық ұйымның  жұмысшыларын таулы, тайга,  қатты  саздалған  және шөлді аймақтарға алып жүру, сонымен қатар адамдар мен жүктерді су транспортымен тасымалдау - 4- разряд.

 

28. Геологиялық жұмыстарда жұмысшы 

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұрын өткен, жаңадан өтетін және ұсақ тау үсті қазбаларын тарату және тазалау (канавалар, копуштар мен шурфтар). Геолог маманды бағытта алып жүру. Сынама дубликаттарын сұрыптау және сынамаландыру үшін дайындау. Су деңгейін өлшеуді жүргізу және су көздерін пайдалану тәртібін сақтау. Гидрометикалық жұмыстарда жармаларды тазалау. Борпылдақ жыныстардың литогеохимиялық сынамаларын себу және ұсақтау, кептіру. Сынамаларды таңдау үшін қаптарды және флягаларды жуу, пакеттерді даярлау. Құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды, далалық жарақтарды тиеу, түсіру және орау. Жүктерді ( транспорт құралдарынан тыс жерлерде) тасымалдау немесе көшіру. Құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды, далалық жарақтарды қызмет көрсету жағдайында  және жұмыс қалпында сақтау. Тұрақтау лагерінің орнын таңдауға, палатканы құру және шешуге қатысу.  Тұрақ аймағында жүктерді қорғау, санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету және тазалау. Өндірістік және тұрғын орындарын тазалау және мерзімді дезинфекциялау. Дала жұмыстарын жүргізу. Отын -суды дайындау; тамақ  дайындау;  дала жұмыстарын тарату және ұйымдастыруға қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі сынамаларды және геологиялық партиялардың көшуі кезінде лагерь алаңында орналасқан аспаптарды, құралдарды, жабдықтарды сақтау, тасымалдау және орау ережелерін; материалдарды, жабдықтарды құралдарды қолдану ережелерін; азық-түліктердің пайдалану мерзімін оларды қабылдау, сақтау ережелерін; аспазшы және кулинар ісінің негіздерін. 

 

29. Геологиялық жұмыстарда жұмысшы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шөлді және таулы-тайгалы аудандарда бағыт жүргізуді меңгеру. Бороздалық және шлихті сынамаларды, газ және су сынамаларын, гобтаникалық сынамаларды, жеке штуфты, литгеохимиялық сынамаларды, табиғи жыныстардың үлгілерін, этикеттеу, орау және таңдау; борпылдақ жыныстардан монолиттер таңдау.  Шлих сынамаларын жуу үшін орын жабдықтау. Лоток немесе шөміштің белгіленген үлес салмағын немесе түсінің шлихты сынамаларын шаю. Шлихты сынамаларды кептіру. Алтыннан, касситериттен, вольфрамиттен және басқа да металл компоненттерінен  және түрлі минералдарды үрлеу жолымен шлихтерді өңдеу. Дала құралдарының көрсеткіштерін журналға жазу және алып тастау. Су көзерінің жер асты және жер үсті параметрлерін өлшеу.  Гидрометриялық жұмыстарда жармаларды тазалау. Таяз тауларды қолдан өндіруді жүргізу және тарату. Борпылдақ сынамаларды елеу, беохимиялық сынамалардың күлге айналуы, керна скважиналарын, тау үсті өндірісінің сынамалар дубликатын сынамаландыру, дайындау және  табиғи кебу, таңдалған сынамаларды көшіру. Арақашықтықты өлшеу. Топографиялық-геодезиялық түсірілімге торфобарлау бағыттарын салу, аймақты барлауға қатысу.  Реперлерді қазандықтарға орналастыру және олардың сыртқы безендірілуі. Су қабылдағыштар мен өзендерде өлшеу жұмыстары.  Сапропелді және торфты кендерді байқап білу. Зертханалық зерттеулер үшін донналық және минералды қабаттамаларды, сапропельді, торфты сынамаларды этикеттеу, орау және таңдау. Электропрофильдеу және электрозондылауда сынамалық ленталарды  қалау, орман такцасионды жұмыстарда , торфты анықтауда қатысу. Дала жұмыстарын жүргізу, ұсақ скважиналарды қолмен және мотобұрғымен бұрғылау. Жол нысанасын тазалау.  Құралдарды, жабдықтарды, дала жарақтарын тасымалдау (көшіру), тиеу, түсіру.

Информация о работе Геологиялық барлау және геодезиялық-топографиялық жұмыстар