Сәндiк қолданбалы өнер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 20:21, реферат

Описание

Домбыра – ертеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы, қазақтың қасиетті дүниесі. Өскелең ұрпақтың жан-жақты білімді болуы, эстетикалық талғамының жоғары болуына, жалпы адамгершілік, имандылық қасиетінің дамуына бұл аспаптың тигізетін әсері мен рөлі өте зор. Оны тарта алмаса да, қадірлей білу керек. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын, дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады.

Работа состоит из  1 файл

ДОМБЫРА.docx

— 16.12 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДОМБЫРА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Домбыра –  ертеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы, қазақтың қасиетті дүниесі. Өскелең ұрпақтың жан-жақты  білімді болуы, эстетикалық талғамының жоғары болуына, жалпы адамгершілік, имандылық  қасиетінің дамуына бұл  аспаптың тигізетін әсері мен  рөлі өте зор. Оны тарта алмаса да, қадірлей білу керек. Себебі, баланың  бойына халықтың рухани байлығын, дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады.

«Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады» - деген қазақта сөз бар.

«Домбыраны  қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді. Ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да болмайды, жеміс те бермейді», - деген Бауыржан Момышұлы сөзінің мәні тереңде жатқанын  ұғуға болады. Балалардың жалпы музыканы қабылдау ерекшелігі, өмірге деген  көзқарасы, мінез-құлқы, білімі, жалпы  мәдениеті, музыкалық қабілеті, ой-өрісі  бірдей болып келе бермейді.  Тәй-тәй  басқан баланың жүрісін біртіндеп  тұзеу,  былдырлап сөйлеген сөздерін қалыпқа келтіру, жаман әдеттерін  сол кішкентай сәби кезінен  қадағалау  - ананың парызы болса,  ал  шәкірттің   дұрыс   отыруын және оң  қол, сол  қол  саусақтарының  қойылуын, алғаш домбыра ұстаған сәттен бастап үнемі ескертіп отыру, қадағалау  -  домбырашы-ұстаздың парызы.

Келешекте  домбыра үйренуге арналған жаттығулардың  түрлерінің ішіндегі әр шәкірттің қабылдау мүмкіншілігіне қарай, дене бітіміне лайықтап, таңдап беру. Саусақтардың қойылымын, дұрыс, түзу, жарасымды отырысын, көрнекті құралдар қолдану, айнаға қарап орындау  арқылы байқалған кемшіліктері жойып  отыру. Ал енді ән айтуға, ең тиімді және оқушының аспапты оңай игеріп кететін  жаттығулар тізбегі келешекте оқу-әдістемелік  құрал ретінде дайындау қажет  сияқты.

Соңғы кезеңде  еліміздің көптеген жалпы орта білім  беретін мектептерде фонограммамен  ән айту дәстүрі орын алып кеткендерін  байқауға болады. «Әнші балалап», «Айналайын», «Бозторғай», «Мектеп жұлдыздары», «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» т.б. және көптеген мерекелік концерттер мен байқаулар  жиі өтуде. Осындай техникалық жеңіл  өнерге әдет алған бала келешекте  нота сауатын үйренуге, кез-келген музыкалық  аспапты сауатты ойнауға еңбекқорлығы, шыдамдылығы жетпей, ұлтымыздың музыкалық  өнерін оның ішінде домбырамен дәстүрлі ән айтуды қастерлеп өсуі екіталай.

Халқымыздың әншілік мәнері жеңіл де, әдемі, қоңыр  да шырқау әуезімен, жарқын да шалқымалы  ашық сазды үнімен айрықшаланады. Әдетте әншілер әнді бір-бірінен ауызекі  түрде үйреніп қабылдайтын. Жиырмасыншы  әсіресе отызыншы жылдары, қазақтың байырғы унисондық бір дауысты, жеке айтылатын ән дәстүріне жаңалықтар еңгізіліп, Қазақстанда халықтың ән шығармашылығы жедел өркендей бастады. Бұл кездерде қазақ ән өмірінің дамуына  халық композиторларының сіңірген еңбектері зор болды. Олардың  бір ерекшелігі – ежелгі ұлттық дәстүр бойынша ән әуенінің авторы ғана болып қоймай, соған лайық  өлеңді де өздері шығарды. Сонымен қатар  әндердің орындаушылары да өздері болды. Мұның өзі қазақтың халықтық ән музыкасының даму тарихында айрықша өзгешіліктердің бірі болып табылады.

Қазақстанның  жаңарған өмірін жырлайтын көптеген әсем әндер туды. Осы тұста қаншама  дүлдүл әнші-композиторлардың есімдері елген белгілі болды.

Дәстүрлі  әншілік өнер өзінің айтылу және айтылу құрылымдылық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мектептерге бөліне бастады:

  1. Қазақстанның орталық және солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп;
  2. Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектеп;
  3. Батыс өңірлердегі әншілік мектеп;
  4. Шығыс өңірлердегі әншілік мектеп;
  5. Сыр бойындағы әншілік-термешілік мектеп.

 ХІХ ғасырдың екінші жартысында  дәстүрлі ән өнеріне зор үлес  қосқан әнші-композиторлар қатарында  Біржан салды, Мұхитты, Ақан  серінің, Жаяу Мұсаны, Абайды, Үкілі  Ыбырайды, Әсетті, Естайды, Ғазизді,  Шәкәрімді, Мәдиді, Нартайды, Майраны  т.б. ұрпақтан-ұрпаққа асқақ әншілік  эстафетасын жеткізушілер музыкалық  мазмұнды түсіндіріп, оны мазмұндық  жағынан байыта түскен өнер  шеберлердің қосқан үлестерін  ерекше атап кетуге болады.

Қазақстан жерінде дарынды танып баулитын, халықты түрлі аспаптарда ойнауға, ән айтуға, жалпы өнерге бейімдейтін  бірден-бір оқу орны және арнаулы  мектеп болған жоқ. Мысалы, халқымыздың  ән-күйлерін жинақтап, өнер қазынасының  ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуші дарынды өнер иелері, халқымыздың  өз ішінен табылып отырды. Ел мұңы ән-күй  арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен  елден-елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өнердің  қайсы бір түрі болмасын, қолдан-қолға, жүректен-жүрекке таралып, ел арасына  сіңіп жатты.

Сондықтан домбыраны сауаттылықпен ойнап  көзін ашқан бала әлде қайда еңбекқорлыққа, адамгершілікке, ұжымдылыққа, кішіпейілділікке, эстетикалық талғамы жоғары болып  өседі.  «Ұяда нені көрсең ұшқанда  соны ілерсің» - деген қанатты сөз  осының айғағы іспеттес. Теңіздің түбінде  жатқан інжү-маржандай бай өнерімізді келешек ұрпақтың бойларына сіңіріп, тәрбиелеу, олардың дүниетанымын қалыптастыру - әр қазақ отбасының және кез  келген музыка маманының міндеті  екендігін ұмытпағанымыз  жөн.

 


Информация о работе Сәндiк қолданбалы өнер