Витамины

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 11:41, доклад

Описание

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

биология.docx

— 32.57 Кб (Скачать документ)

Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау организмнің улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.Құнарлы тағамдарВитамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, организмге, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, белок пен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам организмін әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда организмде зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда организмде витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.[1]

 

Жемістер мен көкөністер құрамында дәрумендер көп

Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді.

Майда еритіндерге А, D, Е, К витаминдері жатады.

Суда еритін витаминдерге С, РР және В тобындағы барлық витаминдер жатады. соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа боледі: алифатты , алициклды, ароматикалық, гетероциклды,А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг.D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

Суда еритін витаминдерС витамині (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг.

Тағамдық өнімдеріндегі  витаминдерді сақтау жолдарыТағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы витаминдер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С витамині жойылып, В тобындағы витаминдердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы витаминдерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы витаминдер толығымен сақталады.Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы витаминдер азаяды. Тұздау кезінде витаминдер сақталады. Витаминдерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады7В1 витаминi (тиамин ) организмде дұры с зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ор ганизм тиаминге зәру болған жағдайда нерв жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 витаминіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда организм В1 витаминін көп қажет етеді.В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады.В6 витаминi (пиридоксин) белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин организмде жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну организмнің өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.В12 витамині (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда организмде қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.В15 витаминi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады.Е витаминi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ.Р витаминi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С витаминімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р витамині шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп.РР дәрумені (ниацин) . Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі.Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады,бауыр жэұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді.РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы,еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы,іш өту және бұлшық ет ауруы.Көктем мен жаз кезінде теріде қызғылт тез өсетін дақ пайда болады,зақымданған тері жуандайды да кір қызыл-қоңыр түске боялады,қабыршықтанады.Фолий қышқылы (фолацин) қан құралу процестерімен тығыз байланысты. Негізінен жапырақты көкөністердің құрамында болады, сонымен бірге помидор, алма, картопта, бауыр, бүйрек, ашытқыла бар.Пантотен қышқылы зат алмасуының маңызды реакцияларына қатысады. Мал өнімдерінен және өсімдіктен дайындалатын көптеген тағамдардың құрамында бар. Бұл витаминнің тәулік ішінде адам организміне қажет мөлшері күнделікті тамақ құрамында жеткілікті болуға тиіс.

В тобы

Бұл топ дәрумендері  жиынтықта тін алмасуына жауап  береді және бауыр, ет, балық, бұршақ, жаңғақтар  секілді тамақтану өнімдерінде  бір-бірін толықтырып отырады. Бір кездері В – бұл бір ғана дәрумен болып есептелген, алайда бүгінде олардың саны бұл топта 12 құрайды. Және бұл топтың үш дәрумені - В1, В2 және В12 — жетіспеушілігі жағдайында денсаулықпен күрделі мәселелер туғызуы мүмкін. 

В1 (тиамин)

Липидтер мен  көмірсулардың ауысуына қатысушы дәрумен, қалыпты жүйке жүйесін, жүрек  және ас қорыту жұмысын қамтамасыз етеді. В1 дәруменінің жетіспеушілігі жағдайында ең алдымен жүйке жүйесі өзгереді: сезімталдық өзгереді, невралгия пайда болады (жүйке жүйелері бойындағы ауру), интеллект төмендейді, эмоция бақылаудан шығады.Тиамин бұршақтарда (фасоль, бұршақ және соя), шошқа және сиыр етінде, картоп және сәбіз құрамында аздап кездеседі. В дәруменінің бай қайнары — саумалдық. Өте дәмді тәсіл тиамин артық қорын толықтырады — «Бондюэль»-дің томат тұздығындағы фасоль. 

В2 (рибофлавин)

Бұл дәрумен тері жаңаруында, шаш және тырнақтардың өсуінде белсенді қатысады. Олардың жай-күйі, сонымен бірге стоматитке бейімделгіштік пен шырышты қабаттың тітіркенуінен В2 дәруменінің жетіспеушілігі туралы білуге болады. Типтік белгі — хейлит (ерін бұрыштарындағы шырышты қабаттың жарықтарының асқынуы). Алайда, рибофлавиннің жетіспеушілігінің өзге де салдарлары көзге түседі: эритроциттер мен иммун жасушыларының жасалуының бұзылуы. Тіндерге оттегі, ал ағзаға – вирустар мен бактериялардан қорғаныс жетіспейді.Рибофлавин ет және сүт өнімдерінде бар, аздаған көлемде тұтас дәнекті нан және қою жаслы түсті көкөністерде кездеседі. Сонымен бірге құрамына Е101 тағамдық бояғышы кіретін өнімдерде бар. Иә-иә, бұл дәл сол —В2 дәрумені

В12 (цианокобаламин)

В12  дәруменінің жетіспеушілі—мегалобластикалық қан аздықтың белгісі. Цианокобаламиннің жетіспеушілігі жүйке талшықтарының демиелинизациясын туғызатын жүйке жүйесіне әсер етеді. Жиынтықтап алғанда бұл дәруменнің жетіспеушілі ми қызметіне теріс ықпал етеді, эмоциялық тұрақсыздық, агрессия, күйзеліске жоғарылатылған сезімталдықты туғызады.В12 дәрумені жануарлар өнімінде ғана бар — ет, жұмыртқа, бауыр және бүйректерде. Оның аздаған көлемі ішек флорасының микроағзаларын өндіреді, алайда цианокобаламин сорғытылуы аш ішекті өтетіндіктен, ал тоқ ішекте жасалынуы, эндогенді дәруменді адам қолдана алмайды.

В дәрумендерін қорғауӘдеттегі жаз мәзірінде В тобы  дәрумендерінің жетіспеушілігі бұл дәрумендерді артық қорымен жинап алу мүмкінсіздігімен қиындай түседі (олар ағзада жиналмайды). Және тіпті күнделікті ас мәзірінде қажетті құрамдас бөлшектер болғанның өзінде, алкоголь, кофе, газдалған сусын және никотин олардың сіңуін төмендетеді. Сергу, жаңа дем сезіну немесе күйзелістен құтылу үшін жаңартқыш жеміс немесе жидек шырынын ішіп алыңыз. Жаз дегеніміз — бұзушы емес, дәрумендер кезеңі емес пе?!

 

 

 


Информация о работе Витамины