Биогенді элементтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 17:05, реферат

Описание

Жер – сан жеткізгісіз көптеген космостық объектілермен әрекеттес жалпы заңдарға бағынатын шексіз тұрақсыз Әлем дүниесінің бөлігі. Жерді тұтастай немесе оның қабығын жекелей зерттеу, оның әлем дүниесіндегі орнын қарастырмай, космостың әсерінің есебінсіз зерттеу мүмкін емес.

Содержание

Тақырыбы : Жер-тірі материяның тіршілік ету орны.

Мақсаты: Жер плантасның химиялық құрамы, оның күн жүйесіндегі алатын орнын түсіндіру

1 Жер планетасы Күн жүйесінің құрамына кіретін планеталар қатарында.

2 Жер планетасының химиялық құрамы.

3 Жер планетасында болатын химиялық элементтер формалары.

Работа состоит из  1 файл

Биогенди элементтер.doc

— 486.50 Кб (Скачать документ)

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Биосфера қандай компоненттерден тұрады?

2. Биосфераның шекаралары қандай?

Әдебиеттер тізімі:

1. Ж.Ж. Жатқанбаев «Экология негіздері» Алматы, 2003ж

2. Дәрібаева Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. «Экология» оқулық Астана: Дәнекер, 2005 ж – 297б

3. А. Жақбасова, Г.Ә. Саинова «Экология» жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2003ж

 

Лекция 5  Тірі организмдерге әсер-ықпал етуші табиғи факторлар.

Мақсаты: Студенттерге  тірі оганизмдерге әсер етуші  табиғи факторлар түрлерін  түсіндіру

1 Тірі организмдерге қажетті  тіршілік жағдайларын  құраушы  табиғи факторлар.

2 Қоршаған ортада химиялық элементтердің таралуы.

3 Адамға қоршаған орта факторларының әсері

Мазмұны:

Тірі организмдердің қажетті тіршілік жағдайларын құраушы табиғи факторлар. ТіршілІк ортасының химиялық күрамы. Қоршаған ортадағы химиялык элеметтердің шашырап таралуы. Жеткілікті, жеткіліксіз элементтер. Қоректік элементтер сызықтығы. Организмдердің тіршілік ортасында болатын химиялық элементтердің формалары. Биосферадагы химиялық элементтердІң таралуы. Химиялық элементтердің радиоактивті ыдырауы жэне өмір. Магниттік өріс және тірі организмдер. Энергияның түр-түрі (жылу, электрдік) және биосфера. Геопатогендік зоналар геохимиялық және геофизикалық іспеттес және тірі заттар.

1.Экологиялық факторлар – тірі организмнің кез-келген даму сатысының бірінде, тікелей не жанама түрінде ықпал жасайтын орта әсері. Ал бұл факторға, тірі организм өзінің бейімделгіштік қабілетімен жауап береді.

Экологиялық фактрлар – тірі организмдердің бейімделгіш реакцияларын жауап беретін қоршаған ортаның кез-келген күйі. Қоршаған ортаның сапасы – бұл тірі организмдер мен адамзаттың қажеттіліктеріне табиғи орта күйінің орта сәйкес келу дәрежесі. Қоршаған ортаның сапасы мен мына критерийлердің қосындысы ретінде анықталады:

-         экожүйенің биологиялық жоғары өнімділігі;

-         белгілі бір табиғи антропогенді ландшафт шенберіндегі халықтың тіршілігіне қолайлы жағдай.

Кез-келген тірі организмге әсер ететін ортаның экологиялық факторы, негізінен, екі категорияға бөлінеді. Біріншісі – жансыз табиғат факторы (абиотикалық әсер), екіншісі – тіршілік иелерінің ықпалы (биотикалық фактор), сонымен қатар,  экологиялық факторды белгілі организм саныныа қарай да, олардың кеңістікте орын алуына қарай да әр түрлі топқа жинақтауға болады.

1-          кестеде Н.Н. Пономареваның ұсынысы бойынша (1975ж) ортаның экологиялық факторларын топтау келтірілген.

Соңғы кездері экологиялық проблемелар қатарында антропогенді фактор ауқымының кеңеюіне байланысты, ол биотикалық фактордан бөліп алынып, өз алдына жеке фактор ретінде қарастырыла бастады.

Ортаның экологиялық факторларының классификациясы

Абиотикалық фактор

Биотикалық фактор

Климаттық: Жылу, жарық, температура, ылғал, ауа ағыны және қысым.

Эдафогенді (эдофос-топырақ) механикалық құрылымы, құрамы, ылғал, сыйымдылығы, ауа өткізгіштігі, тығыздығы.

Орографиялық: рельеф, теңіз денгейінен биіктік, беткей экспозициясы.

Химиялық: ауаның газ құрамы, судың тұз құрамы, концентрация, қышқылдың және топырақ бойындағы ерітінді құрамы.

Фитогенді: өсімдіктер дүниесі

 

Зоогенді: жан-жануар, хайуанаттар дүниесі.

 

 

Микробиогенді: вирустар, қарапайым бактериялар.

Анторпогенді: адамзат іс-қарекеті.

Инженерлерге аса құнды болып табылатын, ортаның экологиялық факторларының классификациясын А. Монгадский ұсынды. Ол біріншілік периодты ықпал етуші орта факторы, екіншілік периодты түрде ықпал етпейтін факторлар деп жіктеледі.

Экологиялық факторлардың ең толық деп есептелетін классификациясын Н.Ф. Реймерс ұсынды:

А) әсер ету ұзақтығына байланысты;

Ә) шығу тегіне байланысты;

Б) қандай ортадан шығу принципіне байланысты;

В) сипатына байланысты;

Г) экожүйеге қатыстылығына байланысты;

Ғ) тіршілік критерийіне байланысты;

Д) экожүйеге қатысты критерийіне байланысты экоогиялық факторлар.

Кез-келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәс түрлі жіктеу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық, және антропогенді деп бөледі.

Абиотикалық факторлар – бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, радиоациялық фон, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы және т.б.)

Ботиклық фактрлар – бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм т.б.).

Антропогендік факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы т.б.).

ТіршілІк ортасының химиялық күрамы. Қоршаған ортадағы химиялык элеметтердің шашырап таралуы. Жеткілікті, жеткіліксіз элементтер. Қоректік элементтер сызықтығы. Организмдердің тіршілік ортасында болатын химиялық элементтердің формалары. Биосферадагы химиялық элементтердІң таралуы. Химиялық элементтердің радиоактивті ыдырауы жэне өмір. Магниттік өріс және тірі организмдер. Энергияның түр-түрі (жылу, электрдік) және биосфера. Геопатогендік зоналар геохимиялық және геофизикалық іспеттес және тірі заттар.

Адам ағзасына экологиялық факторлардың әсері

Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтаасы бойынша, денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.

Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50-52%-ы  - өмір сүру салтына, 20-25%-ы - тұқым қуалау факторларына, 18-20-ы – қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12% ғана денсаулық сақтау салаларының денгейлеріне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.

Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылған. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда xenos – бөтен) яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар.

Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге бір типті тұрғын жерлерге және т.б. яғни «үшінші табиғтқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері ратып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стрестік құбылыстар арқылы әсер етеді. 1 кестеде халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.

Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері (Б.В. Прохоров, 1991

 

Аурулар

Оның ішінде өлімнің себебі

 

 

Өмір сүру салты

Қоршаған орта

Тұқым қуалаушы

Денсаулық сақтау

1

Жүрек аурулары

54

9

25

19

2

Қатерлі ісік

37

34

29

10

3

Жол – транспорттық

68

18

1

12

4

Атеросклероз

49

8

25

18

5

Диабет

26

0

68

18

6

Бауыр циррозы

70

9

18

3

7

Өзін-өзі өлтіру

60

35

2

3

8

Барлық күтпеген қолайсыз жағдайлар

51

31

4

14

9

Орташа алғанда

48

16

25

11

 

1 – кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.

Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өлімнен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте «үшінші әлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚШ – пен салыстырғанда бұл  елдерде улану 13 есе артық.

Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90% қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерді 15-тен 23%-ға дейін, ал әйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды және ластанған аудандарда жиі кездеседі.

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-тен 12 ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2 есе, ал акустикалық қолайсыздықтың 8-ден 20-ға артуы – 1.4 есеге артуына әкеледі.

Арал аймағы эклогиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы: Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 7-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда – 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған.

Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Аталарға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

1) концерогенді (латын тілінен аударғанда cancir – рак, генезис – шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эпоксидті смолалар, ниттитер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio - өзгерту) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма – сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады.

3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teratos - құбыжық) – жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кем тарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез-келген фактор жатады. Көбінесе терогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайытқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.

Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогендерге (грек тілінен аударғанда embro - ұрық) – эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады.

Информация о работе Биогенді элементтер