Биогенді элементтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 17:05, реферат

Описание

Жер – сан жеткізгісіз көптеген космостық объектілермен әрекеттес жалпы заңдарға бағынатын шексіз тұрақсыз Әлем дүниесінің бөлігі. Жерді тұтастай немесе оның қабығын жекелей зерттеу, оның әлем дүниесіндегі орнын қарастырмай, космостың әсерінің есебінсіз зерттеу мүмкін емес.

Содержание

Тақырыбы : Жер-тірі материяның тіршілік ету орны.

Мақсаты: Жер плантасның химиялық құрамы, оның күн жүйесіндегі алатын орнын түсіндіру

1 Жер планетасы Күн жүйесінің құрамына кіретін планеталар қатарында.

2 Жер планетасының химиялық құрамы.

3 Жер планетасында болатын химиялық элементтер формалары.

Работа состоит из  1 файл

Биогенди элементтер.doc

— 486.50 Кб (Скачать документ)

Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді. Ауруларға жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстаымен («минамата») және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Абиотикалық факторларға не жатқызылады?

2. Биотикалық фактор дегнімзі не?

Әдебиеттер тізімі:

1.Асқарова У. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау А. 2004

2.Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері».   Қарағанды, 2002

3.Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001

4.Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004

 

2-Бөлім Қоршаған орта компонентерінің ластануы

 

Лекция 6 Атмосфера .

Мақсаты Студенттерге атмосфераның құрылымын, құрамын, ластану жодарын және тазалау әдістерін түсіндіру

1 Атмосфера құрылымы.

2  Химиялық құрамы 

3 Атмосфераның ластануының анторпогенді көздері

Атмосфера құрылымы. Атмосфераның химиялық қүрамы. Атмосфераның ластануының антропогендік ошақ-көздері. Атмосфераның антропогенді апатты ластануының тарихы. Транспорт жэне ауа кабаты. өндіріс және ауа қабаты. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа қабаты. Атмосферлік ауаныц ластануын ескерту (құқықтық, экономикапық, техникалық аспектілер). Санитарлық зоналар. Ластаушы заттардың өсімдіктер, жануарлар дүниесіне әсері.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Атмосфера құрамы қандай заттардан тұрады?

2. Атмосфера құрылым қандай?

 

Әдебиеттер тізімі:

  1.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Алматы, 1995

2.Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері».   Қарағанды, 2002

3.Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001

4.Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004

 

 

Лекция 7 Атмосфераның ластануы. 

Мақсаты: Атмосфераға ластануына  әсер етуші  өндіріс салаалрын анықтау

1 Транспорт және ауа қабаты .

2 Өндіріс және ауа қабаты.

3 Пайдалы қазбаларды қазып алу және атмосфера.

 

Лекция мазмұны. Атмосфераның антропогенді апатты ластануының тарихы. Транспорт жэне ауа кабаты. өндіріс және ауа қабаты. Пайдалы қазбаларды қазып алу және ауа қабаты. Атмосферлік ауаныц ластануын ескерту (құқықтық, экономикапық, техникалық аспектілер). Санитарлық зоналар. Ластаушы заттардың өсімдіктер, жануарлар дүниесіне әсері.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Транспорттың атмофераға қандай әсері бар

2. Өндірісі салаалрының атмосфераға әсері қандай?

 

Әдебиеттер тізімі:

  1.Сабырбаева  Х.С.Қолданбалы және медициналық экологияға кіріспе А. 2004 ж

2.Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері».   Қарағанды, 2002

3.Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001

4.Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004

 

 

 

Лекция 8 Гидросфера.

Мақсаты Студенттерді  су қорларының сиппатамасымен, ластаушы көздерімен, тазалау әдістерімен таныстыру

1 Cу қорларының жалпы сипаттамасы.

2. Еліміздің су қоры

3. Су қорларын ластаушы көздер.

4 Суды пайдалану саласына байланысты классификациялау

Лекция мазмұны

Cу қорларының жалпы сипаттамасы

Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді.

Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажетке көбіне өзен, көл және жер асты тұщы сулар жұмсалады. Олардың қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана. Көлемі және су корларының мөлшері жөнінде гидросфераның ең ірі бөлігі - мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өнеркәсіптері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады. Міне, сондықтан да ірі мемлекеттер мұхиттарды өзара бөлісіп «менің меншігім» деген белгілерін қойып жатыр. Теңізсуында алтынның, магниттің, платинаның, алмаздың, тантал-ниобиттің, цирконийдің, тағы басқаларының қоры құрлықтағы мөлшерге тең. Онда көмірдің, темірдің, мыстың, никельдін, қалайының қорлары да көп.

Теңіз суында минералды заттар да аз емес. Ондағы ас тұзын натрий сульфатын, калий тұзын, бромды, магнийді иодты бірқатар елдер қазірдің өзінде пайдаланып жүр. Теңізде құрылыс материалдары да бар. АҚШ пен Ұлы Британия жыл сайын 600 млн.тонна құм, қиыршық және ракуш тастарын алады. Теңіз түбінде фосфорит, қызыл саз, әк қорлары да жеткілікті.

Мұхиттар мен теңіздер жер шарында өнетін биологиялық өнімдердің 43 процентін, оттектің 50-70 процентін береді.

1900 жылы дүние жүзінде 7 млн. тонна балық ұсталса, 1980 жылы 64.6 млн. тоннаға жетті. Балықты енді теңіз жағалауында ғана емес, ашық теңізге шығып, жағадан алыс кетіп, ұзақ уақыт жүріп аулайтын болды. Теңіз суларынан криль аулау, тағы басқа зооплактондарды ұстау да тез өсіп келеді. Сөз жок, біз үшін тұщы судың маңызы үлкен. Олардың қоры өте аз екені жоғарыда айтылды. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулар қоры гидросфера ресурсының 1 процентіне де жетпейді. Дүние жүзіндегі тұщы су қоры кісі басына бөлгенде 1970 жылы 11 мың м3 шамасында болады. Басқаша айтқанда 30 жылда екі есеге жуық кемиді.

Қазақстан Республикасы да тұщы су коры тапшы елдер қатарына жатады. Көп жылдық мәліметтерге қарағанда өзендердің жылдық ағын мөлшері 64,8 км3 шамасында, 1 км2-ге бөлгенде секунтіне 0.8 литрден келеді. Бұл Орта Азия елдеріндегі ен төмен көрсеткіші

3 Еліміздің су қоры

Республика территорисында ұзындығы 10 км-ден асатын 8 мыңнан астам өзендер бар. Олардың ішіндегі ірілері - Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле еліміздің шеткі аймақтарын басып өтеді. Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің су деңгейі төмен, көктемде ғана жайылып ағады. Еліміздің басты өзендеріне Жайық, Ойыл, Үлкен және Кіші Өзен, Сағыз, Жем, Тобыл, Есіл, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Қараертіс, Ертіс, Арыс, Сырдария, Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсіні жатқызуға болады. Таудан басталатын Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаратал, Есік өзендерінде сел тасқындары болып тұрады.

Егістіктер мен шабындықтарды суландыру, өнеркәсіпті және тұрмыстық қажетті сумен қамтамасыз ету үшін салынған каналдар да бар. Олардың ішінде Ертіс-Қарағанды-Жезқазған (пайдалануға берілген ұзындығы 500 км.), Арыс-Түркістан (ұзындығы 200 км.), Бөген-Шаян (ұзындығы 29 км.) Шыршық (ұзындығы 70 км), Жаңадария (ұзындығы 600 км.), Қазалының оң жақ (ұз. 120 км.) және Сол жақ (ұз. 80 км.), Басқара (ұз. 48 км.), Қызылорда су торабының оң жақ (ұз. 80 км.) және сол жақ (ұз. 70 км.), Шиелі-Телікөл (ұз. 90 км.), Шиелі-Шіркейлі (ұз. 139 км.), Көксу (ұз. 103 км.), Лепсі (ұз. 39 км.), Шу (ұз. 82 км.) каналдарын айтуға болады.

Қазақстанда көлемі 1 гектардан асатын 48262 көл бар. Олардың орташа тереңдігі 1-8 м.

Көлдердің ішіндегі ең үлкені Балқаш, ұзындығы 605, ені 74 километр, жиналған су көлемі 112 км3.

Екінші орында Алакөл үзындығы 104, ені 52 км, су көлемі 56,6 км3. Олардан басқа ірі көлдер қатарына Сасықкөл, Ұялы, Теңіз, Сілетеңіз, Үлкен Қарой, Кіші Қарой, Шағалалытеңіз, Теке, Құсмұрын, Марқакөл, Шалқар, Аралсор, Сарықопа, Қамыстыбас, Арыс, Қызықақ, Жалаулы, Қарасор, Индер көлдерін косуға болады.

Барлық көлдердің су көлемі 190 км3, оның ішінде тұщы сулар тек 20 км3 шамасында ғана.

Қазақстанда 4 мыңнан астам бөгеттер мен бөгендер бар. Олардың жалпы көлемі 10 мың км2 де, су мөлшері 90 км3 шамасында.

Бөгендер негізінен өнеркәсіп орталықтарын су және электр қуатымен қамтамасыз ету, маңайдағы жерлерді суландыру үшін салынған. Олардың ішінде ірілері Бүқтырма, Қапшағай, Шардара, Бөген, Теміртау, Сергеев бөгендері, шығындары – Ақкөл, Теріс Ащыбұлақ, Жемсау, Қамыскөл, Орал, Тайкешкен, Желқуар, Қаратомар, Шербайнұра, Кеңгір, Сарышығанақ, Күрт, Телес, Шұқырой т.б. бөгендер.

Қазақстанда екі теңіз бар. Арал теңізі, үзындығы 428 км, ені 235 км. суының көлемі 1000 км3, ең терең жері 67 м. болатын. Қазіргі көлемі жөнінде нақтылы мәлімет жоқ. Теңізге құйылатын өзен суы 76 км3 -ден 42 км3 -ге дейін азайып, өнімді көп беретін, суы саяз, балықтар уылдырық шашатын шығыс және оңтүстік жағалау құрғап, істен шыққан соң, теңіз жануарларына үлкен нұқсан келуде. Аралдың қазіргі қайғылы жағдайы дүние жүзін алаңдатып отыр.

Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі ұзындығы 2430 км., теңіздің ең терең жері 1025 м. Мұнда өсімдіктердің 500, балық пен басқа жануарлардың 854 түрлері бар. Өсімдіктері негізінен көкжасыл балдырлар. Соңғы кезде қызыл және қоңыр балдыр да өсе бастады. Жануарлар дүниесінен мекре тұқымдас балықтарды, майшабақтарды, көк серкені, сазанды, табанды, ит балықтарды кездестіруге болады.

Мұнай, натрий сульфаты, мираблит және эпеомит тұздары өндіріледі. Ақтау қаласында теңіз суын тұщытатын қуатты қондырғы жұмыс істейді. Актау және Атырау порттары бар. Қазақстандағы жер асты сулардың маңызы үлкен. Олар тау жүйелерінде, Сарыарқада, шөл және шөлейт алқаптарда кездеседі. Жыл сайын қосылатын су мөлшері 40 миллиард м3 шамасында деп бағаланады. Қазір 15 облыс орталығы, Алматы және Ленинск қалалары, 150 өндіріс және аудан орталықтары мен қалалар жер асты суын пайдаланып отыр. Егістіктер мен шабындықтарды суландыруға да жұмсалады.

Жерасты суларының ішінде әртүрлі ауруларды емдеуге жарайтын шипалы сулар да аз емес. Алма-Арасан, Қапал-Арасан, Сарыағаш, Барлық -Арасан, Жаркент-Арасан т.б. курорттар жер асты минералды суларды пайдаланады. Соңғы жылдары әсері күшті радиоактивті, көмірсутек, темірлі, азотты, сілтілі т.б. шипалы сулар табылды.

Жерасты жылы (термалды) суларды парниктерді, тұрғын үйлерді жылытуға, шомылу бассейндерінде, балық өсіруге пайдалануға болады. Ондай су ертінділерінен сирек кездесетін және шашыранды иод, бром, калий, стронций, литий, германий, цезий, мыс, қорғасын сияқты элементтерді бөліп алуға болады. Өкінішке орай, Қазақстандағы жер асты сулар орынсыз жұмсалып, шашылып, төгіліп, елге пайдасыз болып жатқан жайлар да аз емес.

Су қорларын ластаушы көздер

Қазіргі кезде ішкі суларымыздың ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға соқтырғалы отыр. Суларды ластаудың негізгі көздері:

1)                       Ауыл шаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайту, жерді тыңайтудан қалған қалдық сулардың қайта келіп өзендерге, көлдерге құюы. Бұл әсіресе, күріш егістіктерінде, мақта плантацияларында молынан кездеседі;

2)                       Кен орындарын  пайдаланудан болатын өндіріс қалдықтары;

3)                       Мұнай ендірісінің ластанған сулары;

4)                       Ағаш материалдарын дайындаудағы, өңдегендегі және су жолдарымен тасымалдағандағы ағаш қалдықтары;

5)                       Су және темір жолдарының лас қалдықтары;

6)                       Тех-никалық өсімдіктерді алғашқы өңдеудің, қалдықтары.

Бұл айтылған су қорларының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсер ететін кұрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдық сулары. Оған: целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия заводтары, мал шаруашылығы өнімдері — жүнді, теріні өңдейтін заводтар т. б. жатады. Тек қана Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындары тәулігіне 168,8 мың текше ластанған суды өзендер мен көлдерге жібереді.

Су қорына аса қауіп туғызатындар мұнай, фенол, пестицидтер, түсті металдардың күрделі химиялық қосылыстары.

Әсіресе, мұнайдың суларды ластаудағы зияны шексіз. Себебі оның құрамында әр түрлі зиянды нәрселер көп. Жаңа мұнай-газ көздерін    игеруге байланысты мұнай тек ғана суларды емес, бүкіл ортаны ластайтын өте кауіпті нәрсеге айналып отыр. Мұны Каспий маңында    орналасқан мұнай-газ байлықтарын игеруден анық көруге болады. Орал облысындағы Қарашығанақ, Атырау облысындағы Теңіз мұнай-газ байлықтарын игеру кезінде көптеген жердің ластанғаны байқалады. Бұл жерлер ауыл шаруашылықтық маңызы бар, көп жыл өнім беріп келе жатқан массивтер. Мысалы, Қарашығанақта жер асты мұнай газының қысым күшімен атылып кету нәтижесінде, оның айналасында бірнеше грифон пайда болған. Атырау облысында Теңіз мұнайы бір жыл бойы  жанып айналасындағы ауылдарға зиян келтірді. Мұнай су көздерін жұқа пленкамен жабады да, оған оттегінің өтуіне кедергі жасайды. Оттегі болмағандықтан тірі организмдер қырылады. Қазіргі кезде сулардың мұнайдан шегетін зияны ұшантеңіз. Біздің   республикамыздың Орал, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында мұнай-химия өнеркәсібі, жаңа кәсіпорындарының (Қарашығанақ, Жаңа жол, Қаламқас, Қаражанбас, Теңіз) ашылуына байланысты тез қарқынмен дамып келеді. Егер бұл өндіріс орындарын пайдалануда экологияны сақтаудың барлық жолдары пайдаланылмаса, ол ауа бассейінінің ғана емес, су, жер ресурстарына да үлкен зиян келтіретін болады. Мысалы, химия өнеркәсібінің өнімі — кір жуғыш синтетикалық ұнтақтың суда аз мөлшерінің болуының өзі судың дәмін өзгертеді суды көбіктендіреді. Өте ластанған суларда көбіктің қалыңдығы бір метрге дейін барады. Егер олардың концентрациясы 1 мг/л жетсе судағы ұсақ планктоидар, 3 мг/л жетсе дафниялар, 5 мг/л жетсе балықтар өледі.

Мұның үстіне кіржуғыш синтетикалық ұнтақтар су тазарту қондырғыларының жұмысын қиындатады, биохимиялық процестерге кедергі жасайды.

Соңғы жылдары егіс далаларында химнялық тыңайтқыштарды кеңінен пайдалануға байланысты, суларды ластауда пестицидтердің зиянды әсері көп болып отыр. Пестицидтер суға араласқаннан кейін биологиялық жағынан ажырамай ұзақ сақталып, балықтың, планктонның денесіне орнығады да биологиялық тізбек арқылы адам денесіне кешеді.

Өндіріс, ауыл шаруашылығы қалдық суларынан басқа табиғи  сулар  құрамына  хлоридтер,   жолдардың  қатып қалуына қарсы қолданылатын және жер суғарған кезде топырақтан жуылып  шығатын тұздар өте зиянды әсер етеді.

Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс   орындарының су қорына тиігізетін зиянды әсері зор. Әсіресе, өзен, көлдер бойына шошқа фермаларын орналастыру бұл су көздерін    түгелдей жойғанға тең. Бір шошқа фермасының өзі суларды ластау дәрежесі женінен 2—3 өндіріс орнына тең.

Информация о работе Биогенді элементтер