Биогенді элементтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 17:05, реферат

Описание

Жер – сан жеткізгісіз көптеген космостық объектілермен әрекеттес жалпы заңдарға бағынатын шексіз тұрақсыз Әлем дүниесінің бөлігі. Жерді тұтастай немесе оның қабығын жекелей зерттеу, оның әлем дүниесіндегі орнын қарастырмай, космостың әсерінің есебінсіз зерттеу мүмкін емес.

Содержание

Тақырыбы : Жер-тірі материяның тіршілік ету орны.

Мақсаты: Жер плантасның химиялық құрамы, оның күн жүйесіндегі алатын орнын түсіндіру

1 Жер планетасы Күн жүйесінің құрамына кіретін планеталар қатарында.

2 Жер планетасының химиялық құрамы.

3 Жер планетасында болатын химиялық элементтер формалары.

Работа состоит из  1 файл

Биогенди элементтер.doc

— 486.50 Кб (Скачать документ)

Көлемi 10 миллион гектарға жуық.

11) Орта таулы шалғынды-орман­ды аймақ аласа таулы дала аймағынан жоғары орналасқан. Tүceтiн ылғал мөлшерi жылына 850­-900 миллиметрге дейiн жетедi. Топырағы құнарлы қара топырақ пен күңгiрт қара түсті орман топырағы. Жер бедерi қолайсыз әpi суық болғандықтан eгicтікке аз пайдаланыла­ды. Негiзiнен жазғы жайылым және шабындық. Көлемi 4 миллион гектардай.

12) Биік таулы шалғынды және шалғынды дала аймағы биiк таулы аймақты алып жатады. Бұл аймақтың ауа райы орта таулы ай­мақтардан көп суық ылғал  мөлшерi ол алқапта­рыдан бiраз аздау. Топырағы биiк таулы альпiлiк, субальпiлiк шалғынды, шалғынды-далалық топырақ.

Таудың биiк жерлерiнде жыл бойы ерiмейтiн қар мен мұз жатады.

Алтай таулы аймағында таулы-тундра топырағы да кездеседi: Бұл аймақ негiзiнен мал­дың, әcipece ұсақ малдың жазғы жайлауы. Көлемi 3 миллион гектардай. Жоғарыда айтқандарымызды тұжырымдай ке­лiп, Қазақстанның топырақтану саласындағы ға­лымдардың көп жылдық еңбектерiнiң нәтижесiне сүйене отырып республика территориясындары то­пырақ-табиғат аймақтарының кiшi аймақтарының қысқаша сипаттамасымен бiрге оларды ауыл шаруашылығына  пайдалану мәселелерiне тоқта­лайық. Жалпы республикамыздың территориясының 80 проценттен астамы құрғақшылық аймақ. Сон­дықтан ауыл шаруашылығы өндiрici елiмiздiң басқа жерлерiндегiге қарағанда ауырырақ жағ­дайда. Осының нәтижесiнде жерден мол өнім алу үшiн көп аймақта құрғақшылық пен күресу, жер суару және мелиорациялау, топырақты эрозиядан сақтау негiзгi мәселе болып табылады. Республи­ка диқандары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң негiзгi күшi осы мәселелердi шешуге жұмсалуы қажет. Респуб­ликамызда күрделi мелиорацияны керек етпейтiн жыртуға жарамды 61 млн гектар жерi бар, оның 36 млн гектары (eгістіктер, тыңайған жерлер, көп жылдық ағаштар мен жеке меншiктегi учаскелер) жыртылған. 3 млн гектарға жуығын жуырдағы жылдары iшкi су көздерiн пайдаланып игеруге болады, ал 22 млн гектар жердi су көздерiн басқа көршiлес республикалардан алып келген кезде ғана игеруге мүмкiндiк бар. Сонымен таяуда рес­публикамыздың жыртылған егістік жер көлемiн 39 млн гектарға жеткiзуге болады. Қазiр 36 миллион гектардай eгістікке  пайдала­нып жүрген жерлердiң көбiсi (30 миллион гектар­ра жуығы) солтүстiк, солтүстiк батыста ылғалмен қамтамасыз етiлген қapa топырақты және қара қоңыр топырақты аймақтар, ал ылғалмен қамта­масыз етiлмеген топырағы ашық қара қоңыр, шөлейт кiшi аймақта жыртылған жер көлемi 1,3 млн гектарға ғана жетедi. Ал қалған 4,7 млн. Гектар егістік жерлер Оңтүстiк Қазақстан, аздап Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында. Бұлар негiзiнен тау етегiндегi шөл дала алқабына да тараған суарылмайтын eгістіктер мен бау ­бақшалар. Суармалы жердiң бiразы шөлаймағындағы өзен бойлары мен сағаларында орна­ласқан. Республикамыздағы жалпы суармалы жер көлемі 1,8 млн гектардай. Ескеретін нәрсе, ылғалмен қамтамасыз етiлген, күрделi мелиорациялауды керек етпейтiн тepicтік аудандардағы жыртуға жарамды жерлер түгелдей игерiлдi десе де болады.

Бұл жерлердiң көбi тың және тыңайған жерлердi игеру жөнiндегi партия мен үкiметiмiздiң шешiмдерiнiң нәтижесiнде жыр­тылды. Егер тың игеруге дейiн Қазақстанда жылына 200 млн пұт астық өндiрiлсе, қазiргi уақытта мұн­дай астықты жалғыз  Целиноград облысы алады, ал Қостанай облысының өндiретiн астығы одан әлдеқайда мол. 1949-53 жылдары

Отанға тапсырыл­ған астықтың Қазақстан үлесiне не бары 5-6% тисе, қазiргi уақытта республикамыз Отан қойма­сына 16-18, ал кейбiр жылдары 20-25% астық тапсырады. Қазастанның жерiн егiншiлiкке пайдалану қазiр­гiден әлдеқайда молаяды. Бұл жұмыстар әcipece Қазақстан мен Орта  Азияға Сiбiрдiң мол сулы өзендерiн бұру жұмыстарына байланысты қатты дамымақшы. Қазақстанда, бұл жұмыстар Ертіс Қарағанды каналын қазудан басталғаны белгiлi. Қазiр оны Жезқазғанға дейiн созу жұмыстары жүрiп жатыр. Болашақта мол жердi игеру, әcipece оларды суармалы егiншiлiкке пайдалану, бұл аймақтардың топырағының негiзгi қасиеттерiн же­те бiлудi қажет етедi. Қазақстан топырақтарының жалпы көлемi және оның iшiндегi жыртылған жерлер көлемi 1973 жылғы мiндеттер бойынша В. М. Боровский­дiң  (1976) еңбегiнде келтiрiлген.

3Топырақтың ластануы

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетінде тікелей және жанама зор ықпал - әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер (CO2 есептегенде), гидросфераға шамамен 15 млрд. тонна ластағыштар енгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд. т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, XX ғасырдың 90 – шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд. тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуыған антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Атропогендік шөлдің аумағы жылдан – жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2 – ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.

Топырақты ластайтын компенеттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.

Физикалық ластану радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.

Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микроорганизмднрдің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқада аура қоздырғыштары 2 – 3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.

Химиялық ластану -  топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын – шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери - өндірістік кешендері жатады.

Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10 – 20 есе асып отырған жерлер белгілі.

Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскаридоз және т. б.) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.

Топырақтың ластану дәрежесінің көрсеткіші ретінде мына формула есептеп анықталатын топырақтағы заттектің ластану концентрациясының коэффициентті (ЛiКК) қолданылады:

ЛiКК = Xi / ШРКi немесе ЛiКК = Xi / Хф,

Бұл жерде ЛiКК – i заттегіне тән ластау концентрациясының коэффициенттері;

Xi - i – заттегінің мөлшері Хф – осы заттектің фондық мөлшері.

1.3 Адамның барлық өндірістік қызметіне ,бірінші кезекте ең қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Сондықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аударуы қажет.

Жер ресустарының ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында құрлықтың 30% - нен астамы игерілген, осыған осы салада пайдаланылатын ормандарды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60 – 65 процентке жетеді. Ауыл шаруашылығының қармағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:

       топырақ эрозиясы немесе дефляциясы – су мен желдің (дефляция) және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым – жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;

       агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығының біртінлеп азаюы;

       құрғатмсыз (дренажсыз) жерді суландыру және бақылаусыз суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік тұздануы (сортандануы);

       топырақтың техникада қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы жыныстармен араласуы);

       топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.

Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылық әрекеті әсерінен топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі қасиеттерінің: қарашірінді құрамындағы гумус мөлшерінің азаюына, құрылымының бұзылуына, улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортаңдауына, қышқылды жаңбырдың жаууына, малдың жайылымда шамадан тыс жайылуына, пайдалы қазбалардың ашық әдіспен өндірілуіне, өндіріс қалдықтарының сақталуының реттелуі мен бақылаусыз жатуларына, тағы басқа өзгерістеріне байланысты. Осы қарастырлған процестерге аймақтардың ерекшеліктеріне қарай өздеріне тән өзгешелігі де болады.

Топырақтың түзілу процесі аймақтық геологиялық жасына да көп байланысты. Геологиялық жас жағынан ескі аймақтарда бұрыннан қалыптасқан топырақ болады да, ал жаңадан пайда болып жатқан құрғақ жерлерде топырақ түзілу процестерінің бастапқы сатылары жүріп жатады. Мәселен, жер шарының теріскей жағында, ауа райының өзгеруіне байланысты, мұздар еріп, мұз басқан жерлер ашылуда, осы кейінгі дәуірлерде мұздан айырлған аймақта жаңа жас топырақтар түзіледі. Мысал ретінде сонымен қатар Арал суының тартылуының әсерінен, оның түбінен босаған жерде жаңадан топырақ түзілу құбылыстары басталғанын да келтіруге тұрады. Соңғы жылдары Арал өңірінің ежелден бері келе жатқан жері, суы, желі мен қалыптасқан табиғи үйлесімді, яғни табиғаттың тепе – теңдігі біржолата бұзылады. Көктемнің аяқ кезінен бастап, жаз бойы қырдан толассыз соғатын қара дауыл жер бетінің түтін жұтаңдатады. Теңіз тартылғалы ауа райы күрт өзгереді, осыған байланысты бұл өңірде жауын – шашын тыйылды. Ормандар мен сексеуіл алқаптары, шабындықтар күрт азайады, көп жерлер шөл далаға айналды. Атап айтқанда, топырақ түзілу процесіне әсер ететін факторлардың көбісі: ауа райы, жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жәндіктер, жер бедері, адам қоғамының әрекеттері күрт өзгерді.

Бұзылған жерлердің аумағы табиғи (климаттық, гидрологиялық, морфодинамикалық, фитогенді және зоогенді) және антропогенді факторлар әсерінің үдемелі қарқындылығына байланысты келеді.

Жердің шаруашылық құндылығын жоғалтуға, топырақ және өсімдік жамылғыларының, гидрологиялық режимінің бұзылуына себеп болатын жолдың бірі «техногенді шөлдену», ол адамның өндірістік әрекеттері мен ауа райының өзгеру нәтижесіне байланысты. Қазіргі заманда шөлді далаға айналған жерлердің басым көбісінің жер шарындағы жердің 70% - тейі бүлінген болып саналады. Әлем бойынша жердің шөлдену процесінің жылдамдығы орта есеппен жылына 7 – 10 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған жыл сайын эрозия мен құм басу арқылы өнімділігін жойған тағы да 20 млн. га жерді қосуға болады. Ормандардың қысқарылу жылдамдығы да шамамен осы деңгейде. Әлемнің барлық түкпіріндегі жер қоры әр түрлі дәрежеде бұзылуға ұшыраған, жалпы антропогендік факторлардың әсерінен жылына құнарлығын жоятын жердің мөлшері шамамен 90 млрд. тоннадай, оның ішінде жылына 7,5 млн.га эрозия процесі арқылы бүлінеді. Қазіргі кезде эрозия процесінің нәтижесінде бұзылған жерлер көлемі АҚШ – та – 300 млн. га үстінде болса, Ресейде, Белорусия мен Украинада – 100 млн. га, ал біздің Қазақстанымызда шамамен 18 – 20 млн. га.

Г. С. Макунинаның (1991) мәліметтері бойынша дүние жүзінің әр түрлі топырақ түрлеріндегі орта есеппен гумустың жалпы шығыны: шымды күлгін топырақ үшін - 27%, қоңыр және сұр орман топырағында - 30%, қара топырақта - 35%, сарғылт топырақта - 29%, сұр топырақта - 14%, қызыл сары темірлі топырақта - 50%.

Америка экологы Л. Браун (1991) ауылшаруашылығы жерлерін құнарсыздану дәрежесі бойынша үш санатқа бөлді:

       құнарсыздануы бәсең - әлеуетті өнімділігі 10% аз төмендеген жерлер;

       құнарсыздануы орташа - әлеуетті өнімділігі 10 - 50% төмендеген жерлер;

       әбден құнарсызданған - әлеуетті өнімділігі 50% артық төмендеген жерлер.

Топырақтың су мен жел эрозиясы. Жоғарыда қарастырылған факторлардың ішінде жер шарының барлық түкпірінде ең бір өзекті проблема туғызып отырған негізгі фактордың бірі топырақ эрозиясы. Эрозиялық құбылыстардың дамуына сол жердің топырақ - өсімдік жамылғысы мен геологиялық құрылысы әсерін тигізеді. Топырақ эрозиясының түрлері 1 – ші суретте келтірілген

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Топырақтың ластану түрлері қандай??

2. Қазақстанның топырағының қазіргі жағдайы қандай?

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Асқарова У. Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау А. 2004

2.Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов С.Д. «Экология негіздері».   Қарағанды, 2002

3.Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология негіздері». Астана, 2001

4.Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004

 

3- Бөлім  Қоршаған орта проблемалары

 

Лекция 10 Топырақ эрозиясы

Мақсаты: Студенттерге  топырақтың эрозия түрлерін, рекултивациялау, мелиорациялау жолдарын түсіндіру

1 Топырақтың эрозия түрлері

2 Топырақтың рекультивациясы

3. Эрозиядан қорғау жолдары

4 Топырақ мелиорациясы 

Лекцияның мазмұны:

Су ағысынан орын алған эрозия бірнеше түрге бөлінеді: беттік – топырақтың барлық бетінен құнарлық пен төсеніш жыныстарының рғып кетуі, жырақтық – белгілі жолмен топырақ пен төсеніш жыныстың шайылуы, айғыздық – көктемде қардың тез еруіне немесе нөсер жаңбырдың жаууына байланысты өсімдік аз өсетін немесе айдалатын егістерге арналған таудың баурайындағы топырақтың құнарлы қабатының жоғарыдан төмен қарай сумен ағып кетуі. Су тасқын апаты мен шөгінділер әсерінен де, әсіресе таулы жерлерде топырақтың құнарлы қабаты шайылып қана қоймай, су ағысымен келген тастармен, өсімдік қалдықтарымен, ағаш сынықтарымен тағы басқа да заттармен ластанады. Бұл жағдай эрозияның ең қауіпті түріне жатады.

Информация о работе Биогенді элементтер