Өлшеу процесінің элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 21:51, реферат

Описание

Өлшеу – бір қатар құрылымдық элементтердің өзара қарым-қатынасын қамтитын күрделі процесс. Оларға жататындар: өлшеу мақсаты мен міндеті, өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі. Өлшем құралы және үлгісі, өлшеу жағдайлары, өлшеу субъектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері. Өлшеу әдістері дегеніміз – нақты бір өлшеу міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Работа состоит из  1 файл

Өлшеу процесінің элементтері.doc

— 38.00 Кб (Скачать документ)

Өлшеу процесінің элементтері


Өлшеу – бір қатар  құрылымдық элементтердің өзара  қарым-қатынасын қамтитын күрделі  процесс. Оларға жататындар: өлшеу мақсаты  мен міндеті, өлшеу объектісі, қағидасы, әдісі. Өлшем құралы және үлгісі, өлшеу  жағдайлары, өлшеу субъектісі, өлшеу қателіктері мен нәтижелері. Өлшеу әдістері дегеніміз – нақты бір өлшеу міндет үшін таңдалған өлшеу қағидалары мен құралдарын пайдалану іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Өлшеу әдістерінің классификациясы

Тікелей бағалау әдісі

 
 

Өлшеу әдістері

 

 

Салыстыру әдістері

 

 

дифференциалды

алмастыру

Сәйкес келу

     

нөлдік

   

 

Тікелей бағалау  әдісі арқылы өлшеген кезде шаманың ізделетін мәні сәйкес бірліктерде градуирленген өлшем құралының есептеуіш құрылғысы бойынша анықтайды. Мысаля, циферблатты таразыда өлшеу, бұйым мөлшерін микрометр көмегімен анықтау немесе қысымды серіппелі манометрмен өлшеу. Шамамен салыстыру әдісі – өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын шамасымен (мысалы, рычагтық таразыда массаны салыстыру) салыстыратын әдіс. Салыстыру әдістерінің ерекше белгісі өлщемнің өлшеу процедурасына тікелей қатысуында. Тікелей бағалау әдісінде өлшем өлщеу процесіне қатыспайды, оның мөлшері градуирлеу кезінде өлшем құралына алдын ала өлшеуіш құрылғысына беріліп қояды.  Салыстыру әдісі кезінде салыстыру құрылғысы міндетті болуы қажет. Өлшеммен салыстыру әдісінің бірнеше түрі бар – нөлдік әдіс, дифференциалды әдіс, алмастыру әдіс, сәйкес келу әдіс. Нөлдік әдіс – салыстыратын құрылғыға өлшенетін шаманың нәтижелі әсер етуі эффектісі мен шаманың қарама-қарсы әсері нөлге келтірілетін өлшеммен салыстыру әдісі. Дифференциалды әдіс -  кезінде толық теңестіру жасалмайды, ал өлшенетін шама мен өлшемнің жңғыртатын шамасының арасындағы айырма аспап шкаласы бойынша есептеледі.Дифференциалды әдіс дене температурасы мен қаттылығы сияқты шамаларды  өлшеуде пайдаланылмайды. Алмастыру әдісі- өлшенетін шаманы өлшемнің жаңғыртатын белгілі шамасымен алмастыру арқылы өлшеммен салыстыру әдісі.Сәйкес келу әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен жаңғыртылатын шама арасындағы айырма шкала белгілерінің немесе периодты белгілердің сәйкес келуін пайдалану арқылы өлшейді.

Эталондар, олардың  классификациясы

Өлшеудің ерекше құралы болып эталон табылады. Эталон –  мөлшерлерінін өлшемнің басқа құралдарына беру мақсатында шама бірлігін жаңғырту және сақтау үшін пайдаланылатын аса дәл өлшем.  Эталоннан шама бірлігі разрядты эталондарға беріледі, ал оларда- өлшеудің жұмысшы құралдарына беріледі. Эталондар алғашқы, екінші ретті және жұмысшы болып жіктеледі. Алғашқы эталон -  ғылыми-техникалық жетістіктердің қазіргі деңгейінде өлшеулердің осы саласында мүмкін болатын ең жоғары дәлдікпен физикалық шама бірлігін сақтайтын эталон. Алғашқы эталон ұлттық (мемлекеттік)және халықаралық болуы мүмкін. Арнайы эталон – алғашқы эталоннан бірлік мөлшерін тікелей беру қажетті дәлдікте жүзеге асырылуы мүмкін емес ерекше жағдайларда бірлікті жаңғыртуды қамтамасыз етеді және осы жағдайларда алғашқы эталон қызметін атқарады. Ұлттық эталон – ел үшін метрология бойынша ұлттық орган өлшемнің  бастапқы құралы ретінде бекітеді. Қазақстанда ұлттық эталондарды ҚР Мемстандарты бекітеді. Халықаралық эталонды өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросы (ӨСХБ) жасайды және қолдап отырады. ӨСХБ қызметінің маңызды міндеті әр түрлі елдердің ірі метрологиялық лабораторияларының ұлттық эталондарын халықаралық эталондарман салыстыру, сондай-ақ оларды өзара салыстыру болып табылады.СИ жүйесінің негізгі шамалары да салыстырылады. Салыстырудың белгілі бір мерзімдері анықталған. Мысалы, метр және килограмм эталондары әрбір 25 жыл сайын, ал электрлік және жарықтық эталондар –3 жылда бір рет салыстырылады. Алғашқы эталонға екінше және жұмысшы (разрядты) эталондар бағынады. Екінше эталондардың бейнелейтін бірліктерінің өлшемдері мемлекеттік эталонмен келесіледі.екінші эталондарды ҚР Мемстандарты, немесе мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар бекітуі мүмкін. Екінші ретті эталондардың түрлері-

Эталон-көшірме, салыстыру  эталоны, эталон-күәгер, жұмысшы эталон.

 

 

 

 

 


Информация о работе Өлшеу процесінің элементтері