Антропогенез және онтогенез

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 22:24, доклад

Описание

Антропология (грекше «antropos» – «адам») – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде, бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір – бірінен айырмашылығы неде? Адам денесінің құрылысын зерттеуде антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды.

Работа состоит из  1 файл

Антропогенез ж.doc

— 25.50 Кб (Скачать документ)

                           Антропогенез және онтогенез

   Антропология (грекше «antropos» – «адам») – адам туралы ғылым. Ол адамның шыққан тегін және оның барлық кезеңде, бірдей даму типін зерттейді. Әрине, адам денесінің құрылысын анатомия зерттейді. Бұл ғылымдардың бір – бірінен айырмашылығы неде? Адам денесінің құрылысын зерттеуде антропологтар анатомдарға қарағанда басқа тұрғыдан қарайды.

    Антропологияда адамды  салыстырмалы кең көлемде әрбір  адамның жеке ерекшеліктерін  зерттейді, жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік этникалық және нәсілдік.

    Антропология ғылымы  бірнеше бөлімнен тұрады. Соның  бірі – анторпогенез.  Жануарлар дүниесіндегі адамның алатын орны мен адамның – адам болып қалыптасуын зерттейді.

    Антропологиялық зерттеу аймағы адам денесі. Ол антропологиялық және медициналық аймақ болғанымен ол бірдей емес. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің ерекшеліктерін зерттейді.

     Онтогенез (грекше «ontos» - «тіршілік», «genesus» - даму) әрбір организмнің жеке дамуының толық кезеңі. Оның негізінде қоршаған орта жағдайларына барлық даму сатысында тұқым қуалаушылық процесс іске асырылады. Онтогенез зигота түзілуден басталып, алумен аяқталады. Онтогенездің бірнеше типтері бар: тікелей және тікелей емес. Тікелей емес онтогенез личинкалық түрінде кездеседі. Ал тікелей онтогенез личинкалық емес және іште даму болып жіктеледі. Жеке организмнің дамуы әрқашан ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан басталады. Сонда жұмыртқа  жасушасында немесе сферматозидте болашақ организмнің дамуының бағдарламасы болады. Ол бағдарлама қолайлы ішкі және сыртқы орта жағдайларында ғана жүзеге асады.

     Личинкалық даму типі  жұмыртқаларында сары уызы аз  түрлеріде кездеседі. Ол организмнің  даму кезеңінде бір немесе бірнеше личинкалық сатылары болады.

     Личинкалар өз бетімен  тіршілік те алады. Ал біреулерінің ағзаларға тарай алатын мүшелері де болады. Личинкалық емес даму типі балықтарда, бауырымен жорғалаушыларда, құстарда, омыртқасыздарда кездеседі. Олардың жұмыртқаларында қоректік зат сары уызы көп. Ол онтогенездің бастапқы кезеңі біткенше жетеді. Қоректену, тыныс аулу, зәр шығару процестерінің уақытша дамыған ағзалары атқарады. Іштей даму типі жоғары сүтқоректілер мен адамға тән. Олардың жұмыртқа жасушаларында сары уызы мүлдем болмайды. Ұрықтың барлық тіршілік қызметтері ана организмі арқылы іске асырылады. Сондықтан ана мен ұрық ұлпаларынан уақытша қызмет атқаратын күрделі ағзалар біріншіден, ұрық жолдас пайда болады. Ол ұрықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Жаңа туған нәресте емшек сүтімен қоректенеді. Сөйтіп онтогенез ұғымы жұмыртқа жасушасының ұрықтануынан басталып, организм өз тіршілігін жойғанға дейінгі даму процесі онтогенездің тұқым қуалау негіздерін зерттейтін генетикалық саласын онтогенетика деп атайды.


Информация о работе Антропогенез және онтогенез