Антарктиданың физикалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 09:39, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеті – Антарктида құрлығының географиялық орнын, жер бедерін, мұздық жамылғысын, геологиялық құрылысын, табиғат жағдайларын, климат ерекшеліктерін, ішкі суларын, органикалық дүниесін, зерттелу тарихын, сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Шетсіз-шексіз мәңгі мұз құрсанған Антарктида соңғы жылдары әлем елдерінің назарын аударып, оны игерудің қамына кірісе бастағаны белгілі.
Еріп бара жатқан мұз таулары, жылы ауа толқындары, көтерілген теңіз деңгейі, уақытынан бұрын құлпырған өсімдіктер, кеш қатқан көлдер және кешіккен көшпенді құстар бұлардың кейбіреулері болып табылады. Теңіз мұздықтарының кішіреюі ақ аюлардың өміріне қауіп төндіруде.

Содержание

Кіріспе
3
1
Физиклық және географиялық сипаттамасы
4
1.1
Географиялық орналасуы
4
1.2
Жер бедері
5
1.3
Мұздық жамылғысы мен геологиясы
9
2
Табиғат ерекшеліктері
13
2.1
Климаттық жағдайы
13
2.2
Ішкі сулары
14
2.3
Органикалық дүниесі
14
3
Өткені мен болашағы
17
3.1
Антарктиданың зерттелу тарихы
17
3.2
Антарктида статусы және территориялық претензиялар
19
3.3
Антрактиданы игерудегі мәселелер
21

Қорытынды
24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
25

Работа состоит из  1 файл

антрактида.doc

— 1.80 Мб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

3

1

Физиклық және географиялық сипаттамасы

4

1.1

Географиялық орналасуы

4

1.2

Жер бедері

5

1.3

Мұздық жамылғысы мен геологиясы

9

2

Табиғат ерекшеліктері

13

2.1

Климаттық жағдайы

13

2.2

Ішкі сулары

14

2.3

Органикалық дүниесі

14

3

Өткені мен болашағы

17

3.1

Антарктиданың зерттелу тарихы

17

3.2

Антарктида статусы және территориялық претензиялар

19

3.3

Антрактиданы игерудегі  мәселелер

21

 

Қорытынды

24

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

25


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Антарктида – Жер шарындағы бетін мұз басып жатқан бірден бір материк. Жер шарының оңтүстік полюсінде орналасқан құрлық. Ол басқа құрлықтардан өзінің қатаң климат ерекшеліктерімен, қызықты органикалық дүниесімен ерекшеленеді. Антарктидада Жер шарындағы тұщы судың  98%-ы орналасқан. Ондағы теңіздерде тіршілік ететін ағзалардың көбі эндемиктер болып табылады. Антарктида құрлығын ғалымдар ертеден бері зерттеп келе жатса да, қазірдің өзінде құрлықтың әлі ашылмаған құпия сырлары бар.

Курстық жұмыстың мақсаты – Антарктиданың мұз жамылғысының сипатын зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеті – Антарктида құрлығының географиялық орнын, жер  бедерін, мұздық жамылғысын, геологиялық  құрылысын, табиғат жағдайларын, климат ерекшеліктерін, ішкі суларын, органикалық  дүниесін, зерттелу тарихын, сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу болып табылады.

Курстық жұмыстың өзектілігі – Шетсіз-шексіз мәңгі мұз құрсанған Антарктида соңғы жылдары әлем елдерінің назарын аударып, оны игерудің қамына кірісе бастағаны белгілі.

 Еріп бара жатқан мұз таулары, жылы ауа толқындары, көтерілген теңіз деңгейі, уақытынан бұрын құлпырған өсімдіктер, кеш қатқан көлдер және кешіккен көшпенді құстар бұлардың кейбіреулері болып табылады. Теңіз мұздықтарының кішіреюі ақ аюлардың өміріне қауіп төндіруде.

Курстық жұмыстың құрылымында – Антарктиданың физиклық және  географиялық сипаттамасы тақырыбы, екі бөлімшеден тұрады олар: Географиялық орналасуы мен жер бедері және мұздық жамылғысы мен геологиясы. Ал келесі Табиғат ерекшеліктері бөлімде , климаттық жағдайы, ішкі сулары, органикалық дүниесі туралы сөз қозғалады. Үшінші Өткені мен болашағы  бөлімде Антарктиданың зерттелу тарихы, Антарктида статусы және территориялық претензиялар,

Антрактиданы игерудегі мәселелер, бір сөзбен айтқанда жалпы тарихы айтылады. Осы бөлімдер мен бөлімшелер ауқымында Антарктида құрлығының географиялық орны, жер бедері, мұздық жамылғысы, геологиялық құрылысы, табиғат жағдайлары, климат ерекшеліктері, ішкі сулары, органикалық дүниесі, зерттелу тарихы, сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайы туралы жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Физиклық және географиялық сипаттамасы 

 

 

    1. Географиялық орналасуы

 

Антаркти́да (грек. ἀνταρκτικός — Арктикаға қарама-қарсы) — жердің ең оңтүстігінде орналасқан құрлық. Антарктиканың ортасы шамамен оңтүстік полюспен сәйкес келеді. Құрлықтың ауданы 14,4 млн км². Антарктика ресми түрде 16(28) қаңтарда 1820 ж. Фаддей Беллинсгаузен және Михаил Лазарев басқарған орыс экспедициясымен ашылды. Ертедегі гректер солтүстікте туатын Жетіқарақшыны «Арктикос»- деп атап, кейінен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған. Ал оған қарама-қарсы жатқан Оңтүстік өңірді Антарктика деп атаған. Бұлардың дәл ортасында біздің планетамыздың солтүстік және оңтүстік нүктелерін (полюстері) жатыр. Осы екі 90 полюстерде барлық ойша жүргізілген географиялық меридиандар түйісіп, нүктеге айналады. Антарктида-Арктиканың орталық бөлігін алып жатқан Оңтүстік полярлық полюс құрлық. Антарктида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антарктиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк. (Сурет 1 - Антарктиданың картасы)

 

 

Сурет 1 - Антарктиданың картасы

 

Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиданың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материгіне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен түсіндіріледі. Антарктида басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр.

Антарктида  жағалауындағы  өте  салқын  мұхит  сулары  материкті айнала  қозғалатын  Батыс  желдерінің   шеңберлік  ағыс  жүйесін  құрайды.  Антарктида  жалғасы  Тынық,  Атлант  және  Үнді мұхиттары суларының  шеткі  бөліктері  негізгі  мұхит  айдындарынан  осы  шеңберлік  суық  ағыс  арқылы  бөлініп  жатады.  Сондықтан  мұндағы  судың  беткі  температурасы  мен  тұздылығы,  тіршілік  дүниесі  құрамы  жағынан  аталған  мұхиттардан  үлкен  айырмашылық  жасайды.  Сондықтан  Антарктида  жағалауындағы  мұхит  сулары  шартты  түрде  Оңтүстік  мұхит  деп  аталады.  Материк  пен  оның  жағалауындағы теңіздер  табанына дейін  қалың  қайраңдар  мұздықтармен  құрсалған. [7, 175-178 б.]

Антарктика – (грекше anti – қарсы, arktios – солтүстік) Жер  шарының оңтүстік поляр аймағы. Антарктиканың табиғи шекарасы өте айқын байқалады. Ол дүние жүзілік мұхитттың беткі суларының біршама жылы және керісінше, мейлінше салқын бөліктерінің араласатын аймағы – антарктикалық конвергендену белдемі арқылы өтеді. Бұл шекара, негізінен, 48-600 оңтүстік ендік аралығында орналасқан. Поляр аймағын алып жатқан Антарктиканың аумағы шамамен 52 млн. км2, оның құрамына бетін қалың мұз жамылғысы жауып жатқан Александр І жері, Оңтүстік Шетланд, Оңтүстік Оркней, Оңтүстік Сандвичтер, Оңтүстік Георгия, Баллени аралдары мен арал топтары және құрлық жағалауын шайып жатқан, шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталатын – Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарының Антарктикалық бөлігі енеді. Құрлық жағалауындағы қайраңдарда Росс, Уэдделл, Беллинсгаузен, Ынтымақ, Ғарышкерлер теңіздері бар. Уэдделл және Росс теңіздерінің елеулі бөлігін қайраңды мұздықтар басқан. Қыс кезінде мұхитттағы қалқыма мұздықтар шекарасы солтүстікте ашық мұхит айдынында 500 оңтүстік ендіктерге дейін жетіп, аумағы 20 млн. км2 болады. Бір жылдық мүздың қалыңды,ы 1,5-2 м жетеді. Көп жылдық мұздар мұзтау түрінде кездеседі. Антарктика Арктикамен салыстырғанда табиғытының қаталдығымен ерекшеленеді. Онда жер шарының ең суық полюсі орналасқан. (минус 89,20С). [1, 372-373 б.]    

 

    1. Жер бедері

 

Антарктиданың  жалпы  жері  13 974  мың  км (шельеф  мұздықтар  мен  олар  арқылы  құрлыққа  қосылып  жатқан  аралдары  және  1 582  мың  км-дей  мұз  күмбездерін  қоса  есептегенде). Материктің  ауданы 16,4  млн  км2,  ал  қайраңдық  мұздықтар  мен  көршілес  аралдарды  қоса  есептегенде  14,4  млн.  км2-қа  жуықтайды. Жерінің 99%-ін қалың мұз басып жатыр. Оның жалпы көлемі 35 млн. км3. Оның 2/3 бөлігі Шығыс Антаркитиданың, ал 1/3 бөлігі Батыс Антарктиданың үлесіне тиесілі. Антарктида – дүние жүзіндегі ең биік құрлық. Оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м, яғни барлық құрлықтардың орташа биіктігінен (870 м) 3 есе артық. Оңтүстік  Америкаға  қарай  ұзынша  келген  енсіз  Антарктика  түбегі  созылып  жатыр.  Антарктиданың  ұзындығы  30  мың  км-дей  асатын  жиек  сызығы    бүкіл  өң  бойына  дерлік  биіктігі  бірнеше  ондаған  метрге  жететін  тік  жар  тосқауылдар  мұз  болып  келеді. (Сурет 2 –де көрсетілген)

 

 

Сурет 2 - Антарктиданың жер бедері

 

Антарктида  мұз  астындағы  жер  бетінің  орташа  биіктігі  410м.

Құрлықтың жағалық сызығы онша тілімденбеген, оның құрамына бір ғана үлкен түбек – Антарктида түбегі мен бірнеше іргелес аралдар – Александр I жері, Оңтүстік Шотланд, Георгия және Оркней, Беллени және Анверс аралы кіреді. Ол Қосымша Б сурет 3-те көрсетілген.

Антарктида құрлығының негізін абсолюттік жасы 1,6 млрд. жыл  болатын гондваналық платформа  түзеді. Басым бөлігі архей эрасындағы гнейс, кристалды жақпар тас, граниттерден құралған. Жыныстардың іргетастарының қалыңдығы 20 км-ге жетеді. Антарктида платформасы өзінің гелогиялық құрылымы мен жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия, Экваторлық және Оңтүстік Африка, Үндістан платформаларына ұқсас. Ол төменгі және жоғарғы палеозойлық құрылымдары есебінен көлемі ұлғайып, батыстағы Антарктида түбегін алып жатқан мезо-кайназойлық Анд қатпарлы жүйесінің жалғасы болып табылатын жас қатпарлы құрылымдарға ұласады. Олардың іргетасының өте күшті өзгеріске ұшыраған құрлықтық шөгінді жыныстардан құралғандығы, осы аймақта жер қыртысының құрлықтық типінің дамығандығына дәлел болады. Ондағы жер қыртысының орташа қалыңдығы 40км.

Антарктиданың қазіргі  жер бедерінің қалыптасуы жаңа жанартаулық  атқылаулар нәтижесінде жүруде. Жанартаулық тауларға Эребус (3794м), Террор (3262м) жатады. Жер бедері ерекшелігіне байланысты Батыс Антарктида және Шығыс Антарктида болып екіге бөледі. Оларды жан-жағынан жағалаулық және ішкі құрлықтық белдеу қоршай орналасқан. Жағалаулық тау белдеуі бірнеше ірі тау жоталарынан тұрады. Оларға Голицин, Принц-Чарльз, Эндерби тау сілемдері, Королева Мод жері мен Трансантарктида таулары, Пенсакол, Шеклтон таулары жатады. Таулардың орташа биіктігі 1200-2500 м, абсолюттік биіктігі 3500-4000 метрге жетеді. Ішкі құрлықтық тау белдеуіне Гамбурцев тауы (абсолюттік биіктігі 3550 м) жатады. Шығыс Антарктиданың теңіз деңгейінен жоғары орналасқан бөлігінің орташа биіктігі 690 м, ал оның теңіз деңгейінен төмен жатқан бөлігінің орташа ойыстығы 460 м. Батыс Антарктида жерінің 80%-дан астамы мұз айдынында өте қатты ойысқан ойпаңдар. Оның орташа тереңдігі – 700 м. Қалған 20%-ына дөңес таулы жер бедері тән. Яғни Батыс Антарктиданың жер бедері шығыспен салыстырғанда өте қатты тілімденген. Құрлықтың ең биік нүктесі Элсуорт тауындағы Винсон тау сілемі (5140 м), теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер – Бентли ойысы. Алқапты кең жазықтардағы құрлықтың қайраңдық мұздықтар Антарктида жерінің 12% жерін алып жатыр. Көршілес аралдардағы мұздықтармен қосып есептегендегі олардың жалпы ауданы 1,65 млн. км2. қайраңдық мұздықтардың 83%-ы Батыс Антарктида, олардың ең ірілері – Росс және Ронне-Фильхнер мұздықтары.мұздықтардың шеткі бөлігі көп жағдайда үзіліп түсіп, мұзтауларға айналып, мұхит суында он шақты жылдар бойы қалқып жүреді. Антарктида таулары мен жағалаулық бөліктерінде жылжымалы мұздық түрі кездеседі, оның ең ірісі – Ламберт мұздығы (ұзындығы 700 км, ені 30-40 км).

Антарктида – Жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3 болса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км3. Құрлықтың мұз баспаған жерлерінің, яғни шұраттың (оазис) жалпы ауданы 2500 км2. Олар, көбіне, жағалаулық бөліктерде теңіз деңгеінен 100 м биіктікте орналасқан. Ең ірілері – Бангер, Вестфолль, Грирсон, Ширмахер. Сонымен қатар Виктория жері (4000 км2) мен Александр I жері (400 км2) сияқты биік таулық шұраттар да кездеседі.

Антарктидадағы қалың  мұздықтардың орташа қалыңдығы 4700 м-ге жетеді. Құрлықта мұздықтардың алуан түрлері кездеседі: мұздық қалқандар, тау жамылғысы, қайраңды және әртүрлі таулы мұздықтар. Мұздық қалқандар – Шығыс және Батыс Антарктидалық жамылғылы. [2, 672-673 б.]    

Антарктида түбегі – Антарктида құрлығының 55-800 батыс бойлық аралығында, Беллинсгаузен мен Уэдделл теңіздерінің жағалауында орналасқан. Ол Оңтүстік Америкадағы Анд тауларының жалғасы болып саналады. Оны Америка құрлығынан Дрейк бұғазы бөліп жатыр. Түбектің солтүстігінде Оңтүстік Шетланд, Оңтүстік Оркней аралдары орналасқан және олардың біраз бөлігін қайраңдық мұздықтар жапқан. Антарктида түбегінің солтүстігінде Палмер, оңтүстігінде Грейам жері бар. Палмердегі жер бедері биік таулы болып келеді. Еі биік жері – Джэксон тауы (4191 м). Ал Антарктида түбегінің басқа бөліктерімен салыстырғанда Палмер жері жылы әрі ылғалды, ауаның жылдық орташа температурасы минус 6,90С, жауын-шашынның мөлшері 800 мм. Түбектегі барлық аңғарлық мұздықтар шығысқа қарай бағытталып, Ларсен атты өте үлкен қайраңдық мұздығын құрайды. Оның климаты біршама жылы. Ең жылы айдың орташа температурасы 0 шамасында, ал қыста минус 16С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 мм-ге дейін жетеді. Климаттың жұмсақтығы түбектің осы жағалық бөлігінде жан-жануарлардың көбірек мекендеуіне мүмкіндік жасаған. Мұздан бос жағалаулары мен аралдарында итбалық, теңіз мысығы, пингвин, кейбір су құстары көптеп тіршілік етеді. Түбектің қиыр солтүстігінде гүлді өсімдіктердің үш түрі, яғни папоротник, мүк пен қына кездеседі. Антарктида түбегінде 10-нан астам ғылыми-зерттеу стансасы жұмыс істейді. [1, 374-375 б.]    

Ерекшеліктері. Антарктиданың  негізгі  ерекшелігі,  жорамалданып  жүргендей,  неогеннен  бері  көлемі  біресе  кішірейіп,  біресе  ұлғайып  тұратын  материктің  мұздық  қалың  жамылғысы  болып  табылады.  Материктің  мұз  сауытын  Мұзды  Антарктида,  ал  оның  астында  жатқан  құрлықты – Тасты  Антарктида  деп  атайды.  Бүкіл  материкті  қалың  мұз  басып  жатыр.  Оның  территориясының  0,2-0,3%-ында  ғана  мұз  қабаты  жоқ.  Бұл  биік  тау  шыңдары,  ал  кейде  мұз  құрсауының  жоғары  жағын  қар  басып  жатқан  аспандаған  тау  сілемдері,  немесе  антарктикалық  көгалды  алқаптар  деп   аталатын  мұз  қабатынан  жақында  ғана  босаған  шағын  көлемді жағалау алаңдар. 

Информация о работе Антарктиданың физикалық сипаттамасы