Антарктиданың физикалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 09:39, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеті – Антарктида құрлығының географиялық орнын, жер бедерін, мұздық жамылғысын, геологиялық құрылысын, табиғат жағдайларын, климат ерекшеліктерін, ішкі суларын, органикалық дүниесін, зерттелу тарихын, сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Шетсіз-шексіз мәңгі мұз құрсанған Антарктида соңғы жылдары әлем елдерінің назарын аударып, оны игерудің қамына кірісе бастағаны белгілі.
Еріп бара жатқан мұз таулары, жылы ауа толқындары, көтерілген теңіз деңгейі, уақытынан бұрын құлпырған өсімдіктер, кеш қатқан көлдер және кешіккен көшпенді құстар бұлардың кейбіреулері болып табылады. Теңіз мұздықтарының кішіреюі ақ аюлардың өміріне қауіп төндіруде.

Содержание

Кіріспе
3
1
Физиклық және географиялық сипаттамасы
4
1.1
Географиялық орналасуы
4
1.2
Жер бедері
5
1.3
Мұздық жамылғысы мен геологиясы
9
2
Табиғат ерекшеліктері
13
2.1
Климаттық жағдайы
13
2.2
Ішкі сулары
14
2.3
Органикалық дүниесі
14
3
Өткені мен болашағы
17
3.1
Антарктиданың зерттелу тарихы
17
3.2
Антарктида статусы және территориялық претензиялар
19
3.3
Антрактиданы игерудегі мәселелер
21

Қорытынды
24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
25

Работа состоит из  1 файл

антрактида.doc

— 1.80 Мб (Скачать документ)

Соңғы кездері климаттанушы мамандарды ең қатты алаңдатқан мәселелердің басында жаһандық ысынудың кері қайтарылмайтын жағдайға жету тақырыбы келеді. Осы жағдай өмір тіршілігімізді өзгертетін нәтижелерге душар қылып, жылдам шаралар алмайынша, қорқынышты жағдайлармен бетпе-бет қалу уайымын туғызады. Климат өзгерістерінің белгілерін жан-жағымыздан байқауымызға болады.

Еріп бара жатқан мұз  таулары, жылы ауа толқындары, көтерілген теңіз деңгейі, уақытынан бұрын құлпырған өсімдіктер, кеш қатқан көлдер және кешіккен көшпенді құстар бұлардың кейбіреулері болып табылады. Теңіз мұздықтарының кішіреюі ақ аюлардың өміріне қауіп төндіруде. Ақ аюлардың санының азаюы бізді шындыққа жақындата түседі. Өткені олардың тіршіліктегі орталарын қайтып орнына келтіре алмаймыз.

Жылыну процесі жер шарында әр аймақта бірдей болмайды. Жылудың артуы биікте орналасқан елдер мен полюс аймақтарында қатты сезілетін болады. Осы аймақтардағы ысыну көрсеткіштері әлемнің орташа есебінен екі есе көп болып табылады. Яғни, әлемнің орташа жылуы 3,50 С-ға артқан жағдайда, мұздықтарда орташа жылу көрсеткіштері 70С-қа жетеді. Бұл Солтүстік мұзды мұхит пен оңтүстік поляр аймағы Антарктида мұздықтары мен тауларының төбесіндегі мұздардың еру қауіпіне жағдай туғызады. Ұзақ еру процесінен кейін бәлкім осы аймақты келешекте қайтадан өсімдіктер мен ормандар қаптауы мүмкін.

Мұздықтарды ерітетін ең маңызды себептердің бірі теңіз  деңгейінің көтерілуі кезінде ортаға шығады. Бірақ осы көтерілудің қаншалықты болатыны жылудың артуы және мұздықтардың еру мөлшерімен де байланысты. Теңіздердің көтерілуі теңіз жағаларындағы топырақтардан кетуімізден басқа маңызды мәселелерді де күн тәртібіне әкеледі. Ол жағаларға жақын таза ауыз суы көздерінің теңіз суына араласуы. Таза ауыз суы ХХІ ғасырда ысынған жаһанның ең маңызды мәселесіне айналады. Өйткені бу себепті көл және өзен сулары 20 пайызға азаятын болады. Осыған қоса жылудың артуымен қыс маусымының жазмен салыстырғанда бірнеше градус артуы ықтимал. Бұған ұқсас бір жағдай да түн мен күндіз арасында да кездесетін болады. Яғни, жер шары түнде салқындауға мүмкіндік таппайды. Жаз мен қыс, түн мен күндіз арасындағы ысыну айырмашылығындағы азаю, барлық дүниенің жел толқындарын өзгертеді; борандардың жиі болуы, қаруы және бағыты да өзгеріп кететін бір жайт. Жылудың артуы бу процесінің үлкеюімен байланысты бұлттардың көбейтетін басты себеп. Қорытып айтқанда 21 ғасырда дүниеміз бұрынғыдан ыстық, одан әрі желді және мол жауынды өтеді.

Осындай жер шарында  ауыл шаруашылығының не болатыны өте күрделі бірақ, маңызды бір тақырып. Ғалымдар арасындағы ортақ көзқарас; ысыну және өзгеретін жауын тәртібінің жағдайына байланысты егістік алаңдардың солтүске қарай кеңейетіні жайлы. Жаңа климат өзгерісі диқандардың егістік түрлерін өзгертеді. Бірақ ауадағы көміртегі қос тотығы мөлшерінің артуы, жалпы әлемдегі ауыл шаруашылығындағы болымды әсерін де көрсететін болады. Жапонияда жүргізілген бір зерттеуде көміртегі қос тотығының екі есе артуының нәтижесінде күріш өндірісінің 25 пайыз көбейетіні анықталған болатын. Өйткені көміртегі қос тотығының құрамы өсімдіктер үшін өте пайдалы болып табылады. Басқа тұрғыдан қарағанда өсімдіктердегі аурулардың артуы да мүмкін.

Жаһандық ысынудың тағы бір әсері климат белдеулерінің  орын ауыстыруы. Мысалы ғалымдар жаңбырлардың солтүстікке қарай жылжитынын болжайды. Көптеген климат моделдерінің көрсеткіші бойынша Оңтүстік Еуропадағы жаз жаңбырларының азаятыны да байқаудан тыс емес. АҚШ, Еуропа және Азияның 550 с.е. жерінде қар қатты жауатын болады. Шығарылған есептер бойынша ауаның жылуы 3-4 градусқа көтерілген жағдайда, 2050 жылы теңіздердің деңгейі 35 сантиметрге өседі. Осы жағдай теңіз жағасындағы мемлекеттерінің топырақтарынан айырылуына себеп болады. Мысалы 2100 жылына жақындағанда теңіз деңгейі 60 сантиметр көтерілсе, АҚШ топырағының 25 мың километрінің су астында қалатыны пайымдалады. Әлем климатының алдағы жүз жылдық кезеңде қайтадан ретіне келуі үшін атмосферадағы көміртегі қос тотығының мұхиттар мен ормандар тарапынан емілетін дәрежеге түсірілуі қажет. Осы да жылына ең көп дегенде 1-2 млрд. т көміртегі қос тотығын тастау керекпіз деген сөз. Яғни бүгін көміртегінің 20%-ын атмосфераға шығаруымыз керек.

Қазіргі кезде Антарктидадағы мұзды зерттеу европалық жобасында (EPICA) 12 ел қатысады. Олардың мақсаты – Солтүстік пен Оңтүстік жарты шарларындағы климат айырмашылықтарын зерттеу болып табылады. Оларды Антаркитдадағы климаттың өзгерісі қатты қызықтырды. Бремен университетінің ғалымдары құрастырған компьютерлік моделінде Солтүстік жарты шардағы температура Антарктикадағы мұздықтар ауданына байланысты екені жақсы көрсетілген. Антарктида түбегінің шығысында орналасқан Уэдделл теңізінің үлкен суасты («насос») роналасқан. Ол біздің планетамыздағы барлық ағыстар жүйесін реттеп отырады. Суық су 4-6 млн. м3/сек жылдамдығымен Уэдделл теңізінің тереңдігіне еніп, одан шыққан су бағытын солтүстікке қарай ауыстырады. Бұл «конвейерден» күн сайын 24 трлн. кВт/сағ. энергия тасымалданады. Бұл жұмыспен толық танысып, Дүниежүзілік мұхиттындағы су циркуляциясының схемасын, одан планетамыздағы климат моделін де құрастыруға болады. Суасты механизмін бақылау жұмыстарына он жылдан астам уақыт болды. 2004 ж. көрстекіш  бойынша судың орташа температурасы 0,1 градусқа көтерілген, ол «контейнердің» жылдамдық энергиясы одан әрі жоғарылағанын түсіндіреді. [10]

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Антарктида құрлығының орталық бөлігі оңтүстік географиялық полюсіне сәйкес келеді. Антарктиданы Үнді, Тынық және Атлант мұхит сулары шайып жатыр.

Антарктиданы ертеден бері көптеген ғалымдар зерттеп келе жатыр, бірақ, ол ресми түрде 1820 жылдың 16 қаңтар айында ашылған.

Антарктида – Жер шарындағы мұздық пішіндердің барлық түрінің шоғырланған аймағы, мұнда тек жер асты мұздануы мен мәңгі тоңның үлес салмағы аз. Жер шарының басқа құрлықтарындағы тұщы су қоры 2 млн. км3 болса, Антарктидадағы тұщы су қоры 26 млн. км3.

Егер  Антарктиданың  мұздық  сауыты  ери  бастаса,  ол  біздің  планетамыздың  барлық  өзендерін,  қазіргі  өзендердегі  бар  суды  есепке  алғанда,  500  жылдан  астам  уақыт  қоректендіруге  жетер  еді,  ал  дүние  жүзілік  мұхиттық  деңгейі  мұздық  суынан  60  метрден  астам  көтерілген  болар  еді. Материктік  мұз  сол  материктің  өзінің  бетін  ғана  емес,  сонымен  бірге  оған жанасып  жатқан  көптеген  аралдарды,  сондай-ақ  қайраңдық  мұздықтар  түзеп,  көршілес  теңіз  бассейндерін  де  жауып  жатады. 

Антарктида – Жердегі ең суық әрі құрғақ құрлық болып келеді. Шығыс Антарктидада абсолюттік суық полюсі орналасқан, онда минус 89,20С температура тіркелген. Сонымен қатар мұнда дауылды борандар жиі болып тұрады. Күннің көзі айлар бойы көкжиектен көрінбейді. Мұнда полярлы күндер мен полярлы түндер болады.                 

Антарктиданы ғылыми-зерттеу  мақсатымен көптеген елдерден ғалымдар келеді. Ол көптеген мемлекеттерді өзінің пайдалы қазба байлықтарымен, еш жерде кездеспейтін органикалық дүниесімен қызықтырады. Және де мұнда демалуға көптеген туристер келеді.

Антарктида мен оның аналасындағы аймақтар қосылып Антарктика қорығын құрады. Бұл қорық ешқандай мемлекеттің меншігі бола алмайды. Оны тек бейбіт мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілген (1-желтоқсан, 1959 ж. келісім бойынша). 1991 жылғы Мадридтік протокол Антарктидада өндіріс ошақтарын ашуға және ол жерден пайдалы қазба-байлықтар өндіруге тыйым салды. Антарктидадағы зерттеу жұмыстарына ұқпалды ұйым — «Антарктикалық зерттеулердің ғылыми комитеті».

Осынау таңғажайып бетнің көп жерін мұз басып жатқан құрлықты ешқандай сынақ көзіне айналдырмай, байлығын талан-таражыға түсірмей келешекке аман есен жеткізу, әр мемелекеттің, тіпті әр мемелекеттің емес әр адам баласының борышы деп ұғынуымыз керек.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

1 Қазақстан ұлттық энциклопедиясы / Бас редакторы Б. Аяған, 1 т. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, 2004. – 695 б.

2 Притула Т.Ю. Физическая география материков и океанов: учебное пособие для студ. вузов, ппо спец. «География» / Т.Ю. Притула, В.А. Еремина, А.Н. Спрялин. – М.: ВЛАДОС, 2003. – 685 с.

3 Панов Д.Г. Происхождение материков и океанов. – М.: Географгиз, 1961. – 184 с.

4 Ласточкин А. Н. Структурно–геоморфологический анализ ледникового покрова Антарктиды: общие вопросы и строение дневной поверхности / Ласточкин А.Н., Попов С.В. // Известия русского географического общества. – 2004. – том. 136. Вып. 5- 96с.  

5 Власова Т.В. Физическая география материков. С прилигающими частями океанов. Северная Америка. Южная Америка. Австралия и Океания. Антарктида: учебник для студ. геогр. спец. пед. ин-тов / Т.В. Власова. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Просвещение, 1976. – 318 с.

6 Еремина В.А. Физическая география материков и океанов: океаны / В.А. Еремина, А.Н. Спрялин. – М.: Моск. Лицей, 1997. – 176 с.

7 Гусев А.М. В снегах Антартиды. / А.Ф. Трешников. – М.: Мысль, 1973. – 390 с.

8 Пристли, Реймонд Антарктическая одиссея: Северная партия экспедиции Р. Скотта = Antarktic adwentures: пер. с англ. / Реймонд, Пристли; предисл. Л.И. Дубровина. – Л.: Гидрометеоиздат, 1985. – 360 с.

9 Вилесов Е.Н. Последнее оледенение плейстоцена Земли // География в школах и вузах Казахстана. – 2008. – № 5. – 40с.  

10 Волков А. Посреди морозного лета // Знание – сила. – 2004. – № 1. – 128с.

11 http://www.google.kz/ Bикипедия-Антарктида

12 http://www .yandex. kz/ Stud.kz- Мәліметтер-Антарктида




Информация о работе Антарктиданың физикалық сипаттамасы