Антарктиданың физикалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 09:39, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеті – Антарктида құрлығының географиялық орнын, жер бедерін, мұздық жамылғысын, геологиялық құрылысын, табиғат жағдайларын, климат ерекшеліктерін, ішкі суларын, органикалық дүниесін, зерттелу тарихын, сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі – Шетсіз-шексіз мәңгі мұз құрсанған Антарктида соңғы жылдары әлем елдерінің назарын аударып, оны игерудің қамына кірісе бастағаны белгілі.
Еріп бара жатқан мұз таулары, жылы ауа толқындары, көтерілген теңіз деңгейі, уақытынан бұрын құлпырған өсімдіктер, кеш қатқан көлдер және кешіккен көшпенді құстар бұлардың кейбіреулері болып табылады. Теңіз мұздықтарының кішіреюі ақ аюлардың өміріне қауіп төндіруде.

Содержание

Кіріспе
3
1
Физиклық және географиялық сипаттамасы
4
1.1
Географиялық орналасуы
4
1.2
Жер бедері
5
1.3
Мұздық жамылғысы мен геологиясы
9
2
Табиғат ерекшеліктері
13
2.1
Климаттық жағдайы
13
2.2
Ішкі сулары
14
2.3
Органикалық дүниесі
14
3
Өткені мен болашағы
17
3.1
Антарктиданың зерттелу тарихы
17
3.2
Антарктида статусы және территориялық претензиялар
19
3.3
Антрактиданы игерудегі мәселелер
21

Қорытынды
24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
25

Работа состоит из  1 файл

антрактида.doc

— 1.80 Мб (Скачать документ)

Антарктидадағы Биосфера «өмір аренасында» көсетілген: жағалаулық аралдар мен мұздар, құрлықтағы жағалаулық оазистер (мысалы, «Бангера оазисі»), нунатак аренасы (Мирныйдың жанындағы Амундсен тауы,  Виктория Жеріндегі Нансен тауы) және мұздық қалқандағы арена. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жағалау сызық бойында таралған. Мұздығы жоқ жерлерде өсімдік түрлерінен, негізінен, мүктер мен қыналардың алуан түрлері тараған. (Сурет 6 – те көрсетілген)

 

 

Сурет 6 – мүктер мен қыналар

 

Антарктидалық жануарлар  түгелімен Оңтүстік мұхиттық экожүйесіне тәуелді: өсімдік жамылғысы кедей болғандықтан, жағалаулардағы экожүйелердің қоректену тізбектері Антарктиданы қоршап жатқан судан басталады. Антарктида сулары әсіресе, зоопланктондарға бай келеді, солардың ішінде ең алдымен, крильге бай. Криль көптеген балық, киттәріздестер, кальмар, тюлень, пингвин түрлерінің және т.б. жануарлардың негізгі қоректену тізбегі болып табылады.

Антарктидада толығымен  құрлықта өмір сүретін сүтқоректілер  жоқ, омыртқасыздардың және топырақта  өмір сүретін нематодтардың 70 түрі бар. Құрлықта тіршілік ететіндерден тюлендер (Уедделдік, крабжегіш тюлендер, теңіз леопардтары, Росстық, теңіз пілдері) мен құстар (буревестник тұқымдастарының бірнеше түрлері (антарктидалық, қарлық), поморниктердің екі түрі, поляр крачкасы, Адели және императорлық пингвиндері тіршілік етеді. Құрлықтық оазис жағалауларындағы («құрғақ аңғарлар») тұщы көлдерде олиготрофты экожүйе бар. Мұнда көк-жасыл балдырлар, дөңгелек құрттар, шаяндар (циклоптар) және дафниялар бар. Ал құстар (буревестниктер мен поиорниктер) бұл жаққа анда-санда ұшып келеді. Нунатактарға тек бактериялар мен балдырлар, лишайникте мен мүктер ғана тән. Мұздық қалқандарға кейбір кезде адамдардың соңынан ерген поморниктер ұшып келеді. Антарктидадағы Восток сияқты мұздық асты көлдерде сыртқы ортадан бөлінген олиготрофтық экожүйелердің бар болуы туралы болжам бар.

1994 жылы ғалымдар Антарктидадағы  өсімдіктер санының күрт өскенін  мәлімдеді. Бұл планетадағы глобалды  жылулық туралы гипотезаны айқындайды. Антарктида түбегі мен оның маңында орналасқан аралдардағы климат құрлықтағы ең қолайлы климат болып саналады. Бұл жерде аймақтағы жалғыз гүлді өсімдіктер түрі – антарктидалық луговик пен колобантус кито өседі. Өсімдіктері, негізінен, мүктер (75 түрі), қыналар (300-ге жуық түрі) және балдырлардан (қызыл, жасыл, көк жасыл, сары балдырлар) құралған. Антарктида түбегінде аласа гүлді өсімдіктердің 10 шақты түрі кездеседі, олар шұраттарда шағын шалғынды алаңдар түзеді.

Антарктидадағы тіршілік дүниесі өте жұтаң. Онда теңіз  құстарының 13 түрі, антаркикалық суларда итбалықтардың – теңіз пілі, теңіз мысығы, Уэдделл итбалығы, шаян жегіш итбалық және теңіз қабыланы деп аталатын 5 түрі мекендейді. Құрлықтың нағыз жағалаулық бөлігінде пингвиндердің император және Адели атты түрлері тіршілік етеді. Ол Қосымша Б сурет 4-те көрсетілген. [2, 465-467 б.] 

Антарктидада өмір сүретін  тірі ағзалар өте қатаң жағдайда тіршілік етеді. Мұндағы пингвиндер тағам іздеу мақсатымен 500 м тереңдікке сұңги алады және ол жаңа тіршілік ареалына бейімделе алады. 5000 м тереңдікте алуан түрлі органикалық ағзалар кездеседі. Олардың көбінің пішіндері үлкен көлемді болып келеді. Ол Антарктидадағы суық климатымен түсіндіріледі. Себебі, суық климат әсерінен ағза баяу дамиды, сондықтан олар көп өмір сүреді. Мысалы, Росс теңізінен ауланған ағзаның өмір сүру ұзақтығы 10 мың жылдан асқан. Ол жер бетіндегі ең кәрі жануар ьолып есептеледі. Восток теңізінің үстіндегі мұздан алынған үлгілерінен Антарктидадағы бактериялар мен саңырауқұлақтар және балдырлар табылған. Орыс ғалымы Сабит Абысовтың пайымдауынша, ол ағзалар мұздағы ұзақ «ұйқыдан» соң әлі де тірі болып шықты. [10]  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Өткені мен болашағы

 

 

3.1 Антарктиданың зерттелу тарихы

 

 Тарихы. Антарктида ресми түрде 1820 жылдың 16 (28) қаңтар айында, Фаддей Беллинсгаузен мен Михаил Лазарев сияқты орыс саяхатшылары бастаған экспедиясымен ашылған. Олар құрлыққа «Восток» және «Мирный» шлюпкаларымен 69°21′ о.е. – 2°14′ б.б. нүктесінде жақындаған (қазіргі Беллинсгаузен қайраңды мұздық ауданы).  Ерте кезде оңтүстік материктің (лат. Terra Australis) болуын тек гипотеза ретінде ғана қараған. Оны көбінесе Оңтүстік Америкамен (мысалы, 1513 ж. Пир Рейс жасаған картада) және Австралиямен (оны «оңтүстік материк» құрметіне солай атаған) біріктіре қарастырған. Алайда сол Фаддей Беллинсгаузен мен Михаил Лазаревтің оңтүстік полярлы теңіздеріндегі  экспедициясы алтыншы материктің бар екендігін дәлелдеді. Олар бүкіл Жер шарын шарлап, антарктидалық мұздықтарды кезіктірген ғалымдар еді.

1895 жылдың 24 қаңтарында  тұңғыш рет құрлыққа кіргендер  норвег «Антарктик» суднасының  капитаны Кристенсен және жаратылыстану  ғылымының оқытушысы Карстен  Борхгревинк болды.

Ертедегі  гректер   солтүстікте  туатын  Жетіқарақшыны «Арктикос» кейінен  бүкіл  солтүстік  өңірді  Арктика  деп  атаған.  Ал  оған  қарама-қарсы  жатқан  Оңтүстік  өңірді Антарктика  деп  атаған.  Бұлардың дәл  ортасында  біздің  планетамыздың  солтүстік  және  оңтүстік  нүктелері  (полюстері)  жатыр.  Осы  екі 900-тағы полюстерде  барлық  ойша  жүргізілген  географиялық  меридиандар  түйісіп,  нүктеге  айналады. Антарктида - Арктиканың  орталық  бөлігін  алып  жатқан  Оңтүстік  полярлық  полюс  құрлық. 

Антарктида  жер  шарының  оңтүстік  поляр  аймағы болып  табылатын   Антарктиканың  орталығында  орналасқан   бірден-бір  материк. Ежелгі  Гондвана  материгінің  құрамында  бірге  болғанына  қарамастан,  Антарктиданың  қазіргі  табиғат  жағдайлары  оңтүстік  жарты  шардың  басқа  материгіне  ұқсамайды.  Ол  айырмашылықтар  материктің  оңтүстік  поляр  аймағындағы  орнымен  түсіндіріледі.  Антарктида  басқа  материктерден  алшақ  орналасқан,  олардан  орасан  зор  мұхит  айдындары  арқылы  бөлініп  жатыр. 

Құрлықты және оның жағалау  бөлігін ғылыми түрде зерттеуді Р. Скотт экспедициясы бастаған. Жүйелі халықаралық геофизикалық зерттеу жұмыстары 1957 ж. басталды. 11 ел құрлық пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әр ел ғалымдарының басшылығымен ұйымдастырылған экспедициялар құрлықты бірнеше рет кесіп өтіп, Оңтүстік полюс, геомагниттік және «жетуге қиын» полюстерге жорықтар жасады, тұрақты зерттеулер мен байқаулар жүргізді. Соңғы жылдары Антарктидада жүзден астам ғылыми-зерттеу стансалары бүкіл жыл бойы және маусымдық жұмыс жүргізеді. Онда 16 мемлекеттің зерттеушілері өзара байланысты жұмыс жасайды. Антарктида табиғатын зерттеп білу – планетамыздағы тіршілік дамуының өткені мен болашағы арасындағ байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе, ол құрлық – мұхит – атмосфера – мұздану процестері арасындағы байланысты анықтауданегізгі буын болып табылады.

Ең алғашқы болып  оңтүстік поляр шеңберін кесіп өткен  Дирк Геериц басқарған голандықтар болды, ол Якова Магю эскадрасында жүзді. 1559 жылы Геериц кемесі Магеллан бұғазындағы штормнан кейін өз бағытын жоғалтып, оңтүстікке қарай бет алды. Кеме 64°  о.е. дейін түскенде, көз алдынан биік жер көрінді. 1675 жылы Ла Роше́ Оңтүстік Георгияны ашты; ал 1739 жылы Буве аралы ашылды; 1772 жылы француз теңіз офицері Ив-Жозеф Кергелен Үнді мұхитында өзі аттас аралды ашқан.

Шамамен Кергленмен бір  уақытта Англиядан Джеймс Кук оңтүстік жарты шарға өзінің алғаш саяхатына аттанды. 1773 жылдың қаңтар айында оның «Adventure» және «Resolution» атты кемелері (судно) оңтүстік поляр шеңберін 37°33′ ш.б. меридианында қиып өтті. Мұздықтардың арасындағы ауыр жолдан кейін ол 67°15′ о.е. дейін жетті де, солтүстікке қарай бұрылуға тура келді. 1773 жылдың желтоқсан айында Кук оңтүстік мұхитқа тағы да бет алды. Желтоқсан айының 8-інде мұхитты қиып өтіп,  67°5′ о.е. параллелінде мұздықтар арасында жапа шекті. Одан босаған соң, ол оңтүстікке қарай жүзіп, 1774 жылдың қаңтарында Отты Жердің оңтүстік-батысындағы 71°15′ о.е. дейін жетті. Бұл жерде мұздықтар бөгет болғандықтан, Кук өзінің сапарын әрі қарай жалғастыра алмады. Кук алғашқылардың бірі болып оңтүстік поляр шеңберіндегі теңіздеріне дейін жетті. Онда мұздықтар көп болғандықтан, одан әрі сапарды жалғастыру мүмкін еместігін айтты. Сондықтан 45 жыл бойы полярға зерттеулер жүргізілмеді.

1819 жылдың 19 ақпанында  ағылшын көпесі Вильям Смитт  Ливингстон және Оңтүстік Шетланд аралдарына тап болып, алғашқы болып 60° о.е. нүтесінен (қазіргі Антарктида келісімінің жүйесімен басқарылатын «политическая Антарктика») оңтүстігіндегі жерге географиялық ашу жасаған.

1819 жылы орыс теңізшілері Ф. Ф. Беллинсгаузен мен М. П. Лазарев «Восток» және «Мирный» әскери шлюпкаларымен Оңтүстік Георгияға барып, Оңтүстік Мұзды мұхитқа тереңірек түсуді ойлаған. 1820 жылдың қаңтар айында олар алғашқы рет Гринвич меридианында 69°21′ о.е. жеріне дейін барып; кейін, Беллинсгаузен поляр шеңберінен шығып, 19° ш.б. шығысқа қарай өтіп, оны тағы да қиып өтті. Ал 1820 жылжың ақпан айында оны 69°6′ о.е. жерде тағы да қиып өтті. Әрі қарай шығыс бағытында 62° параллель бойымен көтеріліп, өзінің жолын жағалаулардағы қалқыған мұздар бойымен жалғастырды. Беллинсгаузен Баллени аралдарының меридианында 64°55′ о.е. жетіп, 1820 жылы желтоқсан айында 161° б.б. жетті. Ол оңтүстік поляр шеңберінен өтіп, 67°15′ о.е.,  1821 жылдың қаңтарында 69°53′ о.е. жетті. Ол 81° меридианында Петр І аралының биік жағалауын, ал шығысқа қарай жүзіп, оңтүстік поляр шеңберінің ішінде Александр І жерін ашты. Сонымен, Беллинсгаузен 60°-тан 70°-қа дейін алғашқы болып Антарктиданы айнала толық саяхат жүргізіп өтті. Содан кейін құрлықтың жағалаулары мен ішкі жағына зерттеулер жүргізіле бастады. Көптеген зерттеулер Эрнест Шеклтонның (ол сол туралы «Самый страшный поход» кітабын жазған) басқаруымен ағылшын экспедициясымен жүргізілді.

1911-1912 ж.ж. норвег зертттеушісі  Руаль Амундсен мен ағылшындық  Роберт Скоттың экспедициялары  арасында Оңтүстік полюсті зерттеу  жөнінде кәдімгі жарыс болды.  Алғашқы болып Оңтүстік полюске жеткен Амундсен, Олаф Бьяланд, Оскар Вистинг, Хелмер Хансен және Сверре Хассель болды, бір айдан соң ол нүктеге Скоттың командасы келіп, қайтар жолда қаза тапты. ХХ ғ. ортасынан бастап Антарктиданы өндірістік негізде зерттеулер жүргізу басталды. Құрлықта әр түрлі елдерден әкелінген көптеген метеорологиялық, гляциологиялық және геологиялық жыл сайынғы зертттеулер жүргізілетін базалар құрылды.

1958 жылдың 14 желтоқсанында  Евгениий Толстиковтың басқаруымен  үшінші кеңестік антарктидалық экспедициясы Оңтүстік полюстегі жерге «Полюс недоступности» атты уақытша станциясы құрды. [8, 278-282 б.]

 

3.2 Антарктида статусы және территориялық претензиялар

 

Антарктида статусы. Антарктида конвенциясына 1959 жылдың 1 желтоқсанында қол қойылып, 1961 жылдың 23 маусымында ол өз күшіне енді. Соған сәйкес Антарктида еш мемелекеттің иелігіне енбейді, оған тек зерттеулер жүргізуге ғана рұқсат етілген. 600 ендіктен оңтүстікке қарай әскери обьектілер мен әскери кемелерді және қарулы судноларды енгізуге қатаң тыйым салынған. 1980 жылдары Антарктиданы ядросыз зона деп жариялады. Сондықтан Антарктиданың суларына атомоходтарды, ал құрлық үстіне атомды энергоблоктарды орналастыруға болмайды. Қазіргі кезде ол келісімге 28 ел (дауыс құқығымен) мен ондаған мемлекет-бақылаушылар енеді.

Территориялық претензиялар. Алайда, келісімге қарамастан, Антарктидаға қосылған мемлекеттер құрлыққа байланысты территориялық претензиялары мен тиесілі жерлерінен бас таррты деуге болмайды. Керісіншекейбір елдердің территорияға деген қызығушылығы бар. (Сурет 7)

 

 

Сурет 7 – Құрлықты игеру барысы

 

Мысалы, Норвегия өзіне  тиесілі территорисынан он есе асатын жерге көз салған (соның ішінде Беллинсгаузен мен Лазарев ашқан Петр І аралы). Ұлыбритания үлкен территорияны өзінікі деп жариялады. Австралия Антарктиданың жартысына жуығын (оған қоса «франциялық» Адели Жері де кіреді) өз меншігі деп санайды. Территория жөнінде өз претензиясын Жаңа Зеландия да айтып өтті. Ұлыбритания, Чили мен Аргентина бір территорияға (оның ішінде Антарктида түбегі мен Оңтүстік Шетланд аралдары да бар) көз салып отыр. АҚШ пен Ресей өзінің территориялық претензиялары болғанымен, әлі де айта қойған жоқ. Және екі мемлекет те өзге елдердің және бір-бірінің претензияларын елеген жоқ. Антарктида территориясында,  сонымен қатар, бірнеше визуалды мемлекеттер пайда болды, мысалы, Иммортия және құрлықтың бір бөлігінде Доминион Мельхиседека.

Халқы. Климаттың қатаң болуына байланысты Антарктидада тұрғылықты халық жоқ. Алайда мүнда ғылыми станциялар орналасқан. (Сурет 8) Антарктидадағы уақытша халық саны жазда 4000 (150 жуығы ресейліктер) адамнан қыста 1000 (100 жуық ресейліктер) адамға дейін ауытқып отырады.

 

 

Сурет 8 -

«Прогресс» Шығыс Ресейдің Антарктикалық полярлық станциясы

 

Антарктида – ең суық, желді әрі құрғақ құрлық болып табылады. Мұндағы жұмыс уақыты желтоқсан айында басталып, ақпан айының ортасында аяқталады. Сол кездің өзінде температура -200 –дан жоғары көтерілмейді, содан соң ол тіпті -500 С-ға дейін төмендейді. Мұнда дауылды желдер болып тұрады. Оның жылдамдығы 200 км/сағ. жетеді. Мұнда халық тек өткен ғасырдың 50 жж. аяғынан бастап ғалымдар келе бастады. Олар мұнда Кеңес Одағы мен АҚШ-тың және т.б. елдерінің ғылыми-зерттеу станцияларын тұрғыза бастады. Негізгі қызығушылық Антарктида түбегіне байланысты туындады. Ол Оңтүстік Америкаға (Аргентина мен Чили шекарасына дейін) жақын орналасқан. Бұл жерде пайдалы қазбаларын өндіру оңайырақ болды. Антарктида пайдалы қазбаларға бай келеді. Ғалымдардың айтуынша, мұз астынан көмір, темір рудасын, қорғасын, мырыш, мыс, никель, хром, кобальт, қалайы, уран, алтын, күміс, титан, слюда, графит, молибден т.б. металлдар кендері бар. ал Антарктида жағалауларында мұнай мен табиғи газдың кендері бар. Росс теңізіндегі мұнай қоры шамамен 45 млрд. баррельді құрайды. Бірақ та онда айсбергтердің көп көлемде шоғырлануы, оларды өндіру қиынға түседі, әрі қымбат болып табылады. Дегенмен, олардың кейбіреулері өндіріле бастады. [10]

 

3.3 Антрактиданы игерудегі мәселелер

 

Шетсіз-шексіз мәңгі мұз  құрсанған Антарктида соңғы жылдары  әлем елдерінің назарын аударып, оны игерудің қамына кірісе бастағаны  белгілі. Мұны былай қойғанда, ақ аюлар мен пингвиндер мекені жеке адамдардың да қызығушылығын туғызып, табиғаты қатал мұзды құрлық жағдайында өздерін сынап көргісі келетіндер де табылуда.

Мәселен, ресейліктер  кәдімгі жеңіл ұшу аппараттарымен Антарктидада ұшып көруге бел буып отыр. Әрине, мұндай аппаратты, мотор мен пропеллерді әуеге көтеру оңай болмайды. Сондықтан мотошананы параплан куполасына жалғастырып, «паралет» деген атауға ие болған жаңа дүниені ойлап табуға тура келді.

Мұндай идеяны ұстанғандар  – шағын авиацияға құмар бір  топ энтузиазистер. Олардың қатарында түрлі аэроклубтардың спортшылары, студенттер және жас авиаконструкторлар бар. Ресейлік топ жер шарының оңтүстік полюсінде бірнеше рекорд жасуды көздеп отыр. Паралетпен барынша биікке көтерілу және ұзақ уақыт ұшу – басты мақсат осы. Сонымен қатар олар паршютпен секіруді жоспарлаған. Негізгі проблема – ауа температурасының төмендігі және үздіксіз соғып тұратын сүйектен өтетін суық жел. «Егер аспанда 40 минут немесе бір сағаттай ұшу керек болса, әрине, өте жылы киіну керек. Өйткені, мұндай кезде тіпті тері қолғап та көмектеспейді», – дейді ұшқыш-нұсқаушылар. Он күнге созылатын Антарктида сапары ұшулармен, секірулермен шектелмейді. Онда ғарышкерлердің төтенше жағдайда тірі қалуына мүмкіндік беретін жаңа құрал сынақтан өткізіледі. Соның бірі – жылу ұстайтын костюм. Бұл костюммен ғарышкер еріксіз қонуға тура келген кез келген жағдайда жан сақтайды. Былайша айтқанда, 50-60 градустық аязда үш тәулік бойы ашық ауада жүріп, жұмыс істей алады. Тағы бір сынақтан өткізілетін ноу-хоу – ресейлік жаңа дистанциялық медициналық бақылау жүйесі. Бұл – датчик пен радиохабар таратушы құрылғысы бар белбеу ғарышкердің денсаулық жағдайын спутник арқылы жерге жеткізеді.

Информация о работе Антарктиданың физикалық сипаттамасы