Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы

Автор работы: e**********************@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 01:35, курсовая работа

Описание

Мұнай негiзгi отын ресурсы болғандықтан, ағымдағы ұзақ мерзiмде, қазiргi заман энергетикасының шикiзат көзi болып қалады және осы ресурстармен қамтамасыз ету сұрақтары немесе жеткiзу кепiлдiктерi белгiленген бағада негiзгi стратегиялық даму бойынша қалыптасады, сондай-ақ әлемдiк шаруашылықтың негiзгi мәселесi болып табылады. Әлемдiк елдерде энергетикалық баланс бойынша мұнай мен газ үлесi, энергияның көздерiне қарағанда тез өседi. Егер энергияға сұраныс бiр жылда орташа 5%-ке өссе, онда мұнайға 7-8%-ке дейiн көтерiледi.

Содержание

Кiрiспе 3 - 4
I. Бөлiм. Өнеркәсіп кәсiпорынының инвестициялық стратегиясы 5 - 18
1.1 Инвестициялық үрдістiң мағынасы және экономикалық мәнi 5 - 12
1.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағдайы 12 - 14
1.3 Қазақстан Республикасындағы кәсiпорынның инвестициялық iс – әрекетiн мемлекеттiк реттеу. 14 - 18
2.Бөлiм. Кәсiпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру ..........
..............................................................................................................................19 - 29
2.1 Кәсiпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру мәселелері……………………………………………………………............19 - 23
2.2 «Торғай – Петролеум» ЖАҚ – ғы инвестициялық тартымдылығын талдау мәселелері.......................................................................................................... 24 - 29
Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi 31

Работа состоит из  1 файл

Бауыржан курсовой.doc

— 249.00 Кб (Скачать документ)

     Шетелдiк инвестициялар, шетелдiк несие түрiнде және  шетелдiк тура  инвестиция  түрiнде келедi.  Тиiмдiсi  болып тура  инвестиция   табылады  және  ол  басқа  формаларға  қарағанда  экономикалық  жәрдем  бойынша  артықшылыққа  ие. Олар  өндiрiстiк  тауармен      қызмет  көрсету,  қамтамасыз  ету,  әлемдiк  технологияны  тарту,   басқарудың  берiлу  әдiсi  және  маркетинг    бойынша күрделi  қаржыны    тартудың  негiзгi  көзi.

      Тура инвестиция несиеге қарағанда елдiң iшкi қарыздарының  қоспасына ауыртпалық әкелмейдi. Шешiм қабылдауда шетелдiк  серiктестер мен  шетелдiк  ресурстарды  тартуда  ынтымақтастықтың  әртүрлi болатындығын ескерген жөн. Олардың iшiндегi келесi  түрлерiн  атауға  болады:

  • жөнелтiлетiн технологияның кәсiпорындағы халықаралық  коорпорациясы  немесе  кейде  жеке  бiрiккен  ұйым  құру;
  • шетелдiк  несиелер  алу;
  • лизинг  негiзiнде  шетелдiк  құрал-жабдықтар  алу;
  • өтiмдiк  негiзде  несие  алу;
  • әр  түрлi  шетелдiк  үлестердiң  қатысуымен  бiрiккен    кәсiпорын  құру  жолындағы кәсiпкер лiк түрдегi  шетел  қаржыларын тарту, сондай –ақ шетелдiк  инвесторларға  акция  сату;
  • шетелдiк  капиталға  толық  жататын  кәсiпорын  құру;
  • заңды  тұлғалардың  қатысуынсыз  келiсiм  базасы  бойынша кәсiпорынның  дамуы  үшiн  шетелдiк  компаниялармен  ынтымақтастық   құру;
  • келiсiм  шарт  негiзiнде  немесе  кәсiпорынның  келiсiм  бөлiмi  бойынша   шетелдiк  капиталдарды  тарту;
  • белгiленген  аймақтарда  шетел  капиталдарын   тарту  бойынша  белсендi  бағыттағы  арнайы  экономикалық  аймақ  құру.

      Аталған  барлық  шетелдiк  инвестиция  тарту  формалары  ұзақ  мерзiмдi  сипаттайды. Олар  iстiң  дұрыс  құрылуына, құрылымдық  мәселелердi  шешуге, аз  инвестициялық шығындар арқылы салалық және салааралық  экономиканың   өзгеруiне  көмек  бередi.  Сондай–ақ  олар  басты  индустралды  елдерде  технологиялық  әлсiздiгiнiң  қысқартуын  жылдамдатуға  көмектеседi.

     Осы ынтымақтастық формалардың барлығы Қазақстан экономикасының  көтерiлуiне  және  мiндеттердi  тұрақты шешуге  мүмкiндiк бередi.    Бiрақ,  олардың iс-әрекетi  мен құлдырауы экономикалық  саяси тұрғыда тұрақсыз  екендiгiн атап  өткен жөн.

      Экспорттық  бағалау  бойынша,  инвестицияның  Қазақстанға  енуi  жеткiлiктi  жағдайда  тұрақталуда.   Жуықтағы  талдамдар  бойынша тура  инвестициялар  2003  жылы 15337,9  млн  АҚШ  долларын    құраса,  2002  жылы  бұл  көрсеткiш   1333,3  млн  АҚШ доллары деңгейiнде болған . 1997-2003  жылдарда   шетелдiк тура   инвестициялардың   жалпы жиынтық   ағымы 9267,1  млн АҚШ долларын  құраған.

   Шетелдiк  тура  инвестициялардың  жалпы  ағымы  мұнай-газ   секторы  бойынша  49,2 % , түрлi-түстi металдар бойынша 22,8%, энергетикалық    кешен  бойынша  4,3%   құрайды. 

    Нарықтық  экономикада барлық  бөлiмше экономикасының  орта  негiзiнде жұмыс  iстейдi.  Нарықтық  реттеуiш қатынастарға  өту нарықты реттейтiн негiзгi  инвесторлық процесстердiң түбегейлi  өзгеруiне  әкеледi.   Реттеудiң негiзгi  объектiсi  болып инвестиция  табылады.  Олар  басқа да  ақша, қаржы, несие, пайда, баға  секiлдi   өндiрiстiк  негiзгi  қорлармен  айналым  қорларын  сипаттайтын  құндық  категорияларды  қолданудың  бастапқы   базасы  болады.

     Инвестиция  мүлiктiк  және  зиялы  құндылықтың  барлық  түрiн  сипаттайды. Және  нәтижесi  пайда  бойынша  немесе әлеуметтiк тиiмдiлiкке  жету  негiзiнде  қалыптасады.

Бұндай  құндылықтарғы:

    1. Қозғалатын  және қозғалмайтын   мүлiк (ғимараттар, құрал-жабдықтар және  т.б.  материалдық құндылықтар), яғни  өндiрiсте қолданылатын немесе өнiмдi болып табылатын физикалық активтер;
    2. Ақша қоры, мақсатты жағдайлардағы банктiк салымдар, несиелер, акция  және т.б.  бағалы  қағаздар, яғни ақша  сомасын  алуға  құқығы  бар  ақшалай  активтер;
    3. Ақшалай  құқықтан  туындайтын  мүлiктiк  құқық «ноу-хау»  лицензиясының  тәжiрибесi  және  интеллектуалдық құндылықтар,  жер және  басқа да табиғи  ресурстарды   қолдану құқығы,  сондай-ақ  материалдық емес  активтер. «Ноу-хау»  дегенiмiз - өндiрiстi ұйымдастыруға қажеттi өндiрiстiк тәжiрибелер, жаңалықтар, техникалық  құжаттарды  безендiру, бiлiм, коммерция, техника, технологиялық жаңалықтар  ашу.  «Ноу-хау»  әр түрлi  деңгейде болады, яғни ғылыми-техникалық, басқарудағы қаржылық  жағдайда;

      Инвестицияны  нақтылы  активтерге  дайындау  және талдам  жасау, оның  түрiне  байланысты, яғни кәсiпорынның алдында тұрған  негiзгi  мiндеттерiне шешуге көмектесуiне байланысты. Осыған орай   мүмкiн  болатын инвестиция түрлерiн келесi жағдайдағы негiзгi топтарға  жiктеуге  болады:

      1. Тиiмдiлiктi  жоғарлататын  инвестиция  Бұның  негiзгi  мақсаты  құрал-жабдықтарды ауыстыра   отырып,  фирманың   шығынын азайту,  қызметкерлердi  оқыту немесе  өндiрiске тиiмдi   жағдайдағы  өндiрiстiк құндылықты  арттыру.
 
      1. Өндiрiстi  кеңейту  мақсатындағы   инвестиция.  Бұның  мақсаты  нарықта  өз   орны  бар  кәсiпорынның  шығарған  тауарларын  көбейту.
      2. Жаңа  өндiрiс  құрудағы  инвестиция. Бұндай  инвестициялар  жаңа  тауар  түрiн  шығаратын  кәсiпорындар  ашу  немесе  нарықта  бар  тауарларға  жаңа  өзгерiстер  енгiзу.
      3. Мемлекеттiк  басқару   ұйымдарының  қажеттiлiгiн  қанағаттандыру  мақсатындағы   инвестициялар.  Бұл  инвестиция  жоғарғы  орындарда  экологиялық  стандарт  бөлiмi  бойынша, өнiмнiң  қауiпсiздiгi   жағынан  немесе  басқа да iс-әрекетi жағынан қажеттiлiктерiн   қанағаттандыру.

      Инвестицияға мұндай классификация енгiзудегi себеп әртүрлi  деңгейдегi тәуекелдiлiк болып отыр. Инвестиция  типтерi  мен тәуекелдiлiк деңгейi  арасындағы  байланысты келесi түрдегi  кестеден  көруге  болады  
 

1.1.  кесте. Тәуекелдiлiк  деңгейiне  байланысты  инвестиция  типтерi  

3 түрi 2 түрi 1 түрi 4 түрi
Жаңа  өндiрiс  құрудағы  инвестиция. Кәсiпорынды  кеңейтудегi инвестиция Тиiмдiлiктi  жоғарлатудағы  инвестиция Мемлекеттiк     ұйымдар  талабын қанағаттандыру  мақсатындағы   инвестициялар. 
           Тәуелдiлiк 

деңгейi     жоғары

Тәуелдiлiк  деңгейi   төмен 
 

      Инвестиция  типтерi  тәуелдiлiк  деңгейi арасындағы  байланыс  логикасы:  фирмада  инвестиция   аяқталғаннан  кейiн  жұмыс  нәтижесiнiң    нарықтағы  өзгерiсiн,  қауiптiлiк  деңгейiн  анықтауға  көмектеседi.

      Келтiрiлген  активтердiң   iшiндегi  экономикалық   мағынасы  жағынан  аса  қолайлы   негiзгi  қор  болып  табылады,  ал  негiзгi   өндiрiстiк  фактор – адамның еңбектегi  iс-әрекетi. Ол  көбiне  қоғамдағы  әлеуметтiк-экономикалық  даму  және  ғылыми-техника  бойынша  анықталады.

      Нарықтық  Қатынас  жағдайында әрбiр  инвестициялық  жоба  маркетингтiк  зерттеулер  бойынша   жүргiзiледi,  оның  нәтижесi  инвестициялық  шешiм  қабылдауда  басты   мiндеттi  атқарады.  Зерттеулер  негiзгi   3 аспект  бойынша  бақыланады:

  • нарық құрылымын  және  оның  сегменттерiн  бiлу;
  • орта  тәулiктiк  дамудағы сұраныс  деңгейiн және  нарық   сыйымдылығын  жобалау;
  • бәсекелестiк  деңгейiн  анықтау;

Осылардың  негiзiнде  алынған  ақпараттар  инвестициялық  жобаның   стратегиялық концепциясын  құруға,  мақсатты   тұтынушылар  тобын,  өнiм  депозитiмен  бәсекелестiк  туғызатын  өнiм  түрiн  анықтауға  көмектеседi.  Осыдан  келiп, өндiрiстiк  бағдарламаны, сондай-ақ  керектi өндiрiстiк қуаттылықпен инфрақұрылым, техника, технологиялық  шешiмдердi  құруға  болады.  

1.2. Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық жағдайы

 

     Кез келген елдерге шетел  инвестициясының келiп  түсуi, сондай-ақ олардың тиiмдiлiгiн анықтау инвестициялық  ахуалдың  қолайлығын  көрсетедi.

    Инвестициялық ахуалды үлгiлеу мемлекеттiк саясаттың  қызығушылығын туғызудағы, шетелдiк инвестицияларды  қолданудағы  негiзгi звенолардың  бiрi  болып табылады. Ол бiрiншiден, шетелдiк инвесторлардың iс-әрекетiн жүйелi ұсынатын фактор, екiншiден елдегi жағдайды бағалауға, үшiншiден  серiктестердiң  iс  жүргiзу  деңгейiн  анықтауға  мүмкiндiк  бередi.

    Елдегi  қолайлы  инвестициялық   ахуалды  құру  дегенiмiз –  нақтылы  мерзiмде  Қазақстандағы   инвестициялық  ахуалды  бағалауға   салыстырмалы    талдам  жасауға негiз болатын   көрсеткiштер  жүйесi,  әр  түрлi  шектегi   кешендер,  яғни:

    1. Елдiң  нарықтық  әлеуметтiк  сипаттамасы;
    2. Еңбек  және  табиғи  ресурстармен  қамтамасыз  ету;
    3. Экономикалық  реформалар  қозғалысы  мен  жағдайы;
    4. Инвестициялық  iс-әрекеттегi  құқықтылық  базасы;
    5. Мемлекеттiк  ұйымдардың  басқаруы шешiлiп,  қабылдаудағы  тәртiптiлiгi;
    6. Валюта  нарығымен  нарықтық инфрақұрылымның  өркендеуi;
    7. Банк  жүйесiн  қалыптастыру;
    8. Саяси  ахуалды  қызықтыру  мен   қалыптастыру;

     Шетелдiк  инвесторлар  жоғарыда  аталған көрсеткiштердi  бағалайды,   үйренедi және инвестициялық тәуекелдiлiк негiзiнде жалпы  инвестициялық  шешiм   қабылдайды.

     Инвестициялық  ахуал  мен  инвестициялық тәуекелдiлiк тығыз  байланысты. Инвестициялық ахуал қолайлы болса, онда  инвестициялық тәуекелдiлiк төмен және керiсiнше, егер инвестициялық  ахуал нашар  болса,  онда инвестициялық тәуекелдiлiк    жоғары  деген  сөз.

      Қазақстан  тәуелсiздiкке  қол  жеткiзгеннен  бастап,  iшкi  саяси  тұрақтылық  пен  халықаралық  келiсiмдi  сақтауға   көп  мүмкiндiк  тууда. Осы  жолға  қол  жеткiзе  отырып,  бiздiң  елiмiз  нарықтық  экономика қозғалысын және демократиялық (жариялылық)  прогресстiң  өсу  жоспарын дамытудағы  бiрден-бiр  жоғары  қатардағы  елдерге  қосылуда.

       Кез  келген  елдiң ,  мемлекеттiң   экономикалық  болашағының  негiзгi  көрсеткiшi болып, шетелдiк инвестицияларды тарту деңгейi  көрсетiледi. Осы  көрсеткiш  бойынша  Қазақстан  алғашқы  10  әлемдiк  мемлекет  қатарында   және тұрғындарды  инвестицияға  тарту  көлемi  бойынша ТМД  елдерi  арасындағы  жетекшi  рөл атқарады. Бұл  дегенiмiз – бiздiң  инвестициялық  саясат  шетелдiк  серiктестер  мен  компаниялар жағынан  жоғары  деңгейге  артуда.  Солардың  қатарына  «Шеврон», «Мобил», «Мецубиси», «Дойчебанк», «Бритишгаз», «Бритиш  Петролеум», «Тоталь», «Самсунг», «АЕS»  және  тағы  басқа  да  заңды  және  аудиторлық  фирмаларды   жатқызуға  болады.

      Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалдың  қолайлығы жеткiлiктi  деңгейге  көтерiлдi. Бұл  жөнiнде  шетелдiк  инвесторларды  Қазақстандық  нарыққа  тартудағы  баға  бойынша  көрсетуге  болады. (1.3  кесте).  Берiлгендi  көре  отырып,  Қазақстанның   нарықтық  қызығушылығы   орта  деңгейден   жоғары  бағаланатынын  көремiз. 72,5 %  инвесторлар  шағын  және  орта  бизнестi,  ал  қалған  шетелдiк  инвесторлар  (27,5%) – iрi  жобаны  қаржыландыруға  ұмтылады.

   Өткен жылдар бойынша Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсартуға  аз күш жұмсалған жоқ. Үкiмет мақсатты жұмыс жүргiзуде бiрнеше бағытта  жұмыс  атқарды,  яғни  2003-2008  жылдар шетелдiк  инвестицияларды  тарту  туралы  бағдарлама  қолға  алынды.

    Шетелдiк  қорларды  тартуда  Қазақстан  үлкен  жетiстiктерге қол  жеткiзуде, яғни мұнай және газ бойынша әлеуметтiк–саяси  тұрақтылық  жоғары  деңгейде  көрсетуде.  Бұдан  бөлек, Қазақстанның  инвестициялық  ахуалы  көптеген  көрсеткiш  бойынша  қолайлы.   
 

    1. кесте. Қазақстан  Республикасына  шетелдiк  инвестицияларды  тартудағы  инвесторлық  бағалау
 
Инвестицияны  тарту  бойынша Қазақстандағы  нарықтық  саралау Респонденттерден  сұраудың  нәтижесi (жалпы саннан  %  бойынша)
Тартымды

Орташа  тартымды

Тартымсыз

Белгiсiз

51,0

29,4

3,9

15,7

 

       Орта   Азиялық  экономикаға  байланысты, Қазақстанның  өркендеуi,  көбiне табиғи  ресурстарды  өндiруiнде  болып  отыр (мұнай мен газ, түстi  және  аз  кездесетiн  металдар 9 трлн  долларға  бағалануда)

       Екiншi  негiзгi  фактор  болып, Қазақстан  Республикасының геоқұрылымдық   жағдайының  тиiмдiлiгi,  яғни  көлiктiк  тоғысулар  есептеледi.

       ТМД  бойынша  Қазақстан  экономика  мен  қоғамдық  байланыста  үлкен  орын  алып  отыр,  яғни  шетелдiк инвестицияларды  тарта  отырып, көптеген  мүмкiндiктерге  қол  жеткiзуде.  Елдiң  стратегиялық  даму  бағдарламасында  оған «Орталық  Азия  барысы»  деген  ат  бердi.

Информация о работе Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы