Ұлттық есеп шоттар жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 22:19, курсовая работа

Описание

Тақырыптың өзектілігі, ҰЕШЖ - экономиканы макродеңгейде сипаттау, талдау үшін қолданылатын қазіргі заманғы әдістемелік және ақпараттық жүйе болғандықтан экономикалық саясаттың барлық сферасында кеңінен қолданылады. Құрылымдық, конъюктуралық саясат мәселелерін шешу үшін, экономикалық өсуді, табысты реттеу үшін, әлеуметтік және қаржы саясатын дұрыс жүргізу үшін алғашқы ақпарат ретінде ҰЕШЖ-нің негізгі көрсеткіштері пайдаланылады. ҰЕШЖ мәліметтері ұдайы өндіріс процестерін зерттейтін және оған болжам жасайтын талдаушыларға, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдарға да қажет. ҰЕШЖ-нің көрсеткіштеріне халықаралық ұйымдар да қызығушылық танытады, өйткені халықаралық ынтымақтастық бағыты мен нысаны, халықаралық ұйымдарға төлейтін осы елдің жарнасы, тағы да басқа проблемалардың шешілуі ел экономикасының даму деңгейіне байланысты болады

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРИХЫ
1.1Ұлттық есеп шот жүйесінің мазмұны мен құрылымы....................................5 1.2 Ұлттық есеп шоттар жүйесін құрудың жалпы қағидалары...........................9 1.3 Ішкі экономикадағы Ұлттық есеп шоттар жүйесінің жиынтық шоттары..12
2 ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ШОТТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ 2.1 ҰЕШЖ-ін қолданудың негiзгi кезеңдерi және стратегиясы.......................18
2.2 ХШБ мен ҰЕШЖ-нің көрсеткіштерінің өзара байланыстары мен айырмашылықтары...............................................................................................23
2.3 Ұлттық есеп-шотты жүргізу - қоғамдық өндірістің нәтижесі ретінде.......27
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................33

Работа состоит из  1 файл

Ұлттық есеп шоттар жүйесі.doc

— 283.50 Кб (Скачать документ)

    Қоғамдық  өндірістің макроэкономикалық көрсеткіш-терінің  ең маңыздысы: жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.

    Экономикалық  әдебиетте және шаруашылық тәжірибеде қоғамдық өнімнің мөлшерін анықтауда  дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндірісі оған енбейді. Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖКӨ) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық тәжірибеде қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді: өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімінің ғана емес, сондай - ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс қызметтерін де ендіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    ҰЕШЖ-нің даму тарихын екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі жылдарды қамтиды. Осы кезде мемлекеттік басқару органдары ұлттық табыс статистакасының ақпараттарына айтарлықтай көңіл бөле бастады. Бұған 1929—1933 жылдардағы ұлы экономикалық тоқырау себеп болды. Нарықтық экономикадағы инфляция, жұмыссыздық, өндірістік куаты толық пайдаланбау сияқты құбылыстармен күресу үшін мемлекеттік басқару органдарына статистикалык ақпараттар өте қажет болды. Дамудың алғашқы кезеңінде ақпараттарды интеграциялауға қадам жасалды, ұлттық табысты есептеу әдістері жетілдірілді. Ақпараттарды интеграциялау анықтамаларды, жіктемелерді үйлестіру арқылы іске асырылады.

    Дамудың екінші кезеңі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Бұл кезде дамыған капиталистік елдердің үкіметтеріне соғыстан кейінгі жағдайда экономикалық саясаттың бағытын анықтау керек болды, сондықтан экономикалық процестердің әр түрлі аспектілерін қорытындылап баяндауды қамтамасыз ететін макроэкономикалық статистикаға деген қажеттілік туды.

    ҰЕШЖ-нің дамуының екінші кезеңінің ерекшелігі болып ұлттық байлық, қаржы ресурстарының қозғалысы, сыртқы экономикалық байланыстар, салааралық баланс сияқты экономикалық статистиканың болімдерінің ұлттық табыс туралы мәліметтер мен үйлестірілуі, аталган блоктардың бір жүйеде ннтеграциялануы саналады. Осы кезеңде халықаралық экономикалық ұйымдар (БҰҰ, ХВҚ, ЕЫДҰ т.б.) ұлттық шоттардың әдістемесін даярлау және оны арктикада қолдануды дамытуда белсенді роль атқарды. БҰҰ-ның ұлттық шоттар саласындағы бірінші стандарты 1953 жылы, екінші стандарты 1968 жылы, үшінші версиясы 1993 жылы қабылданды. Қазақстанда ұлттық шоттар 1994 жылдан бастап құрылады.

    Қазіргі заманғы ұлттық шоттар жүйесін мынадай  ақпарттар жиынтығы түрінде қарауға  болады:

    - тұтас экономиканың жиынтық шоттары;

    - экономика секторларының шоттары;

    - экономика салаларының шоттары;

    - «Қалған әлем» секторының шоттары.

    Сол сияқты ұлттық шоттарды алғашқы және қор жинау шоттары деп те бөледі. Агымдағы шоттарға - өндіріс, табыстардың пайда болуы, алғашқы табыстарды бөлу, табыстарды қайта бөлу, табыстарды пайдалану шоттары жатады. Ал қор жинау шоттарына - капиталға байланысты операциялар, қаржы, активтер мен пассивтерді қайта бағалау, активтер мсн пассивтердегі басқа озгерістер шоттары жатады.

    ҰЕШЖ-де ұдайы өндіріс процесінің әр кезеңіне (өндіру, табыстарды алғашқы рет белу, табыстарды қайта бөлу, табыстарды ақырғы тұтыну және қор жинау үшін пайдалану) арнайы шот қүрылады. Ұлттық шоттарда бухгалтерлік есептегі екі жақты жазу принципі қолданылады. Шоттар екі бөліктен тұрады және баланстық кесте түрінде беріледі, яғни шоттың ресурстар бөлігінің жалпы сомасы сол шоттың пайдалану бөлігінің жалпы сомасына тең болуы керек. Әр шоттың ресурстарды пайдалану бөлігі баланстың статьямен аяқталады. Баланстық статья шот бөліктерінің арасында арифметикалық тепе-теңдік сақталу үшін және шотты жабу үшін қолданылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. ҚР-ның  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа  Жолдауы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан». 2007 ж. 8 ақпан.
  2. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». 2006 ж. 8 ақпан.
  3. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы. 18 ақпан, 2005 ж.
  4. «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы. 19 наурыз,  2004 ж.
  5. Н. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.
  6. Елемесова А.М. Ұлттық есеп жүйесі: Оқулық. – Алматы:2004.
  7. Болатханов З.А. Экономикалық статистика: Оқулық – Алматы:2005.
  8. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. - Алматы: Экономика, 2003. - 432 бет.
  9. Макроэкономика: учебник / Под общ. ред. А.А. Абишева, К.А. Хубиева. – Алматы: «Экономика», 2007. – 666 с.
  10. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Макроэкономика. 2 - е изд. - Спб.: Питер, 2008. – 544 с.: ил. – (Серия «Учебники для вузов»).
  11. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: учебник / Под общ. ред. д.э.н., проф. А.Ф. Сидоровича; МГУ им. М.В. Ломоносова. – 8 - е изд., перераб. и доп. – М.: Издательство «Дело и Сервис», 2007. - 496 с. – («Учебники МГУ им. М.В. Ломоносова»).
  12. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с. (Раздел 3: Макроэкономика; Раздел 4: Международные аспекты экономической теории).
  13. Селищев А.С. Макроэкономика. 3 - е изд. - Спб.: Питер, 2005. – 464 с.: ил. – (Серия «Учебники для вузов»).
  14. Ивашковский С.Н. Макроэкономика: Учебник. 2 – изд., испр., доп. – М.: Дело, 2002. – 472 с. (оқытушыда, электрондық нұсқа).
  15. Ким И. А. Сборник заданий по макроэкономике: Учебное пособие. М.: Вита-Пресс, 2005. – 144 с.
  16. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика на каз. языке. – Алматы: 1997.
  17. Микро-, макроэкономика. Практикум. Под общей ред. Ю.А. Огибина – СПб,1994г.

Информация о работе Ұлттық есеп шоттар жүйесі