Ұлттық банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 11:08, курсовая работа

Описание

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
1.2. Қазақстан Республикасындағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау
1.3. Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері
ІІ-тарау. Ұлттық банк жүйесі
2.1. Банктердің Ұлттық, Орталық және Коммерциялық банктермен қарым –қатынасы
2.2. Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы
2.3. Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ҚР БАНК ЖҮЙЕСІ.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР: 

Кіріспе 

І-тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі

1.2. Қазақстан  Республикасындағы 91 жылдан бергі  банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау

1.3. Банктік  қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері 

ІІ-тарау. Ұлттық банк жүйесі

2.1. Банктердің  Ұлттық, Орталық және Коммерциялық банктермен қарым –қатынасы

2.2. Банктер  және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы

2.3. Банктік  қызметтерді бақылау мен қадағалау 

Қорытынды 

Пайдаланылған әдебиеттер  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен  бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық  несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.

      Ресейдің  мемлекеттік банкі (өз қызметі 1860 жылы болды) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық операцияларының 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа орталық эмисиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендіреді. 1914 жылы қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.

      Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 фирмасымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғарғы дәрежесіне жетті.

      Ипотекалық  несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік  жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен  ипотекалық несиенің басқа да банктерінен  құрылды.

1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылады. Елде мемлекеттік банк құрылды, кейін жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, сапалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

      1922 жылы деревнялар мен майдагерлік  өнеркәсіпті жандандыру мақсатын  көздеген несиелік және қарыздық  жинақ серіктестіктері мен олардың  одағы ұйымдастырыла бастады.

      1924 жылы ауылшаруашылық копперацияларына  салым қабылдау, қарыз беру мен  есеп айырысудағы делдалдық нысанында  несиелік операцияларды жүргізу  рұқсат етіледі. 

      1926 жылы 1 сәуір КСРО –да 16 185 серіктестіктер  құрылды, бұлардың ішінде 2426 –несиелік және қарыздық жинақ, 12424 –ауылшаруашылық серіктестіктері болды.

      КСРО  –да 1930-1932 жж. Жүргізілген несиелік реформалардың нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер  ұйымдастырылып, өнеркәсіптік және электр шаруашылық несиелендіру банкі -өнеркәсіп және электр шаруашылық күрделі құрылысын қаржыландыру банкі банкі болып қацта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.

      КСРО  –да банктік реформа 1987- 1988 жылы жүргізілді.

      Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі Монополиясын жоюя керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі –Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылады. Елде мемлекеттік банк құрылды, кейін жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, сапалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

      1922 жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады.

      1924 жылы ауылшаруашылық копперацияларына  салым қабылдау, қарыз беру мен  есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етіледі.

      1926 жылы 1 сәуір КСРО –да 16 185 серіктестіктер  құрылды, бұлардың ішінде 2426 –несиелік  және қарыздық жинақ, 12424 –ауылшаруашылық  серіктестіктері болды. 

      КСРО  –да 1930-1932 жж. Жүргізілген несиелік реформалардың нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылып, өнеркәсіптік және электр шаруашылық несиелендіру банкі -өнеркәсіп және электр шаруашылық күрделі құрылысын қаржыландыру банкі банкі болып қацта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.

     КСРО  –да банктік реформа 1987- 1988 жылы жүргізілді.

      Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі Монополиясын жоюя керек  еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі –Орталық, коммерциялық және инвестициялық  банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болады. 70 ж бойы КСРО ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік банкті ықпал ету әдістерде әкімшілі, өктесмдік, ұсақ түйек регламенттері сондай ақ шаруашылық органдарына да ұсақшыл регламенттеу басым болады. Қалыптасқан ақша несиелік қарым қатынас тәжірибесі келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеді.

     Өз  тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылы желтоқсанда Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті 1991 жылы қаңтарында елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын “Қазақ КСРО дағы банктер және банктік қызметтер туралы” Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалармен бөлімшелері бар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне айналды. Республикалық өнеркәсіптік құрылыс банкі акционерлік коммерциялық Тұран банкіне, агроөнеркәсіп банк –Қазақстан Республикасы Акционерлік –коммерциялық Агробанкіне, Республикалық жинақ банкіне ауысты. 1993 жылы бұл банктер акционерлік –банктер болып қайта өзгерді, ол жинақ банкі Қазақстан Республикасының Халақтық банк деген атқа ие болды.

      1989 жылдан бастап, алғаш коммерциялық, аралас, кооперативтік жеке банктер  пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты және т.б. коммерциялық банктер құрылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І-тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі 

     Банктік жүйе- нарықтық экономиканың маңызды  және біртұтас құрылымдарының бірі.

     Банктердің  және тауарлы –ақшалай қарым –қатынастарының  дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді  және де олар бір –бірімен өзара  тығыз байланысты. Банктер халық  шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдел ретінде шпруашылық органдарының капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтерінің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізіледі және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер көрсетіледі, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қызметтері өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. (5 сызба).

     Қаржылық  делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын  салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық  шаруашылығы қызметін атқарады.

     Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиеттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ол қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

     Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдардық деп аталады.

     Әр  түрлі көздерден ақша капиталын  жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының “тобын” құрайды  және де оларды жұмыс істеп тұратын  капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы  несиеленген талаптарды қанағаттандыра алады.

     Шаруашылық  органдар мен тұрғындардың қаржылық несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады.

     Нарықтық  экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал  арқылы нақты басқарады. Олар тек  делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе “ертегідей күшке” ие бола отырып, “нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы” мүмкін. К. Маркс келесіде “Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне” назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.

     Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы  басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен  бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің рөлі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.

     Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен  басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді. Ол әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде  ретінде көрініс алады, ол экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелер мен немесе қолма қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. 

     Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем  төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы  үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің муддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.

     Банктер  өз қызметтерін орындау кезінде  функционалдық (экономикалық), салалық (минестерстволар, компания, фирмалар), аумақтарды (жергілікті орган) басқару  органдарымен өзара тығыз байланыспен  жұмыс істейді.

     Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиеттері арасындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведмоствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады.  Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

     Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ  ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен  ол қызмет көрсетілетін клиеттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат  болып табылады.

     Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем  жасау, банктік несиелерді қайтару  үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің  жұмысының нашар екендігінің  күнделікті оперативті көрсеткіші болып  табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей –ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын –ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.

     Ақша  айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма  –қол және қолма –қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.

     Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.

Информация о работе Ұлттық банк жүйесі