Банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:50, реферат

Описание

Банк жүйесінің маңызды элементі банк болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай – ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған. кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең басты Италияның жекелеген қалаларында пайда болған. олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар – ақша қатынасының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

Содержание

Ι Кіріспе.
1.1 Банктердің шығу тарихы.
IΙ Негізгі бөлім.
АҚШ банк жүйесі.
Германия банк жүйесі.
ҚР банк жүйесі.
IΙI Қорытынды.
ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары.

Работа состоит из  1 файл

Банк жүйесі реф.doc

— 73.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі.

«Еуразия» академиясы,«Еуразия»  институты.

 

 

 

 

 

«Қаржы» мамандығының деканаты.

 

 

 

Реферат     

Тақырыбы: «Банк жүйесі».

 

 

 

 

 

Орындаған: Боранова А.С.

521 топ студенті.

Тексерген: Габдулина  А.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал – 2008.

 

 

 

 

 

Жоспар.

Ι Кіріспе.

1.1 Банктердің шығу тарихы.

IΙ Негізгі  бөлім.

    1. АҚШ банк жүйесі.
    2. Германия банк жүйесі.
    3. ҚР банк жүйесі.

IΙI Қорытынды.

    1. ҚР Ұлттық банкі: қызметтері және операциялары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

    1. Банктердің мәні және қызметтері.

Банк жүйесінің маңызды  элементі банк болып табылады.

Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан  пайда болғаны туралы ғана емес, сондай – ақ олардың қандай операцияларды  орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған. кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең басты Италияның жекелеген қалаларында пайда болған. олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте  кезеңінде, яғни тауар – ақша қатынасының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI – XVII ғ.ғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте саудагер клиенттер арасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру ұшін жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі бір салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.

Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында пайда болған дейді. оалар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінің пайда болғандығын айтады.

дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екімыңжылдық тарихы бар екенін айтуға болады.

«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дагенді білдіреді. бұл «айырбас столы» тауарлар мен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әртүрлі монетларымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан олармен сауда – саттық барысында әртүрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша – сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүллі елдердің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе айырбастаушылар бұл салымдарды және өздерінің ақша қаражаттарын саудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айнала бастайды.

Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбастау орындарының  болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол  уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.

Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссуда берген. олар б.э.д. IV ғ. Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғандығы еске сала кетеді.

Алғашқы банктер жинақталған  зр ақша байлықтарының қозғалыссыз  жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттілігін түсінеді. Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа юір шотқа аудару арқылы жүргізілді.

Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары  болған. Осы нормаларға сәйкес, б.э.д. 3 ғ. айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп  атады. Оларға несиелік операцияларды  жүргізуге рұқсат берілмеген.

«ҚР – дағы банктер және банктік қызмет туралы» заңының 1 ші бабына сәйкес, «банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммециялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».

 

 

 

Негізгі бөлім.

1.1 АҚШ банк жүйесі.

АҚШ банк жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап пайда болды. АҚШ та алғашқы банк 1791 жылы құрылған. Ол Конгрестен ақшаны эмиссиялау құқығын ала отырып, комерциялық банктердің бірқатар қызметтерін қатар атқарған.

«Орталық банктің құрылуы  туралы» 1913 жылы қабылданған заңға сәйкес, осы уақытқа дейін жұмыс жасап отырған үш деңгейлі Басқарушылар кеңесінен, Феодалды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Феодаоды резервтік жүйенің (ФРЖ) негізі қаланды. АҚШ – тың ФРЖ – сы басқару және ұйымдастыру қағидаларына қарай басқа дамыған елдердің орталық банктерінен ерекшеленеді. ФРЖ 12 феодалдық резервтік банктерден және ФРЖ – ға мүше  жеке комерциялық банктерден тұрады. ФРЖ – ның басқару кеңесі – бұл банктік жүйені басқаратын ең жоғарғы орган болып табылады. Оның құрамына АҚШ – тың президентімен ұзақ уақытқа (14 жылға) тағайындалатын 7 негізгі мүшесі кіреді. Олар президенттің рұқсатынсыз жұмыстан босай аомайды.

ФРЖ – ның басқару  кеңесінің басты қызметі –  ақша – несие саясатын дайындау. Басқару кеңесі елдің төлем жүйесінің  үздіксіз қызмет теуін қамтамасыз етеді, сол сияқты тұтыну несиесі аумағындағы қызметтерді реттеуге бағытталған феодалдық заңдардың орындалуын қатаң бақылап отырады. Кеңестің төрағасы халықаралық валюта – қаржы мәселелері бойынша үкіметтің осы төңіректегі саясатын ретке келтіріп отыратын Ұлттық кеңес беру Кеңесінің мүшесі болып табылады.

1978 жылы ФРЖ – ның  Басқару кеңесі АҚШ – та  қызмет ететін шетелдік банктердің  филиалдары мен бөлімшелері үшін  жоғарғы шекті пайыз мөлшерлемесін  және резервтік талаптарды белгілеу, феодалды резервтік банктердің оларға нксие беру және басқа да қызметі туралы сұрақтарды шешу,  олардың АҚШ аумағында жүзеге асыратын банктік операцияларын бақылау туралы өкілеттігін алды.

АҚШ нарықтағы операциялар  бойынша феодалды комитет ФРЖ  – ның құрылғанына 20 жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды. Комитеттің құрамына 12 адам кіреді: 7 – ФРЖ – ның басқару кеңесінің мүшелері, 5 – феодалды резервтік банктерден алынған өкілдер. Бұл кеңестің мүшелері 1 жыл мерзімге феодалды резервтік банктерден тағайындалады.

ФРЖ операцияларын 12 феодалды резервтік банктер жүзеге асырады.Феодалды резервтік банктер мынадай қызмет атқарады:

    • чектер бойынша қолма – қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асырады;
    • айналысқа жаңа банкноталарды шығарады және айналстан тозған ақша белгілерін алып отырады;
    • несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды;
    • резервтік округтер төңірегінде банктерге есептік несиелер береді;
    • ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады;
    • штаттағы банктерді тексереді, округтегі шаруашылық қызметтерінің жағдайлары туралы ақпарат жинайды;
    • ақша- несие саясаты туралы мәселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді және аналитикалық журналдар мен бюлетеньдер шығарады.

1.2. Германияның банк  жүйесі.

         Германияның бүгінгі банк жүйесінің құрылымы бірден қалыптасқан жоқ. 1875 жылы наурыз айында Прусск банкісінің негізінде Райхсбанк құрылып, оған райхсканслер, банк президенті және банк басқармасы жетекшілік жасаған. 1924 жылы қабылданған заңға сәйкес, Рейхсбанк үкіметтен бөлініп шықты.

1933 жылы үкіметке ұлтшыл – социолистердің келуімен Германия орталық банктің үкіметке бағынуы біртіндеп қайта қалпына келтірілген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңес басқыншылығының аймағында Рейхсбанктің қызметі тоқтатылды, ал батыс аумақтарда екі сатылы банктік жүйе енгізілді. Германияның әр жерлерінде бұрыңғы Райхсбанк бөлімшелері негізінде орталық банктер құрылып, олардың қызметі 1948 жылы ақпан айынан бастап, Немістің жер банкілерінің тәжірибелеріне сүйене отырып жүзеге асырылды.

1957 жылы қабылданған Немістің  федералды банкі ( Бундесбанк ) туралы заң негізінде орталық банктер Бундесбанктің бас басқармалары бола отырып, бірқатар ұйымдастырылу дербестігіне қол жеткізді.

Іс жүзінде Бундесбанк Үкіметтің  экономикалық саясатын жүргізгенімен  де ол заңды тұлға болып саналады. Несиелік мекемелер үшін, ол «соңғы сатыдағы қайта қаржыландыру көзі» немесе басқаша айтқанда «банктердің банкі» болып табылды.

Бүгінгі таңда Германияда жоғарғы деңгейде бақылау ұйымдастыру  жүйесі қалыптасқан. XIX ғасырдың соңына қарай ірі акционерлік банктер үшін арнайы есепке алу енгізілген. Бақылау бойынша банк заңдылықтарының жетілдірілуіне экономикалық дағдарыстар қатты ықпал етті. 1929-1933 жж. дүниежүзілік дағдарыстан соң, Германия банктік аяға қойылатын бақылауды күшейтті. Сол уақыттарда алғашқы мемлекеттік бақылау ұйымдары құрылды. 1961 жылы қабылданған Несиелік жүйесі туралы жаңа заң несиелік жүйеге қадағалау жасайтын арнайы құрылған Феодалдық ведомствоға бақылауды жүзеге асыруды жүктеді.

 

Тиімді нарық экономикасын құру орталық банк қызметтерінің шегін белгілей тоырып, коммерциялық банктердің қызметін ажырататын екі сатылы банк жүйесіндегі несиелік істің жетілдіруін талап етеді. Экономиканың өсуін ынталандыратын, бірақ инфляциялық процестерге әкелмейтін ақша массасының мөлшерін белгілеу орталық банктің басты қызметін білдіреді. Коммерциялық банктер секторы меншіктің формаларына қарамай, капиталды орталықтан басқаруға тәуелді болмай, өзінде бар қаражат көлемін тиімді де, ұтымды пайдалануға қадамдарын жасауда. Себебі, капиталды дұрыс пайдаланбау, яғни несиелер беру барысында көңіл аудармау коммерциялық банктерді пайдасыздыққа әкелуі мүмкін. Есеп айырысу және басқа да қызметтерге қарағанда, несиелік қызметі бойынша банк көбінесе тәуекелге барады. Банктердің маңызды міндеттеріне несиелік тәуекелді басқарумен қатар, несиелерді берілу мерзімдеріне қарай трансформациялау жатады. Салым иелерінің көпшілігі өздерінің капиталдарын қысқа мерзімге салғанды тиімді санайды. Ал экономикадағы күрделі қаржыны қаржыландыру өз кезегінде ұзақ мерзімді капитал жұмсалымын талап етеді. Содықтан банктер капиталдың әртүрлі мерзімдерде берілуін ыңғайластырып отыруға тиісті. Сонымен қатар, банктер келесі бір міндетті – берілетін капитал шамаларының өзара сәйкес келуіне көңіл аудару болып табылады. Банктердің келесі бір маңызды экономикалық қызметіне ақша айналымын ұйымдастыру жатады.

Германияда 4000 – ға жуық жұмыс жасайтын несиелік мекемелер, олардың қызметінің түрлеріне қарай  әмбебеп және мамандандырылған банктерге  немесе оларды құқықтық формаларына байланысты жеке және қоғамдық – құқықтық несиелік мекемелерге бөлінеді.

Жеке коммерциялық банктер  секторы 350 – ге жуық немесе олардың 7000 нан астамы филиалдарын және 200 мыңдай қызметкерлерін қамтиды. Бұл  секторға 3 ірі банк, 200 дей аймақтық банктер, 80 жеке банкир және 60 – қа жуық шетел банктерінің филиалдары кіреді.

Жеке коммерциялық банктердің ортақ маңызды белгісі – қысқа  мерзімді несиелік келісім істерімен  айналысу. Үш ірі банк: Дойчебанк, Дрезднербанк, Коммерцбанк немістің белгілі және ірі несиелік мекемелерін құрайды.Осы үш банк те акционерлік қоғамдар формасында құрылған. Әр банктің 200000 – нан 300000 – ға дейін акционерлері бар, олардың бөлігін банк қызметкерлері алады. Бұл банктер кең көлемде қызметтер көрсететін әмбебап банктер болып саналады. Әсіресе, сыртқы сауданы қаржыландыруда, эмиссиялық келісім істерде және клиенттнрдің бағалы қағаздарын басқару саласында бұл банктердің маңызы жоғары. Жан – жақты қызмет көрсету барысында бұл үш банк өздерінің барлық Германияны жаулап алған, саны 4000 нан жоғары филиалдарына арқа сүйейді. Соның негізінде, оларға «көп филиалдары бар банктер» деген атақ берген. Аталған банктер экономика және халықпен тығыз байланыс жасайды. Жалпы алғанда, бұл үш банктің концерндер саласында 20 млн – ға жуық клиенттер бар.

Бүгінгі таңда 50 ден астам  елдердің 300 ден астам шетелдік несие  мекемелері, 1000 – ға жуық филиалдар  торабы Геманияға қаржы нарығында  жұмыс жасайды. Соңғы 50 жыл ішінде 700 ден астам жинақ кассалары мен жироцентралдардан тұратын қоғамдық – құқықтық коммерциялық банктер тораптары біршама ұлғая түсті.

1.3 ҚР – дағы банк  жүйесі.

Елімізде қабылданған  заңдылықтарға сәйкес ҚР – дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

ҚР – ның Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық  банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді. Өзге банктердің барлығы – екінші деңгейді сипаттайды, сондықтанда оларды іс жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанда  қызмет ететін банктік жүйенің небары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің  қалыптасуына КСРО – ның ыдырауы  нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Сонан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалар жүргізілуде. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқат өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын болып құрылу қажеттігі ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

1.1 ҚР Ұлттық банкі:  қызметтері және операциялары.

Ұлттық банк – бұл  бұрын қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма – қолсыз есеп айырысуларды  Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

Информация о работе Банк жүйесі