Ұлттық банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 11:08, курсовая работа

Описание

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
1.2. Қазақстан Республикасындағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау
1.3. Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері
ІІ-тарау. Ұлттық банк жүйесі
2.1. Банктердің Ұлттық, Орталық және Коммерциялық банктермен қарым –қатынасы
2.2. Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы
2.3. Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ҚР БАНК ЖҮЙЕСІ.doc

— 138.50 Кб (Скачать документ)

     “ҚР –ның ҰБ. Қ.Р –ның  Орталық банк және республикадағы банк жүйесінің  жоғарғы деңгейі болып табылады.”

     “Крммерциялық банк” термині банк ісінің ертеректегі  даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған.

     Коммерциялық  банк нарық экономикада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.

     Коммерциялық  банктің қызметі: депозиттер қабылдау, ақшалайтөлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асырып, несие беру.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.2. Банктер және олардың клиенттері  арасындағы қарым –қатынасы.

      Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиенттермен өзара қарым –қатынасын ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңының 33 бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шығып, бос несие тесурстары нарығында өз операцияларын жүргізеді.

      Олар  өз қызметтерінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие алу үшін жақсы  жағдай, банктік қызметтің әлдеқайда  кең спектрін көрсете отырып, бір  бірімен бәсекеге түседі. Банктер  өз клиенттері алдында жауапты.

      Банктің клиентпен экономикалық жұмысы –банкке  клиентті тартудан бастап, оның шоты бойынша  әр түрлі банктік операцияларды  жүргізуге дейінгі банктік қызметтің  барлық жақтарын қамтиды.

      Клиенттерді тарту банктен жарнама жаңа қызмет түрлерін ендіруді жетілдіру бойынша, келіссөздер жүргізу қаржылық жағдайды алдын ала талдау, әртүрлі келісім шоттарды дайындау және т.б. бойынша белгілі бір жұмыстарды жүргізуді талап етеді. Осы аталған жұмыстардың барлығы банктердің активтері мен пассивтерін басқару қызметімен тығыз байланысты.

      Клиентпен жұмыс: есеп айырысу, кассалық және несиелік қызмет еөрсету, бірлескен қызмет, депозиттік шоттарды ашу және жүргізу, т.б. әр түрлі  келісім шарттаржасасу негізінде  құрылады.

      Банк  пен клиенттердің бірлескен қызметтерін жүзеге асырғанда, екі жақтың құқығы мен міндеттері және қаржыландыру ьәртібі мен олардың арасында табысты үлестіруі қарастырылған бірлескен қызмет туралы келісім –шарт жасайды. Келісім шартпен бірге, несиелік хаттама да қолданылады. Барлық келісім –шарттар банктердің клиентпен қарым –қатынастарының сипатын анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір бірінің қызметін алдын ала, жан –жақты танып білудің нәтижесінде жасалады.

      «Қазақстан  Республикасы банктер және банктік  қызмет туралы» заңның 36 бабына сәйкес банктердің несиені өз уақытында қайтару бойынша міндеттемелері мен басқа да төлемдерді орындамайтын клиенттеріне қатысты келесідей шараларды қолдануға құқығы бар:

  • қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;
  • осы клиенттердің  шотында бар кез –келген қаражаттар есебінен қарыз мөлшерін өтеу;
  • кепілге алынған мүлікті сату т.б.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау

      Банктік жүйенің елдің экономикада алатын рөлі мен орны ауқымды. Сондықтан  несие –банктік сфера мемлекеттік  органдары жағынан мұхият бақылау мен талдаудың объектілері болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикада банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да Заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағдарланған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.

      Банктер үстінен жасалатын бақылау мен  қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиториялық және құрылтайшылық деп бөлуге болады:

      1. Халықаралық бақылауды Дүниежүзілік  банк, халықаралық валюталық қор,  т.б. жүзеге асырады. Олар республикаға  өз несиелерімен экономикасын  нарыққа көшіру барысында қаржылық  және ғылыми техникалық көмек көрсете отырып, белгілі –бір талаптар мен шарттар қояды. Сонымен бірге елдегі экономикалық жағдайының дамуы мен бірге –банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктерінің қызыметін де бақылап отырады.

      2. Мемлекеттік бақылау- ведмоствадан  тыс және ішкі ведмоствалық болады.

      Банктер үстінен ведмоствадан тыс бақылауды  Президент жанындағы Қаржылық бақылау  комитеті, жоғары кеңестік бақылау  палатасы, бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады. Банктер қызметінде қадағалау және ішкі ведмоствалық бақылауды банк жүйесінің жоғарғы буыны –Ұлттық банк өзінің қадағалау департаменті арқылы жүзеге асады.

      3. Аудиторлық бақылауды арнайы  және тәуелсіз аудиторлық мекемелер,  бақылау палаталары, ассоцияциялар  жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің қызметтеріне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

      Банк  қызметінің сыртқы аудиті лицензиясы бар арнйы тәуелсіз аудиторлық ұйымдар  мен немесе лицензиясы бар тәуелсіз жеке аудитормен ақы төлеу келісім –шарт негізінде жүргізіледі.

      Ішкі  аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жүзеге асыруы үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берген банк жетекшілерінің нұсқауларын  дұрыс орындалғанына, банктік қызмет және оның жеке қызметпен бөлімдердің әлсіз жерлерін анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтардың сақталу қауіпсіздігін тексеру және қамтамасыз ету, т.б. жатады.

      Құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жүргізіледі: басқарма қызметінебақылау кеңесінің жүргізетін, ревизиялық комиссия, акционерлердің бақылауы.

      Бұл бақылауды жүргізу үшін акционерлер  сараптамашыларды, аудиторларды, т.б. шақыра алады.

      Сонымен қатар, тек біздің елімізде ғана емес, шет елдерде әрбір жеке елде, тарихи дамумен әртүрлі саяси экономикалық факторлар әсерінен қалыптасқан банктердің қызметіне бақылау мен қадағалаудың өзіндік жүйелері болады.  
 
 
 
 
 
 

Қорытынды.

      Мен, осы курстық жұмысымды аяқтай келе, Қазақстан Республикасы банктік  жүйесі туралы толық меңгердім деуге  болады.

      Қысқаша айта кетсек:

      Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзіндік  банктік жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің  филиалдары мен бөлімдері жұмыс  жасады.

      70 жылдар бойы Республикадағы несиелік  –банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік, ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті.

      Банктер нарықтық экономикада басты делдал болып табылады. Өздерінің қызметтерінде  жаңа талаптар мен міндеттер жасайды. Айта кетсек, клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені жасаса, ол қарыздар беру арқылы қарыз алушыға деген жаңа талаптарды қалыптастырады.

      Банктердің  нарықтық экономикадағы рөлі мемлекеттік  меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және т.б. болып табылады. Экономиканы басқару органы ретінде көрінеді.

      Банктік реформаны жүргізу: қаржы ресурстарының  дұрыс бөлінбеуінен, банктерде мерзімі  өткен қарыздардың зиянды мемлекеттік  кәсіпорындардың есебінен көбеюі, шаруашылық органдардың арасындағы төлемдер мен  есеп айырысуларды жүргізуде бұрынғы жүйенің қабілетсіздігі болып табылады.

      Реформаны жүргізу нәтижесінде екі деңгейлі банктік жүйе құрылды. Ұлттық банк және Коммерциялық банктер.

      «Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі туралы»  Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып және Республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан  Республикасының Орталық банкі  ретінде басқа елдің орталық  банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдары мен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк бұл –эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарады, сондай –ақ ақша –несие және валюта саясатын анықтайды.

      Ұлттық  банк –оның жоғарғы үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек Қазақстан  Республикасының президентіне есеп береді.

      Ұлттық  банктің басты міндеті –ұлттық валюта теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      Негізгі қызметі: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің  ақша –несие саясатын жүргізу, ақша эмиссилау, банктерге, ұйымдарға несие беру және республикада есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екі деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.

      Коммерциялық  банктің керемет мүмкіндіктері  мен оларды басқа қаржылық институттардан ерекшелейтін сипаттама –ақшаларды құру, несиелік жүйенің икемділігімен іске асады. Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрінде ұсынады, сонымен олар халық шаруашылығын ақшаға деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды. Сонымен бірге банктер өз қызметі үрдісінде ақшалардың бір бөлігін жояды.  

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ғ.С.  Сейітқасымов –«Ақша, несие, банктер». Алматы - 2001 жыл.

2. А.Қ.  Мейірбеков ,  Қ.Ә. Әлімбетов –«Кәсіпорын экономикасы». Алматы -2003жыл.

3. Ө.Қ.  шеденов, Ү.С. Байжомартов, Б.А.  Жүнісов, Б.И. Комягин –«Экономикалық  теория». Алматы –Ақтөбе 2002 жыл. 

4. С.С.  Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ.  Құдайбергенов. «Экономикалық теория». Алматы 2004жыл.

5. Н.Қ.  Мамыров, М.Ә. Тілеужанова-«Макроэкономика». Алматы -2003жыл. 

6. С.С.  Сахариевич, С.А. Сембаевна –«Жаңа  кезең экономикалық теориясы».  Алматы «Дәнекер». 2004жыл.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ұлттық банк жүйесі