Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны...........................5
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері..................................9
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары.............................................................................................17
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары...................................20
III. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың
нәтижелері.
3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру...........................................28
3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау........................................................................35
Қорытынды...................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................41

Работа состоит из  1 файл

курсавой теория.docx

— 90.18 Кб (Скачать документ)

Мазмұны.

Кіріспе..............................................................................................................3

I.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.                                                        

    1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және  мазмұны...........................5

    1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері..................................9

II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің  қалыптасуы және              

     дамуының негізгі проблемалары.

    2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму

             жолдары.............................................................................................17

    2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі

             проблемалары және оны шешу  жолдары...................................20

III. Қазақстан Республикасында  қазіргі экономикалық дамытудың 

      нәтижелері.

    3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру...........................................28

    3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу

             жағдайларын жасау........................................................................35

Қорытынды...................................................................................................39

Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ.

 

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

  Кәсіпкерлік дегеніміз- белгілі бір істі істей білу. Іс істеу- адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік- адамның еркін өмір сүру түрі.

«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке  қолданылады. Антогонистік қоғамда, ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.

Кәсіпкерлік- ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.

Кәсіпкерліктің субъектісі жеке адамдар, сонымен бірге, заңды  тұлғалар, біріккен серіктестер, арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әр- түрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • Дербестік және тәуелсіздік;
  • Экономикалық ынталылық;
  • Шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
  • Жаңашылдық.

Кәсіпкерліктік  істің қозғаушы күші- мол пайда табу.

Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматар болуы керек. Аш жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та байымайды.

Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына талдау жасау.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай төмендегі курстық жұмыстың міндеттері қарастырылады:

  • жалпы кәсіпкерлік ұғымының мәнін толық ашу, яғни тарихи даму сатылары, қызметтері және мазмұндары.
  • кәсіпкерліктің түрлерін көрсету; Берілген бөлімде ұжымдық- құықтық түрлерінің мағынасын аша отырып, қазіргі Қазақстандағы кәсіпкерлік істің түрлерін көрсету.
  • Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының нәтижелері, яғни экономикалық тұрақтандырылуы, табысты орнықтырылуы және экономикалық жағдайларының жасалуы.

Курстық жұмыс жазу барысында  мынадай шетелдік А. Бодо, Ф.Уокер, А.Шапиро, Д.Маккеланд, Р. Хизрич, П. Другер және т.с.с. отандық ғалымдардың еңбектері қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім: Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.

 

1.1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні  және мазмұны.

 

  Кәсіпкерлік феномені байырғы  кезден бастап, әлеуметтік- экономикалық ғылымдарының назарында болды.

Кәсіпкерлікті негізінен XVIII- XIX ғ.ғ. Ф. Кенэ, Ж.Б. Сэй, кейін И.Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған болатын. Кәсіпкерді өзіндік статусы, қызметтін мақсаты және өнерлік, ресурстық, ұйымдық функциялары сипаттайды.

«Кәсіпкер» және «антрепкер»  терминінің аударғанда, «делдал» деген  ұғымға тең болады.

Кәсіпкерлердің рөлі туралы А. Смит былай деп жазған : «... ол тек өзінің қызушылығын ғана ескереді, өзіндік табыс іздейтін және көрінбейтін қолмен мақсатына бағытталады. Өзінің қызушылықтарын аңдый отырып, қоғамның қызушылығына жиі қызмет етеді». Кәсіпкерлік қызметтің активке бейімделген адамдар қызметтің түрі. Алайда кез- келген бизнесмен кәсіпкер деп атала бермейді. Мысалға, жылдан жылға бір тауар өнімін және бір ұсыныс көрсететін кәсіпорын иесі деп аталмайды. Ол кәсіпкерлік емес, репродуктивтік функцияларды іске асырады.

Сонымен, кәсіпкерлікті шаруашылық тәртіптің типі деп түсінуге болады. Оған сәйкес келетін:

  1. Үлкен  табысқа ұмтылу.
  2. Тәуекелге бару.
  3. Жаңашылдыққа ұмтылу.

Кәсіпкерлік- табыстың алуы мен жеке табысқа бағытталған азаматтардың жеке ықыласы.

Кәсіпкер әр түрлі шаруашылық қызметтерін заңмен тыйым салынбаған тауарды сатып алушылық, консультанттық және басқа қызметтерді орындай алады.

Кәсіпорын-  бұл мүліктік негізді шаруашылық бірлік, бұл өндіру- шаруашылық мәселелерді шешуге бейімделген және өздігінен өндіруге негізделген.

 

1- кесте. Кәсіпкерлік қызметтері  және мазмұндары.

 

Жалпы экономикалық

Нарық субъекті ретінде кәсіпкерлік  ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің әділдікпен келіскен рөлі. Кәсіпкерлік тауар өндеуі мен оларды нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Кәсіпкерліктің үдемелі дамуы экономикалық өсудің анықтайтын щарттарының бірі.

Ресурстық

Кәсіпкерліктің дамуы  өндірілетін және шектеулі ресурстарды қолданумен болжамдалады. Және де ресурсы деп, барлық материалдық, материалдық емес шарттары мен өндіріс факторлары. Кәсіпкер ресурстардың иесі болғандықтан, олардың рационалдық қолданылуында құштар болады.  Алайда максималдық табыс қуалаушылық кері процеске әкелуі мүмкін: еңбектік, табиғи және қоғамдық ресурстар уақытымен тозады.

Өнерлі- іздеушілік

Кәсіпкерлік қызметінің процесінде жаңа идеялардың қолдануы және қойылған мақсатқа жету үшін жаңа құралдар мен факторларды  өңдіру.

Әлеуметтік 

Әр әрекетті тұлғаларда істің биленушісі болатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Сонымен қатар, тапқыр, барлық қиыншылықтарды өтіп, өзіне табыс әкелетін істі ашатын адамдардың жаңа қабатын құрастырады. Кәсіпкерліктің дамып, өсуі, жұмыс орындарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін қысқартады және жалданушы жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайын көтереді.

Ұйымдық (ұйымшылдық)

Өзінің ісінің ұйымдастыруын  шешуімен, оның диверсификациясымен  кәсіпкерлік басқарудың ұйымдастыруында, күрделі кәсіпкерлік құрылыста, кәсіпкерлік фирманың қызметінде стратегиясының өзгеруінде көрінеді. Бұл функция серіктік «жүйелік» кәсіпкерлікте және халықтық кәсіпкерліктің құрылуында айқын көрінеді.


 

Кәсіпкерлік субъектері жеке тұлғалар және серіктердің қосылулары болып табылады.

Кәсіпкерлік мақсат- белгілі бір уақыт мезетінде қажетті жағдайына жету. Мақсаттты құрастыру кезінде келесі үш элементтерді нақты анықтау керек:

    1. Мақсат мазмұны. Қай жағдайға жетуге және мақсатқа жету дәрежесін құрау керек.
    2. Мақсаттың қажетті көлемі. Мақсаттың шектеулі ме, әлде шектеусіз екенін анықтау керек.
    3. Мақсаттың уақытша факторы.  Мақсатқа қай кезге дейін және қандай уақыт мерзімінде жетуге болатын сұрақтарды анықтау керек.

Кәсіпкеліктің маңызды белгілері:

      • Шаруашылық субъектілерінің тәуелсіздігі және дербестігі. Әр кәсіпкер  заң шегінде, сұрақтарды шешуге құқылы.
      • Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің басты мақсаты- мүмкін болатын табыстың максимумын алу.
      • Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Әр келкі ең бұрамалы есептеулерде тәуекелділік анықталмайды.

Көрсетілген кәсіпкерлердің белгілері бір- бірімен байланысқан және бір уақыт мезетінде іске асырылады. Кәсіпкерлік әрқашан жаңашылдықпен байланысты. Осындай экономикалық іске И. Шумпетер мен А. Маршал назарларын аударған. Егер де, И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың тепе- теңдігін көрсетсе, А. Маршал кәсіпкерлердің қоғамдық өмірдегі нақты рөлі қоғамдағы жетілген процестерін тездетеді деп бекіткен. Кәсіпкерге  дұрыс баға И. Шумпетермен берілген, кәсіпкер үнемі   «күйзелісті жасаушы» және қоғамның экономикалық дамуындағы басты кейіпкер деген.

Сонымен, мынадай шешімге келуге болады, кәсіпкерлік  пен жаңашылдық қоғамда бір бүтінді анықтайды.

Кәсіпкерліктің  қалыптасуы үшін нақты шарттар қажет: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және т.б.

Экономикалық  шарттар- бұл тауарлардың ұсынуы мен оларға деген сұраным, тұтынушылар ие бола алатын тауар түрлері, ақша қаржысының көлемі, жұмыс орындарының жетіспеушілігі немесе көп болуы;

Кез- келген кәсіпкерлік іс тиісті құқықтық орта шегінде іске асырылады. Сондықтан, қажетті құқықтық шарттардың құрылуы үлкен мағына береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері.

 

Қазақстан заңында кәсіпкерлік  азаматтар мен бірлестіктердің  пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай- ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.

Кәсіпкерлікті тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола алады.

Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық делдалдық, сату- сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

Қызмет мазмұнына қарай  кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік- тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерік тауарлар мен қызметтерді қайта  сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.

Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік бір  мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған  кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.

Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасау- кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.

    1. Жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
    2. Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
    3. Жаңа өткізу рыногына шығу;
    4. Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
    5. Өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу.

Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, ұжымдық, қоғамдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады, алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі.

Информация о работе Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері