Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны...........................5
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері..................................9
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары.............................................................................................17
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары...................................20
III. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың
нәтижелері.
3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру...........................................28
3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау........................................................................35
Қорытынды...................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................41

Работа состоит из  1 файл

курсавой теория.docx

— 90.18 Кб (Скачать документ)

Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ бүкіл ел үшін аса маңызды Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік берді.

Жерге деген жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі.

Енді ауыл шаруашылығына инвестициялар, жаңа технологиялар мен тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы өзгерте алады.

Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Қазақстандық экономиканы ырықтандыру процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік- құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның елеуетін одан әрі дамыту туралы болып отыр.

Нарыққа көшу кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы кілт шектелді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін кай жерде дербес еркін өсу жүріп жатқаны, ал қай жерде мемлекеттің елеулі қолдауынсыз, тікелей араласуынсыз болмайтыны айқын көрінді.

Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді үлғайту болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың занды тұлғаның 192,7 мындайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98 %, өндеу саласында бұл үлес — 98%- ды; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5 % құрайды.

Көптеген экономикалық процестердің нақты катысушысы жеке меншік иесі болып отыр, тұрғын халықтың өзі де белсенді рөл атқарады. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез- құлық қалыптастырды, бұл меншік иесін сатып алушының сұраныстарына ғана емес, тіпті қыңырлығына да сергектікпен қарауға мәжбүр етеді. Біз жаппай кәсіпкерлік рух феноменінің — жаңа менеджменттің қаз тұруы үшін, нәрлі ортаның қалыптасуымен істес болып отырмыз.

Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық. Нақ осының дамуы, бірінші кезекте, осы заманғы нарықтық шаруашылық барған сайын өзі дамитын ашық жүйеге айналып, өзін-өзі реттейтін қабілетке ие болуда деп санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы жалғасып жатқаны сөзсіз және жетілдіріле түсетін болады.

Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті жаңа нақты экономиканы құру аса маңызды тағы бір міңдетке айналды. Экономиканы құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен бой көтеріп тұр.

Оның бұрынғы құрылымы деформацияланған болатын, өндеу өнеркәсібіндегі көптеген бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақталып қалды. Көптеген өндірістердің қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке айналды, мұның өзі олардың жинақылығына, шығаратын өнімдердің сапасына және өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне келеңсіз әсер етті.

Қазақстан экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқьі байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.

Мақсатты шаралардың нәтижесінде шетелдік күрделі қаржыны тарту жөнінде қолайлы ахуал қалыптастыру мүмкін болды. Шикі мұнай және ілеспе газ өндіру, қара және түсті металлургия секілді салаларға тікелей шетелдік инвестициялар 2003 жылы 2,7 млрд. доллардан астам болды.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Курстық жұмысты жазуды аяқтай келе мынадай  қорытындыға келеміз:

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақы неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883- 1950 жж) мән берген. Оның айтқаны мынандай: Кәсіпкер болу- басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер- алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист  Сэй (1767- 18332 жж) былай деген, « Кәсіпкер- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650- 1734 жж) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелдіоік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастыруға адам белсенділігін жатқызған.

1. Атқаратын міндетіне  қарай кәсіпкерліктің мынадай  түрлері болады:

Өндірістік кәсіпкерлік- тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтарын өндіретін кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлік- тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Қаржылық кәсіпкерлік- коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату- сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Сақтандыру кәсіпкерлігі- кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің еркеше формасы.

2. Меншік  түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен  бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

3. Меншіктер саны бойынша  кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе ұжымның құрамы болуы керек.

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық- құқықтық формалы кәсіпкерліктер құрылуда:

Шаруашылық серіктестік- толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен бір немес бірнеше мүшелері зиянының тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерінен жауап береді. Қосымша жауапкершілі бар қоғам қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді. Ашық және жабық акционерлік қоғам. Өндірістік кооперативтер- ерікті түрде біріккен қоғамдар. Унитарлы кәсіпорын- коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалды болады.

Қазақстан экономикасы мемлекеттік  бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Әкімбеков С., Баймухаметов  А.С., Жанайдаров У.А. «Экономикалық  теория», оқу құралы, Астана, 2002 ж.

2. Бердалиев Қ.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы: экономика, 2001 ж.

3. Бисенғазиев М.Б. «Кәсіпкерлік негіздері», Орал, 2001 ж.

4. Власова В.М. «Основы  предпринимательской деятельности»,  Москва: Финансы и статистика, 1995 г.

5. Под ред. Добрынина  А.И., Л.С. Тарасевича «Экономическая  теория», учебник для вузов,  издательский дом «Питер», 2004 г. 

6. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау», Оқу  құралы, 2001 ж.  

7. Есентүгелов А. «Экономика  өркендетуге бет алды» // Ақиқат, 2000 ж, № 5.

8. Қинашева Ж. «Қазақстан  экономикасын қалыптастырудағы  шағын кәсіпкерліктің рөлі» // ақиқат, 2002 ж, № 2.

9. Ләмбаева Н. «Кәсіпкерліктің  әлеуметтік мамаңызы» // Қазақ тарихы, 2001 ж, №1.

10. Мәдешев Б.Ы. «Нарықтық  экономика теориясына кіріспе», оқу құралы, Алматы: экономика, 1995 ж.

11. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», оқу құралы, Алматы: экономика, 2003 ж.

12. Назарбаев Н. «Стратегия  развития Республики Казахстан  на период до 2030 года», Алматы, 1997 г.

13. Назарбаев Н. «Болашақ  ұрпаққа не қалдыратымызды ойлау керек» // Егемен Қазақстан, 2003 ж, 3 қыркүйек.

14. Назарбаев Н. « Кәсіпкерлік- азаматтық қоғамның тірегі, тұрақтылықтың кепілі» // Егемен Қазақстан, 2003 ж, 1 қараша.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері