Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:10, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға кенеттен өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер тобы өмірге келе бастады. Елдің тауары осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, финанс, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
I.Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны, мәні және түрлері.
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні және мазмұны...........................5
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдық- құқықтық түрлері..................................9
II. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және
дамуының негізгі проблемалары.
2.1. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму
жолдары.............................................................................................17
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі
проблемалары және оны шешу жолдары...................................20
III. Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың
нәтижелері.
3.1. Макроэкономикалық тұрақтандыру...........................................28
3.2. Табысты орнықтыру және экономикалық өсу
жағдайларын жасау........................................................................35
Қорытынды...................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі.................................................................41

Работа состоит из  1 файл

курсавой теория.docx

— 90.18 Кб (Скачать документ)

Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.

Тәуекел- жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудін ықтималдығы. Тәуекелдің бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік, проценттік.

Тәуекелді әр түрлі әдістермен өлшеуге болады:

    • статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап болашаққа болжау жасайды.
    • эксперттік, мұнда мамандар мен тәжірбиелі бизнесмендер көзқарастары зерттеледі.
    • есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді.

Кәсіпкерліктің  жаңашылдықсыз  болуы мүмкін емес. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі  моделін қарастырады: классикалық  және инновациялық.

Серіктестік (партнерлік) дегеніміз  екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады.

Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады.

Кемшіліктері:

    • шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
    • фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс- әрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;
    • фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі- акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы үлестірені сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады.

 

Корпорацияның артықшылықтары:

    • акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;
    • акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;

Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік  формасының кемістіктері:

    • акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі- корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі- акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
    • экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің мол болуы;
    • меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналысқа жіберуге тырысады.

Корпорациялардың  басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары одан көп.

Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.

Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір- бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы  пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.

Нарықтық және әкімшілік  реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті шығындары мен әкімшілік  бақылауды қолданудың шекті шығындарының теңдесу нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін «иерархия» (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін- нарық пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістің саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді.

Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді.

Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары сатысына дейін айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.

Көлденең  интеграция- бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі- диверсификация. Бұл, бір- бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуына фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон- де- Немур» химиялық тал жіп (талшық), дәрі- дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.

Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері  бар. «Кәсіпорын» деген категорияға  мазмұны жағынан жаңа толықтама  енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін  ол ерекше ұйымдық- құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс- әрекетте болады, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір- бірімен жасаған келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі, болып қала берді.

Нарық экономикасында, әміршіл- әкімшіл экономикасынан өзгеше, тауар- ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде- меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.

Унитарлық кәсіпорынның бір түрі- федералдық қазыналық кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.

Заңды тұлғаға өзінің меншігіндегі, немес, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.

  Коммерциялық ұйымға пайда табуды  қызметтерінің негізгі мақсаты  деп тұтатын ұйымдар жатады.

Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында бөлуд мақсат етпейтін ұйымдар жатады.

Коммерциялық ұйымдардың формалары:

    • шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
    • өндірістік кооперативтер;
    • мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.

Шаруашылық  серіктестіктер мен қоғамдардың  мынадай формалары болады:

    • толық серіктестік;
    • сенімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);
    • жауапкершілігі шектелген қоғам;
    • қосымша жауапкершілігі бар қоғам;
    • акционерлік қоғам (ашық, жабық);
    • балалық және тәуелді қоғамдар.

Кәсіпкерлік іс- әрекетпен айналысатын және өздерінің  қарамағындағы мүліктер шамасында  іс- әрекеттерінің нәтижесіне жауапты серіктестік толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына пропорционалдық түрде бөлінеді.

Жауапкершілігі  шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың құны көлемінде  шығындар қаупіне жауапты болады.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың  мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына  ортақ есе көлемінде жауапты  болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.

Акционерлік қоғам- жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары құнының шамасында болады.

Ашық акционерлік қоғам  шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады.

Жабық акционерлік қоғамның акциялары  тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.

Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай қоғам, барлық қоғам  шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.

Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі  қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.

Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.

  Унитарлық кәсіпорын- бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.

Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық немесе, діни мекемелер, қайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.

Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемді негізінде құрған еркін бірлестігі, тұтыну кооперативі деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызметтерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.

Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қадеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы болады.

Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.

Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып бірлесуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

II бөлім: Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы және

                 дамуының негізгі проблемалары. 

 

2.1. Қазақстан Республикасында  кәсіпкерліктің даму жолдары. 

 

Отандық кәсіпкерліктің қайта  жандануын шартты түрде төрт этапқа бөлуге болады: Біріншісі, комсомолдық ұйымдасуларда жастардың шығармаларының ғылыми- техникалық түрінде пайда болуы мен жұмыс істеуінде құрылды. Олардың қызметтері ғылыми- техникалық проблемаларды шешуге жұмсалған. Әрине, «комсомолдық» кәсіпкерлік басым күшіне ие болмаған, алайда көптеген саудалық құрылымдар алғашқы капиталдың жиналыуын алды.

Екінші этап кәсіпкерліктің құрылуын 1988 жылы кооперация туралы кеңес  заңынын қабылданумен байланыстыруға болады. Берілген этапта кәсіпкерлік көпшілікке ие болды.

   Үшінші этап аренда  жайлы, кәсіпорындардың ортақтастығы, банктық қызмет, кіші кәсіпорындар  жайлы және кіші бизнестің  дамуына заңдық актілердің қабылдануымен  байланысты болды және кәсіпкерліктің  ұйымдастыру- құқықтық формаларының түрлендіруіне, іскерлік активтін сферасын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Және де, төртінші этап КСРО- ның құлдырауы мен жаңа суверенді мемлекеттердің пайда болуымен және кәсіпкерлік туралы заңдарды қабылдануымен байланысты болды. Кәсіпкерлік үшін нарықтың табысқа тез ие болуға болатын аудандары тиімді болып табылады. Бұл алып- сатуда негізделінген және мұнда ірі ақша қаражатын жұмсау қажет етілмейді. Негізінен кәсіпкерлер тауарлы- делдалдық операциялармен, сатып алу және әр түрлі тауар түрлерін шет елдерде және ТМД елдерінде сатумен айналысады.

Кәсіпкерлікті сипаттайтын  негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық.

Біріншіден, бұл шаруашылық іс- қызмет, яғни тауарлардың өндірілуі, жұмыс пен қызметтің нарықтық шарттарда сатылуға арналған. Екіншіден, бұл ынталы қызмет, яғни ол өзінің еркімен, қалауымен, кәсіпкердің тәуелсіз таңдауымен атқарылады. Кәсіпкер өз еркімен белгілі бір ісін ашып, өзінің шаруашылық партнерларын және ынтымақтастықтың шарттарын өзі анықтайды. Үшіншіден, кәсіпкерлік қызмет әрекеттері, қазіргі күші бар заңдар шекарасында іске асырылуы тиіс.

  Кәсіпкерлік кәсіпкердің өз қаражатынан жұмсалатын барлық шаруашылық қызметтің орындалуын қамтиды.

Және де заңда кәсіпкерлік қызметтің бағыты табыс алу болып табылады. Сондықтан да, табыс алуға бағытталған шаруашылық формалары кәсіпкерлік болып саналмайды.

Тіркеу- кәсіпкерліктің бастапқы және маңызды этапы. Тек тіркеуден кейін кәсіпкер банкте есеп счетын ашуға, жұмыскерлерді жалдауға, өз атына мөрді, бланктерді және басқа да фирмалық белгілерді тапсырысқа беруге, шаруашылық келісім шартқа отыруға және нарыққа шығуға құқылы болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілердің тіркеу тәртібі туралы ережесінде айтылған және Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген.

Информация о работе Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық дамытудың нәтижелері